Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Куәнің немесе жәбірленушінің айғақтар беруден бас тартуы



Pdf көрінісі
бет593/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   589   590   591   592   593   594   595   596   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

421- 
6 а п. Куәнің немесе жәбірленушінің айғақтар беруден бас тартуы 
Куәнің немесе жәбірленушінің сотта немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 
айгақтар беруден бас тартуы
 -
 
екі мыңнан бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуға не сол 
мөлшерде түзеу жумыстарына не бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не 
сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Ескерту. 
Адам өзіне, жүбайына (зайыбына) немесе өзінің жақын туыстарына қарсы айғақтар бе- руден бас 
тартқаны үшін, сондай-ақ діни қызметшілер - тәубе үстінде өздеріне ішкі сырын сеніп ашқан адамдарға 
қарсы, медиаторлар - медиацияға байланысты өздеріне белгілі болған адамдарға қарсы және мән-
жайлар туралы, үлттық алдын алу тетігіне қатысушылар - қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз 
ететін арнаулы мекемелерде үсталатын адамдар- мен әңгімелесу барысында өздеріне белгілі болған 
адамдарға қарсы және мән-жайлар тура- лы айғақтар беруден бас тартқаны үшін қылмыстық 
жауаптылыққа жатқызылмайды. 
Қылмыстық іс және Азаматтық іс жүргізу кодекстері куәгерге немесе жәбірленушіге сотта 
немесе алдын ала анықтау жүргізу, сондай-ак алдын ала тергеу жүргізу кезінде дүрыс жауап беруді 
міндеттейді. Куәгердің немесе жәбірленушінің шындыкка сай ке- летін айғагы дэлелдеменің көзі 
болып табылады. Бұлардың айғак беруден бас тартуы сот төрелігінің жүзеге асырылуына кедергі 
келтірудің нысаны ретінде қарастырылады. 
Қылмыстық құкық бұзушылықтың объектісі - сот, тергеу және анықтама органдары- ның 
бірқалыпты дұрыс қызметі. 
Қылмыстык құқык бұзушылык объективтік жағынан куәнің немесе жэбірленушінің сотта 
немесе алдын ала анықтау жүргізу немесе алдын ала тергеу кезінде айғақ беруден бас тартуы немесе 
жалтаруы арқылы корініс табады. 
Бас тарту әрекет арқылы (ауызша немесе жазбаша түрде жауап беруден бас тарту) немесе 
эрекетсіздік аркылы (айғақ беру туралы ұсыныска үндемей кою) көрініс табады. 
Жалтаруға куэнің немесе жәбірленушінің сотқа, тергеуге немесе анықтама органына шақыру 
туралы хабарлама ала тұра, себепсізден себепсіз келмеуі, жалтару мақсатымен тұратын орнын 
ауыстыруы, жасырынуы, бірнеше рет шақыруға мэн бермеуі т.с.с. жата- ды. 
Бас тарту мен жалтарудың тэсілі қылмысты саралауға әсер етпейді. Қылмыстык кұкык 
бұзушылык құрамы формальдык. Қылмыстық кұқык бұзушылық занда көрсетілген адамдардың 
жауап беруден заңсыз бас тартуы немесе жалтаруы орын алған сәттен аяқталған деп танылады. 
Субъективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық тікелей қасақаналықпен істе- леді. Кінәлі 
адам айғак беруден бас тартқанын немесе жалтарғанын сезеді жэне соны тілеп әрекет немесе 
әрекетсіздік жасайды. Қылмыстық ниет әр түрлі болуы мүмкін, ол жаза тағайындағанда есепке 
алынады. 
Қылмыстық кұкық бұзушылыктың субъектісі - арнаулы, 16-ға толған куэ және жәбірленуші. 
ҚК-тің 421-бабының ескертуіне сэйкес адам өзіне, жұбайына (зайыбына) немесе өзінің жакын 
туыстарына қарсы айғақтар беруден бас тартқаны үшін, сондай-ақ діни қызметшілер - тэубе үстінде 
өздеріне ішкі сырын сеніп ашқан адамдарға қарсы, медиа- торлар - 


686
 
медиацияға байланысты өздеріне белгілі болған адамдарға қарсы жэне мэн-жайлар туралы
ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар - қоғамнан уақытша окшаулауды қамтамасыз ететін 
арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдармен әңгімелесу барысында өздеріне белгілі болған 
адамдарға қарсы жэне мэн-жайлар туралы айғақтар беруден бас тартқаны үшін қылмыстық 
жауаптылықка жатқызылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   589   590   591   592   593   594   595   596   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет