Кудушева нургайша ахметжановна


ЖОО СТУДЕНТТЕРІНІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ӨЗІНДІК ТИІМДІЛІГІ ДАМУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ



бет20/49
Дата06.10.2024
өлшемі1.32 Mb.
#504360
түріДиссертация
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49
kudusheva-n-a-phd-s-sp-dorabotka

2 ЖОО СТУДЕНТТЕРІНІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ӨЗІНДІК ТИІМДІЛІГІ ДАМУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Бұл бөлімде зерттеу бағдарламасы келтіріледі. Зерттеудің мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері мен болжамы тұжырымдалады. Зерттеу әдістемелері, таңдау сипаттамалары, сондай-ақ алынған деректердің интерпретациясы келтіріледі.


2.1 Зерттеу бағдарламасы
ЖОО студенттерінің тұлғалық өзіндік тиімділігі дамуының психологиялық ерекшеліктеріне диссертациялық зерттеуді ұйымдастыру үшін 4 кезеңнен тұратын зерттеу бағдарламасы әзірленді.
Бірінші кезең – әдіснамалық тұлғалық өзіндік тиімділікті зерттеу бағытын анықтаудан, өзіндік тиімділік мәселесіне негізгі тәсілдерді қарастырудан, өзіндік тиімділік құрылымын және оған әсер ететін факторларды сипаттаудан, тұлғалық өзіндік тиімділігінің даму ерекшеліктерін және оның студенттік жаста көрінуін анықтаудан, әдіснамалық аппаратты (нысаны, пәні, мақсатын, міндеттерді және зерттеу болжамдарын) әзірлеуден тұрды.
Екінші кезең – психодиагностикалық сауалнаманы ұйымдастыру, зерттеу үлгісін анықтау, диагностикалық зерттеу жүргізу әдістерін таңдау, Google Forms платформасы арқылы тестілеу жүргізілу.
Өзіндік тиімділікті зерттеу үшін 2 сауалнама қолданылды: жалпы өзіндік тиімділігі шкаласы (Р. Шварцер, М. Ерусалем, В. Ромекпен бейімделген нұсқасы) және өзіндік тиімділік шкаласы (SES) Шерер, Мэддокс;
–Мотивациялық процестер академиялық мотивация шкаласы (қысқар. AMШ, ағылшын. The Academic Motivation Scale, қысқ. AMS);
–Реттеушілік процестер өзін-өзі қадағалаудың қысқаша шкаласы Дж. Тэнгни, Р. Баумайстер, А.Л. Бун және Е.Ю. Мандрикованың іс-әрекетте өзін-өзі ұйымдастыру сауалнамасы;
–Аффективтік процестер К. Риффтің «Психологиялық әл-ауқат шкаласы» арқылы зерттелді.
Үшінші кезең – статистикалық техникалық сипатта болды, кодтау кестесін құрумен, қолданылатын әдістердің шкалалары бойынша шикі ұпайларды есептеу формулаларын жазумен, сипаттамалық статистиканы талдаумен, гистограммалар мен диаграммаларды құрумен, салыстырмалы, корреляциялық және кластерлік талдауды жүргізумен, алынған кестелерді редакциялаумен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет