Жаңа материал мұғалімнің түсіндіру әдісі арқылыда, әңгіме әдісі арқылы да өткізіле береді. Әңгімелесу барысында сұрақ — жауап қолданылады. Жаңа материал оқушылардың санасына байқау, түсіндіру, грамматикалық талдау, кітапты пайдалану, әңгіме әдістері арқылы жеткізіледі. Бұл әдістердің қашан қолданылатыны материалдың ерекшелігіне, көлеміне және сабақтың мақсатына байланысты болып келеді. Жаңа материалды түсіндіру сабағында оны бекітуге арнайы уақыт бөлінбейді. 2.2.Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану Мектеп - білім жүйесінің негізгі буыны бола отырып жан-жақты жаңару кезеңін бастан кешуде. Сондай жаңалықтардың бірі он екі жылдық білім беру жүйесіне көшу. Білімнің табиғи-ғылымдық, әлеуметтік-гуманитарлық , кәсіптік-бағдарлық мазмұнын өзгерту қарастырылуда, тәрбие мен оқыту технологиясы жетілдірілуде. Жүргізіліп жатқан реформаның басты буыны саяси жетілген және мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Сол себепті де шетел тілі пәндерін орта мектепте оқыту бағдарламасы қайта қаралып, екінші сыныптан бастап оқытылатын болып жатыр. Жалпы орта білім беретін мектепте оқтылатын шетел тілі пәндерінің білім мазмұны анықталып, оған қойылатын талаптар нақтылануда, сабақтар жаңа технологиямеп өтілуде. Бүгінгі таңда мектеп мұғалімдері оқытудың тиімді жолдары мен құралдарын іздестіруде, оқу ойындары сабақты тиімді ұйымдастырып, оқу сапасын арттырып қана коймай, оқушының оқуга қызығушылығы мен белсенділігін қальптастырып, ақыл-ой дамуын жетілдіруде өзіндік роль атқарылатыны далелдеп, оқытудын жаңа бір технологиясы ретінде танып отыр. Әрекет ретінде негізінен ойын құрылымына мақсат қою, жоспарлау, мақсатты іске асыру, сонымен қатар жеке адам өзін тұлга ретінде толық жүзеге асыратын нәтижелер талдауы кіреді.. Ойын құрылымына жұмыс барысы ретінде мыналар кіреді: а) ойнаушылардың өздері алған рольдері; в) заттарды ойынды пайдалану, яғни , нақты заттардың ойындық шартты заттармен ауыстыру;
Достарыңызбен бөлісу: |