65
сӛздiкпен жұмыс, аудармалық жұмыс,
жаттығу жұмыстары,
суретпен жұмыс, ӛз бетiнше жұмыс т.б. болып қатар-қатар
орындала бередi. Ал олардың ӛзi iштей сала-салаға жiктелiп,
әр жұмыстың түрлерi бiрде сұхбат арқылы т.б. жолдармен
қызықтырылады. Мәселен, сӛздiктегi сӛздермен жұмыс:
жаңа сӛздердi алфавит бойынша тiзу, сӛздердi таблицада
жұмсау, сӛздердi торға орналастыру, аудару т.б. болып
түрлене берсе; жаттығу жұмысы: фонетикалық жаттығу,
лексикалық
жаттығу,
грамматикалық
жаттығу
деп
топтастырылып, сӛйлеудi үйретуде
қайсысы осы сабақта
қажеттiрек, соған байланысты таңдалып, осы сабаққа
қатысты минимумдарға енгiзiледi т.б.
Сабақта жүргiзiлетiн жұмыс түрлерi ауызша және
жазбаша түрде орындалады.
Бұл ұстаным оқыту процесiнде ӛткiзiлетiн жұмыстың
бiрнеше түрлерiн қамти келiп, жұмыс түрлерiнiң санымен
емес, сапасымен ерекшеленедi.
Жұмыс түрлерiн айқындау ұстанымы мұғалiмнiң жан-
жақты iздеуiн, алдына нақтылы мiндет қоя отырып, әр
сабақтың мақсатын айқындап
алуын талап етедi және тiл
үйрету барысында мұғалiмге еркiндiк бередi, белгiлi бiр
мақсатқа орай оқытушы жұмыстың түрлерi мен талабын
оқушының жеке басының қажеттiлiгiне сай жетiлдiрiп не
азайтып отыруына болады.
Жұмыс түрлерiн айқындау туралы ұстаным сӛйлеудегi
қатысымдық тұлғалардың атқаратын қызметi мен алатын
орнын жан-жақты анықтауды қажет етедi.
Осыдан келiп,
сатылап даму ұстанымына сүйенуге
тура келедi. Бұл қағида бойынша адам мен адамның тiке
байланысы да, оқушының жеке қабiлетiн ескеру де, сӛйлеуге
үйрету де жүргiзiлетiн жұмыстың түрлерi де
бiрте-бiрте
жеңiлден қиынға, қарапайымнан күрделiге, аздан кӛпке т.б.
сатылап ӛсу үстiнде болу керек.
Мысалы, оқытушы мәтiндi оқи отырып, алдымен
оқушыларға түсiнiктi сӛздердi бӛлiп алып, оларға жаңа сӛз
тiркестерiн ойлап табуды тапсырады. Оқушылар мәтiндегi
ӛздерiне таныс сӛздермен ӛз сӛз байлықтары арқылы, яғни
ӛздерi бiлетiн сӛздер арқылы тiркестер құрастырады. Ендi
айтылған тiркестермен сӛйлем құрау iс жүзiне асырылады.
Келесi кезекте мәтiндi қайталап оқып, одан оқушыларға
түсiнiксiз сӛздердi тапқызады да, оларды тақтаға /кейiннен
66
сӛздiк дәптерге/ жазғызып қояды. Бұл сӛздердiң
аудармасы
берiлiп, мағынасы түсiндiрiлген соң, бiрнеше мысалдар
айтылады.
Оқытушы таныс емес сӛздердiң айтылуын, жазылуын,
мағынасын т.б. ұғындырып болған соң, оқушыларға бұл
сӛздермен ӛздерiне бұрыннан таныс тұлғаларды қосып, сӛз
тiркестерiн ойлап табуды тапсырады. Сӛйтiп, бүкiл мәтiндегi
бiр сӛз бен екiншi сӛз, бiрiншi сӛйлем мен екiншi сӛйлем,
алғашқы тiркес пен кейiнгi тiркес оқушылардың бұрыннан
ӛздерi бiлетiн сӛздерi
арқылы жаңарып, барлық сӛздер
үйретудiң бiр үлгiсi болып саналады. Сӛйтiп, сӛз тiркеске
айналып, тiркес сӛйлемге қосылып; бейтаныс сӛз таныс
лексикаға ауысып, тiлдiк қатынас жалғасады.
Мұнда бұл ерекшелiктердiң бәрi жаңаша, жаңа түрде
болуы шарт емес, тек бүкiл оқу жүйесi бiр сатыда тоқтап
қалмай, дамып отыру керек. Даму кейде ескiнi жаңаша
пайдалану арқылы да,
кейде бұрынғы жұмыстарды
мақсатына сай пайдалану арқылы да, кейде ӛткендегiндi
қайталау арқылы да болуы мүмкiн. Сатылап даму
ұстанымының нақтылы жолдары мен үлгiлерi арнайы
қарастыруды керек етедi және әр түрлi ұсыныстардың
арасынан қажеттiсiн iрiктеп алып, оларды жан-жақты
толықтырып, тәжiрибеден ӛткiзiп, зерттеудi қажетсiнедi.
Достарыңызбен бөлісу: