Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет13/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

материалды
жэне 
фор- малъды
деп екі түрге 
бөлінеді. 
Объективтік жағы тек қана бір заңдылық белгіден қоғамға қауіпті іс-әрекеттен (әрекет немесе 
әрекетсіздіктен) құралған қылмыстық кұқық бұзушылық құрамы 
формальды 
қылмыстык кұкық 


45 
бұзушылык 
құрамы
деп аталады. 
Объективтік жагы қоғамға қауіпті іс-эрекетпен қатар нақты белгілі бір қоғамға қауіпті зардапты 
көрсеткен қылмыстық кұқық бұзушылық 
материачдың құраи
деп аталады. Қолданылып жүрген 
кылмыстық заңдарда формальды қылмыстық кұкык бұзушылық құрамының саны басым. Мысалы, 
формальды кылмыстық құқық бұзушылық құрамына жататын қылмыстар бандитизм (268-бап), 
экономикалық контрабанда (234-бап), қарақшылық (192-бап), кызмет жөніндегі жалғандық (369-бап) 
т. б. Заң шығарушы материалдық құрамдарда қоғамға зиянды зардаптардың міндетті түрде болуын 
көрсетеді. Қылмыстық кұкык бұзушылық құрамын материалдық немесе формальдық деп бөлу нақты 
қылмыстың аяқталу кезеңін дұрыс аныктауға мүмкіндік береді. Кісі өлтіру құрамы кылмыстан кісі 
өлімі нақты болған уақыттан бастап аяқталған кылмыстық құкық бұзушылық деп аталады, егер 
мұндай іс-эрекеттен кісі өлімі болмаса, онда бұл әрекетті кісі өлтіруге окталғандық деп бағалайды. 
Заң шығарушы арқылы қоғамға зиянды зардаптың болуы мүмкіндігі көрсетілген қылмыстық 
кұқық бұзушылықтар да формальды қылмыстық құқық бұзушылық құрамына жатады. 
Мысалы, Қылмыстық кодекстің 118-бабындағы адамның иммун тапшылыгы ви- русын 
(АИТВ/ЖИТС) жұқтыру каупінде қалдырганы үшін жауаптылық белгіленген. Мұндай қылмыстык 
кұқык бұзушылықтар формальды кұрамға жатады. Әрі кылмыстық құқык бұзушылык занда 
көрсетілген эрекеттер істелген жағдайда аяқталган деп санала- ды. Еңбек қорғау ережелерін бұзу 
нэтижелерінде адамдар қайғылы жағдайға ұшыраса (156-бап), онда қылмыстык құқык бұзушылықты 
саралау басқа мағына алып, оның объективтік жағы формальды қылмыстык құқык бұзушылық 
құрамынан материалдық қылмыс құрамына ауысып кетеді. 
Заң шығарушы кейде нақты қылмыстык кұкық бұзушылықтың объективтік жағын белгілегенде 
бір құрамның өзінде қоғамға зиянды зардаптың болуын немесе болуы мүмкін екендігін көрсетеді. 
Мүндаіі кұрамдарды балама формальды-материалдык кұрамга жататын қылмыстық кұкык 
бұзушылықтар деп атайды. Мысалы, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен ботеннің мүлкіне 
залал келтіру (195-бап), радиоактивті материалдарды сақтау, пайдалану, есепке алу, көму, 
тасымалдау ережелерін жэне олар- мен жұмыс істеудің баска да ережелерін бұзу эрекеттері 
адамдардың өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарга экеп соқтыруы мүмкін болса (285-бап, 1-
болігі). Сонымен қогамға зиянды зардап деп қылмыстык заң қоргайтын қоғамдық қатынастарга іс-
әрекет арқылы келтірілетін зиянды айтамыз. Келтірілетін зиян материалдық жэне материалдық емес, 
формальдық болып болінеді. 
Қылмыстык кұкық бұзушылықтың объективтік жагының құрылысы қылмыстық құкық 
бұзушылықтың аяқталған кезеңін анықтау және оны дұрыс саралау үшін өте маңызды. 
Қогамга кауіпті іс-әрекет пен одан туындайтын зардаптың арасын объективті түрде 
жалгастыратын себепті байланыс болады. Бұл материалдық құрамга жататын қылмыстық құқық 
бұзушылықтың объективтік жағының міндетті белгісі болып табылады. 
Қылмыстық кұкык принципі бойынша қогамга кауіпті іс-әрекеттен туындаган зардап үшін адам 
оның әрекеті немесе эрекетсіздігі сол зардаппен себепті байланыс болғанда гана оган жауаптылык 
жүктеледі. Қылмыстык құқықта себепті байланысты дұрыс анықтау үшін бірнеше белгілерді 
пайдаланады. Онын ең біріншісі мезгіл (уақыт) жөнінен. Белгілі бір нақты қылмыстық құқык 
бұзушылық істегені үшін адамды қылмыстық жау- апкершілікке тарту үшін ең алдымен осы 
қылмыстық құқык бұзушылықтың объективтік жагын құрайтын іс-әрекет мезгілі жөнінен қогамға 
зиянды зардаптың алдын алуы қажет. 
Мысалы, К. жасанды көлде қолдан өсірілетін бекіре балықтың күзетшісі болып істеген. Түн 
ішінде балықты әлдебіреулер ұрламау үшін көлдің тоғай жақ жагасына 220 вольттык электр ток 
өткізгішті байлап, оның жанына «тиіспеңдер, ток ұрады» де- ген ескерту жазып, электр тогын қосып 
қойып, өзі ұйықтап қалган. Ай батып, қараңгы түскен кезде Л. деген жас азамат балык ұрламак 
болып қараңғыда, ілініп тұрған ток өткізгішті көрмей, ток соғып, сол жерде мерт болады. Сот К-ні 
абайсызда кісі өлтірген деп кінэлаган. Осы мысалдан кінэлінің істеген коғамга қауіпті іс-әрекеті 


46 
мезгілі, уақыты жөнінен Л-дың өлімінің алдын алып, оган тікелей себепкер болып отыр. 
Себепті байланыстың тағы бір белгісі - істелген іс-эрекеттің нәтижесі ретінде занда көрсетілген 
қылмысты зардаптың накты орын алуы. Сол зардапты тугызуға накты мүмкіндік жасаган жагдайда 
гана адамның әрекеті зардаптың себебі болып табылады. Мұндай жагдайда кінэлі түрде іс-әрекет 
қоғамдық қатынастарга келтірілген зиянның не- гізгі шарты, себебі болуы керек. 
Мысалы, Б. деген азамат С. деген азаматка карыз ақша береді де, үш айдан соң қайтарып бересің 
дейді. Белгіленген уақыт өткен соң Б. агайынан карыз берген акшаны кайтаруды талап етеді. С. 
алган ақшасын алганым жоқ деп мойындамайды. Содан екеуа- ра жанжал болып, Б. С-ны сабап 
тастайды. Нәтижесінде С. жеңіл түрде дене жарақатын алады. Осыдан кейін Б. үйіне кетіп қалады. Б-
га өшіккен С. оны қас қарайган сәтте Б-ның үйінің жанындагы калың өскен шөптің ішінде, далага 
шыгуын күтіп жатады. Сәлден соң Б. малын қарауға далага шыккан кезде С. қолындагы темір 
балгамен Б-ның бас сүйегінен 3 рет ұрады. Осы алған зақымнан Б. табан астында мерт болады. Сот 
С-ның әрекетін Қылмыстык кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен саралаған. Өйткені, С-ның әрекеті Б-
ның өлуіне тікелей себеп болып, 3 рет балғамен ұрудың нэтижесінде, жәбірленушінің өлуіне 
нақтылы жағдай жасалған. 
Істелген іс-әрекетті орын алган қогамга зиянды зардаптың себебі деп тану үшін, қылмыстык 
кұкык бұзушылықтың осы зардабы тек қана осы іс-әрекеттің (басканың емес) тікелей нэтижесі 
болуы кажет. Өйткені, кез келген іс-әрекет зардаптын орын алу шарты болғанымен, оның себебі 
болып танылмауы мүмкін. Осыдан кейін іс-әрекетті зи- янды қауіпті зардаптың тікелей себепшісі 
деп табу үшін себепті байланысты белгілейтін тагы бір белгіні - шарасыздық белгісін, ягни, орын 
алган зардап істелген іс-әрекеттің қажетті, сөзсіз нәтижесі болуы керек деген тұжырымға келеміз. 
Мысалы, А. деген жүргізуші X. деген азаматшаны жеңіл автокөлікпен жол үстінде кағып кетіп, 
нәтижесінде X. жеңіл жарақат алган. X. дэрігерге емделіп жүрген кез- де канына жұкпалы кесел 
араласып, нэтижесінде кан ауруы асқынып, кайтыс болған. Мұндай жағдайда жүргізушінің әрекеті - 
сөз жоқ, қылмыстық кұқық бұзушылық құрамын құрайды, бірақ кісі өлімі үшін емес, басқа 
қылмыстық кұкык бұзушылық үшін, себебі бұл жерде кісінің қазаға ұшырап отыруының басты 
себебі дене жарақаты эсерінен қанына жұқпалы ауру жұғып аскынып кетуі болып отыр. 
Жүргізушінің әрекетінен жэбірленуші өлімінің байланысы бұл жерде кездейсоқ болып отыр. Сол 
үшін де қажетті және кездейсоқ себепті байланыстарды ажырата білу керек. Материалдық 
құрамдагы қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының белгісі тек қана қажетті (сөзсіз) 
себепті байланыстардан құралады. Кейде заң шыгарушы кылмыстық құқық бұзушылыктың 
объективтік жагының белгілерін сипаттағанда қоғамға қауіптілігі дэрежесі әр түрлі болатын 
зардаптардың нақты болу мүмкіндігіне жол береді. Мыса- лы, Қылмыстық кодекстің 106-бабына 
сәйкес, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтір- гені үшін қылмыстық жауаптылық осы бапта 
көрсетілген ауыр дене жарақатын түсірген жағдайда немесе денсаулыққа келтірілген ауыр жарақат 
сол мезгілде адамның өміріне қауіпті болса жүзеге асырылады. 
Ауыр дене жарақатын алған адам абайсызда қазаға ұшыраса, қаза, біріншіден, ауыр дене 
жарақатынан, екіншіден, өмірге қауіпті болуы себепті жәбірленушіні өлімге қасақана душар еткені 
анықталған жағдайда ғана кінэлі адам 106-баптың 3-бөлігі бойын- ша жауапқа тартылады. 
Сонымен себепті байланысты аныктағанда, ең алдымен іс-эрекетті істеген мезгіл- де қогамға 
зиянды зардаптың нақты болу (мүмкін) қаупін төндіретінін, одан кейін, осы зардаптың, сөз жоқ, 
істелген іс-эрекеттің нэтижесінен туындағанын анықтау керек. 
Себепті байланыс әрекет немесе эрекетсіздік арқылы істелетін материалдық кылмыстық құқық 
бұзушылық құрамдарының міндетті белгісі болып табылады. Әрекетсіздік күйде жасалатын 
материалдық кұрамға мысалы, лауазымды адамның салғырттығын алайық (371-бап). Лауазымды 
адам өз кызметіне салғырттықпен қараса, нәтижесінде оның өзінің қызмет борышын орындамауы 
келтірілген елеулі зиянмен қажетті себепті байланыста болса, ол осы бап бойынша жауапқа 
тартылады. Мұндай жағдайда әрекетсіздікпен келтірілген зардаптың арасындағы себепті 


47 
байланысты аныктау үшін лауазым адамына кандай арнаулы міндет жүктелгенін және осы мін- детті 
оның орындамағанын анықтау қажет. Белгілі бір жағдайларда бірнеше адамның әрекетінен орын 
алған зардаптың қажетті себепті байланысын анықтау қажет болады. Мысалы, материалдык 
құрамдағы қылмыстык кұқық бұзушылыққа бірге катысып істе- ген жағдайда, қылмыстық құкық 
бұзушылыққа қатысушылардың әркайсысының әрекеті мен келтірілген зиянның арасын 
байланыстыратын себепті байланысты табу, бірлесіп істелген қылмыстык құқық бұзушылықтан 
келген зардапты анықтауда қылмыстық құқық бұзушылықты саралау жэне қылмыстық кұкык 
бұзушылыкқа бірге қатысушыларға әділ жаза тағайындау олардың әрекетін дұрыс саралау үшін өте 
маңызды роль аткарады. 
Сонымен, себепті байланыс материалдық құрамдағы қылмыстық құқык бұзушылық- тың 
объективтік жағының негізгі белгісі болып табылады. 
Қансыбір кылмыстық кұкык бұзушылықтар белгілі бір уақы гта, белгілі бір жагдайда немесе 
белгілі бір тэсілмен, кұралмен жүзеге асырылады. Мұндай жагдайларда қылмыстық құқык 
бұзушылықтың объективтік жагының осы факультативтік бел- гілері аркылы іс-эрекеттің қоғамга 
кауіптілігіне елеулі эсер етуі мүмкін. Сол себеп- ті заң шыгарушы оның әрқайсысын белгілі бір 
накты кылмыстық кұкық бұзушылык кұрамының негізгі белгісі етіп көрсетуі мүмкін. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың тәсілі дегеніміз кінэлі адамның іс-әрекетті істеу- дегі 
қолданылатын әр түрлі әдістері мен айлалары болып табылады. Қылмыстың істе- лу тәсілі бойынша 
меншікке карсы кылмыстар (188, 190, 191-баптар) бір-бірінен ажы- ратылады. Қасакана кісі өлтіру 
де аса қаталдыкпен немесе көптеген адамның өміріне кауіпті тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін (99-
бап, 2-бөлігі, «7», «6» тармактары). Қылмыстык кодекстің арнаулы бабында жарылгыш 
құрылгыларды немесе жануар- ларды жаппай қырып жоятын өзге де кұрылгыларды қолданып, сол 
сияқты авиа, авто, мотокөлік құралдарын, оның ішінде карда жүретін техниканы не шагын көлемді 
кеме- лерді қолданып заңсыз аң аулағаны үшін жауаптылық көрсетілген (337-бап, 1-бөлігі). 
Қылмыстық кодекстің өрт кою, жару аркылы немесе өзге де жалпы қауіпті әдістермен бөтен 
адамның мүлкін касакана жойганы немесе бүлдіргені үшін жауаптылық белгілен- ген (202-бап, 2-
бөлігі, «а» тармагы). 
Қылмыстың істелу жағдайы кейбір реттерде қылмыстық құкық бұзушылық құрамының 
объективтік жагының кажетті белгісіне айналып кетеді. Бұл көбінесе эскери кылмыстың кұкык 
бұзушылықтарда кездеседі. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 437-бап, 4-бөлігі; 438-бап, 3-бөлігі; 439-
бап, 3-бөлігі, т. б. 
Қылмыстык кұкык бұзушылықтың істелу орны, біріншіден, қылмыстык құқык бұзушылык 
істеген кеңістікті, екіншіден жер бетінің қай бөлігінде кылмыстык кұкык бұзушылык істелгенін 
анықтайды. Мысалы, Қылмыстық кодекстің кылмыстық құқык бұзушылықтың істелу орны теңіз 
немесе су жолы, ашык теңіз, кұрлыктық шельф, ерекше экономикалық аймак, орман деген 
ұгымдармен, ал кейбір жагдайларда қылмыстык кұкык бұзушылық істелу орны үй немесе қойма 
(188,191,192-баптар), бас бостандыгынан айыру орны (426-бап), тыйым салынган аймак (331-бап) 
болып көрсетілуі мүмкін. Қылмыстык құкык бұзушылыкты істеу мерзімі қылмыстык құқык 
бұзушылык құрамының объек- тивтік жагының белгісі ретінде өте сирек кездеседі. Қылмыстық 
құқық бұзушылықта мерзім деген ұғымга тэулік, жыл уакыты, сондай-ақ белгілі бір жагдайлар 
жатады. Мы- салы, согыс уақыты. Сот тергеу тәжірибесінде істелген қайсы мерзімде болған, канша 
уақытка созылганы (дезертирлікте) қогамга зиянды зардаптың қашан орындалғаны сот-тергеу 
құжаттарында міндетті түрде көрсетіледі. Кейбір баптарда қылмыстык кұкық бұзушылыкты істеу 
мерзімі кұрамының объективтік жағының белгісі ретінде көрсетіледі. Мысалы, Қылмыстык 
кодекстің 337-бабында тыйым салынған мерзімдерде кұстар мен аңдарды аулаганы үшін 
жауаптылык белгіленген. Согыс уақытында бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (437-бап, 5-
бөлігі), т. б. қылмыстарда кылмыстык кұкык бұзушылықтың істелу мерзімі қылмыстық құқық 
бұзушылык құрамының объективтік жагының белгісі ретінде көрсетіледі. Қылмыстық кодекстің 53-
бабында қылмыстык жауаптылык пен жазаны жеңілдететін мэн-жайлар айтылган. Осылардың 


48 
ішінде кылмыстық кұкық бұзушылықтың жасалу жагдайын белгілейтін бірнеше белгілер бар. Мэн-
жайлардын тогысуы салдарынан алгаш рет кылмыстык теріс кылық, не алгаш рет онша ауыр емес 
немесе ауырлыгы орташа кылмыс жасау отбасына немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының 
салдарынан не жаны ашынгандық себепті қылмыс жасау, күштеп немесе психикалык мэжбүрлеу 
салдарынан да материалдык, кызметтік немесе өзге де тәуелділігі себепті кылмыс жасау, қажетті 
коргаудың құкықтык дұрыстыгының шартын бұзу, аса кажеттілік, қылмыс жасаған адамды ұстау, 
негізді тәуекел, бұйрықты немесе үкімді орындау жағдайларында қылмыс жасау, кылмыс жасау 
үшін түрткі болып табылатын жәбірленушінің заңға кайшы немесе адамгершілікке жатпайтын 
кылығы. 
Қылмыстық кодекстің 54-бабында жауаптылық пен жазаны ауырлататын мэн-жайлар 
көрсетілген. Олардың ішінен қылмыстың объективтік жағына мыналар жатады: аса қатыгездікпен, 
садизммен, корлаумен, сондай-ак жэбірленушіні корлап қылмыс жасау, кару, оқ-дәрі, жарылғыш 
заттар, оны бейнелеуші қондырғылар, арнайы дайындалған техникалық құралдар, тез тұтанатын 
және жанғыш сұйыкгар, улы жэне радиоактивті заттар, дэрілік жэне өзге де химиялык 
фармакологиялық дэрі-дәрмектерді пайдаланып, сондай-ақ күш көрсетіп, психикалык мәжбүрлеу, не 
жалпы қауіпті қолданып кылмыс жасау. Жоғарыда айтылғандарга байланысты кылмыстық кұқык 
бұзушылыктың объек- тивтік жағының факультативтік белгілерінің негізінен үш түрлі маңызы бар 
екендігін көреміз. Біріншіден, мұндай белгілер кылмыстық кұкық бұзушылык құрамының міндет- ті 
қажетті белгілері болуы мүмкін. Екіншіден, факультативті белгілер кылмыстык құқык бұзушылық 
құрамының ауырлататын түрін белгілеуі мүмкін. Үшіншіден, қылмыстық құқық бұзушылыкты 
саралауға әсері болмаса, да жазаны жеңілдететін немесе ауырлата- тын мэн-жайлар ретінде 
қарастырылады. 
Қылмыстық кұқык бұзушылықтың сыртқы жағын бейнелейтін объективтік жаққа карағанда 
субъективтік жак қылмыстық құқық бұзушылықтың ішкі мэнін, мазмұнын біл- діреді. Бұл жерден 
шығатын қорытынды, қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жэне субъективтік жағының 
белгілері өзара тығыз байланысты, белгілі бір бірлікте бо- лады. Сондықтан да қылмыстық құқық 
бұзушылыктың субъективтік жағына барынша тығыз талдау жасау қажет. 
Қылмыстык кұкык бұзушылықтың субъективтік жағынын мазмұнын мынадай заңдылық 
белгілері: кінэ, қылмыстық құкык бұзушылық ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы 
қылмыстык кұқық бұзушылык істеген, яғни коғамға қауіпті іс- әрекет жасаған адамның жан-
дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелеп 
береді. 
Аталып өткен кылмыстык құкык бұзушылықтың субъективтік жағының осы белгілерінің 
зандылық маңызы біркелкі емес, керісінше эр түрлі. Кінэ кез келген кылмыстық кұқық бұзушылық 
құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі бо- лып табылады. Кінәсіз қылмыстык құкық 
бұзушылықтың құрамы болмайды. Мұның өзі кінәсіз жағдайда қылмыстық кұқық бұзушылык үшін 
жауаптылық туралы сөз болуы мүмкін емес дегенді білдірді. Қылмыстық құқық бұзушылық ниет 
және максат, кінәға карағанда, кейбір құрамдар үшін заңда көрсетілген реттерде қажетті белгі 
болады. Ал олай болмаған жағдайларда, ниет пен мақсат қылмыстық құқык бұзушылык құрамының 
факультативті белгісі ғана болып саналады. 
Істелмекші болған кылмыстық кұқық бұзушылықтың жөніндегі абыржу, өкініш біл- діру немесе 
жазадан қорқу психологиялык әрекеттің элементтері болып табылмайды, сондықтан ол қылмыстык 
кұқық бұзушылыктың субъективтік белгісіне жатпайды. 


49 
Қылмыстық кұкық бұзушылықтың субъективтік жагының белгілері - кінэні, ниет иен мақсатты 
дұрыс аныктаудың маңызы мынада: 
біріншіден, қылмыстық жауаптылық негізінің құрамдас бөлігі ретінде ол қылмыстык құкық 
бұзушылықты кылмыстық кұқық бұзушылык болып табылмайтын іс-әрекеттен ажыратуга мүмкіндік 
береді. Екіншіден, кылмыстық құкык бұзушылықтың субъектив- тік жагы объективтік жагынан 
өзара 
ұқсас 
құрамдарды 
бір-бірінен 
ажыратуга 
мүмкіндік 
гугызады. 
Үшіншіден, 
кылмыстыккұқықбұзушылықтынсубъективтікжағынынмазмұны 
істелген 
қылмыстык 
құкык 
бұзушылықтың, сондай-ақ оны істеген адамның қоғамга кауіптілік дәрежесінің деңгейін анықтауга 
себеп болады. Мұның өзі жауаптылыктын не- гізділігін жэне мөлшерін аныктауга мүмкіндік береді. 
Сонымен кылмыстык кұкык бұзушылықтың субъективтік жагының қылмыстық кұкык 
бұзушылық үшін жауаптылықтың бар-жогын анықтау үшін, істелген кылмыстык кұқык 
бұзушылықты дұрыс саралау үшін және әділ жаза тағайындау үшін маңызы ерек- ше. Осыган 
байланысты Қазакстан Республикасы Жогаргы Соты көптеген норматив- тік қаулыларында 
қылмыстық құкық бұзушылықтың субъективтік жагының мазмұнын, кінәнің нысандарын, 
кылмыстык қаскүнемдік пен арам ниеттің және оның мақсатының мазмұны мен багытын терең 
зерттеуді талап етеді. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жагына оның міндетті белгісі болып табылатын 
кінэмен бірге қылмыстық кұқық бұзушылықтың ниеті жэне мақсаты кіреді. 
Егер Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі нақты қылмыстық құқык бұзушылықтың 
құрамында ниет пен максат оның белгісі ретінде көрсетілсе, онда ол осы құрамнын субъективтік 
жагының міндетті, қажетті белгісі болып, ал басқа жагдайларда кұрамның факультативті белгісі 
болып саналады. 
Кез келген мінез-құлыққа, оның ішінде қылмыстық құқықтық мінез-құлыққа да дұрыс бага беру 
үшін кылмыстык құқық бұзушылықтагы ниет пен мақсатты да анықтау кажет. Қылмыстык істер 
жүргізу кодексі іс бойынша дәлелденуге тиісті мән-жайлардың қатарына қылмыстық құқық 
бұзушылықтағы ниет пен мақсатты да бекерден-бекер коспайды. Ол туралы Жоғарғы Соттың 
бірнеше қаулыларында арнайы көрсетілген. Осыган байланысты максат пен ниетті анықтагі алудың 
қылмыстык кұқык бұзушылык үшін маңызы ерекше. 
Қылмыстық кұкык бұзушылық 
ниет
деп белгілі бір қажеттіліктер мен мүдделердің іштей түрткі 
болуына байланысты адамның соларды басшылыққа ала отырып, саналы түрде қылмыстық құкық 
бұзушылықты істеуге бел бууын айтамыз. 
/Сылмыстық кұкық бұзушылык 
мақсат
деп адамның қылмыстық құқык бұзушылык істеу 
арқылы болашақта белгілі бір нәтижеге жетуін айтамыз. 
Сонымен, қылмыстык кұқык бұзушылықтың мақсаты қылмыстық кұқық бұзушылықтагы ниетке 
негізделіп пайда болады екен, ал кылмыстык кұқык бұзушылык ниет мақсатпен бірге белгілі бір іс-
әрекетті жүзеге асыру аркылы түпкілікті нәтижеге жетуге итермелейді. 
Қылмыстық құқык бұзушылық ниет пен мақсат өзара тығыз байланысты ұғым. Адамның 
мақсатының қалыптасуы ниетке байланысты болса, ал мақсат пайда болган ниеттің кандай әдіспен, 
ниетпен жүзеге асырылатынын анықтайды. 
Қылмыстық құқық бұзушылык істеу арқылы адамның өзі қалайтын, тілейтін болашақ нәтижесін 
елестетуі кылмыстык кұкык бұзушылықтың максаты болады. Мысалы, терроризмнің ниеті когамдык 


50 
қауіпсіздікке карсы ниет болса, ал оның максаты қогамның қауіпсіздігін бұзу болып табылады. 
Ниет пен мақсат өзара тыгыз байланысты ұгым болганымен. олар адамның еріктілік пронесінің 
әр түрлі жагын сипаттайды. Ниет адам неге кылмыстык кұкык бұзушылық жасады деген сұраққа 
жауап берсе, ал мақсат сол эрекеттің бағытын аныктайды. Қылмыстық кұқық бұзушылықтағы ниет 
пен мақсат әр уақытта да Қылмыстык кодекстің Ерекше бөлімі нормаларының диспозицияларында 
накты атап көрсетілетін ұгым бо- лып табылады. Мысалы: баю мақсаты, басқа кылмыстық кұқық 
бұзушылыкты жасыру максаты, соғысты арандату, т. б. пайдакүнемдік ниет, бұзақылық ниет, 
зұлымдык ниет, қан үшін кекшілдік ниет және т. б. Кейбір реттерде заң шығарушы қылмыстык 
кұкык бұзушылықтағы ниеттің жалпылама сипаттамасын гана береді. Мысалы, зұлымдық ниет 
немесе басқадай жеке мүдделілік. Мұндай жағдайларда зұлымдық немесе басқадай жеке мүдделілік 
ниеттің накты мазмұны аныкталып, ол туралы тергеу, сот кұжаттарында тиісінше аталып көрсетілуі 
керек. 
Ниет пен максатқа дұрыс қылмыстық құқылық баға беру үшін оларды топтастырудың маңызы 
өте зор. Қылмыстык теорияда калыптасқан дәстүр бойынша ниет пен мақсат моральдық және 
кұқылық негіздерге байланысты екі топқа бөлінеді. Теріс (зұлымдык) және оң (зұлымдық емес) 
ниеттер мен мақсаттар. 
Зұлымдықниеттерменмақсаттарга кылмыстыққұқыкбұзушылықүшінжауаптылыкты ауырлатуга 
немесе нақты қылмыстық құқық бұзушылық құрамы сараланған (жетіл- дірілген) қылмыс құрамына 
жатқызуға, сондай-ак қылмыстық құкық бұзушылық үшін жауаптылыкка тарту мәселесін шешуге 
қажетті тікелей эсер етеді. Зұлымдык ниеттерге пайдакүнемдік (99-бап, 2-бөлігі, «8» тармағы), 
бұзақылық (99-бап, 2-бөлігі, «9» тармагы), кан үшін кекшілдік (99-бап, 2-бөлігі, «9» тармағы) жэне 
ұлттық, нәсілдік алауыздық (99-бап, 2-бөлігі, «11» тармағы) тағы басқалар. Зұлымдық мақсаттарға 
басқа қылмыстың ізін жасыру мақсатымен немесе сол қылмысты жасауды оңайлату максатымен кісі 
өлтіру (99-бап, 2-бөлігі, «10» тармағы), мемлекеттің экономикалық жэне қорғаныс қабілетін 
әлсірету, ауыстырып салу немесе өзгедей пайдалану үшін адам органдарын немесе тінін алу жатады. 
Бұдан баска кылмыстык жауаптылыққа немесе оны күшейтуге әсері жоқ ниеттер мен мақсаттар 
зұлымдык емес ниеттер болып табылады. Ниет пен мақсаттың әр түрлі қылмыстық құқылық маңызы 
бар. Біріншіден, егер заң шығарушы оны нақты қылмыстық кұқық бұзушылықтың құрамының 
қажетті белгісі етіп көрсетсе, онда ол ниет пен мақсат сол қылмыстың құрамының міндетті белгісі 
болып табылады. Мысалы, кызмет жөніндегі жалғандықтың субъективтік жагының белгісі 
пайдақорлық немесе озге де өзіндік мүдделілік ниет болса, осы қылмыстық кұкық бұзушылыктың 
мақсаты жалған құжаттар жасау болып табылады (369-бап). Екіншіден, ниет жэне мақсат 
қылмыстық құқық бұзушылыкты саралауда да шешуші маңыз атқарады, кейде ол жауаптылықты 
ауырлататын қылмыстық құқық бұзушылық құрамын түзуі де мүмкін. Мұндай жағдайда мақсат пен 
ниет қылмыстық құқык бұзушылык негізгі құрамында аталмайды. Егер ол аталған жағдайда 
қылмыстык кұқық бұзушылықты саралау өзгеріп, қатаң жауаптылық белгіленуі мүмкін. Мысалы, 
пайдақорлықпен, бұзақылықпен кісі өлтіру (99-бап, 2-бөлік, «8», «9» тармактары). Қылмыстық іс 
қозғау максатымен пайдақорлық мақсатпен қылмыстық құқық бұзушылық істелді деп көрінеу 
жалған сөз жеткізу қылмыстық құқық бұзушылықтың күшейтілген түрі (419-бап, 3-бөлігі) 
пайдақорлық емес, қылмыстық іс қозғау мақсатымен ғана кылмыстық құқық бұзушылық істелді деп 
көрінеу жалған сөз жеткізу қылмыстык құкык бұзушылықтың ауырлатпайтын, жай түріне жатады 
(419-бап, 1-бөлігі). 
Үшіншіден, ниет пен мақсат жаза тағайындалғанда қылмыстық құқық бұзушылық үшін 
жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар ретінде қарастырылады. Мысалы, 
пайдақорлық немесе өзге де ұлттық, нәсілдік өшпенділікті қыздыру мақсатымен, кекшіл ниетпен 
қылмыс істеу жауаптылықты ауырлататын мән- жайга жатады (54-бап, «6» тармағы). Бұган 
керісінше, қылмыстық кұқык бұзушылыкты кажетті коргану үстінде істеу кез келген қылмыс үшін 
жауаптылықты жеңілдететін мэн- жай болып табылады. Қылмыстык кұкық бұзушылыкка 


51 
байланысты ниеттер жекелеген реттерде жеңілдетудің дәлелдері үкімде көрсетіле отырып, 
Қылмыстык кодекстің Ерек- ше бөлімі баптарының санкциясында көрсетілгеннен горі жеңілірек 
жаза тагайындауга немесе кылмыстык жауаптылыктан немесе жазадан босатуга негіз болатын 
ерекше мән- жайлар есебінде басшылыкка алынады. Егер қылмыстык құқық бұзушылыкка байла- 
нысты ниет пен максат кылмыстык кұкық бұзушылык кұрамының қажетті белгісі ретін- де 
көрсетілсе, онда ол жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар қатарына 
қосылмайды. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жагының белгісін талдаганда адамның жіберген 
катесінің кінәнің нысанына және оның кылмыстық құкык бұзушылық үшін жауаптылыгының шегін 
аныктауга тигізетін әсерін анықтаудың маңызы ерекше. 
Қате дегеніміз адамның істелетін коғамга қауіпті іс-эрекетіне байланысты факт неме- се заң 
туралы мэн-жайлары жөніндегі теріс түсінігі болып табылады. 
Қылмыстык кұкыктагы мұндай кате 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет