Кодексi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; "Егемен Қазақстан"


қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес



бет11/48
Дата15.06.2016
өлшемі3.69 Mb.
#136952
түріКодекс
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48

               қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес
               төлемдердi толық және уақтылы төлемеу

       Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi толық және уақтылы төлемеу, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 166-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      166-1-бап. Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын


                  қабылдаудан бас тарту

      1. Қазақстан Республикасы аумағында айналымда жүрген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес қабылдауға жататын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын көрсетулi құны бойынша қабылдаудан бас тарту, -


      дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасы аумағында айналымда жүрген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес қабылдауға жататын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан, ұсақтау мен айырбастаудан бас тартуы, -
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 166-1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

      167-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып


                алу туралы заңнамасын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген әлеуетi өнiм берушiлерге тиесiлiгiн айқындайтын сипаттамаларды көрсету арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының конкурстық құжаттамаға қойылатын талаптарын бұзу, -


      лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. V042686
      2. Конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғаларға конкурстық құжаттамаға енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мәтiнiн уақтылы жiбермеу, сол сияқты нақтыланған конкурстық құжаттаманы уақтылы жарияламау, -
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту, -
      лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдерi бар конверттердi конкурстық құжаттамада көрсетiлген мерзiмiн, уақыты мен орнын бұза отырып ашу, сондай-ақ аталған өзгерiстердi конкурстық құжаттамаға енгiзбей, конкурсқа қатысуға өтiнiмдерi бар конверттердi ашу күнiн, уақытын және орнын өзгерту, -
      лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Сауал салуды жiберу, сол сияқты конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтiнiмдi жеткiлiксiз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиiсiнше ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруге байланысты iс-әрекеттер, -
      лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Әлеуеттi өнiм берушiлерге және (немесе) солар тартатын қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын белгiлеу, сол сияқты әлеуеттi өнiм берушiнi және (немесе) солар тартатын қосалқы мердiгерлердi (бiрлесiп орындаушыларды) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сай емес деп негiзсiз тану, -
      лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6-1. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн критерийлердi конкурстық құжаттамаға енгiзбеу бөлiгiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзу, -
      лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6-2. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн критерийлердiң салыстырмалы мәнiн баға ұсыныстарына қолданбау бөлiгiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзу,-
      лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Сарапшының көрiнеу жалған сараптамалық қорытындыны жасауы, соның негiзiнде конкурстық комиссияның заңсыз шешiм қабылдауы, -
      жеке тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Әлеуеттi өнiм берушiнiң мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi органға бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беруiнiң анықталған фактiлерi туралы уақтылы хабарламау, -
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беруiнiң анықталған фактiлерi туралы мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi органды хабардар етпеу, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi органға мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуеттi өнiм берушi туралы мәлiметтердi бермеу, сол сияқты әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат бергенi туралы көрiнеу жалған ақпарат беру, -
      лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Осы баптың бiрiншi, төртiншi, 6-1 және 6-2-бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
      лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      11. Осы баптың екiншi және сегiзiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
      лауазымды адамдарға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      12. Осы баптың жетiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
      жеке тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      13. Осы баптың үшiншi, бесiншi, алтыншы және тоғызыншы бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
      лауазымды адамдарға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту.


      Осы бапта лауазымды адамдар деп:
      бiрiншi бөлiкте - мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқарушыларды, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты адамдарды және (немесе) конкурстық құжаттаманы әзiрлеуге тiкелей қатысатын адамдарды;
      екiншi бөлiкте - мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқарушыларды, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты адамдарды;
      үшiншi бөлiкте - тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысын немесе оның мiндетiн атқарушы адамды;
      төртiншi және бесiншi бөлiктерде - конкурстық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелерi мен хатшысын;
      алтыншы бөлiкте - конкурстық комиссияның мүшелерiн;
      6-1-бөлiкте – мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының бiрiншi басшыларын;
      6-2-бөлiкте – конкурстық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелерiн;
      сегiзiншi және тоғызыншы бөлiктерде - тапсырыс берушiнiң немесе сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының басшысын және (немесе) олардың мiндеттерiн атқарушы адамдарды түсiну керек.
      Ескерту. 167-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 304 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.29 № 233-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      167-1-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар


                  және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы
                  заңдарының талаптарын бұзу

      1. Кредиттiк бюроның Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзуы -


      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ақпарат берушiнiң кредиттiк тарихтың субъектiсi туралы ақпаратты кредиттiк тарихты қалыптастыру үшiн кредиттiк бюроларға беруi және (немесе) кредиттiк есептi алушының ақпарат субъектiсiнiң келiсiмiнсiз кредиттiк есептi беру туралы сауал беруi, сондай-ақ оны қате ресiмдеу -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Ақпарат берушiнiң кредиттiк тарих субъектiсiнен алған ақпаратты бұрмалауы -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерге айлық есептiк көрсеткiштiң бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 167-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.07.06. N 572 Заңымен.

      168-бап. Валюталық бақылау агентiнiң функцияларын


                тиiсiнше орындамау

      1. Валюталық бақылау агенттерiнiң операцияларын жүргiзу кезiнде, оның iшiнде клиенттердiң тапсырмалары бойынша жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасының валюта заңнамасының талаптарын сақтауын тиiсiнше бақыламауы, -


      заңды тұлғаға ескерту жасауға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының валюта заңнамасына сәйкес талап етiлетiн клиенттердiң валюта операциялары бойынша есептiлiктi табыс етпеуi не уақтылы табыс етпеуi, сол сияқты дұрыс емес есептiлiктi табыс етуi, -
      заңды тұлғаға ескерту жасауға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде үш және одан да көп рет жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), -
      орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 168-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      168-1-бап. Микрокредиттiк ұйымдар туралы заңнама


                  талаптарын бұзу

      1. Микрокредиттiк ұйымдардың микрокредиттiк ұйымдар туралы заңнамаға сәйкес тыйым салынған не олардың құқық қабiлеттiлiгi шегiнен тыс операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыруы, -


      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - мәмiле сомасының оннан бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған кiрiс сомасының отыз процентiне дейiнгi мөлшерде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға мәмiле сомасының оннан бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған кiрiс сомасының елу процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Микрокредиттiк ұйымның бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күнi шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 168-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.03.28. N 398 , өзгерту енгiзiлдi - 2003.03.28. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.

       168-2-бап. Қазақстан Республикасының банк заңдарының


                 талаптарын бұзу

      1. Банктердiң, банктердiң iрi қатысушыларының, банк холдингтерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес банктiң iрi қатысушысы немесе банк холдингi белгiлерiне сәйкес келетiн жеке және заңды тұлғалардың, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес табыс етiлуi қажет мәлiметтердi табыс етпеуi, сол сияқты әлденеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы табыс етпеуi немесе ондай мәлiметтерi жоқ ақпаратты табыс етуi не дұрыс емес мәлiметтердi (ақпаратты) табыс етуi, -


      жеке тұлғаға -айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды тұлғаға - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      1-1. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне төлемдер мен ақша аударымдары мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес табыс етiлуi талап етiлетiн мәлiметтердi және (немесе) есептiлiктi табыс етпеуi, сол сияқты әлденеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы табыс етпеуi не дұрыс емес мәлiметтердi және (немесе) есептiлiктi табыс етуi, -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Банктердiң, банктердiң iрi қатысушыларының, банк холдингтерiнiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өздерiне уәкiлеттi орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүктеген мiндеттердi шектеулi ықпал ету шаралары арқылы орындамауы -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде заңды тұлғаға төрт жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi, 1-1 және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тоғыз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың уәкiлеттi орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) басқа да сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi әлденеше рет бұзуы, -
      заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн банктердiң әлденеше рет  (қатарынан күнтiзбелiк үш айдың iшiнде екi және одан да көп рет) бұзуы, -
      заңды тұлғаға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес тыйым салынған не Қазақстан Республикасының банк заңдарын бұза отырып, сол сияқты олардың құқық қабiлеттiлiгi шегiнен тыс операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыруы, -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға мәмiле сомасының оннан бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған табыс сомасының елу процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға мәмiле сомасының бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған табыс сомасының жүз процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларының нәтижелерiн бухгалтерлiк есепте тиiсiнше көрсетпей жүргiзуi, -
      заңды тұлғаға есепке алынбаған соманың жүз процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлiк есепке алуды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк жөнiндегi талаптарды бұза отырып жүргiзуi не ондағы көрсеткiштердiң, не пруденциялық нормативтердiң орындалуы туралы мәлiметтердiң және (немесе) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердiң бұрмалануына әкеп соққан банктiк немесе өзге де есептiлiк жасауы, -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тиiсiнше есепке алынбаған соманың бес процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Осы баптың сегiзiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тиiсiнше есепке алынбаған соманың он процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердiң банк шоттарын ашу және жабу тәртiбiн бұзуы, -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      11. Осы баптың оныншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      12. Клиенттермен жасалатын шарттарда банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық қызмет бойынша шынайы, жылдық, тиiмдi, салыстырмалы есептелген сыйақы ставкаларын көрсету жөнiндегi, сондай-ақ қаржылық қызметтер бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты тарату, оның iшiнде оны жариялау кезiндегi мiндеттерiн орындамауы,-
      лауазымды адамға - отыз айлық, заңды тұлғаға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 168-2-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi); өзгертулер енгiзiлдi - 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      168-3-бап. Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға


                  (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға
                  қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының
                  заңнамасын бұзу

      1. Қаржы мониторингi субъектiлерiнiң қаржы мониторингiне жататын операциялары туралы ақпаратты құжаттық тiркеу және беру бөлiгiнде заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы, -


      жеке тұлғаларға - бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустар мен адвокаттарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға немесе коммерциялық емес ұйымдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден екi жүз жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елуден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қаржы мониторингi субъектiлерiнiң iшкi бақылау ережелерiн және оны қамтамасыз ету бағдарламасын әзiрлеу, қабылдау және (немесе) орындау жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы, -
      жеке тұлғаларға - бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустар мен адвокаттарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға немесе коммерциялық емес ұйымдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүз жиырмадан екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сегiз жүзден тоғыз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Қаржы мониторингi субъектiлерi лауазымды адамдарының қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органға берiлген ақпарат туралы өз клиенттерi мен өзге тұлғаларды хабардар етуi -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүз қырықтан бiр жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бiрiншi - үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк) -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүзден бiр жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустар мен адвокаттарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мыңнан бiр мың екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың бiрiншi - үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде үш және одан да көп мәрте жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк) -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, тауар биржаларының, ойын бизнесi мен лотереялар ұйымдастырушыларының, аудиторлық ұйымдардың лауазымды адамдарына, жекеше нотариустарға, адвокаттарға, дара кәсiпкерлерге - үш жүз сексеннен төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, тауар биржаларына, ойын бизнесi мен лотереялар ұйымдастырушыларына, аудиторлық ұйымдарға - белгiлi бiр қызмет түрiне лицензияның қолданылуын алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұрып немесе бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен) уақытша айыра отырып немесе нақ сол мерзiмге заңды тұлғаның қызметiн тоқтата тұрып не олардан айырып, айлық есептiк көрсеткiштiң бiр мың сегiз жүзден екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Кодекс 168-3-баппен толықтырылды - ҚР 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      169-бап. Клиенттерге, кредит берушiлерге және



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет