Курсы бойынша студенттердің алған білімдерін тексеру мақсатында тест тапсырмалары берілген. Еңбекті студенттер мен мектеп мұғалімдері оқу құралы ретінде пайдалануына болады



Pdf көрінісі
бет20/66
Дата21.11.2023
өлшемі0.94 Mb.
#483900
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   66
Kazak tili okytu adistemesi Orazbaeva

Тiке байланыс ұстанымы бойынша оқыту процесi 
адамдардың тек тiкелей жүздесуi, сӛйлесуi, ӛзара қарым-
қатынасы арқылы болады. Бұл – қатысымдық әдiс арқылы 
ғана жүзеге асатын ерекшелiк. Ӛйткенi тiлдiк қатынастың ӛзi 
адамзаттың 
бiр-бiрiмен 
тiкелей 
қарым-қатынасына, 
пiкiрлеуісiне, 
сӛйлесуiне 
негiзделген. 
Сондықтан 
қатысымдық әдiстi қолданудың басты шарты – бүкiл оқыту 
жүйесiнiң тiкелей байланыс арқылы мүмкiндiгiнше жиi 
болуы. 
Сонымен қатар сабақ жүргiзу аудиторияда, одан тыс 
жерлерде және қандай жағдайда болсын бiржақты /тек 
оқушы арқылы, не оқытушының жеке ӛзi арқылы болмайды/ 
емес, тек екi жақтан бiрдей болатын /оқушы мен 
оқытушының, үйренушi мен үйретушiнiң қатар iс-әрекетi 
арқылы/ қатынас арқылы болады. Рас, кейде ол байланыс 
қосымша түрде болуы мүмкiн. Мысалы, берiлген 
тапсырмалар арқылы, ӛз бетiнше жұмыс нәтижесiнде жүзеге 
асады. 
Тiке байланыс ұстанымы сабақ үстiнде ғана емес, ӛмiрде 
де жүрiп жатады. Ол бiр ұлт пен екiншi ұлттың адамы ортақ 
тiлде сӛйлесе бiлсе, осының ӛзі тікелей қарым-қатынасты 


64 
білдіреді. Сол себепті мұндай жағдайларды оқытушы да, 
оқушы да тиiмдi пайдалана бiлу керек. 
Тiке байланыс ұстанымының ерекшелiгi – кез келген 
жағдайды, ортаны дұрыс пайдаланып, барлық уақытта ойға 
оралған пiкiрдi сыртқа шығарып айта бiлу және оған 
қатысты жауап алу. Сӛйтiп, сӛйлесу мен түсiнiсуге жол табу. 
Адамның жеке қабiлетiн ескеру жӛнiндегi ұстаным тiке 
байланыс ұстанымына негiзделедi. Бұл қағида оқыту әдiсiнде 
тiл үйренушiнiң жеке басына тән барлық қасиеттердi 
психологиялық, педагогикалық тұрғыдан зерттеуге және 
онымен үнемi санасып отыруға негiзделедi. Барлық оқыту 
жүйесi оқушының зердесiне, ынтасына, қабiлетiне қарай 
бейiмделедi. 
Мысалы тiлге бейiм оқушыға қосымша қызықты 
тапсырмалар беру, ӛз бетiнше белгiлi бiр тақырыпты 
меңгерудiң бағыттарын ұсыну, мәтiндердi жаңа сӛздермен 
толықтырып, iзденiс арқылы жаңарту т.б. осы сияқты 
жұмыстарды орындатуға болады. 
Адамның жеке қабiлетiн ескеру оқушының iстеген 
жұмысын тексеру не бағалаған кезде оның кемшiлiктерiнен 
гӛрi жетiстiктерiне кӛбiрек кӛңiл бӛлiп отырғанды қажет 
етедi. Тiл үйренушiнiң жеткен жетiстiгiн, табысын атап ӛту 
арқылы ұстаз оның ынтасын, қабiлетiн, ӛзiне деген 
сенiмдiлiгiн арттырады. 
Бұл ұстаным – әдiстемелiк әдебиеттерде жан-жақты сӛз 
болып жүрген қағидалардың бiрi. Осыған орай оның ӛзiндiк 
белгiлерi мен түрлерi, ерекшелiктерi т.б. айқындалған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет