Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


лауазымдык кылмыстык күқык бұзушылыктар үшін жауапка тартылады.  424-



Pdf көрінісі
бет595/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   591   592   593   594   595   596   597   598   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

 
лауазымдык кылмыстык күқык бұзушылыктар үшін жауапка тартылады. 
424- 
6 а п. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауіпсіздік 
шаралары туралы мәліметтерді жария ету 
1. 
Мемлекеттік қорғауга жататын адамдарга қатысты қолданылатын қауіпсіздік ша- 
ралары туралы мәліметтерді жария ету, егер бул іс-әрекетті аталған мәліметтер оның 
қызметтік жумысына байланысты сеніп тапсырылган немесе белгілі болган адам жа- саса - 
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не үш жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер- 
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
2. 
Ауыр зардаптарга әкеп соққан не қылмыстық топтың мүдделеріне орай жасалган дәл 
сол іс-арекет - 
алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мелшерде 
түзеу жумыстарына не алты жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеу- ге не сол 
мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Қазақстан Республикасында соттардың және кылмыстық процеске баска қатысу- шылардың 
тәуелсіздігін нақты жүзеге асыру мақсатымен Қылмыстык кодекске енгізілген бұл баптың басты 
мақсаты - қылмыстық процеске катысушылардың жэне олардың жақын туыстарының қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету болып табылады. 
«Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан 
Республикасының 2000 жылгы 5-шілдедегі Заңында бұл мэселеге жан-жақты түсінік берілген. 
Қылмыстық кұқық бұзушылықтың тікелей объектісі - мемлекеттік қорғауга жататын 
адамдардың, сондай-ақ мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға кылмыстық процеске 
қатысушылардың, олардың туыстарының қауіпсіздігі. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың жәбірленушісі - мемлекеттік қорғауға жататын адамдар 
қылмыстық процеске басқа да қатысушылар (мысалы, азаматтық талапкер, сарапшы, прокурор, 
азаматтык жауапкер, корғаушы) және олардың туыстары (түсінігін ҚК-тің 322-бабынан қараңыз). 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың затына - жәбірленушілердің жеке күзеті туралы, олардың 
тұрғын жайын, мүлкін күзету жөніндегі, оларға берілген қару мен жеке корғану құралдары, уақытша 
орын ауыстырып тұрып жатқан мекен-жайы, жұмыс, оқу орнының өзгеруі, баска жерге көшіп кетуі, 
кұжаттарын, бет әлпетін өзгертуі жөніндегі мәліметтер жатады. 
Қылмыстық кұқык бұзушылық объективтік жағынан мемлекеттік корғауға жататын адамдарға 
қатысты, сол сияқты олардың туыстарына қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы 
мәліметтерді жария ету, егер бұл әрекетті аталған мәліметтер сеніп тапсырылған немесе оның 
қызметтік жұмысына байланысты белгілі болган адамның жа- сауы арқылы жүзеге асырылады. 
Қылмыстық кұқық бұзушылык кұрылысы жөнінен формальдық кұрамға жатады жэне ол 
кауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария еткен уақыттан бастап аяқталған деп танылады. 
Мәліметтерді жария етудің тәсілі сан алуан, эңгіме барысында, қауіпсіздік мәліметтері бар тиісті 
құжаттарды бөтенге беру, жоғалту, оларды сақтау тэртібін бұзу т.с.с. 
Қылмыстық құқык бұзушылык субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасаканалыкпен 
істеледі. Кінәлі адам заңда көрсетілген адамдар жөніндегі қауіпсіздік шаралары туралы 
мәліметтерді жария етуге болмайтынын сезеді, бірак соны тілеп не- месе оған саналы түрде жол 
бере отырып әрекет істейді. Қылмыстық ниеттің қылмыс құрамына әсері жоқ. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - арнаулы. Олар аталған мәліметтер сеніп 
тапсырылған немесе оның қызметтік жұмысына байланысты белгілі болған, 16-ға толған адам 
(полиция кызметкерлері, жеке күзет қызметкерлері, жэбірленушінің көлігін жүргізуші, МАИ 
қызметкерлері, жеке дәрігерлер т.с.с.). 
Қылмыстык кодекстің 424-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі - ауыр 


688
 
зардаптарға әкеп соққан не қылмыстық топтың мүдделеріне орай жасалған әрекеттер үшін 
жауаптылык белгіленген. Ауыр зардаптарға - мемлекеттік қорғауға жа- татын адамдарға өміріне 
қастандық жасау, олардың туыстарын қолға түсіру, мүлкін жою сиякты әрекеттер жатады. 
Зардаптың ауыр немесе ауыр еместігін нақты жағдайларға карап отырып тергеу, сот органдары 
анықтайды. 
Қылмыстык топ түсінігі ҚК-тің 3-бабының 24-тармағында көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   591   592   593   594   595   596   597   598   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет