ОБСӨЖ № 43
ОБСӨЖ тақырыбы: Өсімдіктердің дамуы. Яровизациялау. Фотопериодизм.
Жоспары:
1.Яровизациялау.
2.Фотопериодизм.
ОБСӨЖ мақсаты: Яровизациялау. Фотопериодизм.
ОБСӨЖ мәтіні: Өсімдіктердің дамуына сыртқы жағдайлардың әсер ету мүмкіндігі тұңғыш рет неміс ғалымы Г.К лебс жұмыстарында көрсетілді. Г.Гасснер 1918жылы алғаш рет өсімдіктердің дамуын тездететін фактор ретінде төменгі температураның роліне назар аударады. Жаздық және күздік қарабидай арасындағы айырмашылақты ол жаздық қарабидайдың төменгі тем ператураның әсерінсіз – ақ гүлдеу мен масқтануға көшу (яғни даму) қабідеті ретінде анықтады. Ал күздік қарабидай гүлдеу мен масақтануға көшу үшін төменгі температураны керек етеді. Қант қызылшасы, балдыркөк, көптеген жеміс ағаштары сияқты бірқатар өсімдіктердің дамуы үшін де төменгі температура қажет.
Күздік және жаздық астық тұқымдастарды зерттеу жұмыстары оларға төменгі температура өсудің бастапқы кезінде қажет екенін, ал оның әсер ету ұзақтығы дақылдың түрі мен сортыны байланысты болатынын көрсетті. Дақылдың сорты неғұрлым күздік болса, оған соғұрлым ұзақ уақыт (бірнеше күннен 38 күнге дейін) төменгі температура қажет болады. Төменгі температураның әсер ету кезеңі яровизация сатысы деп аталады. Төменгі температура бұл өсімдіктерде вегететивтік мүшелердің өсуінен репродуктивтік мүшелердің өсуіне көшуге жағдай жасайды. Репродуктивтік мүшелердің өсуі өсу конустарында гүл бастамаларының қалыптасуына байланысты. Екі жылдық өсімдіктердің көпшілігінде бірінші жылы тамыр мен жапырақ қана түзіледі. Екінші жылы осьтік өркен мен гүлдер пайда болады. Бірінші және екінші жыл аралығындағы қыста төменгі температура осьтік өркен мен гүл түзілуіне мүмкіндік береді.
Яровизация кезеңінен қажет ететін өсімдіктер суық болмаған жағдайда бір немесе бірнеші жыл бойы вегетативтік күйінде қалады, мәселен, қызылша, шалқан, балдыркөк.Тропиктерде өсірген жағдайларда олар жылдар бойы вегетативтік өсу күйінде қалады. Суықты қажет ететін өсімдіктерде яровизацияның болмауы олардың дамуын тежейді, олар біріаз кешіп гүлдейді. Яровизация кезінде жасушаларда қандай биохимиялық процестер өтетіні қазіргі кезге дейін белгісіз. Күздік асық тұқымастар яровизация сатысынан бөрткен тұқымдар түрінде, басқа өсімдіктер, мысалы, қызылша өніп ш ыға салысымен-ақ өтеді, ал енді, бір өсімдіктер өніп шыққаннан бірнеше күннен кейін өтеді. Яровизация кезінде төменгі температурамен қатар, оттегі мөлшерінің де маңызы бар. Яровизаци барысында тотығу-тотықсыздану процестерінің өтуі үшін өте қажет болатынын М.Х.Чайлахянның зерттеулері көрсетті. Яровизация кезінде суықтың әсерінен өсу нүктелері қабылдайды. Яровизация сатысы барлық өсімдіктер үшін міндетті түрде қажет емес. Ол астық тұқымдастар мен екі жылдық өсімдіктер тобынан анықталған.
Фотопериодизм.
Суықты қажет ететін өсімдіктер гүлдеуге көшу үшін сондай-ақ екінші факторды, яғни күн ұзақтығын қажет етеді. Өсімдіктердің репродуктивтік мүшелерінің өсуі үшін ұзақ күн қажет болатынына алғаш рет 1884 жылы орыс агрономы Коваоевский назар аударды. Бұл құбылысты фотопериодизм деп атады. Фотопериодизм реакциясының зардаптарын фотопериодизм индукциясы деп атады. Солтүстік ендіктерден шыққан өсімдіктер репродуктивтік мүшеллерінің өсуіне көшу үшін 12 сағатан артық болатын ұзақ күнді қажет етеді. Бұлар – ұзақ күн өсімдіктерді, оларға қарабидай, арпа, бидай, зығыр және т.б. жатады. Оңтүстік ендіктердің өсімдіктері ұзақтығы 12 сағаттан кем болатын қысқа күнді қажет ететінін байқатады. Бұлар – қысқа күн өсімдіктері – соя, тары, темекі, жүгері, сора және т.б. Күн ұзақтығын талғамайтын , өсімдіктердің аралық топтары да бар.
Өсімдіктер яровизация сатысынан өткен ғана фотопериодизм әсерін қабылдайды, бұл кезде өсу коусының жасушалары сапалық өзгерістерге ұшырап, фотопериодизм әсерін қабылдауға бейім келеді. Фотопериодизм буын арлығының өсуіне, камбийдің қызыметіне, жапырақтардың пішініне, түйнектер мен пиязшықтардың түзілуіне, жапырақтардың түсуіне, бүршіктердің тыныштық күйге өтуіне, тұқымның өнуіне және т.б. әсер етеді.
Егер яровизация сатысынан кейін ұзақ күннің әсеріне ұшырайтын болса, ұзақ күн өсімдіктері гүлдеу мен жеміс салуға көшеді. Ал қысқа күн өсімдіктері керсінше қысқа күн әсерінен гүлдеу мен жеміс салуға көшеді. Егер ұзақ күн өсімдіктерін қысқа күн режиіміне орналастырса, олардың жер бетіндегі бөліктері жертаған пішінге көшіп, қалыпты өркен жетілмейді. Қсықа күн өсімдіктері ұзақ күн жағдайында өссірілгенде,керсінше, олардың вегетативтік мүшелері жедел өседі. Алайда өздерінің фотопеиодизміне сәйкес келмейтінжағдайда тұрғанда қысқа күн өсімдіктері де,ұзақ күн өсімдіктері де гүлдемейді. Фотопериодизм реакциясынан өту үшін кейбір өсімдіктерге бір күн жеткілікті, басқалары үшін он күн керек. Егер қысқа күн жағдайында түнді жарық интрвалымен бөліп отыратын болсақ, қысқа күн ұзақ күн болып шығады. Бұл жағдайда ұзақ күн өсімдіктері гүлдеуге бейімделеді, ал қысқа күн өсімдіктерінде мұндай қабілет болмайды. Жарық фазасын қараңғылық интервалымен бөлу мұндай нәтиже бермейді.
Фотопериодизм әсерін фитохромдық жүйе қабылдайды.деп санауға негіз бар. Сонымен бір қатар өсімдіктердің вегетативтік мүшелерінің өсуінен гүлдеу мен жеміс салуға көшуі және толық тіршілік цикілін жүзеге асыруы үшін төменгі температура мен күннің белгілі бір ұзақтығы қажет екені анықталған. Өсімдктер дамуының бұл кезеңдері яровизация және жарық сатысы деп аталады. Дамудың бұл сатысы бірқатар астық тұқымдастарда кездесетіні анықталды.
Глоссарий;
Гететрофты мүшелер, Гиалоплазма, Гигрофиттер, Гигрофобты өсімдіктер, Гидатодтар, Гидатофиттр, Гидатофиттер, Гидратура, Гидроиндикация, Гидрокриптофиттер. ОБСӨЖ № 44 ОБСӨЖ тақырыбы: Н.А.Максимов. пен И.И. Тумановтың еңбектері.Өсімдіктердің шынықтыру физиологиясына бейімделуі. Шынықтырудың екі фазасы бар. Аязға төзімділікті анықтау. Суыққа төзімділік.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Аязға төзімділік.
2.Өсімдіктердің аязға төзімділігін арттыру.
3.Өсімдіктердің суыққа төзімділігі.
ОБСӨЖ мақсаты: Өсімдіктердің суыққа-аязға төзімділігі мен таныстыру.
ОБСӨЖ мәтіні: Төмен (-) температураның қолайсыз әсерінен, әсіресе , қыстап шығатын шөптесін, ағаш тектес және жемісті өсімдіктер жыл сайын көптеп залалданады.
Өсімдіктің төменгі температураға төзімділігінің, аяздан зақымдануы мен опат болуының себептерін зерттеу жұмыстарымен ғалымдар өсімдіктер физиологиясы ғылымы жаңа ғана қалыптаса басталған кезден-ақ айналысқан.
Өсімдіктердің аязға төзімділік арқылы тәжірибе жұмыстарын ашқан Сакс болатын.Оның ұйғаруынша өсімдіктің аяздан зақымдануына ұлпада пайда болған мұздың еру жылдамдығы себепші болған.
Аязға төзімділік – Қыста өсімдіктер көбіне төменгі температура мен жылымық кезіндегі температураның күрт ауытқуынан зардап шегеді. Н.А. Максимов өсімдіктерде төменгі температураның әсерінен өтетін процестерді мұқият зерттеді. Ол 1912 жылы “Өсімдіктердің үсуі және суыққа төзімділігі” деген еңбегінде өсімдіктердің аязға төзімділігі жөніндегі болжамын баяндады, оның негізгі мәні мынада. Өсімдік жасушаларында мұз қатып, протоплазманың коллоидтық құрылымы бұзылатындықтан, өсімдік аяздан үсіп, тіршілігін тоқтатады. Демек, өсімдіктердің бойында су қаншама аз болса, мұз да соншама аз қатады, яғни өсімдіктің аяздан зардап шегуі соншама кемиді. Өсімдіктің сусыздануымен қатар, онда қорғаныш заттары – қант пен тұздың жиналуы протоплазма коллоидтары төзімділігінің артуына себепші болады. Н.А. Максимовтың мұндай теориясы табиғаттағы алуан түрлі құбылыстардың бәрін қамтымастан, тек бірқатар өсімдіктердің аязға төзімділігін түсіндіре алады. Мысалы, қылқан жапырақты ағаштардың ине тәрізді қылқандарына, альпі шалғындарындағы гүлдердің келте жапырақшаларына толығымен мұз қатып қалса да, олар үсімейді. Бір жылдық өсімдіктер тіршілік циклін аяз түскенше аяқтау арқылы аязға бейімделеді. Қыста төменгі температураны олар кепкен тұқым, пиязшық, тамырсабақ күйінде өткізеді.
Л.И. Сергеев тұжырымдаған келесі көзқарас аязға төзімділік механизмін өсімдіктердің өзгеріп тұратын жағдайларға сәйкес зат алмасуын тез өзгертіп отыруға бейімділігі ретінде түсіндіреді. Өсімдіктердің зат алмасуы мен орта жағдайлары арасында үйлесімді байланыс бар. Бұл үйлесімділіктің бұзылуы Сергеевтің пікірі бойынша өсімдіктердің зақымдануы мен тіршілігін тоқтатуының себебі болып табылады. Сондықтан, ортаның аса қиын жағдайларында организмнің тіршілікке қабілеттілігігін оның төзімділігі емес, бейімделгіштігі анықтайды.
Ағаш тұқымдастардың аязға төзімді болуында транспирация зор роль атқарады. Ағаш тұқымдас өсімдіктер қыста да көптеген мөлшерде суды буландырып отырады. Мұнда транспирация жапырақ дағы, бүршіктер, перидерма арқылы өтеді. Суды көп буландыратын ағаш тұқымдастар суыққа төзімсіз болады. Қысқы транспирация неғұрлым төмен болса, өсімдік соғұрлым аязға төзімді келеді.
Күзде вегетация мен өсу процестерін дер кезінде тоқтатудың зор маңызы бар. Ағаштың өсуін аяқтамаған өркендері толық жетіліп үлгермейді, онда көп мөлшерде су болады. Қысқы аяз түскенде мұндай өркендер үсіп кетеді. Өсімдіктердің аязға төзімділігі олардың тыныштық күйінің ұзақтығы мен тереңдігіне де байланысты. Шабдалы ағашы желтоқсан айында терең тыныштық күйде болып, бүршіктері өспей тұрғанда – 200 аязға шыдайды. Қаңтарда бүршіктері ісіне бастағанда – 7-80 аязға шыдайды, ал көкек айында бүршіктері гүл жара бастағанда ол – 2-30 аяздан- ақ үсіп кетеді.
Вегетация дәуірінде азот тыңайтқышын кеш енгізу және жиі суару сияқты агрономиялық шаралар вегетация мен өсу мерзімдерін ұзарта отырып, өсімдіктердің аязға төзімділігін кемітеді. Ал вегетация дәуірінің соңында фосфор калий тыңайтқыштарын енгізу, керісінше, көмірсудың жиналуына және бір жылдық өркендердің тез өсіп жетілуіне жағдай жасап отырып, өсімдіктердің аязға төзімділігін арттырады. Күзгі-қысқы суару арқылы топырақтың ылғалдылығын реттеу жолымен өсімдіктің төзімділігіне әсер етуге болады. Егер топырақ қыста ылғалды жеткілікті сіңіріп, өсімдіктер қысқы құрғақшылықтан зардап шекпеген болса, жеміс ағаштарының аязға төзімділігі артады.
Суыққа төзімділігі - Аязға төзімді өсімдіктермен қатар, тек қана +30, +50С суыққа төзімді өсімдіктер де бар. Мұндай температура байқалатын көктемгі үсік кезінде қиярдың, томаттың, қауын мен қарбыздың және басқа да жылу сүйгіш өсімдіктердің жас өркендері зақымданады. Бұл жағдайда суыққа төзімді өсімдіктер зақымданбайды немесе аз зақымданады. Өсімдіктердің суықтың әсерінен зақымдануы, оның әсер ету дәрежесі мен ұзақтығына байланысты. Қысқы уақыт әсер ететін, неғұрлым төменгі температура ұзақ уақыт әсер ететін төменгі температураға қарағанда қауіпті емес. Көктемгі және күзгі үсіктің қауіптілігі мынада: олар суыққа бейімделмеген, суықтың әсеріне шынықтырылмаған өсімдіктерге зақым келтіреді. Салқын темпераиурада ұстаудан екі-үш күн өткен соң қиярдың зақымданатыны байқалады. Алдымен олардың тұқым жарнақтары мен ең алғаш шыққан жапырақтары, онан соң жас жапырақтары солып қалады. 3-6 тәулік бойы салқын температурада ұстау, олардың тіршілігіне қауіпті. Томат пен асқабақ суыққа едәуір төзімді, ұзақ уақыт суыққа шыдайтын соя бұдан да гөрі суыққа төзімді келеді. Күнбағыс пен бұршақ та суыққа едәуір төзімділік қасиет көрсетеді. Суыққа төзімділік дәрежесі өсімдіктің түрі мен сорттарының географиялық шығу тегіне, даму фазаларына байланысты. Ұзақ уақыт бойы суық темпераиура әсер еткенде өсімдіктердегі ыдырау процестері синтез процестерімен басым болып, өсу мен фотосинтез тоқталатынын, жапырақтардың сумен қамтамасыз етілуі кемитінін Жолкевич дәлелдеп көрсетті.
Өсімдіктерді шынықтыру және оларда суыққа төзімділік қасиеттерді қалыптастыру әдістері белгілі. Томат тұқымын 12 сағат сумен ылғалдап, бұдан соң оған бірде жылумен, бірде суықпен әсер етеді. Тұқым тәуліктің 6 сағатын +150 температурада, 18 сағатын 00С температурада суықта өткізеді. Тұқымды осылайша шынықтыру бір айға созылады. Шынықтырылған тұқымдардын өсірілген өсімдіктер ерте өніп, жедел жетіледі, үсікке ойдағыдай төзіп, солтүстік жағдайында жақсы түсім береді, ал шынықтырылмаған өсімдіктер толығымен үсіп кетеді.
Шынықтыру әдісі басқа өсімдіктерге де қолданылады. Алайда бұл жағдайда сорттың ерекшелігін, оның ерте пісетіндігін, географиялық шығу тегі мен басқа да қасиеттерін ескеру қажет.
Глоссарий;
Галофильді балдырлар, Галофиттер, Галофобтар,Гаустория кескін, Гекистотермиялы өсімдіктер,Гелиофиттер, Гемикриптофиттер, Гемиксерофиттер.
ОБСӨЖ № 45
ОБСӨЖ тақырыбы: Қысқы қолайсыз жағдайлардан өсімдіктердің жойылу себептері.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Өсімдіктердің қыстағы басқа қолайсыз жағдайларға төзімділігі.
2.Қуаңшылық және оған төзімділік туралы жалпы ұғымдар.
ОБСӨЖ мақсаты: Өсімдіктердің қыстағы басқа қолайсыз жағдайларға төзімділігі мен таныстыру.
ОБСӨЖ мәтіні: Өсімдіктердің қысқа төзімділігі суыққа (аязға) төзімділікпен салыстырғанда біраз кеңірек мағынаны білдіреді. Әрине, суыққа төзімділік қысқа төзімділіктің маңызды бір бөлігі болып есептеледі. Қыстап шығатын өсімдіктер (күздік дақылдар) мұз қабыршақ әсерінен, борсудан, дүмпуден, тұншығудан, судың булануынан залалданады.
Қыста қар қалың жауып және ол ұзақ уақыт сақталатын аудандарда күздік дақылдар борсу ауруына шалдығады. Осындай жағдайларда да өсімдіктердің залалдануы оттегінің жетіспеуіне байланысты деп есетелінеді. Бірақ, арнайы тәжірибелердің нәтижесінде қардың қалыңдығы 50-100 см болған жағдайдың өзінде де, топырақ бетіндегі оттек мөлшері 20%-тен кем болатындығы байқалды. Өсімдіктер қардың қалың қабаты астында ұзақ уақыт (2-3 ай) қалып қойған жағдайда, оттек мөлшерінен кемуінен біраз өсімдіктердің буршама зақымданатындығы дәлелденді. Қыста қалың қар астында (50-100 см) температура 0-30 С шамасында болады. Бұндай жағдайда өсімдік бойындағы мұз еріп, тыныс алу жоғарылайды. Әрине, ең алдымен тыныс алуға қанттар (көмірсулар) жұмсалатындықтан, кейде олардың мөлшері 20-25 %-тен 4-2 %-ке дейін төмендейді. Соның салдарынан өсімдік бойындағы қорлық заттардың мөлшері азайып, көктемде ондай өсімдіктер індет ауруларға өте шалдыққыш болып қалады. Көбінесе, осындай жағдайда қыстап шыққан өсімдіктер қар зеңі Fusarium nivale саңырауқұлақ ауруына залаладанатындығы байқалды. Сонымен, өсімдіктердің борсудан залалдануына көмірсулардың шамадан тыс азаюына байланысты жүдеуі және саңырауқұлақ ауруына шалдығуы себепші болады.
Өсімдіктердің тұншығуы күзде, немесе көктемде егістік бетінде шалшық судың көп уақыт жиналып қалуынан байқалады. Күздегі шалшық судың әсерінен өсімдік айтарлықтай зиян шекпейді. Себебі күзде су әлі қатып үлгермеген кезде жапырағы және басқа жер үстілік мүшелері белгілі деңгейге дейін қалыптасып үлгерген өсімдіктердің тіршілік әрекеттері, соның ішінде фотосинтез процесі де, тоқтамайды және топырақ бетіндегі аэрация бұзылмайды. Күздік дақылдар көктемгі шалшық судың астында ұзақ уақыт қалып қойған жағдайда көбірек залалданады. Оның себебі, жоғарыда айтылғандай, өсімдіктердің қыстан әлсіреп шығатындығына байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар, топырақта судың шектен тыс молдығы шала тотықты қосындылардың пайда болуын күшейтіп, қоректік элементтердің игерілмейтін қосынды күйлерін көбейтеді.
Қуаңшылық және оған төзімділік туралы жалпы ұғымдар.
Күн нұрының әсерінен гидросфера, литосфера және атмосфераның қызуына байланысты, ауа ағынының өзгеруі нәтижесінде жер шарының әр түрлі аймақтарында қуаңшылық құбылысы жиі кездеседі.
Көптеген ғалымдар қуаңшылық құбылысына өздерінше әр түрлі анықтамалар беріп келеді. Солардың ішінде ең алғашқыларының бірі П.И. Броунов қуаңшылықты атмосфераның, қысымның шамадан тыс жоғарлауына байланысты, қалыпсыз құрғақшылық кезеңі деп сипаттады. Оның ұйғаруынша қуаңшылық өте күшті және әлсіз, ұзақ және қысқа мерзімді деп бөлінеді.
А.А. Каминский өз еңбегінде (1934) қуаңшылықты ауа райы біршама жылынғаннан кейін шаңқай түстік (күндізгі сағат 13-те), температура ұдайы жоғарылайтын кезең қуаңшылықтың мынадай екі түрі болатындығы көрсетті.
1.Оңтүстік-Шығыс, Орал және Батыс Сібірге тән, оңтүстіктегі атмосфераның тұрақты жоғарылығына (антициклон) байланысты қуаңшылық.
2.Төмен қысымды өлкелерде, олардан оңтүстікке қарай антициклондар болғанда байқалатын қуаңшылық.
Соңғысы Орта Азия және Қазақстанға тән. Көпшілік жағдайда қуаңшылық кезінде аңызақ та (ыстық жел) қатар байқалады. Сонымен қатар, мұнар да (ауаның шаң-тозаңнан тұмандануы) қуаңшылықтың жағымсыз әсерін күшейте түседі.
А.М. Шулгиннің (1978) ұйғаруынша қуаңшылық ұзақ уақыт жауын-шашын болмай, ауа температурасы жоғарылап, булану процесі күшейіп, топырақтың және атмосфераның ылғалдылығы азаюынан өсімдіктер өнімділігі төмендейтін құбылыс деп анықталды.
Қуаңшылық ұзаққа созылған, немесе қысқа мерзімді жауын-шашынсыз, ауа температурасы мен ылғал тапшылығы жоғарылап, өсімдіктер шамадан тыс сусызданып, қызуы тәтижесінде залалданып, өнімділігі төмендеп, кейде түгел қурап өліп қалатын кезең деп сипаттады.
Қуаңшылық өсімдіктерге екі жақты әсер етеді:
1.Өсімдік денесінің температурасын жоғарлатады.
2.Сусыздандырады (су тапшылығы, немесе солу).
Осыған сәйкес ыстыққа төзімділік және қуаңшылыққа төзімділік деген екі ұғым пайда болады.
Өсімдіктердің қуаңшылыққа төзімділігін алдын-ала болжаудың, немесе анықтаудың тікелей немесе жанама әдістері бар.
Табиғи жағдайда атмосфера мен топырақ қуаңшылығы жыл сайын бола бермейтін құбылыс. Сондықтан қуаңшылықты қолдан жасау мақсатында құрғатқыш шатырлар қолданылады. Оның айналасынан тереңдігі 80см, ені 50-60 см ор қазылып, төбесі су өткізбейтін материалмен жауын-шашын болардан бұрын жабылады да, басқа уақытта ашық қалдырылады. Осындай жан-жағынан ылғал түспейтін шатырдың ішіне зерттелетін өсімдіктер егіліп, тиісті (физиологиялық) бақылаулар жүргізіліп, түсіиі есептелініп, қалыпты жағдайда өсірілген өсімдіктермен салыстырылады. Алынған салыстырмалы нәтижелер арқылы зерттелген өсімдік сорттарының қуаңшылыққа төзімділігі туралы тиісті қорытынды жасалады.
Глоссарий;
Вакуольдар, Вегетациялық әдіс, Вегетациялық үйшік, Викторин, Витртфикация, Галоксерофиттер, Галомезофиттер.
Қолданылған әдебиеттер:
а) негізгі
1.Якушкина.Н.И. Физиология растений. М. 1993г
2.Полевой.В.В. Физиология растений.М. 1991г.
3.Кенесарина.Н.Ә.Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. Алматы, 1988ж
4.Жатқанбаев.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. 1988 ж.
5.Қалекенұлы.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. Қазақ университеті.1996ж.
6.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, 1996 ж.
7.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, Ғылым баспасы, 2002 ж.
8.Уалиханов.Г, Есмағұлов.Қ. Өсімдіктер биотехнологиясының негіздері. Алматы .Респ. баспа кабинеті, 1999 ж.
9.Жатқанбаев.Ж.Ж. Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы негіздері. Алматы 2004 ж.
10.Медведев.С.С. Физиология растений. Изд –во СПБГУ, 2004 г
11.Якушкина. Н.И, Бахтенова.Е.Ю. Физиология растений. М.Владос, 2005 г.
б). қосымша:
12.Папорков.М.А, Клинковская.Н.И. Милованова.Е.С.Учебно –опытная работа на пришкольном участке. М.1980 г.
13.Физиология и биохимия сельскохозяйственных растений (под ред. Третьякова.Н.Н).М.
2000 г.
14.практикум по физиологии растений (под.ред. Иванова.В.Б.).М, 2001г.
15.Кенжеев.Қ. Өсімдіктер физиоллогиясының практикумы. Алматы. 1989ж.
Достарыңызбен бөлісу: |