Конспект Мезолит адамдарының өміріндегі өзгерістер Конспект Неолит төңкерісі Конспект



бет12/51
Дата05.12.2022
өлшемі309.38 Kb.
#466574
түріКонспект
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51
онлайн мектеп 1

Тезистер

  • Сақ заманында «аң стилі» деп аталынған бейнелеу өнері кең тарады.

  • Еуразияның далалық тұрғындарының атәбзелдерінде, қару-жарақтарында, тұрмыстық және ғұрыптық заттарында аң бейнесі көрініс тапты.

  • ХХ ғасырдың басында зерттеушілер мұны скиф үштігі деп атады.

  • Бейнелеу өнеріндегі «аң стилі» дегеніміз – өнер туындыларын әртүрлі аң бейнесінде жасау.

  • Аң стилі мөлшермен б.з.б. VIII ғасырдан бастап пайда болды.

  • «Аң стилі» белгілі бір діни наным-сенімге байланысты ұғымды білдіреді. Жыртқыш жануарлар мен құстардың бейнелері қару-жарақтарға немесе атқа ерекше күш беретін тұмар ретінде қолданылды.

  • Сақтардың көптеген ескерткіштері Сырдария, Талас, Шу, Іле өзендерінің бойында, Алатау бөктерінде, Қырғызстан жерінде кездеседі.

  • Археологтар Қызылордадан 300 шақырым жерден сақтардың Шірік-Рабат қаласын тапты.

  • Шірік-Рабат қаласы б.з.б. 4-2 ғасырларға жатады.

  • Сақтардың тағы бір қаласы Сырдария бойында орналасқан Бәбіш-Молда болды.

  • Бұл қаланың да қамал қабырғалары және айналдыра қазылған орлары болған.

  • Археологиялық деректерге қарағанда қала тұрғындары егіншілікпен айналысқан. Себебі қыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары, тары қалдықтары табылған.

  • Алматы маңындағы Есік қорғанынан «Алтын киімді адам» табылды.

  • «Есік обасын» 1969 жылы археолог Қ. Ақышев тапқан.

  • «Есік обасы» V-IV ғасырлармен мерзімделеді.

  • «Есік обасынан» 26 таңбадан тұратын жазуы бар, күміс табақша табылды. Бұл сақтардың өзіндік жазуы болғанын дәлелдейді.

  • Сақтарда қолөнер ісі өте жақсы дамыған.

  • Зергерлер алтын мен күмісті балқытып, қалыпқа түсірумен айналысты.

  • Ұсталар қару-жарақ соқты, оларды алтынмен аптаған.

  • Сақтарда ағаш оюмен қатар ілгек, таға, түйме сияқты заттарды жасайтын сүйек өңдеу қолөнері де дамыған.

  • Сақтар қоғамының ең төменгі буынын отбасы құрады.

  • Үлкен патриархалдық отбасы дегеніміз – кемінде үш ұрпақтан (әке, бала, немере) тұратын, әкенің билігіне қараған отбасы.

  • Үлкен патриархалдық отбасылардың жақын туыстары аталық қауымның негізі болған. Бұл – бір атаның балалары.

  • Үлкен әлеуметтік-қоғамдық ұйым – ру.

  • Бірнеше рудан тайпа, олардың қосындысынан тайпалық одақтар құрылған.

  • Жалпы, ғалымдар сақтардың қоғамдық-экономикалық даму деңгейін «рулық қауымдық құрылыс» деп бағалайды.

  • Скифтерде ел басқарушы – патша тек «патшалық рудан» ғана сайланған.

  • Сақтардың дүниетанымындағы құдай күн болған.

  • Сақтарда ата-бабаның аруағына сиыну, оларды ерекше құрмет тұту дәстүрі болған.

  • Сақтардың идеологиясында ел басқарушы адамдарды ерекше ұлықтау, құрметтеу болған.

  • Олар билікке тәңірдің берген ерекше қасиеті деп қараған, патшаны тәңірдің жіберген адамы деп есептеген.

  • Сақтар мен скифтердің дүниетанымында үштіктің культі болған. Сақ-скиф мемлекеті үш ұлыстан тұрған.

  • Сақтардың дүниетанымы бойынша әлем үш бөліктен тұрады: көк аспан, қара жер және жер асты әлемі.

Б.з.б. II ғасырдың екінші жартысындағы Халықтардың ұлы қоныс аударуы нәтижесінде Еуразияның, соның ішінде Қазақстанның саяси картасында үлкен өзгерістер болды.


Тайпалар мен халықтардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруынан Қазақстанның оңтүстігінде б.з.б. II ғасырда Қаңлы мемлекеті бой көтерді.
Ол қытай деректерінде Кангюй деп аталады. ХХ ғасырдың ортасына қарай Қаңлы мемлекетінің орналасу мәелелері жөнінде екі көзқарас орын алды.
Бұл тарихи дәуірді зерттеген К. Ақышев, К. Байпақов «Кангюй мемлекетінің аумағына Сырдың төменгі ағысынан Отырарға дейінгі аймақтар енген, орталығы Отырар болды» деп көрсетеді. Ал қытай жылнамаларына сүйенген С.П. Толстов болса, оның шығыста Ферғана, оңтүстікте Парфия, батысында Хорезм, Бұхарамен шектесіп жатқанын айтады. Айтылған аймақта археологтар кангюй мәдениетіне тән Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениетін бөліп көрсетеді.
Олардың орналасуының осындай географиялық қолайлы жағдайы Сырдария арқылы Еділ бойына қарай өтетін Ұлы Жібек жолын бақылап отыруға мүмкіндік берді. Қаңлылардың солтүстүк-батысындағы көршілері – сарматтар мен аландар қытай деректері бойынша қаңлылар күшейіп тұрған кезде оларға тәуелді болған.
Қытай өкілінің императорға хабарында «Қаңлылар өркөкірек, өжет келеді. Біздің елшіліктерімізге басын имейді. Орталық билік атынан келген өкілдерімізді үйсін елшілерінен төмен отырғызады. Олардың билеушілері мен ақсақалдарына тамақты алдымен береді, ал содан соң барып біздің елшілерге тартады» делінеді.
Қытай деректері бойынша қаңлы тайпалар одағының шамамен 600 мың адамы, 120 мыңға дейін жауынгері болған. Олардың жазғы және қысқы екі астанасыболғанын жазады. Қытай деректері «Олардың арғы тегі юэчжиден шыққан. Ғұндар олардың тас-талқанын шығарғанда батысқа ауып, Памир асып кеткен. Содан өз мемлекетін құрған» деп көрсетеді.
Үйсіндер ғұндардың көмегімен юечжилерді Іле-Жетісу өңірінен ығыстырған еді. Ауыр жеңілістерден кейін юэчжилердің бір тобы Ферғананың солтүстік-батысына кетсе, екінші тобы Талас өзенінің бойында Қаңлы мемлекетінің іргесін қалады. Бұл шамамен б.з.б. 150-жыл деп көрсетіледі.
Қытай елшісі Чжан Чянь б.з.б. 138-125 жылдары қаңлылардың арасына келгенде мемлекеттің толық қалыптасқан кезі болатын. Қаңлы елін хан билеген. Оның үш орыбасары – уәзірі елді билеуде көмектесіп отырған. Елдің астанасы Битянь қаласы болған.
Қаңлы елі өз ішінен бес иелікке бөлініп, әр иелікті кіші хандар басқарған. Кіші хандар Ұлы ханға бағынған. Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған. Билік әкеден балаға мұра ретінде беріліп отырды.
Қаңлылар мемлекеті б.з.б. I ғасырда гүлденді. Өзінің тәуелсіздігін сақтап, Қытайға аманат ретінде адам жіберуден бас тарқан.
Қаңлылар ғұндармен жақындасы,п одақ құрды. Ғұндар солтүстік және оңтүстік болып бөлінгенде, олар солтүстік ғұндардың билеушісі Чжи-Чжиді қолдады. Чжи-Чжи бастаған елге өз жеріне қоныстануға жағдай жасайды. Ал Чжи-Чжи өз кезегінде күш жинап, қаңлылардан сырт айнала бастады. Орталық Азиядағы үстемдікке ұмтылды. Қаңлылар мен үйсіндер арасындағы соғысқа араласты. Ал үйсіндерді Хан империясы қолдап отырды.
Б.з.б. 42-жылы ғұндар мен қаңлылардың біріккен күштері үйсіндердің астанасын талқандайды, Ферғаналықтарға жорық жасайды. Чжи-Чжи Талас өзенінің жоғары ағысына қорған салдырып, оған қаңлылар, ферғаналықтар, бактриялықтарды шақырды. Қытайға қарсы күресте көмек іздестіре бастайды. Бұл Қытайдың сыртқы саясатына қарама-қайшы келді. Осылайша жалпы саны 40 мыңдай біріккен қытай және үйсін әскері Чжи-Чжиге қарсы жорыққа шықты.
Б.з.б. 36-жылы Чжи-Чжи мен Қытай әскерлерінің арасындағы шайқас Талас қорғанында екі күнге созылды. Қаңлылар Қытай басқыншылығына қарсы тұруға ұмтылды. Олар өз жерін қорғап, ғұндарға көмекке келгенімен, бұл ұмтылыс сәтсіз аяқталды.
Қаңлы мемлекеті б.з. III ғасырына дейін өмір сүрді. Мемлекеттің ыдырауына экономикалық әлсіздігі себепші болды. Оңтүстіктегі отырықшылықпен айналысатын аудандардың солтүстіктегі көшпелі, жартылай көшпелі малшаруашылығымен айналысатын аудандармен байланысы нашар болды. Мұның өзі біртұтас елге айналу жолында кедергі келтірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет