Курсы бойынша студенттердің алған білімдерін тексеру мақсатында тест тапсырмалары берілген. Еңбекті студенттер мен мектеп мұғалімдері оқу құралы ретінде пайдалануына болады



Pdf көрінісі
бет51/66
Дата21.11.2023
өлшемі0.94 Mb.
#483900
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   66
Kazak tili okytu adistemesi Orazbaeva

Қажетті әдебиеттер 
1. 
Мұсабекова Ф. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір 
мәселелері. Алматы: Мектеп, 1959 
2. 
Ш.Сарыбаев. 
Қазақ 
тілі 
методикасының 
кейбір 
мәселелері.1956. 
3. 
Қ.Исабаев. Мектепте фонетиканы оқыту.1976. 
4. 
Қ.Тұрғанов. Мектепте фонетиканы оқыту. 1975. 
5. 
Бейсембаева З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. 2002. 
6. 
Б.Құлмағамбетова. Қазақ тілін оқыту методикасы.1988. 
7. 
Х.Арғынов. Қазақ тілі синтаксисінің методикасының 
негіздері .-Алматы: Мектеп,1969
8. 
С.Қазыбаев. Құрмалас сӛйлемдер кестесі. Алматы, 
Рауан.1993 


132 
9. 
Б.Құлмағанбетова. Құрмалас сӛйлемді оқытудың кейбір 
мәселелері. Алматы, 1963. 
 
Тіл мәдениеті, оқушылардың сӛйлеу мәдениетін 
қалыптастыру және тіл дамыту жұмыстары 
 
Тіл, сӛйлеу мәдениеті дегендер кӛп ұғымды қамтиды. Ең 
алдымен, бұл – адамдардың тілді дұрыс қолдануы деген сӛз. 
Ашып айтсақ, бұған білдірмек ойға сӛздерді сай етіп дұрыс, 
дәл таңдай білу, ой мен сӛздің құр дәлдігін табу емес, 
сонымен қатар сӛздердің тыңдаушыға (оқушыға) әсер 
ететіндей орынды, кӛркем варианттарын тауып қолдану 
жатады. Сондай-ақ сӛздерді бір-бірімен дұрыс байланыстыра 
білу, дұрыс орналастыра білу де, сӛйлемдерді тым 
шұбалаңқы, түсінуге ауыр тиетін етіп те емес, тым 
қарапайым келте етіп те емес, дұрыс құрастыра білу де - тіл, 
сӛйлеу мәдениетіне қатысты жайттар. Ғасырлар бойы 
қалыптасқан фразаларды (тұрақты сӛз тіркестерін), мақал-
мәтелдерді әрі орынды, әрі бұзбай, мағыналарын дәл түсініп 
пайдалану да – тіл мәдениетін кӛтерудің бір шарты. [56.5].
Стилистиканың лингвистикалық міндеті стильдік әсердің 
ӛзін емес, сол әсерді туғызатын тілдік тұлғаларды зерттеу 
болып табылады. Стилистиканы оқытуды жоспарлағанда 
мұғалім стилистикалық қателердің түрлерін, олардың 
кӛпшілікке ортақ топтарын айқындап алу, оқушыларға 
стилистикалық талдаулар жасату, сӛйлемдер мен қысқа 
мәтіндер, 
стилистикалық 
диктанттар 
жазғызу 
т.б. 
жұмыстарды саралап алғаны жӛн. 
Стилистика қағидаларын меңгерткенде мұғалім жеке 
адамның ӛзіне тән лексикасы болатынын, кейбіреудің сӛздік 
қоры бай, ал біреулердің сӛздік қоры аз болатынын да айтып 
ӛткені дұрыс. Әр адамның сӛйлеу мәнері, сӛз екпін түсіріп 
айтудың ӛзіндік дағдысын қалыптастыратынын, кӛркем 
әдебиеттің әр жанрына тән стильдік ерекшеліктердің 
болатынын назарда ұстауы қажет. Оқушыларға стильдік 
түрлеріне байланысты әр түрлі жұмыстар орындату керек. 


133 
Тілдік суреттеме құралдарының /теңеу, эпитет, метафора, 
метонимия/ мәнісін мысалдарды саластыру арқылы білдіруге 
болады: 
Жылқының тұлпары - талаптың тұлпары; Респблика 
сарайы - ӛмір сарайы, ой сарайы; есіктің кілті – дүниенің 
кілті, жүректің кілті;
Тілдік кӛркемдегіш құралдарын /гипербола, литота, 
грация, перифраз, қайталау, инверция, антитеза т.б./ да 
салыстыра түсіндірген тиімді. 
Оқушыларға бірнеше тіркестер беріп, мысалы жылы 
жүрек, шыбын құрлы кӛрмеді т.б. жай сӛйлем, құрмалас 
сӛйлем, мәтін құратуға болады. 
Мұғалім 
сӛйлеу 
мен 
жазудың 
түрлі 
стильдік 
ерекшеліктеріне тән тілдік қолданыстар туралы ұғымды тіл 
дамыту кезінде жүргізілетін тапсырмалар арқылы кеңейтіп 
отыруы қажет. Тілдік тәсілдерді, стильдік құбылыстарды 
дұрыс, орынды қолдану арқылы сауатты сӛйлеуге, ой 
дәлдігіне, сӛйлеу әдептілігіне үйретіп, дағдыландырады. 
Сӛйлеу мәдениетін арттырады. 
Әр типтегі шығарма, мазмұндама жазуға жаттықтыру 
арқылы жазбаша жұмыстың мазмұн, идеясымен қатар ондағы 
тілдік фактілерге назар аудартады. Сӛз тіркестерін кӛркем 
қиыстырып, сӛйлемдерді стильдік жағынан мінсіз құра білуге 
үйретеді. Жазу жұмысында орфографиялық, пунктуациялық 
сауаттылықты арттырады.

Тіл дамыту- қазақ тілін оқытудың, білім мен тәрбие 
берудің ең маңызды да салмақты мәселесі. Ол арқылы 
жасӛскінді тіл ӛнеріне баулу, туған тілінің қыры мен сырын 
терең меңгерту, ойын жатық та кӛркем етіп жеткізе білу, 
мәдениетті де сауатты жаза білу әрекеттері жүзеге асады.
Тіл дамыту жұмыстарын оңтайлы жүргізу үшін 
мұғалімнің лингвистика саласынан терең білімі ғана емес, 
психология, педагогика саласынан да терең білімі болуы 
керек. Тіл дамыту ең алдымен тіл ғылымы саласынан 
берілетін білімге тікелей байланысты жүруі керек.
Мұғалімдер 
тіл 
дамыту 
жолдарынан 
ізденгендеоқушының жеке бас ерекшелігін, ол жұмыстың 
қиын да күрделі мәселелерін есепке алады. Әсіресе, тіл 


134 
дамытудың маңызды бір бӛлігі әдемі де сауатты жазу екеніне 
ерекше назар аударады. Сӛйлеу мәдениетіне баулумен қатар, 
жазу мәдениеті, сауаттылыққа баулу іс-әрекеттері – тіл 
дамытудың ажырамас бірлігі.
Ал сӛйлеу мәдениеті орфоэпия заңдылықтарын толық 
меңгеруді талап етсе, жазу мәдениеті емле, тыныс белгелерін 
толық меңгеруді керексінеді. Бұл жерде жазу мәдениетінің 
ӛзідік ерекшелігін ажырата білу керек. Дұрыс сӛйлеу, оны 
дұрыс жаза білудің ӛз әдістері, тәсілдері бар. Тіл дамыту іс-
әрекетінде осы мәселелерді түйістіре білгенде, ортақ тиімді 
технологиясынан іздене білгенде ғана нақты нәтижеге жетуге 
болады. Шебер де жатық сӛйлеу үшін әдеби тіл нормаларын, 
заңдылықтарын білу керек, оны меңгеру керек.
Қазіргі білім беру талаптары тіл дамыту жұмыстарына 
жаңа 
мақсат, 
жаңа 
міндет 
жүктейді. 
Оқытуды 
технологияландыру тіл дамыту жұмыстарын репродуктивті 
тәсіл емес, эвристикалық, шығармашылық, яғни продуктивті 
тәсілдермен жүргізілуі керек. Оқушылардың тілін дамытуға 
негізделген шығармашылық тапсырмалардың маңызын 
тӛмендегідей саралауға болады: 
- шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім 
деңгейін оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге 
дейін кӛтеруге жол ашады; 

шығармашылық тапсырмалар жүйесін оқушылардың 
ӛздері таңдап алады, қалауларына ерік беріледі; 

шығармашылық 
тапсырмалар 
оқушыларды 
ізденпаздыққа, ситуацияны ӛз беттерімен шешуге, мақсаттан 
шыға білуге дағдыландырады, жеке тұлғалық қасиетін 
қалыптастырады; 

модель, жоба жасап, болжамдар ұсынап, оны қорғайды, 
дәлелдейді, білуге дағдыланады. 
Тіл 
дамыту жұмыстары бүгінгі таңдағы сабаққа 
қойылатын талап негізінде жүргізілуі қажет. Тіл дамыту 
жұмыстарын әр сабақта ӛтіліп жатқан тақырыпқа сай 
жүргізіп отырған жӛн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет