Кристаллографияның құрылымдық негізі Құрылымдық кристаллографияның элементтері Рентген сәулелерінің физикасы



бет17/17
Дата19.12.2023
өлшемі2.31 Mb.
#487022
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
рентген сессия сұрақтары 15,12

Сипаттамалық рентген сәулесі

Тежеулік рентген сәулесі анодпен соқтығысатын электрондардың энергиясына ғана тәуелді болады. Сонымен қатар анодтың материалына да тәуелді рентген сәулесі болады. Егер анодпен соқтығысқан электрондардың энергиясы атомның ішкі электрондық қабатынан электронды ұрып шығаруға жеткілікті болса, онда ондай рентген сәулесі сипаттамалық рентген сәулесі болады. Сипаттамалық рентген сәулесінің спектрі сызықты болады. Сол сызықтардың жиілігі анодтың материалына тәуелді болады.
Сипаттамалық рентген сәулесі өте қарапайым. Олар K, L, M және О әріптерімен белгіленген (3-сурет) бірнеше сериялардан тұрады. Әр серияның өзіне тән жиіліктеріне сәйкес келетін , ,  т.с.с. сызықтары болады.

Атомның ішкі электрондық қабатындағы бір электронның қашықтауы сол атомды қоздырады да, сипаттамалық рентген сәулесін тудырады. Егер К-қабатындағы екі электронның бірі босап шықса, онда оның орнына кез келген сыртқы қабаттан (K, L, M және т.б.) босаған электрон өтеді. Соның нәтижесінде К-сериясы пайда болады. К –сериясы басқа сериялармен қатар жүреді. Себебі жоғарғы электрондық қабаттан босаған электронның орнына басқа деңгейлердегі (K, L, M және т.б.) электрондар ауысады. Ол электронның орнына басқа электрон келеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет