14-тарау. КӘСIПКЕРЛIК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ
137-бап. <*>
Ескерту. 137-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
138-бап. <*>
Ескерту. 138-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
139-бап. <*>
Ескерту. 139-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
140-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын
Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге
әкету немесе жiберу ережелерiн бұзу
1. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге әкету немесе жiберу ережелерiн бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - онға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
шикiзат немесе тауарлар тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - он беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға алпысқа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 140-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
141-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп
тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен
тысқары жiберу үшiн қабылдау тәртiбiн бұзу
Пошта ұйымдарының, темiр жол, автомобиль, өзен, теңiз және әуе көлiктерiнiң лауазымды адамдарының шикiзаттарды, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жiберу үшiн қабылдау ережелерiн бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
141-1-бап. Мұнайды және мұнай өнiмдерiн заңсыз тасымалдау,
иелену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды өңдеу
1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, мұнайды және мұнай өнiмдерiнiң шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз оны тасымалдау, иелену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды өңдеу, -
жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жүз елу, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - жүз елу, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - екi жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Заң 141-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.10.06 N 343-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
142-бап. <*>
Ескерту. 142-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
143-бап. Кәсiпкерлiк қызметтiң тыйым салынған түрлерiмен
айналысу
Кәсiпкерлiк қызметтiң тыйым салынған, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ түрлерiмен айналысу, -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 143-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
143-1-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында
кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым
салу белгiленген адамның осындай қызметпен
айналысуы
Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуы -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары (дивидендтерi), ақшасы, бағалы қағаздары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 14-тарау 143-1-бап толықтырылды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
144-бап. Кино- және бейнешығармаларды көпшiлiкке көрсету
ережелерiн бұзу
Белгiленген көрсету уақытын және көрермендер санатын сақтамаудан көрiнiс тапқан, кино- және бейнешығармаларды көпшiлiкке көрсету ережелерiн бұзу, -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 144-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
144-1-бап. Көрiнеу жалған жарнама
Жарнама берушiнiң жарнамада тауарларға, жұмыстарға немесе қызмет көрсетуге, сондай-ақ оларды өндiрушiлерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты көрiнеу жалған ақпаратты пайдалануы пайдакүнемдiк ниетпен жасалса және iрi зиян келтiрсе, –
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапта айлық есептiк көрсеткiштен бiр жүз есе асатын сомаға жеке тұлғаларға келтiрiлген залал, не айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз есе асатын сомаға ұйымға немесе мемлекетке келтiрiлген залал iрi нұқсан ретiнде танылады.
Ескерту. 14-тарау 144-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
145-бап. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын,
тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық
атауды заңсыз пайдалану
1. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын немесе тауар шығарылған жердiң атауын немесе бiртектес тауарлар немесе қызметтер үшiн оларға ұқсас белгiлердi заңсыз пайдалану , сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының, тауар шығарылған жердiң атауының немесе бiртектес тауарлар немесе қызметтер үшiн оларға ұқсас белгiлердiң заңсыз бейнесiн қамтитын тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының, тауар шығарылған жердiң атауының немесе бiртектес тауарлар немесе қызметтер үшiн оларға ұқсас белгiлердiң заңсыз бейнесiн қамтитын тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер:
1. Осы бапта көрсетiлген құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн тәркiлеу тауардан, оның орамасынан, бланкiлерден немесе басқа да құжаттамадан тауар таңбасынан немесе тауар шығарылған жердiң атауының дайындалған бейнесiн, заңсыз пайдаланылатын тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жердiң атауын, сондай-ақ олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiнi жою мүмкiн болмаған жағдайда жүргiзiледi.
2. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiне сәйкес тәркiленген тауарлар құқық иеленушiнiң өтiнiшi бойынша оған берiлген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 628-бабында көзделген тәртiппен жойылуға тиiс.
Ескерту. 145-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
146-бап. <*>
Ескерту. 146-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
146-1-бап. Кредиторлық берешектi өтеуден әдейi жалтару
Тиiстi сот актiсi заңды күшiне енгеннен кейiн ұйым жетекшiсiнiң немесе азаматтың iрi мөлшердегi кредиторлық берешектi өтеуден әдейi жалтаруы –
айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
Ескерту. Азаматтың бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомадағы, ал ұйымның екi мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомадағы берешегi iрi мөлшердегi кредиторлық берешек деп танылады.
Ескерту. 14-тарау 146-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
147-бап. Монополистiк қызмет
1. Нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы заңнамалық актiсiнде тыйым салынған бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерi, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық табысы тәркiленiп немесе онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - бiр жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған табысының (түсiмiнiң) бес процентi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға он процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы заңнамалық актiсiнде тыйым салынған бәсекелестiкке қарсы келiсiлген iс-әрекеттерi, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық табысы тәркiленiп немесе онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - бiр жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған табысының (түсiмiнiң) бес процентi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға он процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы заңнамалық актiсiнде тыйым салынған өзiнiң үстем немесе монополиялық жағдайын терiс пайдалануы, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық табысы тәркiленiп немесе онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - бiр жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған табысының (түсiмiнiң) бес процентi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға он процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық табысы тәркiленiп, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған табысының (түсiмiнiң) он процентi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Бәсекелестiкке қарсы келiсiм немесе бәсекелестiкке қарсы келiсiлген iс-әрекеттер түрiндегi әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасаған нарық субъектiсiн судья, жиынтығында мынадай:
1) нарық субъектiсi бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе келiсiлген iс-әрекеттер туралы монополияға қарсы органға мәлiмдеген кезде монополияға қарсы орган басқа көздерден осы бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе келiсiлген iс-әрекеттер туралы ақпарат алмаған;
2) нарық субъектiсi бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерге немесе келiсiлген iс-әрекеттерге өзiнiң қатысуын тоқтату жөнiнде жедел шаралар қабылдаған;
3) нарық субъектiсi мәлiмдеу кезiнен бастап бүкiл тергеу бойында бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе келiсiлген iс-әрекеттердiң фактiлерi туралы толық ақпаратты хабарлаған;
4) нарық субъектiсiнiң бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе келiсiлген iс-әрекеттердi жасау салдарынан тұтынушыларға келтiрiлген залалдарды ерiктi түрде өтеу шарттары сақталған кезде монополиялық табысын тәркiлеуден босатуы мүмкiн.
Ескерту. 147-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.12.25 N 113-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
147-1-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк монополия
туралы заңнамасын бұзу
1. Мемлекеттiк монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк монополия туралы заңнамасында белгiленген шектеулердi сақтамауы, -
мемлекеттiк монополия субъектiсiне айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттiк монополия саласына жатқызылған қызметтi уәкiлеттi емес адамның жүзеге асыруы, -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке адамдарға - жүз, лауазымды адамдарға және дара кәсiпкерлерге - жүз жиырма бес, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 147-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
147-2-бап. Экономикалық шоғырлану кезiнде нарық
субъектiлерiнiң заңсыз iс-әрекеттерi
Егер монополияға қарсы орган рұқсатының болуы қажет жағдайда, нарық субъектiлерiнiң оның рұқсаттың алмай экономикалық шоғырлануы, экономикалық шоғырлануға қатысушы нарық субъектiлерiнiң экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы шешiмге негiз болған талаптар мен мiндеттемелердi орындамауы, -
жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр мың бес жүзден екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 147-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 174 (ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
147-3-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамаларын
орындамау. Ақпарат беру жөнiндегi
мiндеттемелердi бұзу және үй-жай мен
аумаққа кiруге кедергi жасау
Нұсқаманы орындамау немесе оны толық көлемде орындамау, монополияға қарсы органға белгiленген мерзiмде ақпарат бермеу не толық емес көлемде беру, монополияға қарсы органға дұрыс емес және (немесе) жалған ақпарат беру, монополияға қарсы органның тергеу жүргiзетiн лауазымды адамдарының үй-жай мен аумаққа кiруiне кедергi жасау, -
жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр мың бес жүзден екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 147-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.07 N 174 (ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгiзiлдi - 2008.12.25 N 113-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
147-4-бап. Мемлекеттiк органдардың бәсекеге қарсы
iс-әрекетi, жосықсыз бәсеке
1. Мемлекеттiк органдардың бәсекеге қарсы iс-әрекетi -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жосықсыз бәсеке -
дара кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр мыңнан бiр мың бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүз елуден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр мың бес жүзден екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 147-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 174 (ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгiзiлдi - 2008.12.25 N 113-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
147-5-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар
және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасын
бұзу
1. Табиғи монополия субъектiсiнiң табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға белгiленген нысандардағы ақпаратты, есептi, хабарламаны табыс етпеуi, сол сияқты белгiленген нысандардағы ақпаратты, есептi, хабарламаны белгiленген мерзiмдерiн бұза отырып табыс етуi -
дара кәсiпкерлерге - екi жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер (әрекетсiздiк) -
дара кәсiпкерлерге - екi жүз елу, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға ақпаратты, есептi, хабарламаны табыс ету мiндетiн қоспағанда, табиғи монополия субъектiсiнiң шектеулердi сақтамауы, сол сияқты табиғи монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы -
дара кәсiпкерлерге - үш жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, табыс (түсiм) алуға әкеп соққан iс-әрекеттер (әрекетсiздiк) -
дара кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде алынған табыстың (түсiмнiң) он процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде алынған табыс (түсiм) деп табиғи монополия субъектiсi алған табыс (түсiм) пен табиғи монополия субъектiсi Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаған кезде алуға тиiс табыс (түсiм) арасындағы айырма түсiнiледi.
Ескерту. 147-5-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
147-6-бап. Электр энергиясын өткiзу (сату) тәртiбiн бұзу
1. Спот-сауда-саттықта (өздерi өндiретiн электр энергиясы көлемiнiң он процентiнен аспайтын), теңгерiмдеушi нарықта және экспортқа өткiзу (сату) жағдайларын қоспағанда, энергия өндiрушi ұйымның электр энергиясының тиiсiнше шектi, жеке, есептiк тарифiнен асатын тариф бойынша электр энергиясын өткiзуi (сатуы) -
заңды тұлғаларға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде алынған табыстың (түсiмнiң) он процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Электр энергиясын экспорттаған жағдайды қоспағанда, энергия өндiрушi ұйымның көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектiлерi болып табылмайтын жеке және заңды тұлғаларға электр энергиясын өткiзуi (сатуы) -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде алынған табыстың (түсiмнiң) жүз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Теңгерiмдеушi нарықтағы сатып алу-сату жағдайын қоспағанда, энергиямен жабдықтаушы ұйымның энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымға электр энергиясын өткiзуi (сатуы) -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде алынған табыстың (түсiмнiң) жүз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде алынған табыс (түсiм) деп мыналар түсiнiледi:
осы баптың бiрiншi бөлiгi бойынша: осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, энергия өндiрушi ұйымның алған табысы (түсiмi) мен электр энергиясының тиiсiнше шектi, есептiк, жеке тарифi бойынша есептелген табыс (түсiм) арасындағы айырма;
осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi бойынша: Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгiленген электр энергиясын өткiзуге (сатуға) тыйым салуды бұзу нәтижесiнде алынған барлық табыс (түсiм).
Табыс (түсiм) құрамына өткiзiлген (сатылған), бiрақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған күнге ақысы төленбеген электр энергиясының құнын да енгiзу керек.
Ескерту. 147-6-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
147-7-бап. Реттелетiн нарық субъектiлерiнiң мiндеттердi
бұзуы
1. Реттелетiн нарық субъектiсiнiң баға деңгейiн растайтын негiздемелiк материалдарды қоса бере отырып босату бағалары туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептiлiктi, сондай-ақ монополиялы өндiрiлетiн (өткiзiлетiн) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) өндiру (өткiзу) көлемдерi, табыстылық деңгейi мен босату бағалары туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасында белгiленген мерзiмде табыс етпеуi, сол сияқты табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға дұрыс емес және (немесе) толық емес ақпаратты табыс етуi -
дара кәсiпкерлерге - үш жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Реттелетiн нарық субъектiсiнiң бағалардың алдағы көтерiлетiнi туралы хабарламаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға ұсынбай тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағасын көтеруi және оларды өткiзуi, сол сияқты табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган айқындаған баға деңгейiне дейiн Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен қолданыстағы немесе жобаланған бағаны түсiрмеуi -
дара кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде алынған табыстың (түсiмнiң) он процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде алынған табыс (түсiм) деп реттелетiн нарық субъектiсiнiң алған табысы (түсiмi) мен бағаны көтергенге дейiн қолданыста болған баға бойынша не деңгейiн табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган айқындаған баға бойынша есептелген табыс (түсiм) арасындағы айырма түсiнiледi.
Табыс (түсiм) құрамына сатылған, бiрақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған күнге дейiн ақысы төленбеген тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) құнын да енгiзу керек.
Ескерту. 147-7-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
147-8-бап. Реттелетiн нарық субъектiсiнiң баға белгiлеу
тәртiбiн сақтамауы
Реттелетiн нарық субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген баға белгiлеу тәртiбiн сақтамауы -
дара кәсiпкерлерге - үш жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 147-8-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
147-9-бап. Энергия өндiрушi ұйымның инвестициялық
бағдарламаны орындамауы
Энергия өндiрушi ұйымның табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган енгiзген инвестициялық бағдарламаны орындау туралы нұсқаманы орындамауы -
тұтынушылардан алынған және инвестициялық бағдарламаны iске асыру мақсатында пайдаланылмаған сомалардың он процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 147-9-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
147-10-бап. Қазақстан Республикасының биоотын өндiрiсiн
және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
заңнамасын бұзу
1. Биоотын өндiрушiлердiң кейiннен биоотын етiп қайта өңдеу үшiн тамақ шикiзатын сатып алуға арналған квоталар нормаларын асырып жiберуi –
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың бес жүз жетпiс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
асырып жiберiлген квота мөлшерiнде тамақ шикiзатынан өндiрiлген өнiм тәркiлене отырып және биотынды өндiру жөнiндегi қызметпен айналысу әрекетi алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтататыла тұрып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз тоқсан, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың сегiз жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Биоотынды өндiру кезiнде 1 және 2-сыныпты бидайды тамақ шикiзаты ретiнде пайдалану –
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Құрамы техникалық регламенттермен белгiленген құрамға сәйкес келмейтiн биоотынды сату –
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Денатуратталмаған биоэтанолды, оны биоотын өндiру зауытына немесе биоотынның басқа түрiне қайта өңдеу үшiн мұнай өңдеу зауытына жеткiзу жағдайларын қоспағанда, айналымға шығару –
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Белгiлi бiр биоотын өндiру зауытында екi және одан да көп биоотын өндiрушiлердiң биоотын өндiрудi жүзеге асыруы –
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – бiр жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Биоотын өндiрушiлердiң биоотынды өндiрiс паспортынсыз, биоотын өндiрiсiнiң көлемiн есепке алуды бақылау аспаптарынсыз не олардың бұзылып тұрған уақытында өндiруi –
осы кезеңде өндiрiлген өнiм тәркiлене отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – екi жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетi жүз отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Биоотын өндiрушiлердiң генетикалық жағынан түрлендiрiлген көз (объектi) болып табылатын немесе генетикалық жағынан түрлендiрiлген көздердi (объектiлердi) қамтитын тамақ шикiзатын олардың қауiпсiздiгiн ғылыми тұрғыдан негiзделген растаусыз және мемлекеттiк тiркеуден өткiзусiз қабылдауы –
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – екi жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға тоғыз жүз қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Биоотын өндiрушiлердiң биоотынды iлеспе жүкқұжаттарын ресiмдемей сатуы –
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – екi жүз жетпiс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетi жүз он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Биоотын өндiрушiлердiң, тиiстi құжаттары бар кезде биоотынды экспорттауын қоспағанда, биоотын өндiрудi жүзеге асырмайтын және (немесе) мұнай өнiмдерiн компаундирлеуге лицензиясы жоқ тұлғаларға биоотынды сатуы –
биоотынның сатылған партиясына тең көлемiн тәркiлей отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға тоғыз жүз тоқсан айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Биоотын өндiрушiлердiң, тиiстi құжаттары бар кезде биоотынды экспорттауды қоспағанда, өндiрiлген биоотынды биоотын нарығының қатысушылары болып табылмайтын тұлғаларға оны сақтау үшiн беруi –
биоотынның сатылған партиясына тең көлемiн тәркiлей отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – екi жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Тиiстi құжаттары бар кезде биоотынды экспорттауды қоспағанда, биоотын нарығының қатысушылары болып табылмайтын және (немесе) мұнай өнiмдерiн компаундирлеуге лицензиясы жоқ тұлғалардың биоотынды сақтауы –
биоотынның сатылған партиясына тең көлемiн тәркiлей отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – бiр жүз жетпiс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Осы баптың жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы, он бiрiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
биоотынның тиiстi көлемiн тәркiлей отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Осы баптың он екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – екi жүз қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Кодекс 147-10-баппен толықтырылды - ҚР 2010.11.15 № 352-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
148-бап. <*>
Ескерту. 148-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
149-бап. <*>
Ескерту. 149-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
150-бап. <*>
Ескерту. 150-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
151-бап. Лауазымды адамдардың кәсiпкерлiк қызметке
Достарыңызбен бөлісу: |