Кристаллографияның құрылымдық негізі Құрылымдық кристаллографияның элементтері Рентген сәулелерінің физикасы


Рентгенограмма бойынша заттарды автоматты анықтау (идентификация) схемасы



бет10/17
Дата19.12.2023
өлшемі2.31 Mb.
#487022
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
рентген сессия сұрақтары 15,12

93 Рентгенограмма бойынша заттарды автоматты анықтау (идентификация) схемасы
Стандарттар спектрінде ақпарттық сызықтар кешенінің үлгілер спектрінде болуы іздестірудің стратегиясын – анықтаудың екі сатылы түрін таңдап алуды анықтады. Мүмкін болатын үлгілерді іздестірудің бірінші сатысы – интенсивтілігі аса күшті сарапталатын нұсқаның рефлекстерін ақпараттық сызықтардың көрсеткіштегі сызықтарымен салыстырады. Бұл карточканың реттік санын және үлгілер кестесін анықтау үшін қолданылады. Екінші сатыда үлгі мен сарапталатын нұсқаның толық спектрлері салыстырылады; мұнда үлгі мен сарапталатын нұсқаның спектрлік сызықтары бір-бірінен елеулі айырмашылықтары болуы мүмкін. Сонымен қатар үлгілер мен сарапталынатын нұсқалардың рентгенограммасында рефлекстер интенсивтілігінің бөлектенуі мүмкін, яғни көрсеткіші (кілт) бойынша салыстырғанда ықтимал үлгі дұрыс анықталғанның өзінде, рефлекстің кейбір бөліктері ғана сәйкес келеді. Бұл мәеленің шешілуін қиындата түседі. Мұнда сараптаушы қосымша ақпартты ескеруі керек. Оған нұсқаның элементтік құрамы және басқадай қасиеттері жатады. Рентгенографиялық фазалық сараптаманың стратегиясының сызбасы 40-суретте көрсетілген.
Ақпараттық базада карточкалар санының көп болуы анықтау процесін ұзаққа созады. Сонымен қатар анықтаудың нәтижесі және қортындылар сараптаушының дағдылануына және оның шеберлігіне байланысты болғандықтан, қортынды нақты болмауы мүмкін. Бірақ сарапталынатын заттардың ұнтақтық дифракциялық спектрлері бойынша қолмен анықтау әдістемесі болашақта қолданыла береді. Ол әсіресе көрнекі өлшенетін мәліметтер үшін қолайлы. Сондықтан РФА-ның дамуының табиғи сатысы болып анықтаудың автоматтандырылған жүйесін электрондық есептеуіш машинасының негізінде құру болып табылады.
Ұнтақтық дифракциялық стандартардың мәліметтер қоры өскен сайын РФА жұмысы өнімсіз болып, ал сарапталынатын нұсқаның ықтимал стандартын іздестіру ұзаққа созылатындығы соншалық, тіпті осы әдістің экономикалық тиімділігі (рентабельность) туралы мәселе қойылады, РФА-ны автоматтандыру мәселесі туындады.




39-сурет. Ықтимал стандарттарды іздестіру-таңдаудың стратегиялық сызбасы





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет