Кодексi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; "Егемен Қазақстан"



бет4/48
Дата15.06.2016
өлшемі3.69 Mb.
#136952
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

              жауаптылықтан босату

      1. Адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн, ал қоршаған ортаны қорғау саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн - оны жасаған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес.


      2. Жеке тұлға әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы, табиғи монополиялар мен монополияға қарсы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес, ал заңды тұлға (оның iшiнде дара кәсiпкер) әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн, ал салық салу, Қазақстан Республикасының, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамалар, табиғи монополиялар мен монополияға қарсы заңнама саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес.
      3. Созылып кеткен әкiмшiлiк құқық бұзушылық кезiнде, сондай-ақ қоғамның және мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғатын қаржы мен бюджет саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес.
      4. Осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнiң ережелерi әкiмшiлiк құқық бұзушылық қылмыстың жасалуына септiгiн тигiзген және бұл туралы қылмыстық iстi тергеу немесе сотта қарау барысында мәлiм болған жағдайларға қолданылмайды. Сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 387-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен мұндай құқық бұзушылыққа кiнәлi адамға, егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезден бастап бiр жылдан аспайтын уақыт өткен болса, әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
      4-1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану мерзiмiнiң барысы iстi сот инстанцияларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамына жiберген кезден бастап тоқтатыла тұрады.
      Бұл мерзiмдердi есептеу әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қозғауға уәкiлеттi органға кемшiлiктердi жою үшiн iс қайтарылған жағдайларда қайтадан басталады.
      5. Құқық бұзушының iс-әрекетiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi болған кезде қылмыстық iс қозғаудан бас тартылған не қылмыстық iс қысқартылған жағдайда адам қылмыстық iс қозғаудан бас тартылған не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.
      6. Егер осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде аталған мерзiмдер аяқталғанға дейiн адам жаңадан әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолдану мерзiмiнiң өтуiне үзiлiс жасалады. Мұндай жағдайларда мерзiмдi есептеу жаңа әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған кезден басталады.
      7. Судьяның немесе уәкiлеттi органның әкiмшiлiк iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулысы осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мерзiмге қарамастан, ол заңды күшiне енген күнiнен бастап бiр жыл iшiнде прокурордың наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкiн.
      Ескерту. Осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң бабында көзделген белгiлi бiр әрекеттiң бiрыңғай құрамының үздiксiз жүзеге асырылуымен сипатталатын және оны анықтаған кезде аяқталмаған құқық бұзушылық созылып кеткен құқық бұзушылық деп танылады.
      Ескерту. 69-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2002.08.09 N 346, 2003.09.25 N 484, 2003.12.05 N 506, 2004.12.09 N 10, 2004.12.13 N 11 (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.07.07 N 174 (ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      70-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан


              рақымшылық жасау актiсi негiзiнде босату

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе қолданылған әкiмшiлiк жазадан рақымшылық жасау актiсi негiзiнде, егер ол әкiмшiлiк жаза қолдануды жоятын болса, босатылуы мүмкiн.


      2. Рақымшылық жасау туралы актiнi Қазақстан Республикасының Парламентi жеке белгiлi емес адамдар тобына қатысты шығарады.
      Ескерту. 70-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

      71-бап. Жағдайдың өзгеруiне, науқастануға байланысты


              әкiмшiлiк жауаптылықтан босату

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi бар әрекет жасаған адам жағдайдың өзгеруiне, сондай-ақ әкiмшiлiк жазаны орындауға кедергi келтiретiн науқасына байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.

      71-1-бап. Тараптардың бiтiмгершiлiкке келуiне байланысты
                 әкiмшiлiк жауаптылықтан босату

      1. Осы Кодекстiң 9-1-тарауында, сондай-ақ 85-3, 131, 136-2, 158, 158-1, 158-2-баптарында, 174-бабында (үшiншi бөлiгi) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жәбiрленушiнiң өтiнiшi бойынша ғана қозғалады және ол әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адаммен бiтiмгершiлiкке келгеннен кейiн тоқтатылуға жатады.


      2. Бiтiмгершiлiкке келу жәбiрленушi мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам қол қойған жазбаша келiсiм негiзiнде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 71-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi), өзгерiс енгiзiлдi - 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

9-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ӘКIМШIЛIК ЖАУАПТЫЛЫҒЫ

      72-бап. Кәмелетке толмағандардың әкiмшiлiк жауаптылығы

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде он алты жасқа толған, бiрақ он сегiз жасқа толмаған адамдар осы тараудың күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп танылады.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға тәрбиелiк ықпал етудiң мәжбүрлеу шаралары қолданыла отырып, әкiмшiлiк жаза тағайындалуы мүмкiн.
      Ескерту. 72-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.29 № 272-IV Заңымен.

      73-бап. Кәмелетке толмағандарға әкiмшiлiк жазалар


              қолданудың ерекшелiктерi

      1. Кәмелетке толмаған адамға салынатын әкiмшiлiк айыппұлдың мөлшерi осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнiң бабында көзделген айыппұл мөлшерiне қарамастан, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бiр бөлiгiнен кем болмауға және он айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.


      Айыппұл кәмелетке толмаған адамда бар мүлiктiң есебiнен төленедi. Кәмелетке толмаған адамның айыппұл төлеуге жеткiлiктi мүлкi болмаған жағдайда, айыппұл ата-анасына немесе олардың орнындағы адамдарға салынады.
      2. Арнаулы құқықтан айыру кәмелетке толмағандарға бiр жылдан аспайтын мерзiмге қолданылуы мүмкiн.
      3. Әкiмшiлiк жазалардың басқа да түрлерi (әкiмшiлiк қамауға алуды қоспағанда), сондай-ақ осы Кодекстiң 45 және 57-баптарында аталған әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауда кiнәлi кәмелетке толмағандарға жалпы негiздерде қолданылады.
      Ескерту. 73-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

      74-бап. Кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолдану

      1. Осы Кодекстiң 61 және 62-баптарында көзделген мән-жайлардан басқа, кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолданған кезде оның өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары, психикалық даму деңгейi, жеке басының өзге де ерекшелiктерi, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың әсер етуi ескерiледi.
      2. Кәмелетке толмаған жас басқа да жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлармен жиынтықта жеңiлдететiн мән-жай ретiнде ескерiледi.

      75-бап. Кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан


              және әкiмшiлiк жазадан босату

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiрiншi рет жасаған кәмелетке толмаған адамды сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) оған заңдарда көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе тағайындалған әкiмшiлiк жазаны орындаудан босатуы мүмкiн.


      Ескерту. 75-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      76-бап. Тәрбиелiк ықпал ету шаралары

      1. Кәмелетке толмаған балаға тәрбиелiк ықпал етудiң мынадай шаралары тағайындалуы мүмкiн:
      1) заңды түсiндiру;
      2) ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не мамандандырылған мемлекеттiк органның қадағалауына беру;
      3) келтiрiлген зиянның есесiн толтыру мiндетiн жүктеу;
      4) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған баланың мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу.
      2. Кәмелетке толмаған балаға бiр мезгiлде тәрбиелiк ықпал етудiң бiрнеше шаралары тағайындалуы мүмкiн.
      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдану мерзiмi үш айға дейiнгi уақытқа белгiленедi.
      4. Кәмелетке толмаған бала осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көзделген тәрбиелiк ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын жүйелi түрде орындамаған жағдайда, мамандандырылған мемлекеттiк орган, егер осы Кодекстiң 703-бабының 1-тармағында белгiленген ескiру мерзiмi өтпеген болса, бұл шараның күшiн жою және кәмелетке толмаған баланы әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту мәселесiн шешу үшiн материалдарды сотқа ұсынады.
      Ескерту. 76-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      77-бап. Тәрбиелiк ықпал ету шараларының мазмұны

      1. Заңды түсiндiру кәмелетке толмаған адамға оның әрекетiмен келтiрiлген зиянды және осы Кодексте көзделген құқық бұзушылықтарды қайталап жасаудың заңдық салдарын түсiндiруден тұрады.
      2. Қадағалауға беру ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға, не мамандандырылған мемлекеттiк органға кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпал ету және оның мiнез-құлқына бақылау жасау жөнiндегi мiндеттердi жүктеуден тұрады.
      3. Келтiрiлген зиянды жөнге келтiру мiндетi кәмелетке толмаған адамның мүлiктiк жағдайы мен тиiстi еңбек дағдыларының болуы ескерiле отырып жүктеледi.
      4. Бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу белгiлi бiр орындарға баруға, бос уақытын өткiзудiң белгiлi бiр нысандарын, оның iшiнде көлiк құралдарын пайдалануға, тәулiктiң белгiлi бiр уақытынан кейiн үйден тыс жерлерде болуға, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның рұқсатынсыз басқа жерлерге кетуге тыйым салуды көздеуi мүмкiн. Кәмелетке толмаған адамға қатысты құқық бұзушының мiнез-құлқына осы Кодекстiң 59-1-бабында көзделген ерекше талаптар белгiленуi, сондай-ақ, оқуды аяқтау не кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның көмегiмен жұмысқа тұру талабы қойылуы мүмкiн. Бұл тiзбе осымен шектелмейдi.
      Ескерту. 77-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.29 № 272-IV Заңымен.

      78-бап. Ескiру мерзiмдерi

      Осы Кодекстiң 69-бабында көзделген ескiру мерзiмдерiнiң кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе әкiмшiлiк жазаны орындаудан босату кезiнде жартысы қысқартылады.

      79-бап. Кәмелетке толмаған адам әкiмшiлiк жазаға


              ұшырады деп есептелетiн мерзiм

      Өзiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған кәмелетке толмаған адам осындай жазаға әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап алты айдың iшiнде ұшырады деп есептеледi.



ЕРЕКШЕ БӨЛIМ

9-1-тарау. Жеке адамға қол сұғатын және отбасы-тұрмыстық
қатынастар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар

      Ескерту. 9-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2004.12.09 N 10 Заңымен, тақырыбына өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      79-1-бап. Ұрып-соғу

      Тән ауруына ұшырататын, бiрақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 105-бабында көзделген зардаптарға әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн қамауға әкеп соғады.

      79-2-бап.


      Ескерту. 79-2-бап алып тасталды - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

      79-3-бап. Денсаулыққа зиян келтiру

      1. Денсаулыққа зиян келтiру, егер осы iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуден бiр жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
      2. Денсаулықтың қысқа уақыт бұзылуына немесе жалпы еңбек қабiлетiн тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана жеңiл зиян келтiру -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. 79-3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      79-4-бап. Соз ауруын жұқтыру

      Өзiнде соз ауруы бар екендiгiн бiлген адамның басқа адамға осы ауруды жұқтыруы, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн қамауға әкеп соғады.

      79-5-бап. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы


                 құқыққа қарсы iс-әрекеттер
 
       1. Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй заттарына зақым келтiру және жеке тұрғын үй немесе пәтер шегiнде жасалған олардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiктен он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      Ескерту: Отбасы-тұрмыстық қатынастар деп:
      бiрге тұратын немесе тұрған;
      некеде тұрған;
      бұрынғы ерлi-зайыптылар;
      жақын туыс адамдардың арасындағы қатынастар түсiнiледi.
      Ескерту. 79-5-баппен толықтырылды - ҚР 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      79-6-бап. Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан


                 әдейi жалтару

      Еңбекке жарамды адамның еңбекке жарамсыз және материалдық көмекке мұқтаж жұбайын (зайыбын) асырауға сот шешiмi бойынша қаражат төлеуден үш айдан астам әдейi жалтаруы –


      айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. 9-1-тарау 79-6-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

10-тарау. ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫНА ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

      80-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға


              кедергi келтiру

      Лауазымды адамның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамның Қазақстан азаматтығын алуына кедергi келтiретiн заңсыз iс-әрекеттер жасауы, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      81-бап. Тiл туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауаптылық

      Лауазымды адамның тiл бiлмеймiн деген сылтаумен құжаттарды, сауал салуды, өтiнiштердi немесе шағымдарды қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ оларды мәнi бойынша қарамауы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      82-бап. Жеке тұлғалардың тiл таңдау құқықтарын шектеу

       Жеке тұлғалардың тiл таңдау құқықтарын шектеу, тiлге байланысты себептер бойынша кемсiту, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 82-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

      83-бап. Еркiн жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау


              құқығын шектеу

      Жеке тұлғалардың еркiн жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау (Қазақстан Республикасының Үкiметi шек қоюы мүмкiн шекаралық өңiрлердi, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды және жекелеген жерлердi қоспағанда) құқығын шектейтiн лауазымды адамдардың iс-әрекетi не әрекетсiздiгi, егер бұл қылмыс жасады деген айыптаумен байланысты болмаса, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 83-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.01.20 N 123, 2011.04.18 N 429-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      83-1-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiне кедергi жасау

      Қоғамдық бiрлестiктердiң заңды қызметiне лауазымды адамның қызмет бабын пайдаланып кедергi жасауы, сол сияқты лауазымды адамның өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, осы бiрлестiктердiң заңды қызметiне олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соғатын араласуы –
      айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. 10-тарау 83-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      84-бап. Жеке тұлғаға ақпарат беруден бас тарту, сол


               сияқты ақпараттық ресурстарға қол жеткiзу
               құқығын заңсыз шектеу

       1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, белгiленген тәртiппен жиналған, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына тiкелей қатысты құжаттарды, материалдарды беруден заңсыз бас тарту не жеке тұлғаға толық емес немесе көрiнеу жалған ақпарат беру, сол сияқты жалпы жұрт қол жеткiзетiн ақпаратты шектеулi қол жеткiзiлетiн ақпаратқа заңсыз түрде жатқызу, -


      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ақпараттық ресурстарға қол жеткiзу құқығын заңсыз шектеу -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Лауазымды адамның осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi жасауы, егер бұл әрекеттер жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiне зиян келтiрсе, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 84-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

      85-бап. Медициналық көмек көрсету тәртiбiн,


              стандарттарын сақтамау және оны сапасыз көрсету

      1. Медицина қызметкерiнiң кәсiптiк мiндеттерiне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, егер бұл денсаулыққа жеңiл зиян келтiруге әкеп соқса, немесе әкеп соғуы мүмкiн болса, -


      жеке тұлғаларға - он, лауазымды aдамдарғa жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Медициналық көмек көрсету тәртiбiн сақтамау, егер бұл денсаулыққа жеңiл зиян келтiруге әкеп соқса, немесе әкеп соғуы мүмкiн болса, -
      жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға - он, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен медициналық көмек көрсету стандарттарын сақтамау, егер бұл денсаулыққа жеңiл зиян келтiруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкiн болса, -
      жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға - он, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -
      жеке тұлғаларға - лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып және маман сертификатынан айыра отырып, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не аккредиттеу туралы куәлiктi тоқтата тұрып немесе одан айыра отырып, жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттi жасау, егер бұл денсаулыққа орташа ауырлықта немесе ауыр зиян келтiруге әкеп соғуы мүмкiн болса және бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      жеке тұлғаларға - лицензиядан және маман сертификатынан айыра отырып, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - лицензиядан айыра отырып, елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға лицензиядан айыра отырып, жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 85-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - 2009.07.16. N 186-IV Заңдарымен.

      85-1-бап. Медицина қызметкерiнiң еңбекке уақытша


                жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы
                беру тәртiбiн бұзуы

      1. Медицина қызметкерiнiң еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру тәртiбiн бұзуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -
      жеке тұлғаларға - маман сертификатынан айыра отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 85-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - 2009.07.16. N 186-IV Заңдарымен.

      85-2-бап. Медицина қызметкерiнiң рецепттер жазу



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет