Курсы бойынша студенттердің алған білімдерін тексеру мақсатында тест тапсырмалары берілген. Еңбекті студенттер мен мектеп мұғалімдері оқу құралы ретінде пайдалануына болады



Pdf көрінісі
бет19/66
Дата21.11.2023
өлшемі0.94 Mb.
#483900
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66
Kazak tili okytu adistemesi Orazbaeva

 
Қажетті әдебиеттер 
1. Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту
тұжырымдамасы.Жоба.//Қазақстан мұғалімі.-1997.№14,1-б. 
2. Қазақ тілі пәніне арналған бағдарламалар. 
3. М.Жұмабаев. Педагогика.-Алматы: Рауан, 1993. 112-
4. Қ.Жарықбаев. Психология.-Алматы: Білім, 1993.–272 б. 
5.К.Д.Ушинский. Балаларды тәрбиелеу және оқыту
жӛніндегі таңдамалы пікірлері.–Алматы:ҚазМем.ОҚБ,
1951.–95 б. 
6. Е.Н.Ильин. Тіл табыса білу ӛнері. Педагогикалық ізденіс.
1. 1989. –238 б. 


59 
7. 
М.Қ.Жұбанова. Құдайберген Жұбанов ұлттық дидактика 
проблемалары хақында. Алматы: Ғылым., 2002ж. 
 
 
Қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын 
әдістер мен сабақтар 
 
Оқушыларға теориялық білім мен практикалық дағды 
беру оқыту әдістерінсіз жүзеге аспайды. Оқушылардың қазақ 
тілінен алған білімі мен білігін, дағдысын қалыптастыру 
жолында мұғалімнің жүргізген жұмысы оқыту әдістеріне 
тікелей байланысты. 
Оқыту әдісі дегеніміз не? Педагогика теориясында бұған 
мынадай анықтама берілген: ―…Білім беру әдістері 
оқушылардың білім мен білігін, олардың практикалық 
дағдысын қалыптастыру жолындағы мұғалімнің жүргізетін 
жұмыстарының тәсілі және оқушылар жүргізетін жұмыстың 
мұғалімнің басшылығымен орындалатын тәсілі‖ [16,147]. 
Қазақ тілін оқушыларға меңгертуде оқыту әдістерін 
тиімді, жүйелі қолдану ӛз нәтижесін беретіні сӛзсіз. Әдіс 
(метод) грек тілінен енген сӛз. Оның бастапқы ұғымы 
―зерттеу‖ деген мағынаны берген. Бертін келе алғашқы 
мағынасы кеңейіп, ―белгілі бір пәнді оқытудың әдісі‖ дегенді 
білдіреді.
Дидактика ілімінде оқыту әдістерін топтауда бірізділік 
жоқ. Ғалымдар оқыту әдістерін әр түрлі топтастырады. Атап 
айтқанда, 
И.А.Каиров, 
Н.К.Гончаров, 
Б.П.Есипова, 
Л.В.Занковтың редакциялауымен жарияланған ―Педагогика‖ 
оқулығында оқыту әдісінің мынадай 9 түрі бары айтылған: 
1. Мұғалімнің баяндауы мен лекциясы 
2. Мұғалімнің оқушылармен әңгімесі 
3. Мұғалімнің тәжірибелермен оқытылатын затты кӛрсетуі 
4. Картиналармен, сызықпен жасалынған кӛрнекі құралды
кӛрсету 
5. Экскурсия 
6. Оқулықтан және басқа да кітаптардан оқушылардың 
ӛздігінен білім алуы 


60 
7. Оқушылардың ӛздігінен бақылауы, тапсырманы орындауы,
лабораторияда істейтін жұмысы
8. Жаттығулар 
9. Оқушылардың білімін тексеру методы: ауызша, жазбаша 
және практикада сынау [17,149]. 
Профессор Е.Я.Голант оқыту әдісінің 8 түрін береді: 
1. Ауызша мазмұндау 
2. Әңгіме 
3. Кітапты пайдалану 
4. Кӛрсету 
5. Экскурсия 
6. Лаборатория жұмыстары 
7. Жазу-сызу жұмыстары 
8. Практикалық жұмыс [18,24]. 
П.А.Зайченко он түрін кӛрсетеді: 
1. Педагогикалық баяндау 
2. Түсіндіру 
3. Мектеп лекциясы 
4. Әңгіме 
5. Кітапты пайдалану 
6. Байқау 
7. Кӛрсету 
8. Лабораторияда сабақ ӛткізу 
9. Экскурсия 
10. Жаттығулар орындату әдісі [19,29-35].
И.Я.Ларнер мен М.Н.Скаткин оқыту әдісінің бес түрін 
кӛрсетеді: 
Түсіндіру – сипаттау әдісі, әңгіме, лекция, кӛрсету, 
оқулықпен жұмыс істеу, жазба жаттығулар. 
Қайталау – жаттығу, әңгіме, ӛз сӛзімен қайта айту. 
Проблемалық баяндау әдісі – оқытушының дәлелді түрде 
баяндауы, экскурсия. 
Ізденіс түрлері – эвристикалық әңгіме, байқау, жоспар жасау. 
Зерттеушілік – тәжірибе, байқау, сыныппен жұмыс
құжаттармен жұмыс, сурет салу [20,83-84]. 
Қазақ тілін зерттеуші әдіскер-ғалымдар оқыту әдістерін 
тӛмендегідей саралайды:


61 
Х.Арғынов синтаксистен оқушыларға білім беруде 
мынадай оқыту әдістерін пайдалануды тиімді деп санайды: 
- байқау әдісі; 
- түсіндіру әдісі; 
- әңгіме әдісі [21,12]. 
Ал Ә.Исабаев болса, қазақ тілінен білім беру әдістерін 
былайша топтайды: 
Қазақ тілін практикалық жақтан үйрету әдістері (Қазақ 
тілін әдебиет материалымен байланыстырып ӛту әдісі, 
түсініксіз сӛздерді үйрету әдісі, диалогтық және монологтық 
сӛйлеуді үйрету әдісі, ауызша түсіндіру әдісі, ауызша 
мазмұндау әдісі және мәнерлеп оқу әдісі). 
Қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері (Әңгіме 
әдісі, хабарлау әдісі, түсіндіру әдісі, тәжірибе әдісі, кітапты 
пайдалану әдісі).
Қазақ тілін теориялық және практикалық жақтан үйрету 
әдістері (дайын материалды талдау әдістері, фонетикалық 
талдау әдістері, морфологиялық талдау әдісі, синтаксистік 
талдау әдісі, тілдің материалдық түрін ӛзгерту әдісі, тілдік 
тапсырмалары бар мазмұндау әдісі, қазақ тілі бойынша 
сӛйлем құрату әдісі, тілдік тапсырмалары бар шығарма 
жаздыру әдісі, орфографиялық талдау әдісі, кӛшіріп жазу 
әдісі, диктант жазу әдісі) [22,36]. 
З.Бейсембаева мына әдістерді кӛрсетеді: табиғи әдіс, 
сұрақ-жауап, сурет әдісі, сӛйлем мен сӛзді толықтыру, 
мәтінмен жұмыс әдісі [23,15]. 
Профессор Н.Оралбаева, К.Жақсылықова ―Орыс тіліндегі 
мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі‖ оқулығында қазақ 
тілін оқытумен байланысты мына әдістерді кӛрсетеді: 
баяндау, түсіндіру, ойландыру, жалқылау, жалпылау, 
әңгімелесу, еліктеу, жаттығу, ана тілімен салыстыру, 
кӛрнекілік, топ, экскурсия әдісі [24,21]. 
Ж.Сүлейменова әдістерді жалпыдидактикалық және жеке 
пәндік деп екі топқа бӛліп қарастырады.
Жалпыдидактикалық топқа ауызша хабарлау немесе сӛз 
әдісі (баяндау, түсіндіру, әңгімелеу, пікірталас, дәріс); 
кӛрнекілік әдісі (иллюстрациялау, демократиялау), бейне әдіс 


62 
(электронды оқулық), практикалық әдіс (жаттығу, тәжірибе 
жасау, экскурсия), кітаппен жұмыс жасау әдісін жатқызады. 
Жеке пәндік топқа ана тіліне сүйену немесе салыстыру 
(еліктеу, аударма, грамматикалық талдау, коммутикативті-
ситуативтік, драматизациялау); лингвистикалық сӛздіктермен 
жұмыс (сан әдісі); апроксимация, грамматикалық ойын әдісін 
жатқызған[25,24]. 
Әдіскер-ғалым К.Назарғалиева оқыту процесіндегі негізгі 
мақсат – таным-білімді меңгеру және меңгерту, оқытушы мен 
оқушының әрекеттерінен тұрады, сондықтан оқыту әдістерін 
саралауға ӛзге емес, осы қағида басшылыққа алынуға тиісті 
деп, оқыту әдістерін екі топқа бӛліп топтастырады.
Оқыту әдістері: ауызша баяндау, информациялық 
хабарлау, түсіндіріп оқыту, әңгімелеу, демонстрациялау
экскурсия, тексеру, жүйелеу, бағалау. 
Оқу әдістері: әңгімелесу, оқулықпен, кітаппен, қосымша 
материалмен жұмыс, жоспарлау, тапсырманы орындау, 
бақылау, зерттеу, қайталау, графикалық жұмыс, жаттығу, 
оқыған материалын баяндау [26,39]. 
 
Қазіргі қазақ тілін оқыту әдістемесінде тілді 
қатысымдық бағытта үйрету, яғни қазақ тілінің әлеуметтік 
рӛлін, аясын кеңейтуді осы бағытта жүзеге асыру қажеттігі 
маңызды болып есептеледі. Қатысым әдісінің ерекшеліктері 
мен тілді меңгертудегі мәні мен алатын орнын ажыратып, 
айқындау – қазіргі кӛкейкесті мәселе. 
Тiлдi үйретуге қатысты әдiстi сӛз еткенде арнайы 
қарастырылуға тиiстi мәселенiң бiрi осы – қатысым әдiсi. 
Қарастырылып отырған ―коммуникативный метод‖ 
―коммуникация‖ 
сӛзiмен 
байланысты 
шыққан. 
―Коммуникативный метод‖ дегендi ―қатынастық әдiс‖ 
дегеннен гӛрi қазақтың ұлттық сӛздiк қорындағы ―қатыс‖, 
―қатысу‖ сӛзiн жаңғыртып, ―қатысым‖ деп алған ұтымды деп 
ойлаймыз. Ӛйткенi бұл – әрiден келе жатқан түбiр. Қазақ 
―бiр-бiрiмiзбен араласпай қалдық, байланыспай қалдық, 
арамызда байланыс жоқ, қарым-қатынас үзiлдi‖ деген 
ұғымды бiлдiргiсi келсе, ―кӛптен қатыспай қалдық‖ дейдi. 
Демек, ―қатыс‖ – бiрiншiден, қазақтың байырғы сӛзi, 
екiншiден, ―байланыс, қатынас‖ дегеннiң баламасы. Ал –
―ым‖ – еңбекте сӛз жасауды кӛздеген жұрнақ. 


63 
Қатысымдық әдiстi зерттеу орыс және шет тiлдерiн 
оқыту әдiстемелерiнде бiрсыпыра жетiстiктерге жеткенiн 
атап айту керек. 
Қазақ тiлiн қатысымдық әдiспен оқыту жүйесiнде 
айқындала бастаған мынадай ұстанымдарды атап ӛтуге 
болады. 
1. Тiке байланыс. 
2. Адамның жеке қабiлетiн ескеру. 
3. Сӛйлеуге үйретуде жүргiзiлетiн жұмыстардың түрлерiн 
айқындау. 
4. Сатылып даму. 
5. Динамикалық ӛзгеру. 
6. Ӛзектiлiк. 
Қазақ тiлiн үйретуде қатысымдық әдiстi пайдаланудың 
ең тиiмдi жолы – оның тiке байланысқа негiзделiп, адам мен 
адамның тiкелей қарым-қатынасы арқылы тiлдi үйретудi 
жүзеге асыруында. 
Тiлдi оқытуда үйренушi мен үйретушiнiң арасында бiр-
бiрiмен кӛзбе-кӛз кездесу, ауызба-ауыз тiлдесу, яғни тiкелей 
қатынас болмаса, сӛйлесiм әрекетi де iске аспайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет