Kz $$$umkd name$Қаржы нарығы және делдалдары $$$umkd avtors$ Г. М. Шакаримова, И. С. Жұртыбаева


Қазақстанда купондық аукциондарда сатылған АҚ-ның салалық құрылымы



бет7/14
Дата13.06.2016
өлшемі1.86 Mb.
#131252
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Қазақстанда купондық аукциондарда сатылған АҚ-ның салалық құрылымы


Салалар

АҚ-ның жалпы санынан үлесі, %-бен

Газ өнеркәсібі

1

Геология

4

Ғылыми-зерттеу институттары

3

Жөндеу кәсіпорны

12

Жеңіл және жергілікті өнеркәсіптер

13

Металлургия

1

Мұнай өнеркәсібі

1

Машина жасау

3

Агроөнеркәсіп секторы

14

Құрылыс

15

Көлік және телекоммуникация

13

Химия өнеркәсібі

2

Энергетика

1

Көтерме сауда

17

Жаппай жекешелендіру бағдарламасына кірген шаруашылық жүргізуші субъектілер алдымен 100% акциясы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам болып қайта қүрылды. Содан кейін 10%-ға дейін компания қызметкерлеріне артықшылықты акциялар түрінде берілді. Осыдан кейін 51% немесе одан да көп акция ЖИҚ үшін купондық аукцион аркялы сатуға шығарылды, бұл арада мемлекетке ең көп шамада 39%-ы қалуы тиіс болды.

1994 жылдың мамырынан 1996 жылдың ақпан айына дейін Қазақстандағы 22 купондық аукционда 1700-ден аса кәсіпорын сатуға ұсынылды. Онда номинал құны 1261,5 млн. теңгені құрайтын кәсіпорынның жарғылық қорын көрсететін акциялар сатылды.

Республика халқына берілген купондардың жалпы саны - 1,5 млрд, оның 1131,5 млн. халық ЖИҚ-қа табыс етті. Барлық жиналған купон аукциондар барысында өтелді.

1996 жылдың басында жекешелендірілген кәсіпорындардың шамамен 60% жарғылық қоры жеке меншік иелеріне берілді (кіші жекешелендірудің объектілерін қоспағанда). Фармацевтикалық компанияларды жекешелендіру процесінің нәтижесінде республикадағы барлық дәріхананың 57%-ы жеке меншікке өтті. 1997 жылы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, туризм және спорт салаларындағы 2900-дан да көп объектілер жекешелендірілді. Осылайша, 1991 жылдан бастап 17 мыңнан да көп кәсіпорындар мен ұйымдар меншік иелерінің қолына өтті.

Үшінші кезең - жеке жобалар бойынша жекешелендіру. 5000-нан асатын адам жұмыс істейтін аса ірі кәсіпорындар мен айрықша маңызы бар мемлекеттік кәсіпорындар, мәселен, кен өндіруші өнеркәсіптер немесе табиғи монополиялар жеке жобалар бойынша жекешелендіру бағдарламасы негізінде жеке-шелендірілуі керек болатын. Тұтастай алғанда бұл санатқа шамамен 170 кәсіпорын кірді.

Мұндай тәсілдердің мақсаты - әрбір кәсіпорынның жағдайына барынша назар аударатын шешім қабылдау. Жаппай жеқешелендіру бағдарламасына қарағанда мұнда мемлекет үлесін және инвестордың жеке меншік үлесін анықтаудың үлгілері болған жоқ. Әрбір компанияның сатылу әдістері де бір-бірінен өзгеше болды, алайда олардың басқарылуы үшін халықаралық тендер мен келісімшарттарды жүзеге асыру көзделді.

Ауыл шаруашылығы салалары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу секторында да жекешелендіру аз жүргізілген жоқ. Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша кәсіпорындар саны шамамен 4000 болды. Мемлекеттік кәсіпорындар ұжымдастырылып, ұжымның жекелеген мүшелеріне жер берілді.

Агросервис пен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу секторының мемлекеттік кәсіпорындары да осы бағдарлама бойынша акцияларды ұжымға, жеке қызметкерлерге және ауыл шаруашылығы өндірушілеріне берумен жекешелендірілді. Мұнда баға инфляцияға қарай түзетіліп, қолайлы деңгейде белгіленді. Бірнеше ірі қайта өңдеу кәсіпорындары жеке жобалар бойынша жекешелендіру бағдарламасы негізінде сатылды.

Қазақстан-2030 даму стратегиясында көзделген міңдеттердің біріне республикадағы агроөнеркәсіп кешеніндегі кәсіпорындардың, орта және шағын кәсіпорындардың, жылжымайтын мүліктің жекешелендіру процесін толық аяқтау жатады.

1999-2000 жылдарға арналган меншікті жекешелендіру және мемлекеттік тұрғыдан басқару бағдарламасына сәйкес кен өндіру, көлік, мүнай өндеу, темір жол және әуе көлігі, энергетика кешені, уран өндірісі секілді стратегиялық маңызы жоғары экономика салаларындағы нысандардың меншіктік құқығын мемлекет өзінде қалдырды. Үкімет экономиканың нақты салаларын мемлекет иелігінен алудың негізгі бағыттарын анықтап, реттеуші заңдық және әкімшілік базаларды дамытудың стратегиясын жасады (6-кесте).


Жекешелендірілген нысандардың саны


Жылдары

Кіші

жекеше-лендіру



Жаппай жекеше-лендіру

Ауыл шаруашы-лығындағы жекеше-лендіру

Жеке жобалар бойынша жекеше-лендіру

Барлығы

1994

2748

-

918

-

4147

1995

2477

147

513

5

3142

1996

3393

497

138

28

4056

1997

5590

1122

18

47

11876777

1998

2539

514

9

11

3073

1999

2153

161

4

0

2318

2000

1581

129

11

3

1724

Кәспорындарды жекешелендіру олардың қызметіне оң әсерін тигізді. 15% жекешелендірілген нысан өкілдеріне сауалнама жүргізілді (сауалнаманы Deloitte & Touche компаниясы жүргізді). Онда мына мәселелер қозғалды: жұмыс істеудің шарты мен әдістері, жұмыскерлердің материалдық өтемақысының деңгейі, басқару өдістері, салық салудың ережесі, үкімет органдарының араласуы және т.б. Сауалнаманың нәтижелері мыналарды көрсетіп берді:

компаниялардағы жүмыспен қамтылудың көрсеткіші орта есеппен алғанда 20%-ға артқан;

жаңа меншік иелерінің тарапынан қаржылық инвестицияның көлемі артқан;

жекешелендірілген кәсіпорындардың пайда көлемі өскен;

мемлекеттік сектормен салыстырғанда жеке сектордағы жұмыспен қамтылғандардың еңбекақы деңгейі жоғары;

жекешелендірілген кәсіпорындар ұсынған тауарлардың ассортименті бай;

баға деңгейі кеміген.

Қызмет көрсету саласының, атап айтқанда бухгалтерлік есептің, маркетинггің және жарнама ісінің дамуы мен клиенттерді қанағаттандыруда жоғары деңгейге жеткенін қоса ескергенде жекешелендіру процесінің басқа да маңызды нәтижелерін айта кетуге болады.

Қазақстандағы жекешелендіру процесінде шетелдік инвесторларды толғандырған мәселелердің бірі - олардың құқықтық қамтамасыз етілуі болды. ҚР заңдарына сәйкес шетелдік инвесторлардың құқығы отандық инвесторлардың құқығымен бірдей, олар өз мүдделерін сотта және басқа да кез келген құқық кұралдарының көмегімен қорғай алды. 1995 жылдың 30 желтоқсанында қабылданған «Шетелдік инвестициялар туралы» Заң шетелдік инвесторларды ұлтшылдықтан, сондай-ақ саяси ахуал мен заң өзгерістерінен қорғайды, әрі зиян шеге қалған жағдайда (әрине, еліміздегі белгілі бір езгерістердің салдарынан) оларға келген заладдың орнын толтыруға кепілдік береді. Аталған заңға сәйкес шетелдік инвесторлар халықаралық төрелік сотқа жүгіну арқылы өз мүдделерін қорғауға құқылы.

Қазақстан жекешелендіру процесінде USAID жобалары арқылы шетелдік сарапшылар мен кеңес берушілердің көмегін және шетелдік компаниялардың жәрдемін пайдаланды. Бұл шетелдік инвесторлар үшін процесті анық және түсінікті етті.

Жекешелендіру Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың негізі болып табылды. Акционерлік қоғамдардың құрылуы акдиялардың шығарылуына жол ашты. Бұл акциялар аукциондарда, тек алғашқы нарықта ғана сатылды, яғии олардың алғашқы орналасуы ғана болды. Акционерлік қоғамдардың ашылуы, акциялардың шығарылуы, ЖИҚ-тың құрылуы бүгінгі таңдағы Қазақстан бағалы қағаздар нарығын қалыптастырған базис болды.


&&&

$$$002-006-002$3.2.6.2. Бағалы қағаздар нарығының мәні, функциялары және қатысушылары

Бағалы қағаздар нарығын олардың шығуы мен бағалы қағаздар нарығына қатысушылар арасындағы экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда ол кез келген басқа тауар нарығының анықтамасынан ерекшеленбейді. Зерттелетін нарық нысанын жеке салыстырғанда ғана айырмашылық пайда болады. Бағалы қағаздар нарығының номенклатурасы қандай да бір жеке тауар нарығына емес, тұтас тауар нарығына сәйкес келеді, әрі кез келгенрелдің қаржы нарығының құрамдық бөлігі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының негізін тауар нарығы, ақша және ақшалай капитал құрайды.

Бұл нарық түрлерінің жіктелінуі бағалы қағаз түрлерінің жіктелінуіне ұқсайды және былайша ажыратылады:

халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы;

ұлттық және аймақтық (аумақтық) нарықтар;

нақты бағалы қағаз түрлерініғі, нарықтары (акция, облигация және т.б.);

мемлекеттік және корпоративтік (мемлекеттік емес) бағалы қағаздар нарығы;

алғашқы және туыңды бағалы қағаздар нарығы.

Бағалы қағаздар нарығының функциясын шартты түрде екі топқа бөлуге болады: жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар функция. Функцияның бірінші тобына мыналарды жатқызуға болады:



  • коммерциялық - осы нарықтағы операциялардан пайда табу функциясы;

  • мақсатты - нарықтық бағаны қалыптастыратын процесті, олардың ұдайы қозғалысын және т.б. қамтамасыз етеді.

  • ақпараттық - яғни, нарық өз қатысушыларына сауда нысандары мен оның қатысушылары туралы нарықтық ақпараттарды жеткізеді;

  • реттеуші - ондағы нарық сауда және оған қатысудың ережесін, қатысушылардың арасындағы дауталасты шешудің тәртібін жасайтын болса, артықшылықтарды, бақылау органын немесе басқару органын және т.б. белгілейді.

Өзіндік ерекшелігі бар бағалы қағаздар нарығының функциясына мыналарды жатқызуға болады:

  • қайта бөліну;

  • баға және қаржы тәуекелдікттерін сақтандыратын функция.

Қайта бөліну функциясы қосалқы үш функцияға бөлінеді:

  • нарық қызметінің салаларына ақша қаражаттарын қайта бөлу;

  • ең алдымен халықтың жинақтарын өнімсіз формадан өнімді формаға ауыстыру;

  • инфляциялық емес негізде, яғңи айналысқа қосымша ақша қаражаттарын шығармай, мемлекеттік бюджет тап-шылығын қаржыландыру.

Ал баға және қаржы төуекелдерін сақтандырушы функцияға немесе хеджирлеуге келетін болсақ, ол туынды бағалы қағаздар фьючерстік және опциондық келісімшарттар пайда болғаннан кейін қолданысқа ене бастады.

Бағалы қағаздар нарығындағы сауда тәсілдерінің ұстанымы тұрғысынан мыналарды бөліп көрсету қажет:



  • алғашқы және қайталамалы;

  • ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған;

  • биржалық және биржадан тыс;

  • дәстүрлі және компьютерлендірілген;

  • кассалық және мерзімді нарықтар.

Бағалы қағаздар нарығы сауда-саттық және өсімқорлық операциялардың іс-тәжірибесімен байланысты пайда болды. Олар алғашқы бағалы қағаздар - вексельдер мен коносаменттердің пайда болуына себепкер болды. Ал олар одан ері мемлекеттің эмиссиялық қызметі мен акционерлік қоғамдардың пайда болуымен байланысты дамыды. Капиталдың бағалы қағаздарға кең ауқымды инвестициялануы XIX ғасырдың ортасында басталды. Бұл уақыт аралағында бағалы қағаздардың ыарығы айтарлықтай дамыған болатын. Оның қатысушы топтары да анықталып үлғерді. Оның алғашқы қатысушылары - банк иелері мен жеке трейдерлер ретінде алға шыққан жеке тұлғалар, содан кейінгісі заңды тұлғалар. Бұгінгі таңда бір мезгілде эмитент және трейдер болып табылатын бағалы қағаздар нарығының қатысушыларын бірнеше неғізгі топқа бөлуге болады.

1. Жоғары имиджі бар мемлекет, муниципалиттер, аса ірі үлттық және халықаралық компаниялар. Олардың бағалы қағаздарды шығаруы және оны жүзеге асыруы көп қиындық тудырмайды: оларды әрдайым үлкен мөлшерде қабылдай беруге болады. Бұл мемлекеттік және муниципалдық бағалы қағаздар жоғары табысты әрдайым қамтамасыз ете бермейді, алайда олардың сенімділік деңғейі жоғары. Сол себепті де халықтың кейбір бөлігі (зейнеткерлер, жалғыз бастылар, асыраушысынан айырылған немесе қамқоршысы жоқ отбасылар және т.б.) қатерге бастарын тікпей-ақ, өз қаражаттарын осындай қағаздарға салуды жөн көреді.

2. Қаржылық институттар бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асырады (коммерциялық және инвестициялық банктер, сақтандыру қоғамдары, зейнетақы қорлары және т.б. Олардың көбісі әр түрлі инвесторлардың (заңды және жеке тұлғалардың) қаражатын біріктіреді және олардың қаражатын табыс түсіретін бағалы қағаздарға салудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Олар акцияның бақылау пакеттерін иеленуге ұмтылады немесе тәуекелдіктен қашып, өз капиталдарын экономиканың әр түрлі салаларына орналастырады.

3. Жеке инвесторлар - жеке тұлғалар, оның ішінде венчурлік бизнестегі шағын кәсіпорындардың иелері.

4. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары. Олардың қажетті ақпараттармен қамтамасыз етілуі олардың бағалы қағаздармен операцияларды жүргізуін оңайлатады. Бір немесе бірнеше қызмет түрлерімен айналысу құқығына тиісті лицензия алуы үшін қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына бірқатар талаптар қойылады:


  • заңды түлғалар штатына тиісті қызметпен айналысу құқығына біліктілік куәлігі бар мамандар қажет болған жағдайда қойылатын біліктілік талабы. Бұл талап қалыптасқан әлемдік іс-тәжірибеден алынып отыр. Нарықтық экономикасы дамыған барлық елдерде арнайы білімі бар тұлғалар ғана қаржы нарытында клиенітермен жұмыс істеуге жіберіледі;

  • бағалы қағаздар нарығының кез келген кәсіби қатысушысы заңға сәйкес ұйымдастырушылық-құқықтық формада акционерлік қоғамға тіркелуі тиіс - бұл оның ұйымдастырушылық-құқықтық формасына қойылатын талап;

  • қаржылық талап - бұл кәсіби қатысушының өзіндік капиталының жеткілікті болу деңгейі. Таза өзіндік капитал - бұл кәсіпорынның міндеттемелерінен тыс активтері. Жарғылық капитал - заңды түлғаның құрылтайшыдарды немесе акционерлерді қатыстыру арқылы істі ұйымдастыру үшін салым ақша ретінде тартатын қаражаты. Өкілетті органдар жарғылық капиталдың емес, өзіндік капиталдың жеткілікті болу деңгейін белгілейді.

Кәсіби қатысушыға өз қаражатын сеніп тапсырған инвестор өз активінің барлық қауіптен сақталатынына сенімді болады. Инвесторды кәсіби қатысушының мәселелері толғандырмайды. Сондықтан да соңғысының өзіндік капиталы инвестормен есеп айырысуына жеткілікті болуы қажет, содан кейін ғана өз уәдесінде тұрмаған контрагенттермен, банктермеы және т.б. байланысты туындаған проблемаларын өзі шешеді.

Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына мыналар жатады:



1. Сауда алаңы:

  • биржалық. Бүгінгі таңда Казақстанда өз қызметін 1997 жылы бастаған қор биржасы (КАSE) ғана әрекет етеді;

  • биржадан тыс.

2. Сауда агенттері:

  • брокерлер - бұл клиент атынан және клиент есебінен операцияларды жүзеге асыратын делдалдар;

  • дилерлер - бұлар операцияны өз атынан және өз есебінен жүргізетін делдалдар.

Қазақстанда брокер-дилерлік кызмеітің жалпы лицензиясы қандай да бір мәмілені өз атынан және өз есебінен орындай алатын адамды өз күшімен (дербес) тапқан делдалдарға ғана беріледі. Оған қоса әлемдік тәжірибеде заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да брокер және дилер бола алады, ал Қазақстанда брокер-дилерлік қызметпен тек заңды тұлғалар ғана айналыса алады.

3. Кор нарығының инфрақұрылымына кіретін ұйымдар. Оған мыналар жатады:

1) депозитарий - клирингтің, номинал ұстаушының, төлем агенттігінің және т.б. функцияларын жүзеге асыратын қаржы нарығының кәсіби қатысушысы. Қазақстанда 1997 жылдың 16 мамыр айында құрылтай шешімімен құрылған, әрі 1997 жылдың 18 шілдесіндегі N12301-1910-АО номерімен Алматы қаласының Әділет басқармасында заңды тұлға ретінде тіркелген «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы бар. Қоғам ҚР «Акционерлік қоғам туралы» Заңына сәйкес 1999 жылдың 28 қазанында және 2002 жылдың 9 сәуірінде қайта тіркелді. Коммерциялық емес ұйымдар орталық депозитарий болып табылады және олар мынадай негізгі функцияларды орындайды:



  • номинал ұстаушыны жүзеге асыру;

  • эмиссиялық бағалы қағаздар мен басқа да қаржылық құралдар бойынша құқықтарды ескеру және мәмілелерді тіркеу;

  • номинал ұстаушыға қаржылық құралдар мен мәмілелер бойынша және оның табыс төлемі бойынша төлем агенттігінің функциясы;

  • қаржылық құралдар мен мәмілелер бойынша клиринг;

  • ҚР заңдарына қайшы келмейтін кеңес беру, ақпараттық және басқа да қызмет түрлері.

2) тіркеушілер - ҚР заңдарына сәйкес құрылған әрбір акционерлік қоғам бағалы қағаздар эмиссиясы мемлекеттік тіркеуден еткен сәттен бастап, бір ай ішінде бағалы қағаздар үстаушыларының тізілімін енгізуді және сақтауды қамтамасыз етуі керек.

Бағалы қағаз ұстаушыларының мүліктік құқығын және мұдделерін қорғау мақсатында бағалы қағаздар ұстаушыларының тізімін дербес жүргізетін бағалы қағаздармен, сондай-ақ АҚ-мен мәмшелерді тіркейтін бағалы қағаздар нарығының қатысушылары (тіркеушілер мен номинал ұстаушьшары) бағалы қағаздар құқығының бірінші тұлғадан екіншісіне өтуіне байланысты мәмілелерді орындаудың фактілерін бекітуге міндетті.

Номинал ұстаушылар клиенттердің бағалы қағаздарымен болатын мәмілелерді және олардың ауыртпашылық түсірген фактілерін тіркеу бойынша функцияларды орындайды. Олардың иелік ету құқығын растайды, клиенттерде бағалы қагаздардың болуын және олармен мәміле жасаудың мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді, төлем агенттігінің функциясын орындайды, клиенттерді бағалы қағаздардың номинал ұстаушыларына берілгені жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ номинал ұстаушыларымен жасасқан келісімшартқа сәйкес басқа да функцияларды орындайды. Номинал ұстаушылардың қызметі ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу. және қадағалау жөніндегі агенттігі берген лицензияның негізінде жүзеге асырылады.

Бағалы қағаздармен байланысты меншік иелерінің құқығын жүзеге асыру үшін тіркеушілердің талап етуі бойынша номинал ұстаушылар тіркелген бағалы қағаз иелерінің тізімін нақты бір күңде беруге міндетті. Номинал ұстаушыларға аталған ақшратты ашу құқығын бермеген бағалы қағаз иелері кірмейді.



Тіркеушінің функциялық міндеттіемесі мыналарда:

  • бағалы қағаз иелерінің тізімін жүргізу арқылы меншік кұқығын тіркеу және аталған тіркеуді растайтын жазбаша немесе электрондық құжаттарды ресімдеу;

  • бағалы қағаз иелерінің тізілімін енгізу және сақтау;

  • тізілімнен көшірме беру жолымен бағалы қағаз иелерінің кұқығын растау;

  • бағалы қағаздардың меншік құқығының өзгеру фактісін тізілімдегі тиісті жазуды өзгерту жолымен тіркеу;

  • дауыс құқығын және бағалы қағаздар меншігі құқығының ауыртпашылық түсірген фактісін тіркеу;

  • эмиссияланған бағалы қағаздардың мөлшерін және оның тіркелген мөлшерге сәйкес келуін бақылау;

  • құжаттамалық формада шығарылған бағалы қағаздардың сертификаттарын сақтау, беру жөне өтеу;

  • корпорациялық әрекеттерді тіркеуді жүзеге асыру;

  • тіркеуші эмитентке оны жалпы жиналысқа дайындау, сондай-ақ дивидендтік есеп айырысу бойынша кеңес беру қызметін көрсетуге құқылы.

Тіркеуші заңмен белгіленген жағдайларды ескермегенде тізімді немесе оның бөлігін жүргізу бойьшша өз өкілеттілігін басқа тұлғаға жүктей алмайды. Оның тізімін өзі жүргізсе де эмитенттерге тиесілі бағалы қағаздардың меншік құқығын тірқеушінің сатып алуға құқығы болмайды;

3) клирингтік үйымдар - қаржылық құралдармен мәмілелерді орындауға қатысатын тараптардың талаптары мен міндеттемелерін өзара есепке жатқызатын қаржы нарығының кәсіби қатысушылары;

4) кастодиандар - клиенттердің қаржылық құралдары мен ақшасын сақтайтын, әрі олардың есебін жұргізетін; оларды сақтау міндеттемесін өз мойындарына алумен қаржы құралдары мен акшаға байланысты олардың кұқығын растайтын қаржы нарығының кәсіби қатысушылары. ҚР-да кастодиандық қызметпен және сейфтік операциялармен айналысуға лицензиясы бар банктер ғана кастодиан бола алады;

5) бағалы қағаздар портфелін басқарушы - клиент есебінен және оның мүддесі тұрғысынан азаматтық құқықтың объектілерін басқару жөніндегі қызметті өз атынан жүзеге асыратын қаржы нарығының кәсіби қатысушылары. Олардың негізгі функциялары:



  • акшаны қаржылық құралдарға инвестициялау;

  • қаржылық кұралдармен орындалатын мәмілелердің есебін жүргізу;

  • өздеріне жүктелген қаржылық кұралдарды пайдалану, әрі оған иелік ету.

Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтің қандай да бір басқа түрлерімен қатар қолданылмайтын айырықша түрлеріне мыналар жатады:

  • бағалы қағаз иелерінің тізімін жүргізу;

  • депозиттік қызмет - тек клирингтік қызметпен ғана қатар қолданыла алады;

  • инвестициялық қордың бағалы қағаздар портфелін басқару;

  • қор биржалары;

  • биржадан тыс нарықтың баға белгілеу жүйесі;

Айрықша қызмет түрлерін есепке алмағанда, кез келген басқа қызмет түрлерімен кастодиандық қызмет қатар жүргізіле береді, ал бағалы қағаздар портфелін басқару брокерлік, дилерлік және кастодиандық қызмет түрлерімен қатар қолданыла алады.

Бағалы қағаздар нарығындағы кез келген қызметтің міндетті шартына заңды түлғалар үшін мемлекеттік лицензияны алуы жатса, жеке тұлғалар үшін - ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктің біліктілік куәлігі қажет.

2004 жылы Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті 50-ден аса компания жүзеге асырды. Олардың 38-і бұл құқыққа 1996 жылдың басында ие болды. Кәсіби қатысушылардың құрамына екінші деңгейлі 23 акционерлік банк кіреді.
&&&

$$$002-006-099$3.2.6.3.Бағалы қағаздар нарығының негізгі қаржылық құралдары және олардың жіктелінуі

Бағалы қағаздар нарығының құралдарына бағалы қағаздар жатады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес формалар мен реквизиттерде белгіленген мүліктік құқықты куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Бұл бағалы қағаздың жүзеге асырылуы мен берілуі тек оны ұсынғанда ғана мүмкін болады. Бұл оның заңды анықтамасы болып табылады. Ал оның экономикалық мағынасы бүкіл тауар әлемінің екіге бөлінетініне байланысты анықталады: тауарлар (материалдық игіліктер, өндіріс құралдары, қызмет көрсетулер) және ақшалар. Ақша жай және жаңа ақшаны әкелетін капитал ақша боп бөлінуі мүмкін. Заңды немесе жеке бір тұлғадан екіншісіне ақша берудің қажеттілігі ұдайы болып тұрады. Қаржы нарығының әлемдік іс-тәжірибесі акша берудің екі негізгі тәсілін - несиелеу процесін және бағалы қағаздарды айналасқа шығаруды тандап алды. Тауар нарығында да мұндай жағдайлар болып тұрады: тауарды табыс ету сәтінде оның өлі жеткізілмегеніне немесе өндірмегеніне байланысты тауар болмай қалған жағдайда осындай жағдай орын алады. Алайда бағалы қағаз - ақша немесе материалдық тауар емес. Оның құндылығы - өз иесінің қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыруына мүмкіндік беретін құқықта. Сатып алушы өзінің ақшалай капиталын бағалы қағаздарға айырбастай алады. Бұл арада оның меншік құқығы, сонымен бірге қарызға берілген капиталдың пайыздары немесе дивидендтері түрінде нақты жүйелі табысты алу құқығы сақталады.

Ақша да, тауар да осы заманғы жағдайда капиталдың әр түрлі формалары болып табылады. Эқономикалық тұрғыдан алғанда бағалы қағаздар - бұл тауарлық, өндірушілік және ақшалай капитал формаларынан өзгеше болатын капитал формасы. Оның өзгешелігі - оны басқа капитал формаларының орнына беруге болады әрі нарықта тауар ретінде айналыста болып, табыс әкеледі (немесе табыс әкелуі ықтимал).

Бағалы қағаздар - бағалы қағаздар нарығында айналыста болатын ерекше тауар, алайда ол заттай тауар немесе қызмет немесе ақша болып табылмайды. Оны ақшаға жақындататын бірқатар өз ерекшеліктері бар. Олардың ішіндегі ең басты ерекшелігі - оны әр түрлі формадағы ақшаға айырбастауға (етеу, сату-сатып алу, эмитенпі қайтару, құқықты қайта табыстау және т.б. жолдармен) болады. Ол есеп айырысуда пайдаланылуы мүмкін, кепіл де бола алады, оны бірнеше жыл сақтауға да немесе мұра бойынша мерзімсіз беруге де болады, оны сыйлық ретінде біреуге ұсынуға да болады.

Осылайша бағалы қағаз өз иесіне біршама табыс әкелетін, құқығы мен міндеттемесі үшінші тұлғаға жаңа келісімшартсыз, берілетін, үлгісі қатаң тәртіппен белгіленетін құжатты білдіреді. Оның құқығы мен міндетін жаңа келісімшартсыз басқа біреуге табыс ете аласың - міне, бағалы қағаздардың негізгі ерекшелігі, айрықша өзгешелігі осында. Қолда бар келісімшарт бойынша басқа тұлғаға құқық пен міндеттерді табыс ету үшін жаңа келісім-шартты әзірлеу керек. Ал бағалы қағаздар бойынша құқықты табыс етуде жаңа келісімшартқа отырудың қажеті болмайды. Бұл бір жағынан қолайлы, екінші жағынан трансакциялық шығындарды азайтады.



Бағалы қағаздар қоғамдық маңызы бар бірқатар функцияларды орындайды;

  • экономиканың салаларына, аумақтар мен елді мекендерге, халыққа, мемлекетке және т.б. ақшалай қаражатты (капиталды) қайта бөледі;

  • өз иесіне мынадай нақты қосымша құқықтар береді: капиталға, ақпаратқа, ең алдымен, белгілі бір жағдайларға сәйкес келетін басқару ісіне қатысуға;

  • капиталдан табыс алуды жөне (немесе) капиталдың өзін қайтаруды қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет