және дәрiлiк заттарды өткiзу ережелерiн
бұзуы
1. Медицина қызметкерiнiң рецепттер жазу және дәрiлiк заттарды өткiзу ережелерiн бұзуы, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -
жеке тұлғаларға - маман сертификатынан айыра отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 85-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - 2009.07.16. N 186-IV Заңдарымен.
85-3-бап. Дәрiгерлiк құпияны жария ету
Медициналық қызметкердiң кәсiптiк немесе қызметтiк қажеттiлiксiз пациенттiң сырқаты немесе медициналық куәландыру нәтижелерi туралы мәлiметтi жария етуi –
айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
Ескерту. 10-тарау 85-3-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
86-бап. Қылмыс жасады деген кiнәлiлiк туралы
мәлiметтердi тарату
Iстi сот қарағанға дейiн немесе ақтау үкiмi болған кезде адамның қылмыс жасады деген кiнәлiлiгi туралы мәлiметтердi көпшiлiкке тарату, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 86-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.
86-1-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен
адамның жеке өмiрi туралы мәлiметтердi жария ету
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамның жеке немесе отбасылық құпиясын құрайтын жеке өмiрi туралы мәлiметтердi оның келiсiмiнсiз заңсыз жинау және (немесе) тарату, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса,
- он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Кодекс 86-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.04 N 215-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
87-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын
бұзу
1. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттердi қоспағанда, жұмыс берушiнiң немесе лауазымды адамның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзуы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жұмыс берушiнiң жалақыны толық көлемде және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген мерзiмдерде төлемеуi, сол сияқты төлемдi кiдiрту кезеңiне өсiмақыны есептемеуi және төлемеуi -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк) -
айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер.
1. Осы Кодексте жұмыс берушi деп басшысы (әкiмшiлiгi) өкiлдiк ететiн заңды тұлға не қызметкермен еңбек қатынастарында тұратын жеке тұлға танылады.
2. Егер атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың басшылары басқаратын ұйымдар жалақыны төлеуге қаражат берудi (аударуды) кiдiртсе, оларды осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде аталған лауазымды адамдар деп түсiну керек.
Ескерту. 87-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N 253 , өзгерту енгiзiлдi - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
87-1-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы
заңнаманы бұзу
Лауазымды адамның және заңды тұлғаның, осы Кодекстiң 18-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнаманы бұзуы, -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға - жетпiстен екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 87-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.04.13. N 40 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгiзiлдi - 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
87-2-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк
қызметтер туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы заңнамасын :
арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетудегi қажеттiлiкке бағалау жүргiзудiң және оны айқындаудың, арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету туралы шешiм шығарудың белгiленген мерзiмдерiн бұзу;
арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету туралы шешiмдi орындамау түрiнде бұзу, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
РҚАО-ның ескертпесi!
2-бөлiкке өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
РҚАО-ның ескертпесi!
3-бөлiкке өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жазаның мерзiмi аяқталғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер, -
лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - елу, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 87-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.12.29 N 115-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
87-3-бап. Қызметкерлер өкiлдерiнiң заңды қызметiне кедергi
келтiру
Қызметкерлер өкiлдерiнiң заңды қызметiне лауазымды адамның қызмет бабын пайдаланып кедергi келтiруi, сол сияқты олардың заңды қызметiне лауазымды адамның өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соққан араласуы -
айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
Ескерту. 10-тарау 87-3-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
87-4-бап. Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу
Қауiпсiздiк техникасы, өнеркәсiптiк санитария қағидаларының немесе еңбектi қорғаудың өзге де қағидаларының сақталуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттер жүктелген адамның осы қағидаларды абайсызда денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы –
айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
Ескерту. 10-тарау 87-4-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
87-5-бап. Медиацияға қатысушылардың медиацияны жүргiзу
барысында белгiлi болған мәлiметтердi жария етуi
Медиацияға қатысушылардың медиацияны жүргiзу барысында белгiлi болған мәлiметтердi осы ақпаратты берген тараптың рұқсатынсыз жария етуi, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Кодекс 87-5-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
88-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен
қамсыздандыру туралы заңдарын бұзу
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген зейнетақы төлемдерiн, аударымдар мен алып қоюларды белгiленген мерзiмдерде уақтылы жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы, -
лауазымды адамдарға - жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының Зейнетақы төлеу жөнiндегi орталыққа мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы салымшылармен жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiметтердi табыс етпеуi, уақтылы табыс етпеуi, сол сияқты мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы салымшылармен жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы дұрыс емес мәлiметтердi табыс етуi -
лауазымды адамдарға - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-2. Осы баптың 1-1 бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
лауазымды адамдарға - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Зейнетақы төлеу жөнiндегi орталықтың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген зейнетақыны толық мөлшерде және белгiленген мерзiмдерде төлеу жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жеке тұлғаның, жеке кәсiпкердiң, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, заңды тұлғаның немесе оның лауазымды адамдарының:
салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша пайдасына берешек өндiрiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмдерiн табыс етпеуi;
салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған сомалары жөнiнде есептердi Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде табыс етпеуi;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке сәйкес әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын бастапқы есепке алуды жүргiзбеуi;
есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi салымшыларға Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде табыс етпеуi;
жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын уақтылы және (немесе) толық есептемеуi, ұстамауы (есептеп қоспауы) және (немесе) төлемеуi (аудармауы);
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкiмi бойынша касса жөнiндегi барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы түрiнде жасаған Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген мiндеттердi орындамауы не тиiсiнше орындамауы, -
жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға - отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпiс бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға - алпыс, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың:
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкiмi бойынша агенттердiң - заңды тұлғалардың немесе дара кәсiпкерлердiң, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және адвокаттардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы;
мiндеттi зейнетақы жарналары мен өсiмпұл сомаларын Зейнетақы төлеу орталығына аудару кезiнде банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның кiнәсiнен аудармау (есептемеу), уақтылы аудармау (банктiк шоттардан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен кеш немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға енгiзген күннен кейiн) не төлем құжатының деректемелерiн толтыру кезiнде қателер жiберу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен салық органдарының мiндеттi зейнетақы жарналары мен өсiмпұл сомаларын өндiрiп алуы жөнiндегi инкассалық өкiмдерiн орындамауы түрiнде жасаған Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген мiндеттердi орындамауы, —
лауазымды адамдарға - отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамау кезеңiнде агенттердiң банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының — бес процент мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 88-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.03.13 N 394 , 2004.12.13 N 11 (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.11 N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
88-1-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы
Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу
1. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры мен Зейнетақы төлеу жөнiндегi орталықтың лауазымды адамдарының кiнәсiнен Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарында белгiленген мерзiмдерде әлеуметтiк төлемдердiң төленбеуi, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Дара кәсiпкердiң, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, заңды тұлғаның немесе оның лауазымды адамдарының:
әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлетiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмiн салық органына ұсынбауы;
әлеуметтiк аударымдар мен өсiмпұлдарды уақтылы және (немесе) толық төлемеуi (аудармауы);
Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкiмi бойынша касса жөнiндегi барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы түрiнде жасаған Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасында көзделген мiндеттердi орындамауы не тиiсiнше орындамауы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға — отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға — аударылмаған (уақытында аударылмаған) әлеуметтiк аударымдар сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың:
Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкiмi бойынша төлеушi заңды тұлғаның немесе дара кәсiпкерлердiң, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және адвокаттардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы;
әлеуметтiк аударымдар мен өсiмпұл сомаларын Зейнетақы төлеу орталығына аудару кезiнде банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның кiнәсiнен аудармау (есептемеу), уақтылы аудармау (банктiк шоттардан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен кеш немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға енгiзген күннен кейiн) не төлем құжатының деректемелерiн толтыру кезiнде қателер жiберу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әлеуметтiк аударымдар мен өсiмпұлдардың сомаларын өндiрiп алу жөнiндегi салық органдарының инкассалық өкiмдерiн орындамауы түрiнде жасаған Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамауы, -
Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамау кезеңiнде лауазымды адамдарға - отыз айлық есептiк көрсеткiшi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға төлеушiлердiң банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 88-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.04.08 N 542 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгiзiлдi - 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2006.12.11 N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
89-бап. Еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мен еңбектi
қорғау ережелерiн бұзу
1. Жұмыс берушiнiң немесе лауазымды адамның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жазатайым жағдайға әкеп соқпаған бұзуы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан алпысқа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Лауазымды адамның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын бақылау және қадағалау жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асырмауы, егер бұл жұмыскердiң денсаулығына жеңiл зиян келтiрiп, жазатайым оқиғаға әкеп соқса немесе оның өмiрi мен денсаулығына көрiнеу қауiп төндiрсе, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 89-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), өзгерту енгiзiлдi - 2007.05.15. N 253 Заңдарымен.
90-бап. Ұжымдық шарт, келiсiм жөнiндегi келiссөздерге
қатысудан жалтару
Ұжымдық шартты, келiсiмдi жасасу, өзгерту немесе толықтыру жөнiндегi келiссөздерге қатысудан жалтару немесе аталған келiссөздердi жүргiзу мерзiмдерiн бұзу, тиiстi комиссияның жұмысын тараптар белгiлеген мерзiмде қамтамасыз етпеу, -
келiссөздер жүргiзуге уәкiлеттi адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 90-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N 253 Заңымен.
91-бап. Ұжымдық шарт, келiсiм жасасудан негiзсiз бас
тарту
Ұжымдық шарт, келiсiм жасасудан негiзсiз бас тарту, -
ұжымдық шарт, келiсiм жасасуға уәкiлеттi адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 91-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N 253 Заңымен.
92-бап. Ұжымдық шартты, келiсiмдi орындамау немесе бұзу
Ұжымдық шарт, келiсiм бойынша мiндеттемелердi орындамау немесе бұзу, -
ұжымдық шарт, келiсiм бойынша мiндеттемелердiң орындалмауына кiнәлi адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 92-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N 253 Заңымен.
93-бап. Ұжымдық келiссөздер жүргiзуге және ұжымдық
шарттардың, келiсiмдердiң орындалуын бақылауды
жүзеге асыруға қажеттi ақпарат бермеу
Ұжымдық келiссөздер жүргiзуге және ұжымдық шарттардың, келiсiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға қажеттi ақпаратты бермеу, -
ақпараттың берiлмеуiне кiнәлi адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 93-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N 253 Заңымен.
94-бап. Халықты жұмыспен қамту туралы заңдарды бұзу
1. Жеке және заңды тұлғалардың халықты жұмыспен қамту туралы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң сегiзден онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 94-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
95-бап. Мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге тең құқықты
Достарыңызбен бөлісу: |