Кудушева нургайша ахметжановна



бет22/49
Дата06.10.2024
өлшемі1.32 Mb.
#504360
түріДиссертация
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49
kudusheva-n-a-phd-s-sp-dorabotka

Мотивациялық процестер: танымдық мотивация, жетістікке жету мотивациясы, өзін-өзі дамыту мотивациясы, өзін құрметтеу мотивациясы, интроекциялық мотивация, экстерналды мотивация, амотивация.
Реттеушілік процестер: өзін қадағалау, жоспар қоя білушілік, мақсаттылық, табандылық, фиксация, өзін-өзі ұйымдастыру, осы шаққа бағдарланушылық.
Аффективтік процестер: оң қатынастар, автономия, ортаны меңгеру, тұлғалық өсу, өмірдегі мақсаткерлік, өзін-өзі қабылдау, психологиялық әл-ауқат.
Зерттеудің мақсаты – өзіндік тиімділік феноменін және оның студенттік кезеңдегі тұлғаның жүйелік сапасы ретіндегі даму ерекшеліктерін, оны оқыту және еңбек нарығы мен өмірдегі жетістік үшін ресурс ретінде зерттеу.
Зерттеу нысаны – қазіргі кезеңдегі студенттердің тұлғалық өзіндік тиімділік процесі.
Зерттеу пәні – студенттердің тұлғалық өзіндік тиімділігі дамуының психологиялық ерекшеліктері.
Зерттеудің негізгі болжамы: студенттер арасында жүйелік сапа ретінде тұлғалық өзіндік тиімділігінің дамуы негізгі психикалық процестермен байланысты: мотивациялық, реттеушілік және аффективтік.
Зерттеудің жеке болжамдары:

  1. Жетістікке жету мотивациясы, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі дамыту және танымдық мотивация – бұл студенттерде тұлғалық өзіндік тиімділіктің жоғары деңгейін қалыптастыруға себеп болатын мотивациялық процестер.

  2. Тұлғаның өзіндік тиімділігінің жоғары деңгейі өзін-өзі реттеу процестерінің өзін құрметтеу, жоспар қоя білушілік, мақсаткерлік, табандылық, осы шаққа бағдарланушылық сияқты компоненттерінің дамуымен байланысты.

  3. Өзін қабылдау, оң қатынастар, психологиялық әл-ауқат студенттердің бойында тұлғалық өзіндік тиімділігінің жоғары деңгейін қалыптастыруды анықтайтын аффективтік процестер.

  4. Өзіндік тиімділігі жоғары студент жастар мотивациялық, реттеушілік және аффективтік процестердің дамуының жоғары деңгейімен сипатталады.

  5. Студенттердің білім беру ортасының жағдайлары өзіндік тиімділікті дамытуға әсер етеді.

Қойылған мақсатқа жету және алға қойылған болжамдарды тексеру бірқатар теориялық және эмпирикалық зерттеу міндеттерін шешуді талап етті:

  1. Теориялық талдау негізінде ғылыми әдебиеттердегі «өзіндік тиімділік» феноменінің психологиялық мазмұнын ашу және өзіндік анықтама беру.

  2. Тұлғаның интегративті өзін-өзі реттеу жүйесіндегі тұлғалық өзіндік тиімділік ерекшеліктерін және оның дамуын анықтайтын негізгі психикалық процестерді анықтау.

  3. ЖОО, оқу курсы және мамандық сияқты білім беру ортасының әртүрлі жағдайларында тұлғаның өзіндік тиімділігінің көріну ерекшеліктерін зерттеу.

  4. Тұлғалық өзіндік тиімділігін мотивациялық, реттеушілік және аффективтік психикалық процестермен байланысын зерттеу және талдау.

  5. Эмпирикалық зерттеу көрсеткіштерін сандық-сапалық талдау және зерттеу нәтижелерін қорытындылау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет