Курсы бойынша студенттердің алған білімдерін тексеру мақсатында тест тапсырмалары берілген. Еңбекті студенттер мен мектеп мұғалімдері оқу құралы ретінде пайдалануына болады



Pdf көрінісі
бет38/66
Дата21.11.2023
өлшемі0.94 Mb.
#483900
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   66
Kazak tili okytu adistemesi Orazbaeva

 
Семинар сабақтарының тақырыптары 
Сӛз таптарын оқыту 
1. Сӛз тұлғасын оқыту 
2. Зат есімді оқыту 
3. Сын есімді оқыту 
4. Сан есімді оқыту 
5. Есімдікті оқыту 
6. Етістікті оқыту 
7. Үстеуді оқыту 
8. Еліктеу сӛзді оқыту 
9. Одағайды оқыту 
10. Шылауды оқыту 
Студенттердің ӛздік жұмыстары 
 
1. Грамматиканы оқытудың мақсаты неде? Морфологияны 
оқытуға қатысты еңбектерге талдау жасаңыз 
2. Зат есімнің сӛйлемдегі қызметін қалай оқытасыз, үлгісін 
ұсыныңыз. 
3. Қатыстық және сапалық сын есімдерді қалай меңгертуге 
болады? Бір сабақтың сабақ жоспарын жасаңыз 
 
Студенттердің оқытушымен бірлескен ӛздік жұмыстары 
 
1. Морфологиялық талдауды қалай жүргізесіз? Сатылай 
кешенді талдауды қалай қолданасыз, бірнеше сӛйлемге 
талдау жасап кӛрсетіңіз. 
2.  ―Осы шақты оқыту‖ тақырыбына сабақ жоспарын 
жасаңыз. 


106 
3. Қазақ тіліндегі жалғауларды меңгерту барысында 
қолданылатын бірнеше кӛрнекі құралдардың үлгісін 
дайындаңыз. 
Тапсырмалар 
1-тапсырма 
 
Мәтіннен 
зат 
есімдерді 
тауып, 
сӛз 
құрамына 
талдаңыздар. Зат есімді қалай үйретесіз, айтып беріңіз 
 
Әнұран 
 
Әнұраным –жан ұраным, 
Айтар әнім, сӛйлер сӛзім. 
Ол әні ғой жүрегімнің, 
Мың қайталап айтам мұны. 
Бүкіл халық қосылып айтқан, 
Әннен күшті немене бар. 
Бақыт-бірлік –күн талабы. 
Тоқтамайды дабыр әні. 
Мәңгі бақи шырқалады 
Республикам Әнұраны! 
(Т.Молд.) 
2-тапсырма 
 
Бірнеше дыбыстардан сӛздер құрастырыңыз. Мұны 
сабақтың қай кезеңінде қолдануға болатынын айтыңыз. 
3-тапсырма
Септік жалғауының қай сӛз табына жалғанғанын 
кӛрсетіп, жасырын септіктің себебін түсіндіріңіз, септік 
қандай қосымшадан кейін жалғанып тұрғанын оқушыға 
қалай түсіндіресіз. 
Келген күннің ертеңінде Абай шешесімен ұзақ 
әңгімелесіп отырып, ӛздері кеткеннен бергі ел ішіндегі 
жаңалықтарды есітті. Сол әңгімелерге қарағанда Құнанбай 
жиын жиып, тынымсыз қимыл үстінде екен. Алғаш келген 
кезегі кӛкқасқа, ақсарбас сойылған топтардан басқа, кейін 
де талай әңгіме дүкен құрыпты. Біреуге сый беріп, біреуге 
серт, уәде беріп, кейбіреулерді салқын ызғар, сәлем хатпен 
тартып, әйтеуір бір ай шамасында талай туды қайырып


107 
баурап апты. Сол ретпен анықтап кеп, қолтығына кірген 
Қаратай сияқты белділер бар. Бұрын ара ағайын боп, сулық 
тартып жүрген рудың кӛбін де жақынырақ тартқан 
тәрізді. Қысқасы, ел сыртқа шығуға бет алып, қыстау-
қыстау тұсынан ӛтер кезде, Құнанбай қарсысында қалған 
шалғай топ, белгілі үш-тӛрт қана ру бопты. (М.Ә.). 
4-тапсырма
Етістіктің 
астын 
сызып, 
оның 
мағыналық, 
морфологиялық белгісін кӛрсетіңіз. Етістікті оқытуда 
қолданылатын бірнеше сызба мен кестенің үлгісін жасаңыз. 
Бала жігіт бұйрықты екі етпеді. Үн-түнсіз бұрылды да, 
ӛз үйіне жүгіре берді. Аздан кейін ол қараңғы түннің тас 
қойнына еніп жоғалып кетті де, Ахметше тұсаумен байлай 
салған сықырлауықты босатып, қос босағаның етек киізін 
шешіп, тӛмен ысырып жіберді. Ӛзі үйге кірді. Кӛз бӛгер 
жасау-жиһаз жоқ үйдің ішінде ұзақ отырып, сахар 
алдындағы тауық шақырғаннан кейін, үйіне қайтты. (Х.Е.). 
5-тапсырма
Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, сын
есімді оқытуға байланысты сабақ жоспарын жасаңыз. 
6-тапсырма
Тӛмендегі берілген үлгі бойынша сӛйлемге сатылай талдау 
жасаңыз, оқушыларға меңгертудің жолдарын ұсыныңыз. 
/Н.Оразықынова.Ж.Исаева.Г.Сүлеева. Қазақ тілі (сӛзжасам, 
морфология) А.,Арыс,2004/ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет