заңсыз араласуы
Қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының дара кәсiпкерлердiң, заңды тұлғалардың қызметiне заңсыз араласуы, олардың кәсiпкерлiк қызметiне кедергi келтiретiн заңсыз актiлер шығару және заңсыз тапсырмалар беру арқылы араласуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 151-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
151-1-бап. Кәсiпқой спорт жарыстарының және коммерциялық
ойын-сауық конкурстарының қатысушылары мен
ұйымдастырушыларын сатып алу
1. Спортшыларды, спорт судьяларын, жаттықтырушыларды, команда басшыларын және кәсiпқой спорт жарыстарының басқа да қатысушыларын немесе ұйымдастырушыларын, сол сияқты коммерциялық ойын-сауық конкурстарының ұйымдастырушыларын немесе жюри мүшелерiн осы жарыстардың немесе конкурстардың нәтижелерiне ықпал ету мақсатында сатып алу –
айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
3. Спортшылардың өздерiне жарыс нәтижелерiне ықпал ету мақсатында берiлген ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлiктi заңсыз алуы, сол сияқты спортшылардың дәл сол мақсаттарда өздерiне ұсынылған мүлiктiк сипаттағы қызметтердi заңсыз пайдалануы –
айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
4. Спорт судьяларының, жаттықтырушылардың, команда басшыларының және кәсiпқой спорт жарыстарының басқа да қатысушыларының немесе ұйымдастырушыларының, сол сияқты коммерциялық ойын-сауық конкурстары ұйымдастырушыларының немесе жюри мүшелерiнiң осы баптың үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген мақсаттарда ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлiктi заңсыз алуы, мүлiктiк сипаттағы қызметтердi заңсыз пайдалануы –
айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
Ескерту. 14-тарау 151-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
152-бап. <*>
Ескерту. 152-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
153-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне тексеру
жүргiзу тәртiбiн бұзу
1. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне тексеру жүргiзу тәртiбiн бұзу, оның iшiнде:
1) тексеру жүргiзу негiздерiнiң болмауы;
2) тексерудi тағайындау туралы актiнiң болмауы;
3) тексеру жүргiзу туралы хабарлау мерзiмдерiн сақтамау;
4) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында белгiленген талаптар мемлекеттiк органның құзыретiне жатпаса, осындай талаптардың орындалуын тексеру;
5) егер құжаттар, ақпарат, өнiм үлгiлерi, қоршаған орта объектiлерiн және өндiрiстiк орта объектiлерiн зерттеу сынамалары тексеру объектiлерi болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды берудi талап ету;
6) өнiм үлгiлерiне, қоршаған орта объектiлерiн және өндiрiстiк орта объектiлерiн зерттеу сынамаларына зерттеу, сынау, өлшеу жүргiзу үшiн көрсетiлген үлгiлердiң, сынамалардың белгiленген нысан бойынша және (немесе) мемлекеттiк стандарттарда, үлгiлердi, сынамаларды iрiктеп алу қағидаларында және олардың зерттеу, сынау, өлшеу әдiстерiнде, техникалық регламенттерде немесе олар қолданысқа енетiн күнге дейiн қолданыста болатын өзге де нормативтiк техникалық құжаттарда, зерттеу, сынау, өлшеу қағидаларында және әдiстерiнде белгiленген нормадан асатын санда iрiктеп алынуы туралы хаттамаларды ресiмдемей, оларды iрiктеп алу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргiзу нәтижесiнде алынған және коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты жария ету және (немесе) тарату;
8) тексеру жүргiзудiң белгiленген мерзiмдерiнен асып кету;
9) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 7-тармағы 2), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, белгiлi бiр мәселе бойынша, белгiлi бiр кезеңде бұрын тексеру жүргiзiлген жеке немесе заңды тұлғаға қатысты көрiнеу қайта тексеру жүргiзу;
10) мемлекеттiк бақылау мақсатында шығынды сипаттағы iс-шараларды жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң есебiнен жүргiзу;
11) жоспарлы тексерудi тағайындау кезiнде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралығын бұзу;
12) тексерiлетiн субъектiге тексеру актiсiн ұсынбау, -
лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi тармағында көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 153-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
154-бап. Жалған кәсiпкерлiк
1. Жалған кәсiпкерлiк, яғни кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру ниетiнсiз жеке кәсiпкерлiк субъектiсiн құру не басқа заңды тұлғалардың өз шешiмдерiн айқындау құқығын беретiн акцияларын (қатысу үлестерiн, пайларын) сатып алу, сол сияқты оларға басшылық ету, егер жасалған барлық мәмiлелер құқыққа қарсы мақсаттарды көздеген, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаған жағдайда, -
жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге – он бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге – қырық, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпiс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапта және осы Кодекстiң 154-1-бабында құқыққа қарсы мақсаттарды көздейтiн мәмiлелерге кредиттердi заңсыз алуға, салық төлеуден жалтаруға, тыйым салынған қызметтi жасыруға, табыстарды заңсыз алуға және (немесе) өзге де мүлiктiк пайда алуға бағытталған мәмiлелер, сондай-ақ көрсетiлген iс-әрекеттердi жасауға жәрдемдесу жатады.
Ескерту. 154-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.08 N 225-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
154-1-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң кәсiпкерлiк
қызметтi жүзеге асыру ниетiнсiз мәмiле
(мәмiлелер) жасасуы
1. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң iс жүзiнде жұмыстарды орындамай, қызметтердi көрсетпей, тауарларды тиеп жiбермей, құқыққа қарсы мақсаттарды көздеген мәмiле (мәмiлелер) жасасуы (оның iшiнде шот-фактураны пайдалану арқылы жасасуы), егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге – он бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр жүз он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге – қырық, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпiс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Кодекс 154-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.08 N 225-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
155-бап. Банкроттық кезiндегi құқыққа қайшы әрекеттер
1. Мүлiктi және мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның көлемi, мүлiктiң тұрған орны туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзге иелiкке беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты экономикалық қызметтi көрсететiн бухгалтерлiк және өзге де есептiк құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл iс-әрекеттер банкроттық кезiнде немесе банкрот болатынын алдын ала бiлген кезде жасалса және қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
борышкер ұйымның лауазымды адамдарына немесе меншiк иелерiне не дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан сексенге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз елуден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өзiнiң iс жүзiндегi дәрменсiздiгiн (банкроттығын) бiлетiн борышкер ұйымның лауазымды адамының, меншiк иесiнiң немесе дара кәсiпкердiң, сондай-ак конкурстық iс жүргiзу немесе оңалту рәсiмi кезiнде дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару функциялары берiлген тұлғаның басқа кредит берушiлерге залал келтiретiнiн бiле тұра жекелеген кредит берушiлердiң мүлiктiк талаптарын заңға қайшы қанағаттандыруы, сол сияқты кредит берушiнiң өзiне дәрменсiз борышкердiң өзге кредит берушiлерге залал келтiре отырып артықшылық жасауын қабылдауы, егер мұндай iс-әрекеттер iрi залал келтiрмесе, -
борышкер ұйымның лауазымды адамдарына немесе меншiк иелерiне не дара кәсiпкерлерге не конкурстық iс жүргiзу немесе оңалту рәсiмi кезiнде дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару функциялары берiлген тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан сексенге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 155-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
155-1-бап. Конкурстық, оңалтушы басқарушылардың, сырттай
байқау әкiмшiсiнiң Қазақстан Республикасының
банкроттық туралы заңнамасын бұзуы
РҚАО-ның ескертпесi!
155-1-бапқа өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
1. Конкурстық басқарушының Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын :
кредиторлар комитетiнiң құрамын уақтылы қалыптастырмауы;
борышкер алдында берешегi бар адамдарға осы берешектi өтеу туралы талап қоймауы;
әдейi және (немесе) жалған банкроттық белгiлерi анықталған жағдайларда, құқық қорғау органдарына ақпаратты хабарламауы;
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында көрсетiлген мән-жайлар кезiнде борышкер жасасқан жарамсыз мәмiлелер анықталған жағдайларда, оларды жарамсыз деп тану туралы не сот тәртiбiмен мүлiктi қайтару туралы талаптар қоймауы;
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес мәлiмделген кредиторлардың талаптарын уақтылы қарамауы;
кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың белгiленген тәртiбiн бұза отырып, олармен есеп айырысулар жүргiзуi;
сауда-саттық жүргiзу туралы ақпараттық хабарды жариялау тәртiбiн бұзуы;
борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жоспарын бұза отырып, борышкердiң мүлкiн сатуы;
кредиторлар комитетiмен жасалған келiсiмдердiң талаптарын орындамауы;
әкiмшiлiк шығыстар сметасында көзделген ақшаны артық жұмсауы не мақсатсыз пайдалануы түрiнде бұзуы, -
банкроттық рәсiмдерде төлем қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлген лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Оңалтушы басқарушының Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын :
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында көрсетiлген мән-жайлар кезiнде борышкер жасасқан жарамсыз мәмiлелер анықталған жағдайларда, оларды жарамсыз деп тану туралы не сот тәртiбiмен мүлiктi қайтару туралы талаптар қоймауы;
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес мәлiмделген кредиторлардың талаптарын уақтылы қарамауы;
кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың белгiленген тәртiбiн бұза отырып, олармен есеп айырысулар жүргiзуi;
дәрменсiз борышкердi оңалту жоспарын орындамауы;
егер борышкердiң оңалту рәсiмiн енгiзгеннен кейiн туындаған ақшалай мiндеттемелерiнiң жалпы сомасы оңалту рәсiмiн енгiзген кездегi кредиторлық берешектiң жалпы сомасының жиырма процентiнен асса, борышкердiң ақшалай жаңа мiндеттемелерiн тудыратын мәмiлелердi, кредиторлар комитетiнiң келiсiмiнсiз жасауы;
кредиторлар комитетiмен жасалған келiсiмдердiң талаптарын орындамауы;
әкiмшiлiк шығыстар сметасында көзделген ақшаны артық жұмсауы не мақсатсыз пайдалануы түрiнде бұзуы, -
банкроттық рәсiмдерде төлем қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлген лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сырттай байқау әкiмшiсiнiң Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын :
борышкердiң негiзгi құрал-жабдықтарды иелiктен айыру, мүлiктi кепiлге немесе жалға беру бойынша мәмiлелер, сондай-ақ олардың орындалуы борышкерге залал келтiруге әкеп соғатын, нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткiлiксiз негiздер бойынша басқа да мәмiлелер жасауына қатысты iс-әрекеттерiн кредиторлар комитетiмен келiспеуi, қайта ұйымдастыру жүргiзуi;
сырттай байқау рәсiмiнде әдейi және (немесе) жалған банкроттық белгiлерi анықталған жағдайларда, құқық қорғау органдарына хабарламауы не борышкерге оның қаржылық жағдайын нашарлатқан мүлiктi иелiктен айыру жөнiндегi мәмiлелердi жарамсыз деп тану туралы талап қоймауы түрiнде бұзуы, -
банкроттық рәсiмдерде төлем қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлген лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), -
банкроттық рәсiмдерде төлем қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлген лицензиядан айыра отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң сексеннен жүзге дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 155-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
155-2-бап. Көпшiлiк сауда-саттықтар, аукциондар мен
конкурстар өткiзудiң белгiленген тәртiбiн
қасақана бұзу
Мүлiк иесiне, сауда-саттықтарды немесе аукциондарды ұйымдастырушыға, сатып алушыға немесе өзге де шаруашылық жүргiзушi субъектiге iрi зиян келтiрiп, көпшiлiк сауда-саттықтар, аукциондар немесе конкурстар өткiзу тәртiбiн қасақана бұзу –
айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапта айлық есептiк көрсеткiштен бiр жүз есе асатын сомаға жеке тұлғаға келтiрiлген залал, не айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз есе асатын сомаға ұйымға немесе мемлекетке келтiрiлген залал iрi залал деп танылады.
Ескерту. 14-тарау 155-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
156-бап. Әдейi банкрот болу
Әдейi банкрот болу, яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншiк иесiнiң, сол сияқты дара кәсiпкердiң өз мүдделерiн немесе өзге адамдардың мүдделерiн көздей отырып жасаған төлем қабiлетсiздiгiн қасақана жасауы немесе ұлғайтуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң сексеннен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз елуден жетi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 156-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
157-бап. Жалған банкроттық
Жалған банкроттық, яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншiк иесiнiң, сол сияқты жеке кәсiпкердiң кредит берушiге тиесiлi төлемдердi кейiнге қалдыруды немесе ұзартуды немесе борыштардан шегерiм жасатқызу үшiн кредит берушiлердi адастыру мақсатында өзiнiң дәрменсiздiгi туралы көрiнеу жалған хабарлауы, сол сияқты борыштарын төлемеуi, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз елуден бес жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 157-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
157-1-бап. Қазақстан Республикасының бағалау қызметi
туралы заңнамасын бұзу
1. Бағалаушының мүлiктi бағалау туралы бұрыс есеп жасауы, сол сияқты Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасында тыйым салынған жағдайларда мүлiктi бағалауды жүзеге асыруы, –
бағалау қызметiн жүзеге асыру құқығына берiлген лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, дара кәсiпкерлерге – елу, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпiс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер,-
бағалау қызметiн жүзеге асыру құқығына берiлген лицензиядан айыра отырып, дара кәсiпкерлерге – жетпiс, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаларға – тоқсан, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр жүз сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Кодекс 157-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.11.09 N 197-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-б. қараңыз. 2009.11.13 жарияланды) Заңымен.
158-бап. Коммерциялық құпияны , банк құпиясын, кредиттiк
бюроның кредиттiк тарих деректерi базасынан
алынған кредиттiк есептердiң мәлiметтерiн
немесе ақпаратты сақтау мiндеттерiн бұзу
Коммерциялық құпия, банк құпиясы, не кредиттiк бюроның кредиттiк тарих деректерi базасынан алынған кредиттiк есептердiң мәлiметтерi немесе ақпарат бар мәлiметтердi сақтау мiндеттерiн, ол кәсiптiк немесе қызметтiк мiндетiне байланысты өзiне мәлiм болған адамның олардың иелерiнiң келiсiмiнсiз бұзуы, егер онда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
1. Меншiк иесiне немесе заң актiлерiне сәйкес осындай мәлiметтердi алу құқығы бар адамдарға олардың заңды талабы бойынша коммерциялық құпия, банк құпиясы, не кредиттiк бюроның кредиттiк тарих деректерi базасынан алынған кредиттiк есептердiң мәлiметтерi немесе ақпарат бар мәлiметтердi берген жағдайда тұлға жауапты болмайды.
2. Осы бапта көзделген әрекеттi жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту, залал келтiрiлген ұйымның, меншiк иесiнiң немесе жеке кәсiпкердiң арызы бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 158-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2004.07.06. N 572 Заңдарымен.
158-1-бап. Сақтандыру құпиясын сақтау мiндетiн бұзу
Сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi сақтау мiндетiн, олар өзiнiң кәсiби немесе қызметтiк мiндетiне байланысты белгiлi болған адамның олардың иесiнiң келiсiмiнсiз бұзуы, -
елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 158-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi).
158-2-бап. Зейнетақы жинақтарының құпиясын сақтау
мiндетiн бұзу
Зейнетақы жинақтарының құпиясы бар мәлiметтердi сақтау мiндетiн кәсiптiк немесе қызметтiк мiндетiне байланысты өзiне мәлiм болған адамның олардың иесiнiң келiсiмiнсiз бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 158-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
158-3-бап. Қазақстан Республикасының туристiк қызмет
туралы заңнамасын бұзу
1. Туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың туристерге саяхаттың ерекшелiктерi, туристiк қызметтер ұсыну ережелерiнде көрсетiлген саяхат жасау кезiнде оларға тап болуы мүмкiн қауiптер туралы мәлiмет ұсынбауы, уақтылы немесе толық ұсынбауы не туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асырмауы -
дара кәсiпкерлерге - он, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың туристiк қызмет көрсетуге жазбаша шарт жасаспай туристiк қызметтердi көрсетуi -
лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, дара кәсiпкерлерге - он, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайтадан жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк) -
лицензиясынан айыра отырып, дара кәсiпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың мүдделi мемлекеттiк органдарға және туристiң отбасына саяхат кезiнде туристердiң төтенше жағдайға ұшырағаны туралы ақпарат ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы -
лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, дара кәсiпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайтадан жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк) -
лицензиясынан айыра отырып, дара кәсiпкерлерге - елу, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 14-тарау 158-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.07.05 N 59-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
158-4 бап. Сотта корпоративтiк дау бойынша iс қозғалғаны
туралы ақпаратты ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау
Егер оны ұсыну заңда көзделген жағдайда, сотта корпоративтiк дау бойынша iс қозғалғаны туралы ақпаратты ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау, -
лауазымды адамдарға – жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға – бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 14-тарау 158-4-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.11 № 385-IV (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
158-5-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау
тәртiбi мен мерзiмдерiн бұзу
1. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы заңнамасында белгiленген жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi мен мерзiмдерiн iрi кәсiпкерлiк субъектiсiнiң бұзуы, -
лауазымды адамдарға - отыз, заңды тұлғаларға - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), –
лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 14-тарау 158-5-баппен толықтырылды - ҚР 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Достарыңызбен бөлісу: |