Тезистер
Үйсіндердің салт-дəстүрі туралы ғылыми деректер аз.
Ертедегі үйсіндер өлген адам тіріледі деп сенген.
Олар адамды жерлегенде оған о дүниеде керек болады-ау деген заттардың бəрін қосып көмген.
Тірі кезінде пайдаланып жүрген заттардың бəрін қоса көмген.
Ер адамдардың жанына сауыт-саймандары, қару-жарағы: садақ, жебелер, қанжар, найза, қамшы, пышақ секілді заттар қойылған.
Молалардан табылған заттар мен əшекейлер, қару-жарақтар жоғарғы көркемдігімен қатар үйсіндердің діни ұғымын, өмірге көзқарасын да көрсетеді.
Қарғалы диадемасындағы жапырақтар əлемдегі тіршілік ағашының көзі, өмір нəрі, жан беруші əйел бейнесі болып табылады.
Бұл ағаш жер ортасындағы тау шыңына өсіп, дүниенің төрт бұрышын жəне əлемнің үш бөлігін: тамыры тереңге кететін жер астын – о дүниені, адамдар мен жан-жануарлар өмір сүретін жер үстін – бұл дүниені, құдайлар мен құстар мекені – аспан əлемін жалғастырып тұр.
Үйсіндер жаратушы күшке сенген. Оған арнап құрбандық шалып отырған.
Үйсіндер күнге табынған. Оған жылқыны құрбандыққа шалған.
Іледегі үйсін обаларында мәйіт басын күншығысқа қаратып жерлеген.
Үйсіндер «күн құдай – ол бір жауынгер, ал найзағай – оның атқан жебесі» деп есептеген.
Үйсін басшысының күнби атануы олардың күнге табынуларына байланысты.
Үйсіндер отты күннің жер бетіндегі киесі деп есептеді.
Отты кіршіксіздіктің символы, жарық нұрдың қайнары, арамдықты аластаушы пәле-жаладан арылтушы деп есептеді.
Олар қыш заттар мен ыдыстарға күннің суретін салған.
Бейіт басына тұрғызылған обаның үлкен-кішілігі марқұмның қоғамдағы алған орнының, байлығының қандай болғанын білдірген.
Үйсіндердің жерлеу үрдісі, шаруашылығы, тұрмыс-тіршілігі, діни наным-сенімдерінен мол дерек беретін ескерткіштердің ең көп зерттелген түріне обалар жатады.
Үлкен обаларға биіктігі 1 метр, аумағы 15-20 метр болатын қорғандар жатады.
Кіші обаларға биіктігі жарты метрден, ал аумағы 5-10 метрден аспайтындар жатады.
Теңлік қорымындағы қабірден киімге тігілген алтын қапсырмалар, алтын сырғалар, алтын сыммен оралған темір түйреуіш, қола айна табылды.
Үлкен обаларға бай адамдар көміліп, олардың ақыреттік киімдерінде жүздеген алтын зат, ал кейбірінде билік белгісі – алтын жалатылған күрзі немесе саздан жасалған мөрлер қойылған.
Көлемі жағынан орташа обадан бірнеше қыш құмыра, ағаш тостаған, қола сырға, түйреуіш, білезік шықты. Қару-жарақтан темір қанжар, пышақ, үшқырлы жалпақ жебе ұштары бар. Кішкентай обалардан бір-екі қыш ыдыс, темір пышақ, қола сырға, моншақ табылды. Әдетте үйінді астында бір-екі мола болады, оларда ер кісі немесе әйел адам жерленген. Бұл молаларда бай адамдар қойылған. Биіктігі 1 метр, аумағы 15-20 метр болатын қорғандарға марқұммен бірге негізінен қоладан, ағаштан, қыштан, кейде алтыннан жасалған заттар, темір қару, үшқырлы немесе жалпақ жебе ұштары қоса көмілген .Ол қатардағы жауынгер немесе жеке шаруашылығы бар қарапайым қауым мүшесі болуы мүмкін. Ал кедейлер мен құлдар жерленген қабірлер өте жұпыны болған. Оларға қару қойылмаған, қорғандардың биіктігі жарты метрден, ал аумағы 5-10 метрден аспайды. Бұл қабірлерден ұсақ-түйек темір заттар: түйреуіш, темір пышақ, бірнеше қыш түтік, қола сырға, моншақ қана табылған.
Үйсіндер алғашқы дәуірде малшаруашылығымен, соңғы мезгілдерде қосымша егін шаруашылығымен шұғылдануына байланысты, алғашқы дәуірдегі үйсін молалары солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеле қойылған.
Б.з.б. 530 жылы сақ жеріне Кир бастаған парсы әскері басып кірді. Бұл кезде сақтардың билеушісі Томирис еді. Кир әскерлерімен Сырдарияға дейін келіп, өз елшілерін Томириске жібереді. Бірақ Томирис «әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ» деп жазды Рим тарихшысы Помпей Трог. Сақ патшайымы Томирис келіссөз жүргізуден бас тартады.
Өз жерінде соғысу қолайлы деп есептеп, Томирис парсылардың судан өтуіне мүмкіндік береді. Кир өзеннен өткен соң қорыққан болып, лагерін тастап, қаша бастаған сыңай танытып, қулыққа басады. Томиристің баласы Спаргапис жаудың соңынан қуып, Кирдің қақпанына түсіп қалады. Баласының қайтыс болғанын естіп, Томирис көп әскермен Кирге аттанады. Ол да қулыққа көшті. Осындай ауыр соққыдан кейін өз әскеріне сенімі жоғалғандай болып, жаудан қашады. Рим тарихшысы Помпей Трог «Кирді өзінің әскері жасырынған тау шатқалына алып келеді, сол жерде патшасымен бірге 200 мың парсыны жойып жібереді. Тіпті, парсылардың жеңіліске ұшырағанын хабарлайтын жаушы да қалдырмады» деп жазды. Геродоттың сипаттауынша «Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өледі».
Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң б.з.б. 519 жылы парсылар қайта шабуыл жасайды. Бұл жорықты Дарий патша басқарады. «Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым» деген Дарийдің сөздері Бехистун жазбаларында айтылады. Сақтарды Скунха атты көсем басқарады. Скунха соғыста жеңіліп, парсы әскері Сырдариядан өтеді.
Сақтардың ата-бабаның аруағына сиыну және оларды ерекше құрмет тұту дәстүрі оларды соғыс кезінде жігерлендіріп отырды. Парсыларға тоқтап ұрыс салмай қаша соғысып жүрген сақтарға Дарийдің «Неге тоқтап, бір соғыс алаңын жасап соғыспайсыңдар?» деген сұрағына сақтардың қолбасшысы Идантирис былай дейді «Біздің кең-байтақ даламызда ата-бабаларымыздың зираттары бар, сендер соларға тиісіп көріңіздерші, сонда біздің қандай ұрыс жасайтынымызды көресіңдер!»
Грек тарихшысы Полиэн таңғажайып ерлікті былай баяндайды: «Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін пышақпен жаралап, парсыларға қашып барып, өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген етіп көрсетеді. Парсы әскерлерін оларға бастап барамын деп алдап, адастырып, сусыз шөлге апарады. Парсы әскерлері шөлден қырылады. Шырақ парсылардан осылай кек алады. Шырақ сияқты жауынгерлердің арқасында сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қалады.
Алайда ұзақ жылғы соғыста сақтардың біраз жері парсылардың қол астында қалып қойған еді. Олар алым-салық төлеп, парсылармен бірігіп соғысуға өз әскерлерін жіберіп тұрды. Мысалы, б.з.б. 490 жылы Марафон шайқасында парсы әскерінің құрамында гректерге қарсы сақ жауынгерлері де соғысты. Сақтар парсы әскерлерімен қосылып, Мысырдағы, Грекиядағы соғыстарға қатысты.
Б.з.б. 4-ғасырда гректер сақ жеріне қауіп төндірді. Александр Македонский (Ескендір Зұлқарнайын) бастаған грек әскері Орта Азияға басып кіріп, Сырдария өңіріне қарай аттанады. «Жеңілмейтін әскер» атанып келген Александрдың қалың қолына сақ тайпалары қарсы тұрып, олардың алға жылжуына кедергі жасаған.
Грек-македон басқыншыларына қарсы күресті Спитамен атты сақ басқарды. Ол македон әскеріне 3 жыл бойы қарсы партизан соғысын жүргізді. Ежелгі грек тарихшысы Арриан қолбасшы Александр Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтарға қалай шабуыл жасағаны туралы жазады. Бұл шабуылдан грек әскеріне қауіп төніп, олар қырғынға ұшырай жаздады. Күннің ыстығы, сақтардың жиі-жиі шабуылдауы мен соғысу тактикасы гректерді әбден әлсіретті.
Осылайша Александр Македонскийдің Сырдарияның арғы жағын мекендейтін сақ тайпаларын бағындыру үшін жасаған жорығы сәтсіз аяқталды. Сақтар оның Шығысқа қарай жүретін жолын бөгеп тастады.
Достарыңызбен бөлісу: |