Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару



Pdf көрінісі
бет341/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

236- 
6 а п. Кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару 
1. 
Ірі мөлшердегі кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды немесе басқа да 
кедендік төлемдерді төлеуден жалтару - 
бес жүз айлық есептік көрсеткііике дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
тузеу жумыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қогамдық жумыстарга тартуга не 
тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуга жазаланады. 


436
 
2. 
Лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаган дал сол іс-әрекет - 
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не екі жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер

зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
3. 
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаган іс-
әрекеттер
 -
 
екі жылдан бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Ескерту. 
Бересінің сомасын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген есептелген 
өсімпұлдарды, айыппұлдар сомасын өз еркімен төлеген адам, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс 
құрамы болмаса, осы баптың бірінші бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады. 
Қылмыстық кодекстің 236-бабында ірі мөлшерде кеден бажын, салыктарды, ке- ден алымдарын, 
лицензия бергені үшін алынатын алымдарды немесе басқа кедендік төлемдерді төлеуден 
жалтарганы үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. 
Қылмыстық құкық бұзушылықтың объектісі мемлекеттік кеденді реттеу саласында қалыптасқан 
қоғамдық қатынастар. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты - кеден төлемдері мен алымдары. 
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы кодекстің 18-бабына сэйкес кеден төлемдеріне - 
кеден бажы, кеден акы жэне басқалар; кеден алымына - лицензиялар бер- гені үшін алым, маманның 
кедендік ресімдеу жөніндегі біліктілік аттестатын бергені үшін алым, кедендік ресімдеу үшін 
кедендік алым, тауарларды сақтау үшін кедендік алым, тауарларды кеденнен ілесе өткізгені үшін 
кедендік алымдар жатады. 
Объективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық эрекетсіздік арқылы - кеден төлемдері мен 
алымдарын төлеуден жалтару арқылы жүзеге асырылады. Осыган орай кінэлі адамның кеден 
төлемдері мен алымдарын төлеуге міндетті болганын жэне оны жүзеге асыруға толық мүмкіндігі 
болганын анықтау өте қажет. Қылмыстық кодекстін 236-бабының негізгі шарты - қылмыстық кұқық 
бұзушылық үшін жауаптылықтың ірі мөлшердегі кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден 
жалтарган жағдайда ғана орын алатыны болып табылады. 
Қылмыстық кодекстің 3-бабының 38-тармагына сэйкес «егер төленбеген кеден төлемдерінің 
құны бес мың айлык есептік көрсеткіштен асса, кеден іөлемдерін төлеуден жалтару ірі мөлшерде 
жасалган деп танылады», - делінген. Бұл жерде төлемдер мен алымдарды төлеуден 
жалтарудыңтәсілдері сан килы болуы мүмкін. Олар алдау әрекеттері: кеден декларациясына көрінеу 
жалған мәліметтер енгізу; жалган кұжаттарды пайдала- ну т.б. әрекеттер, қылмыстық құқық 
бұзушылықтың саралау үшін мұндай тэсілдердің маңызы жоқ, бірақ бұлар жаза тагайындағанда еске 
алынуы мүмкін. Қылмыстык кұкык бұзушылық құрамы формальдық, ол төлемдер мен алымдарды 
төлеуден жалтарган уақыттан бастап аяқталған деп саналады. 
Осы қылмыстық кұкық бұзушылык кұрамын Қылмыстық кодекстің 234-бабындағы 
экономикалык контрабанда, 286-бабындагы айналыстан алынган заттардың немесе айна- лысы 
шектелген заттардың контрабандасы кұрамдарынан ажырата білудің манызы зор. Осыған 
байланысты істелген іс-эрекеттер де Қылмыстық кодекстің 234, 286-баптарын- да көрсетілген 
белгілері жок болуы, оның ішінде осы баптарда көрсетілген қылмыстың арнаулы заттарының
кылмыстың осы кұрамдарға тэн тәсілдерінің орын алмауы басты шарт болып табылады. 
Қылмыстык құқық бұзушылық субъективтік жагынан тікелей қасақаналыкпен істе- леді. Кінәлі 
адам ірі мөлшердегі кеден алымдары мен төлемдерін төлеуден жалтарганын се- зеді жэне соны тілеп 
әрекет істейді. Қылмыстық құқық бұзушылық ниет - пайдакүнемдік. 
Қылмыстың субъектісі - кеден төлемдері мен алымдарын төлеуге міндетті кез келген 16-га 
толган есі дұрыс адам. 
Қылмыстык кодекстің 236-бабының 2-тармагында осы кылмыстың ауырлататын түрі: 


437
 
лауазымды адамның қызмет бабын пайдаланып жасаған әрекеті; ал баптың 3-бөлігінде: 
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстык топ жасаған іс-әрекеттер 
үшін қылмыстық құқық бұзушылық аса ауырлататын құрамы көрсетілген. 
ҚК-тің236-бабыныңескертулерінде: Егер Қазакстан Республикасыныңзаңнамасында белгіленген 
бересінің сомасын, есептелген өсім-пұлдарды, айыппұлдар сомасын өз еркі- мен төленген адамның 
әрекетінде өзге қылмыстың құрамы толмаса, ол осы баптың бірін- ші бөлігі бойынша қылмыстық 
жауаптылықтан босатылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет