Клетка сөлі, Клеткалардың өткізгіштігі, Клеткалық кіріспелер, Клеткалық құрылыс, Клетканың бөлініу, Клетканың екінші қабаты, Клетканың изоморфты бөлініу, Клетканың сорғыштық күші ОБСӨЖ № 42
ОБСӨЖ тақырыбы: Өсімдіктердің мүшелер арқылы (вегетативтік) көбеюі.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Қайта қалыптасу (регенерация).
2.Өсімдіктерді мүшелері арқылы көбейтудің әдістері.
ОБСӨЖ мақсаты: Өсімдіктердің мүшелер арқылы (вегетативтік) көбеюі.
ОБСӨЖ мәтіні:
Қайта қалыптасу (регенерация). Организмнің жарақаттанған немесе жойылған бөлігінің қайтадан қалыптасып, орнына келуі регенерация деп аталады. Бұл құбылыс өсімдіктер әлемінде өте жиі байқалады. Оның түрлері де өте көп. өсімдіктердің осы қабілеттілігі оларды түрлі себептерден – зақымдану мен жарақаттанудан сақтайды. Сонымен қатар ол өсімдіктердің мүшелері немесе жеке бөліктері арқылы (вегетативтік) көбеюінің негізі болып саналады. Қайта қалыптасу физиологиялық және зақымды болып бөлінеді. Өсімдік бөліктерінің табиғи тозудан кейінгі бұрынғы қалпына қайтып келуі физиологиялық регенерация деп аталады.
Өз ретінде зақымды регенерация екі топқа бөлінеді:
1.Клеткалардың қайталап жетілуіне байланысты қалпына келуі. Оны жараның бітуі (жазылуы), каллустан мүшелердің қалыптасуы (органогенез), денелік эмбриогенез деген түрлерге бөлінеді.
2.Меристема деңгейіндегі регенерация: а) ұштық (төбелік) меристеманың қайта қалыптасуы; б) алғашқы ұрықтардан мүшелердің дамуы (органогенез); в) жаңадан пайда болған басқа ұрықтардан мүшелердің дамуы.
Регенерация түрлерінің қысқаша анықтамасы:
Жараның жазылуы. Жарақаттанған бөліктің (мүшенің) үстіңгі ұлпалары қайтадан жіктеліп (ыдырап) олардың клеткалары бөліне бастайды. Одан феллоген (тоз камбий) қалыптасып, тозға айналады. Жараның беті каллус ұлпасы арқылы да бітуі мүмкін.
Каллустан мүшелердің қалыптасуы. Клеткалардың қайталап жіктелуі алғашқы кезде жараның бітуіне ұқсас болады. Бірақ, клеткалардың бағытсыз бөлінуіне байланысты өзара ретсіз орналасқан паренхималық клеткалардан құралған каллус ұлпасы пайда болады. Белгілі жағдайларда жеке клеткалар немесе топтары кірме (адвентивті) мүшелерге – тамырға, өркенге, жапыраққа бастама бола алады. Табиғи жағдайда сабақтың немесе тамырдың кесілген (жараланған) жерінде каллус камбий клеткаларынан қалыптасады.
Денелік (соматикалық) ұрықтың пайда болуы (эмбриогенез). Бұнда да жараланған бөлікте каллус қалыптасады. Оның жеке клеткаларының қалыпты бөлінуінен денелік ұрықтар (эмбриодтар) қалыптасады. Белгілі қолайлы жағдайларда олардан тұтас организм дамиды.
Жараланған бөліктердің каллусқа байланыссыз-ақ қайта қалыптасуы. Регенерацияның бұл түріне эпидерманың бірлі-жарым клеткаларынан жараланған жерден қашықтау кірме өркендердің қалыптасуын жатқызуға болады. Қабықтың негізгі ұлпа (паренхима) клеткаларының ксилема клеткаларына айналуы да осының мысалына жатады. Өткізгіш ұлпа элементтерінің қайтадан қалыптасу бағыты, ең алдымен, ксилеманың қалыптасуына қажет генетикалық бағдарламаны қоздырушы ауксиннің біржақты (полярлы) төмен қарай тасмалдануымен анықталады.Өсімдік бөліктерінің қайтадан қалыптасуының басқа түрлері ұштық немесе бүйір меристемалардың әрекектіне байланысты.
Ұштық меристеманың қалыптасуы. Өсу төбешігін бойынан қақ жарса, әр жартысынан жеке төбешік (апекс) қайта қалыптасады. Өркеннің, тамырдың өсу төбешігі меристеманың кішкентай аралық бөліктерінен де қайтадан қалыптасады.
Мүшелердің бұрынғы бастамалардан қалыптасуы. Әдетте өсімдіктің жер үстілік мүшелері тыныштық күйдегі қынап бүршіктерініңөсуінен қалыптасады. Тамыр жүйесінің ұш жағын жарақаттап немесе кесіп тастаса бүйір тамырлар жедел қалыптаса бастайды.
Мүшелердің жаңадан пайда болған кірме бастамалардан дамуы. Көптеген ағаш тектес, шөптесін өсімдіктерден дайындалған қалемшелер қолайлы жағдайда өздігінен тамырланып жаңа өсімдіктің қалыптасуына бастама болады. Бұл камбий немесе перициклдегі жасырын меристема клеткаларының жедел бөлінуіне байланысты. Клеткалардың бөлінуі ИСҚ ықпалынан жеделденеді. Ауксин жоғарыдан төмен қарай жылжып, қалемшенің түп жағына жиналады.
Өсімдіктерді мүшелері арқылы көбейтудің әдістері.
Аналық өсімдіктерден түйнек, пиязшық, тамыр, сабақ құрамындағы денелік клеткалар, сондай-ақ қалемшелер, мүше бөліктері және жекеленген ұлпалар арқылы ұрпақ алу вегетативтік көбейту деп аталады.
Оның әдістері үш топқа бөлінеді:
1.Сабақ және тамыр, бүршіктер, жапырақтар арқылы көбейту - қалемшелеу.
2.Ерекше мүшелер – тамыр, сабақ, түйнектер, пиязшық, мұртшалар арқылы көбейту.
3.Ұластыру (прививка, телу) арқылы көбейту.
Тамырлану сипатына қарап, сабақ қалемшелері екі топқа бөлінеді. Ағаштардың бір тобынан (үйеңкі, терек, т.б.) көбейтуге арналған қалемшелер қысқы сабақтардан дайындалады. Олардың тамыры сабақ қабығының “тамыр бастамалары” деп аталатын ерекше құрылымдардан дамиды. Өсімдіктердің екінші тобы (қайың, самшит, бересклет, шөптесін) жапырағы бар жасыл немесе жазғы қалемшелер арқылы көбейтіледі. Жазғы қалемшелер тамырланғанда алдымен каллус пайда болады да, олардан тамырлар дамиды.
Қысқы қалемшелер бір жылдық сүректенген (ағаштанған) өркендерден алынады. Себебі, қартая бастаған өркендерден дайындалған қалемшелер өте нашар тамырланады. Қысқы қалемшелерді күзде, ағаш жапырақтары түскеннен кейін дайындап, қыста қарда немесе суық үй астында (подвал) сақтайды. Олардың ұзындығы 20-30 см, кейде одан да ұзындау етіп кеседі. Ұзындау және жуандау қалемше жақсы тамырланады. Осылайша дайындалған қалемшелер көктемде 450 бұрышпен, топырақ бетінде 2-3 бүршігін, қуаңшылық аудандарда бір ғана бүршігін қалдырып отырғызылады.Қоректік заттары көп және тамыр бастамалары болатындықтан, қысқы қалемшелер тезірек тамырланады.
Жасыл қалемшелерді жапырақты өркендерден дайындайды. Оларда тамыр бастамалары болмайды да, кесілген жерінен каллустан тамыр дамиды. Қалемшелердің кесілген жерінен бөлінетін шырыннан жұқа қабықша пайда болады. Бұндай қорғаныш қабықша өте баяу пайда болған жағдайда қалемшелер микроорганизмдердің әсерінен шіріп кетуі мүмкін.
Тамырлардың қалыптасуы қалемшелердің төменгі жағында барлық ауксиндер мөлшерінің көбеюіне тығыз байланысты болады. Қалемшелердің тамырлануына басқа жағдайлар да – жылу, ылғал, аэрация өте қажет. Ол жағдайлар жас кезінде, салқын көшетқаналарда жасалады. Көшетқананың еденіне қалыңдығы 10-12 см құммен араластырылған шым топырақ төселіп, оның үстіне қалыңдығы 4-6 см етіп жуылған құм төселеді. Кейде құмның орнына ағаш күлін, үгіндісін, т.б. қолдануға болады. Көшетқананың қалыпты жылылығы 20-270С шамасында болуы қажет.Жасыл қалемшелердің қалыпты өсуіне шашыраңқы жарық қолайлы болады. Сондықтан көшетқананың терезелерін әктеп қойған жөн. әдетте, жарық қалемшенің тамырлануын баяулатады. Бірақ, қалемшенің төменгі (морфологиялық түбі) жағын топыраққа көміп қойса, жарықтың әсерінен тамырлануыжеделдейді. Көк сәуле, қызыл сәулеге қарағанда, қолайлырақ келеді.
Коллоквиум сұрақтары:
-
Ұлғаю және көбею дәуірі
-
Физиологиялық генерация.
-
Регенерация түрлері.
-
Вегетативтік көбею.
-
Меристема деңгейіндегі регенерация.
Достарыңызбен бөлісу: |