Тезистер
Көне замандағы кен өндірушілердің қоныстары кенішке жақын болды.
Қоладан жасалған құрал-саймандар мен жарақтардың пайда болуы үй салу, жиһаз, соқа, дөңгелек жасауға көмектесті.
Кенді қорыту үшін құрылысы өте күрделі қазандықтар салынды.
Қола дәуірінде ең бір өрістеген өнер түрі көзе құмыралар жасау болды.
Қола дәуірі қыш ыдыстарындағы геометриялық өрнектердің кейінгі қазақтардың алашаларындағы өрнектермен ұқсастығы байқалады.
Қола дәуірінде малшаруашылығы көпшілік тайпалардың күнкөрісінің басты көзі болған.
Мал басының өсуі үй маңындағы бақташылықтан малды алысырақ көшіп-қонып бағу әдісіне көшуге мәжбүрледі.
Қола дәуірінде адамдар түйені де қолға үйретті.
Андрондықтардың малының арасында шошқа болмаған.
Қола дәуірінде тайпалар кетпенді егіншілікпен айналысқан.
Қола дәуірі тайпалардың тек малшылықпен ғана емес, кетпенді егіншілікпен де айналысқанын көрсетеді. Негізінен бидай, қарабидай, тары егілді.
Қола дәуіріне жататын қоныстар көбіне өзен-көл жағалауларында орналасқан.
Күнкөрістің қосымша көзі ретінде адамдар аңшылықпен, балық аулаумен де айналысты.
Тұрғын үйлерді екі түрге бөлуге болады. Біріншісі – жартылай жертөле үйлер де, екіншісі – жер бетінде салынған үйлер.
Қазақстанды мекендеген тайпалар рулық-тайпалық құрылыста өмір сүрді.
Рудың бар байлығы – еңбек құралдары, мүліктері, малдары бәріне ортақ болды. Ұжымдық еңбектің өнімі теңдей бөлінді.
Барлық істі халық жиналысы шешіп отырды.
Қола дәуірінде аталық әулет толық орнықты.
Рулық, ұжымдық меншіктің орнына біртіндеп жекеменшік келді. Ру ішінде бай және кедей отбасылар пайда бола бастады.
Көшпелілер қоғамында байлықтың жиналуы отырықшыларға қарағанда тезірек жүрді.
Қауым ішінде мүлік теңсіздігі шығуы барған сайын орнығып, келе-келе әлеуметтік теңсіздікті тудырды.
Біртіндеп кейінгі Қола дәуірінде егіншілік, малшаруашылығы, қолөнер дамып, байлық молая келе ру қауымы ыдырай бастады.
Андронов мәдениетін арий, тур, хьон және т.б. тайпалар қалдырды.
Андронов тарихи-мәдени бірлестігінің негізгі қалыптасқан аймағы – Қазақстан аумағы.
Ежелгі тайпалар туралы антикалық деректер
Конспект
Шығыс деректеріндегі тайпа одақтары мен ежелгі мемлекеттік бірлестіктер
Антик авторларының шығармаларында Ежелгі Қазақстан туралы ең көп деректер жинақталған. Грек және латын тіліндегі деректерге грек тарихшысы Геродот пен грек географы әрі тарихшысы Страбон қалдырған мәліметтерді жатқызуға болады. Геродот – грек тарихшысы. Б.з.б. 484-425 жж. өмір сүрген. Геродоттың «Тарих» еңбегі б.з.б. бесінші ғасырдың 40-30 жж. жазылған.
Страбон – грек географы әрі тарихшысы, б.з.б. 64 және б.з. 23 жж. өмір сүрген. Еңбегі «География» деп аталады. Екі автор да ежелгі грек тарихшылары болғандықтан олардың еңбектеріндегі ұқсастықтардың болуы да заңды.
Екі автордың еңбектерінің ұқсастықтары:
Геродот сақтарды азиялық скифтер деп атайды, Страбон да дай, сақ, массагеттен басқаларын ортақ атпен скифтер дейді. Екі автордың да еңбектерінде сақ, массагет тайпалары жайлы айтылады және олардың географиялық орналасуы көрсетіледі. Геродот массагеттерді Каспий теңізінен шығысқа қарай, Сырдарияның (Аракс) арғы жағына орналастырады. Страбон да «Скифтерді Каспий теңізінен бастап, көбіне «дайлар» деп атайды. Олардың шығысында орналасқан тайпалар массагеттер мен сақтар болды» деп көрсетеді. Бірақ әрбір тайпаның дербес атауы бар деп жазады (асиилер, пассиактар, тохарлар, сакаравилер).
Геродот пен Страбонның еңбектерінде сақтардың парсы патшасы Кирге қарсы соғысы баяндалады. Геродот «Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, семсер және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өледі» деп сипаттаса, Страбон «Массагеттер Кирге қарсы соғыста өздерінің ержүрек екендерін көрсетті, оларды көпшілік мақтайды» деп жазды.
Екі автордың еңбектеріндегі массагеттердің өмір салты, тұрмысы, наным-сенімі жөніндегі ақпарат өте ұқсас деуге болады.
Геродот «Массагеттердің киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас. Олар егін екпейді, мал мен өзеннен аулайтын балықты азық етеді. Сүт ішеді» деп жазса, Страбон «Жазық жерде тұрғанмен, олар егіншілікпен айналыспайды, олар – көшпелілер. Скифтер сияқты малшылықпен және балық аулаумен күн көреді» дейді.
Геродот пен Страбонның еңбектерінде массагеттердің әскери өнері туралы мәліметтер де ұқсас болып келеді. Геродоттың айтуынша «Олар ат үстінде және жаяу да соғыса береді. Соғыстың екі тәсілін жетік меңгерген. Найза, қылышпен қаруланған, садақты жақсы атады, бәрі шетінен құралайды көздеп ататын мерген келеді десе, Страбон «Олар ат құлағында ойнайды және тамаша жаяу жауынгерлер. Садақпен, қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киеді» деп жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |