Кредит №1 «Арнайы психология» пәні бойынша


Балалар мен жгісөспірімдегі аффект бұзылуының ерекшеліктері



бет4/10
Дата14.06.2016
өлшемі1.1 Mb.
#134231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Балалар мен жгісөспірімдегі аффект бұзылуының ерекшеліктері.

Балалар эмоцияларының бұзылуы айқын болмайды, бірақ жиі болады. Сау балалардың көңіл-күйі жиі өзгеріп тұрады. Дені сау бала болымсыз әсерлердің арқасында жылауы мүмкін. Әрине, кеңіл-күйдің езгеруінің барлық түрі патологиялық болмайды. Орталық нерв жүйесі толығынан дамымағандықтан және ішкі секреция бездері мен зат алмасу процестерінің тұрақсыздығынан балалардың эмоциясы өзгермелі болады. Олардың іс-әрекеті интеллекттіге емес, эмоцияға байланысты.

Эмоцияның патологиялық бұзылуының төмендегідей ерекшеліктері бар. Ертеректе пубертаттық кезеңге дейін балаларда депрессия жағдайы айқын білінбейді деп саналды. Жалпы бала психикасына ұзақ уақыт қайғыру тән қасиет емее. Депрессиялық қайғыру балаларда жылдам жойылады.

Мектепке дейінгі балаларда депрессия болғанда, олар жылдам шаршап, ішінің ауыратыны, денесінде ұнамсыз сезімдердің барлығы туралы шағым айтады. Мұндай аурумен ауырған баланың сырт пішіні соматикалық ау-румен ауырғандай. Баланың түсі жүдеу, тәбеті нашар, ойнағысы келмейді. Айтылғандай жағдай балалардың тек психикалық аурулармен ауырғанында ғана болмайды. Мұндай көрініс соматикалық және жұқпалы аурулармен ауырғанда да болады. Кейде көңіл-күйінің төмендеуі, зарығу, әлсіздену сияқты депрессия белгілері соматикалық аурудың белгілерінен бұрын білінеді. Ба-лалар үлкендер сияқты зарықпайды, бірақ іші пысып, қөңілсіз болатынын айтады. Олар ызақор, жылауық болады. Ересек балаларда, жасөспірімдерде үлкендерге қарағанда дерттің қозуы қысқа және айқын болуы мүмкін.

Өмір сүргісі келмейтін ойлар және өлу әрекеті көбінесе ересек балаларда болады. Кейбіреулердің болжамы бойынша 10 жасқа дейінгі балаларда өлу туралы ой болмайды. Басқалардың айтуы бойынша мұндай ойлар мұнанда ертерек жаста болады. Балалардың өлу әрекеті олардың ойларына емес, еліктеу мен наразылыққа байланысты.

Эйфория — балаларда нашар тараған. Балалардағы болатын эйфорияның ерекшелігі олардың қозғалысының көбеюі мен мазасыздануында. Жасеспірімдерде болатын эйфория айқын ересек адамдардікіне ұқсас. Кебінесе балаларда болатын эмоциональдық бұзылу — үрейге тоқталып өтейік. Үрей (страх)—балалардың әр кезеңінде және көптеген ауруларда кездеседі. Үрей дара түрінде (түнгі үрейлер) және психикалық бұзылудың бір бөлігі ретінде болады. Мысалы, балалардын елестеушілігінде, сандырағында және депрессиясында үрей жиі болады. Үрей психикалық сау балаларда да болады, Бұл балалардағы қорғану реакцияларының басым болуынан. Әр түрлі психикалық аурулардағы (қояншық, реактивті жағдайлар және т. б.) үрейдің жиілігі жоғарыда айтыл-ған реакцияларға байланысты. Әр түрлі аурудағы үрейдің клиникалық ерекшеліктері болады. Мысалы, баланың нерв жүйесі зақымданған жағдайында үрейін толық және шын айтып береді. Шизофрениямен ауырған балалар өздерінің үрейін бірнеше жыл бойы жасырады. Үрейі бар баланың психикалық жағдайын мұқият зерттеу қажет.
6-лекция.

Балалар мен жасөспірімдердің психикалық процестерінің бұзылуы.

(1 сағат)
Жоспары:


  1. Ойлау процесінің бұзылуы.

  2. Инстинкт пен әуестенушіліктің бұзылуы.

  1. Балалардағы кездесетін сандырақ ауру типі.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Илешева Р.Г. Психические болезни. Казахская ССР. Краткая энциклопедия, Алматы.

  2. Илешева Р.Г. Аффективные психозы в позднем возрасте. Алматы, 1981.

  3. Кербиков О.В., Озерецкий Н.И., Попов Е.А., Снежневский А.В. Учебник психиатрии. М., Медицина, 1979.


Қосымша:

  1. Руководство по психиатрии ( ред. А.В. Снежневский). Москва, Медицина, 1983.

  2. Сухарева Г.Е. Клинические лекции по психиатриии детского возраста. Т. 1, М., Медгиз, 1955-1965гг.


Лекцияның мәтіні:

Адамның айналаны танымы тек түйсік және қабылдаумен шектелмейді. Біз айналадағы заттар мен кұбылыстарды қабылдап қана қоймай, оларды салыстырамыз, тұжырымдаймыз, ондағы негізгі және косалқы жақтарын айырамыз. Сезім мүшелері арқылы келетін әсерлерді өңдеудің және алынған мәліметтерді талдаудың аркасынля пайда болатын түсінік пен қорытындылауды ойлау дейді. Баскаша айтқанда ойлау дегеніміз адамның миында заттар мен құбылыстардың бір-бірімен байланыс жағдайындағы жалпылама бейнеленуі. Ойлаудың жоғары сатысы сәйлеумен тығыз байланысты. Сондықтан ойлаудың бұзылуы ауру адамның сөйлегенінен білінеді.

Шындыққа сәйкес келмейтін, шындықтан алшак, түзетуге болмайтын ойларды сандырақ ойлар (бредовые идеи) дейді. Шындыққа сәйкес келмейтін қате пікір — сандырақ ойлар болып саналады. Егер сандырақты айтылған анықтамамен шектесек, оған қарсылық білдіруге болады. Діни түсініктер, идеологиялық пәлсапалық тұжырымдар да материалистік көзкараспен салыстырғанда қате пікір болып саналады. Діни адамды да басқаға сендіру қиындыққа түседі. Бірақ, бұл қалыпты жағдай, керісінше сандырактың пайда болу негізінде жоғары нерв қызметі бұзылуымен байланысты патологиялық механизм жатыр.

Сонымен, сандырақ ой түзетуге келмейтін, пікірдің патологиясына байланысты пайда болады. Сандырақ ойлы аурудың ойлағанын өзгерту ешқандай нәтиже бермейді. Емдеудің арқасында сандырақ ойлар өзінің маңызынан айрыльш, мүлде жоғалады. Ауру сандырағының клиникада маңызы зор.

Егер сағым мен елестеушілік ең оңай түрінде сау адамдарда болса, ал сандырақ ойлар тек психозбен ауырғанда болады.

Маңызы жағынан сандырақтың бірнеше тобы бар: Соңына түсу сандырағы (бред преследования). Бұл жиі кездеседі. Оған қарым-қатынас, ерекше маңызды сандырак, уландыру, әсер ету, кінәлау, ұрлау, қызғану, кемсіту сияқты ойлар жатады.



Қарым-қатынас сандырағы (бред отношения) — бар ауруларға айналадағы адамдар нашар қарайтын, оған күлетін, ол туралы сыбырласатын болып көрінеді. Бұл жағдайда ауруға қатысы жоқ әрекеттерді ол өзінше бағалайды. Мысалы, шизофрениямен ауырған адам әкесінің тамак ішерде қолдарын столға қойғанына ерекше мән береді. Ауру мұны «соғыс басталады» деп есептейді. Мұндай сандырақтарды ерекше маңызды сандырақ (бред особого значения) ойлар дейді.

Кейде ауруларға оларды уландыратындай болып көрінеді. Мұндай жағдайда олар өте күдікті болып, тамақ ішуден бас тартады. Кейде олар жақындарын өздеріне жау санап, уландырады деп ойлап, жақындарының әкелген тамағын қабылдамайды. Кей жағдайда аурулар «дәрігерлер мен медбикелер өздерін қуғындайды және уландырады» деп санап, тамақты тек жақындарының қолынан қабылдайды. Бұл уландыру сандырақ ойлар (бред отравления).



Әрекет сандырағында (бред воздействия) аурулар өздеріне көзқарас, гипноз, электр тогы, радиотолқындар, белгісіз аспап, теледидар мен ғарыш толқындары арқылы әсер етеді деп санайды. Психиатрия ауруханасы

жағдайында болып тұрып, аурулар өздеріне басқа қаладан гипноз арқылы әсер ететінін айтады. Олар өздеріне электр тоғының әсерін сезініп, аппараттың еден астында не қабырғаның ар жағында тұрғаны туралы тұжырым жасайды. Кейде аурулар белгісіз аппараттарды дәрігерлер тәжірибе жүргізу үшін қолданатыны туралы айтады. Кейде ауруларға оларды газбен, микробтар арқылы уландыратын болып көрінеді.



Нақтылы соңына түсу сандырағы (собственно бред преследования). Ауруларға әр адым сайын жеке адамдар не мекемелер соңына түскендей болады. Олар таныс емес адамдардың бақылайтынын машинамен қуатынын айтып, шамның жарығымен шағылыстырып соқыр қылғысы келеді деп ойлайды.

Кінәлау сандырағы (бред обвинения) кезінде аурулар оларды кінәлайтыны туралы айтады. Мысалы, тіс дәрігері болған адам ауырғанда оны инструменттер жетіспеген үшін кінәлап, сотқа жауапқа тартатындай болып көрінеді. Іс жүзінде оның жұмысында айтылғандай оқиға болған жоқ. Немесе ауру адам өзін жұмыстан шығарады деп ойлап, ертесімен бас дәрігерге келіп, оның столына кұжаттарын қойып, тезінен жұмыстан шығаруын талап етеді.

Кемістік пен тонау сандырағы (бред ущерба и ограбления) қартайған адамдардың қан тамыры зақымданған және басқа психоздарда болады. Ауруға отырған үйі тоналғандай көрінеді. Олар бір жерге матрацтар мен ыдыстарды үйе бастайды. Үйлерінен заттардың жоғалатыны, көршілерінің үйлеріндегі азық-түлікті алып кететіні және олардың заттарын булдіретіні туралы айтады.

Кызғану сандырағы (бред ревности) соңына түсу сандырағының бір түрі. Кызғану сандырағы жиі маскүнем еркектерде болады. Аурулар өзінің әйелдерін (күйеулерін) опасыз деп күдіктенеді. Әйелін (күйеуін) ұсақ-түйекте әшкерелеп, астыртын жұмысқа дейін шығарып салып не қарсы алады. Мұндай ауруларда әйелінің (күйеуінің) опасыздығын дәлелдейтін жүйе қалыптасады.

Өзін-өзі қорлау сандырағы (бред самообвинения). Бұған өзін-өзі кінәлау, қылмыс жасау сандырақ ойлар жатады. Ауру өзін бір нәрсеге кінәлімін деп санайды. Мысалы, олар айналадағыларға ауру жұқтырамыз деп санайды. Осы ойдан қорқып, кісілерге жуымай, ауыздарын орамалмен жабады. Өздерін айналадағылардың көңіл белуіне тұрмаймын деп санап, тамақтан бас тартып, төсекке жатпайды. Олар өздерін мүсәпірміз деп санайды.

Осы топтағы сандырақ ойларға ипохондриялық сандырақ жатады. Аурулар өздерін сифилис, туберкулез, рак, спид сияқты жаман аурулармен ауырамыз деп санайды. Осы айтылғанға сене отырып, көптеген соматикалық шағымдар жасайды. Мұндай аурулар емханаға жиі барады. Олар барлық мамандардың тексеруінен өтеді. Бірақ тексерулердің нәтижесінде мұндай ауру адамдардын ішкі мүшелерінде ешқандай өзгеріс байқалмайды. Ауру дәрігердің дәлелін жоққа шығарады не өзінше бағалайды.

Ипохондриялық сандыраққа жақын тұратын нақұрыс (одержимость) сандырағы бар. Аурулар өздеріне сырттан күш енген (шайтан, кейде бақа мен жылан) деп санайды. Өте сирек жануарға не қарама-қарсы жынысқа ауысу сандырағы кездеседі. Бір ауру әйел өзін қойға ауысьш, үстін койдың жүні басқан деп сезінген. Қыз бала өзінің ұл болғанын сезінген.

Ұлылық сандырағы (бред величия). Бұған байлық, тектілік, тұлғалық, ойлап табушылық, сүйіспеншілік сандырақтары жатады.

Сандырақтың бұл түрінде аурулар өздерін кеп ақ-шаның (мыңдаған, миллиондаған), сарайлардың, автомобиль мен самолеттердің иесімін деп санайды. Мұндай аурулар ездерін жиі өте сұлу, дарынды, кемеңгер жазушы, ғалым, артист деп санайды. Мысалы, бір ауру әйел өзін «сұлулықтың құдайы» деп санап, Мәскеуде сұлулардың конкурсын еткізуді талап етіп, онда бірінші орынға ие боламын деп ойлаған. Иванов деген ауру өзін белгілі Карузо деп таныстырған. Екінші бір ауру әйел өзін белгілі маршалдың қызымын деп таныстырған. Кейде ауру адамдар өздеріне ұлы адамдардың, үкімет басшыларының жақсы ниетте екенін айтады. Олар өздері туралы радиодан айтатынына, газеттерде жазатынына сенеді. Ойлап табу сандырағында ауру адамдар өздерін ғылыми еңбектердің, өнертапқыштың авторы деп есептейді, рак ауруына қарсы тұратын дәрілерді ойлап таптым деп санайды.

Сандырақ ойлардың маңызы көңіл-күймен тығыз байланысты, Ұлылық сандырақ ойларды айтатын аурулардың көңіл-күйі көтеріңкі болады. Өздерін қорлау туралы сандырақ айтатын аурулардың көңіл-күйі төмен, жабырқау болады.

Сандырақтың нақтылы маңызы аурулардың түратын заманына, мәдениеттік деңгейіне, біліміне және мамандығына байланысты. Егер ертеректе сандырақ мәні шайтандармен, дуалаумен, бал ашумен байланысты болса, ал қазір оның мәні атом энергиясымен, ғарыштық сәулелермен, спидпен байланысты.

Сандырақ ойлар маңызынан басқа да көрсеткіштер аркылы топтастырылады.

Жүйеленген және жүйеленбеген не үзінді-кесінді сандырақтар туралы айтуға болады.



Жүйеленген сандырақ. Мұнда аурулардың айтқан сандырағы бір бүтін жүйе құрайды. Бір қате, ауру жағдайындағы пікір екіншіден туып, бір сандырақ ой екіншісінен туады. Осылай ауырған жағдайда бүтін жүйелік көзқарас қалыптасады. Сандырақтың бұл түрінде дерексіздік тану зиян шегеді. Сезіну арқылы танудың бұзылуы аз орын алады. Бұл жағдайда елестеушілік пен сағым болмайды. Нақтылы болған жағдайларды аурулар сандырақ түрінде түсіндіреді. Өздерінің сандырағын дәлелдеу үшін кептеген болған жағдайларды келтіреді. Бірақ нақтылы жағдайларды бір жақты және қате түсінеді. Осындай сандырақты түсінік беру сандырағы дейді. Мысал ретінде қызғану сандырағын айту керек.

Ауру адамдардың сандырағы әрдайым жүйелі болмайды. Сандырақ ойлар көбінесе бір-бірімен байланыссыз, үзінді ретінде болады. Мұндай жағдайда елестеушілік, сағым, көзге көрінетін аффективті бұзылулар орын алады. Басқаша айтқанда сандырақтың құрылымында сезім арқылы білудің бұзылуы үлкен орын алады. Осы бұзылудың әсерінен сандырақ бейнелі болады. Сондықтан мүндай сандырақ бейнелі деп аталады.

Жоғарыда көрсетілгендей, ауруды ойынан тайдыруға, түзетуге болмайтындығы сандырақтық бір белгісі болып саналады. Кейбір жағдайда аурудың сандырағын айтқан кезінде шамалап болса да түзетуге болады. Мұндай жағдайларды сандырақ тәрізді ойлар деп атайды. Осындай ойлар қиял түрінде жиі балаларда және психопатияда болады.

Сандырақ ойлардан өте бағалы ойларды ажырату керек. Өте бағалы ойлардың негізінде сандыраққа қарағанда нақтылы болған жағдайлар орын алады. Бұл нақтылы жағдайлар ауруға өте үлкен әсер еткендіктен, онын калыпты өмір сүруіне кедергі жасайды. Кейде адамды жәбірлесе, қорласа ол езінің маңызды жұмыстарын тастап, барлық күшін езін ақтауға жұмсайды. Қызғану негізінде ерлі-зайыптылардың біреуінің бұрынғы кезде болған көз бояушылығының орын алуы мүмкін. Кейде ауру өзінің кемістігіне үлкен мән береді. Мысалы, жиі өздерінің мұрындарының әдемі емес екенін айтады. Мұрны әдемі емес адамдар аз емес. Бірақ бұған адамдар көңіл бөлместен, қалыпты жағдайда өмір сүріп, қызмет жасайды. Бірақ кейбір аурулар өздерінің мұрындарының әдемі емесін айта отыра, кешеге шығуға ұялып, кісілермен қарым - қатынаста болмай, өлу туралы ойлар туады.

Сандырақ, сандырақ тәрізді ете маңызды ойлардан басқа жалықтыратын (жабысқақ) ойлар болады.

Жабысқақ ойлар (навязчивые идеи обсессиялар)— ауру адамның ықыласынсыз оның санасын алатын ойлар. Кейде мұндай» ойлар аз маңызды, қисынсыз болады. Ауру мұндай ойларға сын көзімен қарап, олардан құтылуға тырысады, бірақ құтыла алмайды. Мысалы, адамда мынандай ой пайда болуы мүмкін: «Егер мен қазір өліп кетсем не болар еді?», «Менің туған-туысқандарым не істер еді? Не айтар еді?». Осы ой ауруға бір келіп, бір кетіп, оның сана,сында паналап, мазасын алады. Кейде жабысқақ ойлар қисынсыз болады. Мысалы, ауру адам дәрігерге «Неге әтештің басы біреу, ал басы екеу болса, әтеш не істер еді?» «Неге адамда екі қол, ал егер үшінші қол болса, ол қайда орналасады?» деген ойдың мазалағаны туралы айтады. Жабысқақ ойлардық мысалы ретінде радиодан таңертең естіген мелодия не ән «басыңнан кетпейтінін» айтуға болады.

Жабысқақ ойлардан басқа жабысқақ қорқыныштар (навязчивые страхи фобиялар), тілектер мен әрекеттер болуы мүмкін. Мысалы, көптен сахнаға шығып жүрген артисте сол сахнада ойнаудың алдында дорқыныш пайда болуы мүмкін. Басқа біреуде қорқыныш белгілі бір кезеңнен кейін болады. Бір қызда ұйықтардың алдында белмедегі барлық заттарды үстап көру жабысқақ тілегі (влечение) пайда болады. Осы тілегі орындалғаннан кейін ғана ол ұйықтай алатын болады. Бір ауру әйел үнемі борды ұнтақтау үшін жүмысында да отыра алмайды. «Есікті жаптым ба, жаппадым ба?», «Үтікті сөндірдім бе?» деген жабысқақ күдіктер (сомнение) болады.

Жабысқақ ойлар, тілектер, әрекеттер мен қорқыныштар кебіне бірге кездеседі. Бұл құбылысты — жабысқақ жағдай (навязчивые состояния) дейді. Жабысқақтар кейде сау адамдарда да болады. Бірақ бұл жағдай аз уақыт болып, олардың жалпы өміріне, қызмет қабілетіне әсер етпейді. Бұл жағдай қысқа мерзімді болады. Жабысқақ жағдайлар невроз бен психоздарда кездеседі.

Жоғарыдағы айтылғаннан басқа ойлаудың бұзылуының тағы да түрлері болады. Мысалы, ассоциативті процестің бұзылуы. Ойлаудың езгеруі жылдамдау және баяулау түрінде болуы мүмкін. Ойлаудың жылдамдауында ойлар тез және үнемі етіп жатады. Кездейсоқ байланыстардың арқасында ойлау үстіртін және дерексіз өтеді. Ауру дәрігердің қойған сұрағына жауап бере сала өз назарын басқаға аударып, сол туралы сөйлей бастайды. Көңіл-күй жоғары болған кезде ойлау жылдам өтеді. Ойлау күрт жылдамдаса ойлар секіре бастайды. Айналадағы заттарға және аурудың пайдаланатын сөз-деріне байланысты ойлаудың тақырыбы жылдам өзгереді. Аурулар ұйқастырып айтуға бейім болады. Кейде ойлаудың жылдамдығы соншалық тез болғандықтан ауру туатын барлық ойын айтып үлгермейді.

Ойлаудың патологиялық баяулауында ойлардың пайда болуы мен өтуі қиындыққа соғады. Бұл жағдайда ауру қойылған сұраққа баяу, аз сөзбен жауап береді. Ойлау бұзылуының бұл түрі көңіл-күй төмендегенде жиі кездеседі.

Ойлаудың үзілуі—аурудың сөйлем кұрылымындағы
логикалық байланыстың болмауы.

Ауру әңгіменің алғашқы бірнеше сұрағына ұрыс жауап беруі мүмкін.


Онан соң сөйлеуінің мәні болмайды.

Сөйлемдегі сөздердің арасындағы дұрыс байланыс сақталуы мүмкін.


Ойлаудың мұндай бұзылуы шизофренияда жиі кезде
седі.

Ойлаудың қисынсыздығында аурудың сезінде мән де грамматикалық байланыста болмайды. Бұл жағдайда ауру адамның сейлемі жеке сездерден не буындардан кұрылады. Ойлаудың қисынсыздығы ой алжасуында, (сананың бұзылуында) жұқпалы аурулар кезінде болады.

{ Ойлаудың персерверациясы — ұзақ уақыт бір ойдың басым болуы. Мұндай жағдайда ауру бірінші сұраққа дұрыс жауап беріп, келесі сұрақтарға сол жауабын айта береді. Мұндай көрініс мас адамдарда болады. Мидың тамырлары зақымданған ауру адам сұрақтарға былай жауап береді:

Фамилияңыз кім?—Иванов. Атыңыз кім?—Иванов. Қайда тұрасыз?— Иванов. Ойлаудың бұзылуы ретінде есиетшілдікті айтуға болады. Өсиетшілдік дегеніміз — жеміссіз данасыну. Ауру адамның сөйлемі дұрыс, шексіз болуы мүмкін, бірақ еш мағынасыз болады.



Ойлаудың толықтылығы— езгерудің бір түрі болып саналады. Басқаша айтқанда, ойлаудың патологиялық жабысқақтығы, зорға жылжуы. Мұндай жағдайда аурудың сөздерінен бастысын және болмашыларын айыру қиын. Қойылған сұрақтарға бірден жауап бермей, алыстан бастап, керексіз болмашы заттарға тоқталады. Қояншық аурумен ауырған әйел алғашқы рет талмаңыз қашан болды деген сұраққа былай жауап береді: «1963 жылдың маусымында мен ерте тұрдым, ауа райы жақсы еді. Өзімнің Нюра, деген досыма бардым. Ол базарға баруға киініп жатыр екен. Біз сөйлескеннен соң көшеге шықтық. Нюра трамвайға отырып базарға кетті. Мен дүкенге нан алуға бардым. Кезекте 5—6 адам тұрды, мен нан алдым. Менің бір сомым бар еді, маған 84 тиын қайырып берді. Нанды сеткаға салып, дүкеннен шықтым. Қөпірге жеткенде мен талып қалдым». Сұраққа жауап берердің алдында ауру әйел мардымсыз нәрселерге көп тоқталды.

Ойлаудың мұндай бұзылуы қояншық және жасқа байланысты психоздарда, сандырақ ауру адамдарда болады. Қейде ауру бүгінгі күн лексиконында жоқ сөздерді қолданады. Мысалы, «жалған адам», «камнит», «зарумбование» т. б. Бұл неологизмдер деп аталады. Шизофрения сияқты аурумен ауырған адамдар баста ойдың жоғын, ойлардың үзілгенін айтады. Қейде олар ойлардың көптігінен бастың керілгенін айтады. Мұндай ойлардың көбеюін ментизм құбылысы дейді.



Балалар мен жасөспірімдер ойлауының бұзылуы.

Балалардың сандырағы.

Балалар сандырағының ерекшелігі оларда мидың жетілмеуімен байланысты. Бала өскен сайын аурудың белгілері күрделене түседі. Жыныстық (пубертаттық) жетілуге дейін балаларда сандырақ ойлар сирек кездеседі. Мұндай жағдайдағы сандырақта сана бұзылады, мысалы, жұқпалы ауруларда. Сана сақталған кездегі сандырақ жұрнақты (рудиментті) түрінде, жүйесіз болады. Балалардың жұрнақты сандырағы себепсіз, айналадағыларға түсініксіз қорқыныш ретінде болады. Қорқыныш мезгіл-мезгіл пайда болады. Қейбір жағдайда сандырақ күштірек білінеді. Осы кезде ауру абдырап, қорқыныш күдік туып айналадағының бәрінің езіне қатынасы бардай сезінеді.

Кейін онда сандырақ ойлар дамып, соның әсерінен улану, азаптану және жануарларға ауысу сияқты ойлар болады. Сандырақ калыптасудың алдында патологиялық қиялдар болады. Балалардың қалыпты жағдайында да киялдар болады. Қиялдар ойын кезінде біліп-тану үшін керек. Қалыпты қиял кезінде балалар айналадағы шындықпен елесті ажырата алады (мысалы ойнаған кезде атты таяқтан ажыратады, ол «ат сияқты» дейді). Патологиялық қиялда бала айналадағы шын әлем мен қиялдың арасындағы байланысты жоғалтады. Ол «шындық әлемнің қонағы» (Т. П. Симсон). Сандырақ қиялдардың агрессивті болуы балалар шизофрениясына тән. Бала өзін жендет деп санап, адамдар мен жануарларды қорлағаны туралы айтады. Немесе ол түн сайын зиратқа барып, әлген адамдарды қазып алып, бұзақылармен байланысты екенін айтады. Бала қиялы бейнеге айналады.

Қияли ойлар сандырақ ойлар емес. Оларды реттеуге болады. Қелешекте сандырақ тәрізді ойлар сандырақ ойларға ауысуы мүмкін (шизофренияда). Бала кездегі қиялдың мазмұны организмнің ауырғанымен байланысты. Бұл жағдайда сезімдік қиял болады. Жиі осындай сандырақ ойлар ипохондриялық түрінде болады. Мысалы, балалар ішкі ағзаларда ауыруы болмаса да ас өтпейді, жүрек ауырады деген шағымдар айтады.

Пубертаттық кезеңде сандырақ ойлар қалыптасқан болады. Осы ойлар айналадағымен байланысты нақтылы болады. Жасөспірімдер арасындағы сандырақ ойлардың түрі ретінде ұзақ уақыт бойы тамақтан бас тартуы (психикалық анорексия). Олар әздерін «семізбіз» деп санайды. Сондықтан кейде олар өте жүдейді. Тәуліктік рационнан көптеген тағамдар алынып тасталынады. Ауру езін құстырады. Тәбеті бола тұра, астан бас тартады.

Пубертаттық кезенде өзінің әке-шешесін өгейсіну сандырағы (бред чужих родителей) болады. Жасөспірім өзінің ата-анасына себепсіз теріс қарайды, әсіресе шешесіне. Оларға жау ретінде карайды. Ата-анасы бөтен адамдар деген ой туады. Осыған байланысты жас-өспірімнің мінез-құлқы өзгереді. Мұндай сандырақ ойлар тұрақты болғандықтан емдеу қиындыққа түседі.

Жалпы балалар мен жасөспірімдер сандырағының қалыптасуында қиялдың орны ерекше. Сол себептен сандырақтың негізінде кітаптан окыған, кинодан көрген уақиғалар орын алады.

Жасөспірімдерде денесінің құрылысына байланысты өте құнды ойлар туады. Паронойяльдық сандырақ кезінде балалардың ықыласы тек бір нәрсеге ауады. Мысалы электрмен байланысты картиналарды, шамдарды, сымдарды, жинайды. Мұндай жағдай күн сайын, айлап, жылдап болады (шизофренияға тән).
Жыныстық, тағмдық және өзін сақтау инстинктерге байланысты әрекеттің бұзылуы үш топқа бөлінеді.

Жыныстық инстинктің бұзылуы гомосексуализм, садизм, мазохизм және т. б. түрінде білінеді.

Гомосексуализм — ер адамның еркекке, әйелдің әйелге құштарлығы. Басқаша айтқанда бір жынысты жандардың бір-біріне құштарлығы.

Садизм — басқа адамды зақымдандыру арқылы өзінің жыныстық құштарлығын қамтамасыз ету.

Мазохизм — өзін зақымдандыру арқылы жыныстық құштарлықты қанағаттандыру.

Тағамдық инстиктің бұзылуы



Анорексия — тәбеттің болмауы және тағамнан бас тарту. Бұл жағдайда асқазан ауырмайды.

Булимия (мешкейлік)—ауру адамның тәбеті жоғарылап, тойғанын сезінбей тағамды көп мөлшерде қабылдауы. Жеуге жарамайтын заттарды, кейде өзінің нәжісін жеу, тағамдық инстинктің бұрмалануы болады.

Өзін сақтау икстиктінің бұзылуы кәтеріңкі не төменгі болады.



Қөтеріңкі сақтау инстинктінде үрку, қорқу үрейлері басым болады.

Төменгі сақтау инстинктінде адамның емір сүргісі келмейтіні туралы ой мен әрекеттері болады. Сондықтан өзін-өзі жарақаттап не өлтіруі мүмкін.

Қарқынды әрекеттің бұзылуы шизофрения, психопатия сияқты психикалық және мидың органикалық зақымдануында кездеседі.

Бапалардағы әуестіктің бұзылуы

Балалар әуестігінің бұзылуындағы тәжірибеде кеңіл аударатын белгілері:



Дромомания — орын ауыстыруға, саяхаттыққа, қаңғыбастыққа деген мезгіл-мезгіл пайда болатын әуестік. Осы әуестік пайда болғанда балалар артын ойламай, кез-келген уақытта үйінен кашып, бірнеше сағат, күн, апта қаңғырып жүреді. Балалар өмірінде мұндай әуес-тік жиі кездеседі.

Жыныстық әуестіктің бұзылуына мастурбация жатады. Ол (жыныстық жағынан өзін өзі қанағаттандыру). Кішкене балаларда мастурбация шын мәнінде жыныс-тық қатынастардың, сезімнің бұзылуынан емес. Ол таза киімі болмағандықтан, құрт ауруларымен зақымданған-дықтан болады. Осы айтылғанға байланысты педиатр бала бақшаларында мастурбация болдырмайтыи шара-ларды қолданып, ал мектепте — оқушыларға жыныстық т-әрбие беру керек.

Жыныстық әуестену олигофрения, шизофрения, пси-хопатия сияқты психикалық ауруларда не көтеріңкі не темендеу болады.



Психикалық анорексия синдромы — езінің асқаза-нында және басқа мүшелерінде өзгерістер болмаса да тағамнан бас тарту. Сәбилерді дұрыс . тамақтандырма-ғанда анорексия пайда болуы мүмкін. Қыз балаларда «анорексия» ездерінің толық екені туралы ойлаудан пайда болады. Бұл жағдайда тәбеті толығынаң жойыл-мағандыктан анорексия орын алмайды. Мұнда қарны ашқан соң тағам қабылдағысы келеді, бірақ бұл сезім жасанды түрде тежеледі. Психикалық анорексия сиңдро-мы білініп тұрғанда психикалық аурудың алдын алу үшін адамды психиатрға көрсету керек.

Булимия (мешкейлік) миы органикалық түрде за-қымданған, ақылы кем балаларда кездеседі.

Организмде минералдық заттар жетіспегенде дені сау балалар тағамға деген әуестігі бұрмаланғандықтан, кұм, сары топырақ, бор-жейді.

Өзін сақтау инстинктінің төмендеуі өзіне қауіптілі-гін сезбейтін олигофрения мен дементтік сияқты психи-калық ауруларда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет