Курстың мақсаты



бет9/12
Дата17.06.2016
өлшемі0.88 Mb.
#141644
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

ОБСӨЖ жоспары:


1. Өсімдіктердің өсуіне сыртқы жағдайлардың әсері.

2. Өсу кезеңділігі. Тыныштық күй. Тұқымның өнуі.

ОБСӨЖ мақсаты: Өсімдіктердің өсуіне сыртқы жағдайлардың әсері. Тыныштық күй. Тұқымның өнуі.


ОБСӨЖ мәтіні: Табиғатта өсімдіктердің өсуіне сыртқы орта жағдайлары бірге және бір мезгілде әсер етеді. Бұл тұрғыдын алынғанбелгілі бір фактордың әсерін бөліп көрсету қиын. Жаңа жасушалардың түзілуі мен өсуі меристемаларда ғана өсетін болса да, өсу процесінің өзі тұтас организм ретіндегі өсімдіктердің қызметіне байланысты.

Өсімдіктің өсуіне қажетті температураны минимум, оптимум және максимум температура деп ажыратады. Мұның ішіндегі өсімдіктерге барынша қолайлысы-оптимум температура. Минимум және максимум температура жағдайында өсу өте баяу жүреді. Оптималды өсу өсімдіктердің әр түрінде белгілі бір температурада өтеді. Оптимум температура өсу және даму процестерінің негізінде жататын көптеген реакциялары жүзеге асатын температура диагнозына байланысты. өсімдіктердің көпшілігі үшін оптимум температура 25-350С шегінде болады. Алайда, өсімдіктердің аса қиын орта жағдайларында тіршілік ететін топтары да бар, олар әдеттегі жағдайлардан гөрі басқа температуралық режимге бейімделген. Мысалы, Альпі шалғындығының өсімдігіне қажетті оптимум температура 00С аймағында болады. Эфемерлер өздері өсіп тұрған жерлердің өсімдіктеріне қарағанда төмендегі температурада активті өседі. Тундра аймағындағы балдырлардың өсуіне қажетті минимум температура 00С-ден төмен болады. Ал жылы су көздері бар жерлерде өсетін микроорганизмдер мен көкжасыл балдырлардың өсуіне қажетті оптимум температура +800С-ге тең. Солтүстік ендіктерден шыққан арпа, сұлы, қарабидай, қарақұмық және сора сияқты мәдени дақылдардың өсуіне қажетті оптимум температура 20-250С-ге тең. Ал өсімдіктердің оңтүстік ендіктерден шыққан басқа топтары үшін оптимум температура 30-400С-ге тең.

Өсімдіктердің жер бетіндегі және жер астындағы мүшелерінің өсуіне қажетті оптимум температураның айтарлықтай айырмашылығы болады. Зығыр, қарақұмық, бидай, арпа, сұлы, шалғам және пияздың жер бетіндегі мүшелері 20-250С температурада қалыпты өседі, ал осы өсімдіктер тамырының жақсы өсуі үшін бұдан 8-100С төмен температура қажет. Оптималдағы 15-200С шамасындағы құбылмалы температура өсу процесі үшін ерекше қолайлы болады. Түнгі төменгі және күндізгі жоғары температуралардың алмасуы термопериодизм деп аталады.

Өсімдіктердің өсу процесіне жарық тікелей және жанама әсер етеді. Жасушаның бөлінуі және созылу процестері жарықты қажет етпейді. Күшті жарық жағдайында жасушаның созылу кезеңі өздерінің шекті өлшемдеріне жетуден бұрын аяқталады. Басқа жағдайлардың бәрі болғанда, өсімдіктер толық қараңғыда да өсе алады. Алайда қараңғыда өсудің сипаты өзгереді. Мұндай жағдайда ұлпа жасушалары созылыңқы, қабықшасы жұқа және жасушааралық кеңістіктері үлкенболады. Жапырақтарда хлорофилл болмайды. Сондықтан қараңғыда өсімдік жақсы бойлап өсіп, ұзын пішінге ие болса да, олардың жалпы күйі қалыптағыдан өзгеше болып келеді. Көк және күлгін сәулелер жасушалардың эмбриондық бөліну кезеңдеріне қолайлы әсер етеді, бірақ созылу кезеңін тежейді. Қызыл сәулемен әсер еткенде, өсімдік жасушаларының созылмалы кезеңі күшейе түседі, ал эмбриондық бөліну біршама тежеледі. Жарықтың оптималды құрамы мен күші әр түрлі өсімдіктердің өсуіне түрліше мөлшерде қажет, ол әр түрлі орта жағдайларында қалыптасқан өсімдіктердің тұқым қуалаушылық қасиеттеріне байланысты. өсімдіктер жасына, даму кезеңдеріне, сондай-ақ сыртқы ортаның басқа да факторларына қарап жарықтың әсерін түрліше қабылдайды.

Өсімдіктердің өсуіне жарықтың жанама әсері фотосинтез және органикалық заттардың түзілуіне байланысты.

Өсімдіктің оттегімен қамтамасыз етілуі, оның өсуіне айтарлықтай әсер етеді. Тамыр өттегінің құрамын өте сезгіш келеді. Томаттың суда өсірілген дақылдары мен жүргізілген тәжірибелер қоректік су ерітіндісінде оттегі неғұрлым көп болса, тамырдың соғұрлым жақсы өсетіні көрсетті. Қоректік ерітінді арқылы үрленетін газ қоспасындағы оттегінің концентрациясы 20% болғанда, томаттың тамыры барынша активті өскен. Оттегі концентрациясының аздығына бейімделушілік күріш өсімдігіне тән қасиет. Күріш өскіні оттегінің ең аз концентрациясында өсуге бейімделген. Өсімдіктің өсуіне оттегінің әсері бұл газдың тыныс алу процесі үшін қажеттігіне байланысты. Ал бұл процестердің бәрі де жасушаның өсуіне қажетті заттарды түзеді.



-2-

Онтогенез барысында тұтас өсімдіктің және оның мүшелерінің өсу жылдамдығы біркелкі болмайды. Ол түрдің тұқым қуалаушылық ерекшеліктеріне, сыртқы орта жағдайларына байланысты. өсімдіктердің барлық түрлерінің неғұрлым активті өсуі онтогенездің ерте кезеңдерінде байқалады, бұдан соң ол біртіндеп баяулайды да өсімдік барынша жетілген кезде толығымен тоқталады. Бір жылдық өсімдіктердің тұқымдары пісіп жетілген соң өсуін тоқтатады, монокарпты өсімдіктердің өсуі гүлдеу кезеңінде баяулайды да, тұқымдары пісіп жетілген соң тоқталады. Репродуктивтік мүшелердің түзілуі кезінде поликарпты өсімдіктердің өсуі баяулайды. Егер өсу жылдамдығын график түрінде кескіндейтін болсақ, онда өсудің қисық сызығы өсудің ерте кезеңінен бастап біртіндеп жоғарылай отырып, максимум шамасына жетеді де, одан соң біртіндеп төмендейді. Максимум өсу кезеңі дегеніміз вегетативтік мүшелердің өсуі болып табылады. өсімдіктерге әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып, максимум өсу кезеңін ұзартуға немесе қысқартуға болады. Мұндай мүмкіндік ауыл шаруашылығы практикасында пайдаланылады. өсімдіктерді суру және оларға тыңайтқыш енгізу арқылы вегетативтік мүшелердің – тамырдың, сабақты, жапырақтың өсуін реттеп, алға қойған мақсатқа жетуге болады.

Вегетативтік мүшелердің максимум өсуінің сүрлемдік дақылдарды өсіруде зор маңызы бар. Жапырақтардың өсуі мен олардың ауданы артуының егістің фотосинтез өнімділігін реттеуде маңызы зор.

Көптеген өсімдіктердіңтіршілік циклінде активті өсу кезеңдері тыныштық күйі деп аталатын, өсудің толық тоқталатынкезеңімен кезектесіп келіп отырады. өсімдіктерді тыныштық күйге өтуі ортаның қолайсыз жағдайларына бейімделуі ретінде қалыптасқан. Бұл кезеңде өсудің тоқталуы өсімдіктерді неғұрлым төзімді төзімді, экстремалды жағдайларда зақымданбайтындай етеді. Солтүстік және қоңыржай ендіктердің өсімдіктерінде тыныштық күйі қыста басталады. Мұның бірінші жағдайында тыныштық күйі қыстық аязға, ал екінші жағдайында, қуаңшылық пен аптап ыстықтың зиянды әсеріне төзуге мүмкіндік береді. Бір жылдық өсімдіктердің тұқымдары мен жемістері, ал көп жылдық өсімдіктердің тұқымдары, тамырсабағы, түйнектері мен қыстап шығатын бүршіктері және т.с. тыныштық күйге өсетін мүшелері болып табылады.

Тыныштық кезеңінде өсімдіктердің физиологиялық-биохимиялық процестері баяулап, өсуі анық байқалмайды, бірақ жасуша дифференциациялануының көзге көрінбейтін процестері жүріп жатады. Тыныштық кезеңінде жасуша протопластары суынан айрылып оның бетінде ақуызды-липидті қорғаныш қабаты түзілетінін және оның плазмодесмалары үзіліп, протопластары оқшауланатынын П.А. Генкель анықтаған. Бұлайша тыныштық күйге өту генетикалық тұрғыдан туындаған қажеттілік болды. Мысалы, күз маусымында картоп, лалагүл түйнектері мен гладиолус пиязшықтары өнбейді. Бұл кезең ұзақ органикалық тыныштық күй деп аталады.

Реферат тақырыптары:


  1. Өсімдіктерге температура мен жарықтың әсері.

  2. Өсімдіктердің суыққа төзімділігі.

  3. Өсімдіктерге сыртқы факторлардың әсері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет