Массагеттердің сауыт-сайманы, қару-жарағы туралы деректер:
Геродот «Олардың найзасының ұшы, жебе және қылышы мыстан жасалған, баскиімдері мен белдіктері, ер-тұрмандары алтынмен әшекейленген. Сонымен қатар олар аттардың сауытын да мыстан жасайды. Темір мен күмісті пайдаланбайды, себебі бұл металдар олардың жерінде өте аз, ал алтын мен мыс керісінше өте көп» деп жазса, Страбон «Шайқас кезінде алтын белдік тағады, аттың ауыздығы мен ер-тұрмандарын алтыннан жасайды. Күміс олардың елінде болмайды, темір аз, бірақ мыс пен алтын көп кездеседі» дейді.
Массагеттердің наным-сенімі туралы ақпарат:
Геродот «Құдайлардың арасынан күнге табынады, оған жылқыны құрбандыққа шалады. Бұл құрбандықтың мәні: «құдайлардың жүйрігі күн болса, жануарлардың жүйрігі жылқы» дегенге саяды» деп жазады.
Страбон «Құдай деп олар күнді есептейді және жылқыны құрбандыққа шалады» деп көрсетеді.
Ғалымдар Қазақстанның ертедегі тұрғындарының қоныстанған жерлерін анықтады. Олардың бір тобы Жетісуда, Тянь-Шань тауларында, Сырдария өзенінің орта ағысында тұрды. Оларды шошақ бөріктілер – сақ-тиграхаудтар деп атаған.
Тайпалардың екінші бір тобы Арал бойы мен Сырдарияның төменгі ағысын мекен еткен. Теңіздің арғы жағындағы сақтарды сақ-парадарайа деген. Олардың оңтүстігінде сақ-хаумаваргалар қоныстанған. Ғалымдардың пайымдауынша, мұндай атау оларға хаома сусынына байланысты берілген.
Тиграхауда сақтары осы күнгі Ташкент қаласы аймағында, Солтүстік Қырғызстан, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде өмір сүрген. Жетісу алқабы шошақ бөрікті сақтардың жиі қоныстанған орталығы болған. Осы «шошақ бөрікті сақ» деген атау ұзақ уақыт сақталған. Күні кешеге дейін қазақ халқы өздерін «шошақ бөрікті қазақпыз» деп атап келген.
Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағасын мекендеген сақ тайпаларын жазба деректерде дайлар, аргиппейлер, исседондар деп атайды. Бұл тайпалар Қазақстанның Орал тауының оңтүстік өңірлерін, солтүстік және орталық аймақтарын мекендеген.
Тезистер
Геродот – грек тарихшысы. Б.з.б. 484-425жж. өмір сүрген. Геродоттың «Тарих» еңбегі б.з.б. бесінші ғасырдың 40-30 жж. жазылған.
Страбон – грек географы әрі тарихшысы б.з.б. 64 және б.з. 23 жж. өмір сүрген. Еңбегі «География» деп аталады.
Екі автор да ежелгі грек тарихшылары, сондықтан олардың еңбектерінде ұқсастық болуы заңды.
Геродот сақтарды – азиялық скифтер деп атайды, Страбон «дай, сақ, массагеттен басқаларын ортақ атпен скифтер дейді» деп жазады.
Екі автордың да еңбектерінде сақ, массагет тайпалары жайлы және олардың географиялық орналасуы көрсетіледі.
Геродот массагеттерді Каспий теңізінен шығысқа қарай, Сырдарияның (Аракс) арғы жағына орналастырады.
Страбон да «Скифтерді Каспий теңізінен бастап, көбіне «дайлар» деп атайды. Олардың шығысында орналасқан тайпалар массагеттер мен сақтар болды» деп көрсетеді.
Геродот пен Страбонның еңбектерінде сақтардың парсы патшасы Кирге қарсы соғысы баяндалады.
Геродот «Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлді» деп жазған.
Страбон «Массагеттер Кирге қарсы соғыста өздерінің ержүрек екендерін көрсетті, оларды көпшілік мақтайды» деп жазды.
Екі автордың еңбектеріндегі массагеттердің өмір салты, тұрмысы, наным-сенімі жөніндегі ақпарат өте ұқсас деуге болады.
Геродот «Массагеттердің киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас. Олар егін екпейді, мал мен өзеннен аулайтын балықты азық етеді. Сүт ішеді» деп жазады.
Страбон «Жазық жерде тұрғанмен, олар егіншілікпен айналыспайды, себебі көшпелілер. Скифтер сияқты малшылықпен және балық аулаумен күн көреді» дейді.
Геродоттың айтуынша «Олар ат үстінде және жаяу да соғыса береді. Соғыстың екі тәсілін жетік меңгерген. Найза, қылышпен қаруланған, садақты жақсы атады, бәрі шетінен құралайды көздеп ататын мерген келеді».
Страбон «Олар ат құлағында ойнайды және тамаша жаяу жауынгерлер; садақпен, қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киеді» деп жазады.
Геродот «Олардың найзасының ұшы, жебе және қылышы мыстан жасалған, баскиімдері мен белдіктері, ер-тұрмандары алтынмен әшекейленген. Темір мен күмісті пайдаланбайды, себебі бұл металдар олардың елінде өте аз, ал алтын мен мыс керісінше өте көп» дейді.
Страбон «Шайқас кезінде алтын белдік тағады, аттың ауыздығы мен ер-тұрмандарын алтыннан жасайды. Күміс олардың елінде болмайды, темір аз, бірақ мыс пен алтын көп кездеседі» дейді.
Геродот «Құдайлардың арасынан күнге табынады, оған жылқыны құрбандыққа шалады. Бұл құрбандықтың мәні «құдайлардың жүйрігі күн болса, жануарлардың жүйрігі жылқы» дегенге саяды» деп жазады.
Страбон «Құдай деп олар күнді есептейді және жылқыны құрбандыққа шалады» деп көрсетеді.
Ғалымдар Жетісуда, Тянь-Шань тауларында, Сырдария өзенінің орта ағысында мекен еткен сақтарды шошақ бөріктілер – сақ-тиграхауда деп атаған.
Арал бойы мен Сырдарияның төменгі ағысын мекен еткендерді теңіздің арғы жағындағы сақтар, яғни сақ-парадарайа деген.
Сырдарияның оңтүстігінде қоныстанғандарды сақ-хаумаваргалар деп атаған. Ғалымдардың пайымдауынша, мұндай атау оларға хаома сусынына байланысты берілген.
Ежелгі Қазақстан тарихы жөнінде жазбаша деректемелер бізге көне парсы, көне грек, қытай тілдерінде келіп жетті. Басты деректемелердің бірі зороастризм дінінің киелі кітабы «Авестамен» байланысты.
Адамзат тарихындағы тұңғыш пайғамбар – Заратуштра Каспий теңізінің шығыс-солтүстігін мекендеген арий тайпасының Спитама руынан шығып, б.з.б. II мыңжылдық ортасында өмір сүрген. Айға, күнге, отқа, суға табынатын арийлер бастапқыда бұл діни уағыздарды қабылдай қоймады. Заратуштра басқа жақтарға қоныс аударып, өз ілімін көрші елдерге таратады.
Заратуштра уағыздарының Қазақстанның ежелгі тұрғындарының тарихын, мәдениетін танып білуде маңызы зор. Онда шығыс ирандық көшпелі тайпалар турлар, сайримдер, дахтар туралы айтылады.
«Авестада» адамдардың қарулары – садақ пен жебе, найза, айбалта, кәсібі – мал өсіру, тамағы – ет пен сүт, құдайға құрбандық шалуға жылқы, сиыр, қой әкелінетіні және арийлердің құдайға құрбандық шалып, оның атына мадақтау айтатыны баяндалады.
«Авеста» Орталық Азия мен оның солтүстігінде жапсарлас жатқан Қазақстанның бақташы-егінші тайпаларының рухани өмірі туралы құнды деректер береді.
Бұдан басқа деректер парсы жазба ескерткіштері I Дарийдің «Бехустин жазбасы», «Ксеркс жазбасы» түрінде бізге келіп жетті. «Персеполь», «Бехустин» жазуларында Қазақстан жеріндегі тур тайпаларының ортақ атауы «сака» деп беріледі. Жалпы, сақ тайпалары атауының мағынасы жайында көп пікір бар. «Сақ» сөзінің мағынасын парсы жазбаларында «құдіретті еркектер» деп түсіндіреді, ал иран жазбаларында «жүйрік атты турлар» дейді.
Қытайдың Батыс аймақтарды бағындыруға ұмтылуы сол өңірдегі халықтар жөнінде материал жинаудан басталды. Қытай императоры У-ди (б.з.б. 140-87 жж.) Батыс өңіріне тұңғыш елшісін Чжан Цянды жіберіп, мәлімет алды. Елшілікке ғұндарға қарсы Жетісудағы үйсіндермен одақ құру міндеті қойылды. Ол елшілік жергілікті халықтың шаруашылығына, әскери күштеріне, қару түрлеріне, әдет-ғұрып, салт-дәстүріне дейін назар аударып, жазып алып отырды. Ол жазбаларды б.з.б. 145-86 жж. өмір сүрген тарихшы Сыма Цян жүйеге келтіріп, өзінің «Тарихи жазбалар» (Шицзи) атты еңбегіне енгізді.
Қытай жазбаларындағы «Батыс өңір» деген атаулар қазіргі Шыңжан (Шығыс Түркістан) және Қазақстан мен Орталық Азияның біраз бөлігіне қатысты қолданылды. Еңбектің «Сюнну туралы хикая» және «Давань туралы хикая» деген екі тарауында ғұндар туралы және оның батыстағы көршісі юэчжи мен үйсін тайпалары туралы айтылады.
Келесі деректер Бан Гудің (б.з.б. I ғ.) «Ертедегі Хан тарихы» (Шицзе) шығармасының «Батыс өлке туралы хикая» деген тарауында айтылады. Қытай деректемелері Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі үйсін мен қаңлы иеліктері, олардың жер көлемі мен халық саны, қалалары мен бекіністері, өзге иеліктермен байланысы жөнінде бағалы мәліметтер береді. Мысалы, сақ пен үйсіндердің бұрыннан Тұрпан ойпатын мекендегені, қаңлылардың юэчжилердің қысымымен Сырдария бойына қоныс аударуы, үйсін гуньмосына Қытай ханшасының ұзатылғаны туралы айтылады.
Үйсіндер Орталық Азиядағы ертедегі ең үлкен қауымдастықтардың бірі болды. Келтірілген мәліметтерге сәйкес үйсіндердің шығыс шегаралары Бешбалық аймағына, батысында Шу өзені мен Таласқа, солтүстікте Балқаш көліне дейін жетті. Чигушен (Қызыл даланың қаласы) қаласы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы арасында болды.
Қытай деректерін ғылыми айналымға енгізуге алғаш еңбек сіңірген орыс қытайтанушысы Н.Я. Бичурин (1777-1853 жж.) болды. Оның «Орталық Азияны ежелгі дәуірде мекендеген халықтар туралы мәліметтер жиынтығы» деген еңбегі 1851 жылы жарық көрді.
1969-1970 жылдары Қ. Ақышев басқарған қазақ археологтары Алматы қаласының маңындағы Есіктегі жерлеу орындарының бірінен сақтардың көшбасшысы «алтын адамды» табады. Оның бойындағы бай әшекейлер ежелгі қолөнершілердің жоғары көркемдік мәдениетін көрсетеді. Археолог С. Самашевтің «Атырау алтын адамы» (соңғы табылған) да ғылымда үлкен қызығушылық тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |