Kz $$$umkd name$Қаржы нарығы және делдалдары $$$umkd avtors$ Г. М. Шакаримова, И. С. Жұртыбаева


Казақстандағы бағалы қағаздардың жіктелінуі



бет8/14
Дата13.06.2016
өлшемі1.86 Mb.
#131252
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

Казақстандағы бағалы қағаздардың жіктелінуі


Сипаттамасы

Бағалы қағаздың турлері

1

2

Эмитенті бойынша

  • мемлекеттік

  • корпорациялық

  • жекеменшіктік

  • шетелдік

Эмитент міндеттемелері бойынша

  • үлестік

  • борыштық

  • тауарды иелену құжаты

Айналыс аумақтары бойынша

  • аймақтық

  • ұлттық

  • халықаралық

Құқықты жүзеге асыратын формадары бойынша

  • атаулы ұсынбалы • ордерлік

Шығарылатын формалары бойынша

  • құжаттандырылған

  • құжаттандырыдмаған

Айналыс мерзімі бойынша

  • мерзімсіз

  • мерзімді

  • қысқа мерзімді (1 жылға дейін)

  • орта мерзімді (1 жылдан 10 жылға дейін)

  • ұзақ мерзімді (10 жылдан жоғары)

Базистік активі бойынша

  • негізгі

  • туынды

Табысты төдеу тәсілдері бойынша

  • ұдайы (жүйелі) төлеммен

  • бір жолғы төлеммен

  • тіркелген % мөлшерлемесімен

  • өзгермелі % молшерлемесімен

Табысты алу тәсілдері бойъшша

  • инвестициялық

  • нарықтық

Эмиссия тәсілдері бойынша

  • эмиссиялық

  • эмиссиялық емес

Валюта бойынша номинал

  • ұлттық валютаның номинал құнымен

  • шетелдік валютаның номинал құнымен

  • қос номиналмен

  • номиналсыз

Айналыс шарттары бойымша

  • қайтарымды

  • қайтарымсыз

Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық бағалы қағаздар мынадай санаттарға бөлінеді:



Негізгі бағалы кағаз - олардың негізіне қандай да бір активке, әдетте, тауарларға, акшаға, капиталға, мүлікке әр түрлі ресурстарға жәие т.б. бершғен мүліктік құқық жатады.

Туынды бағалы қағаз - бұл қандай да бір базиске активке арналған бағалы қағаз; базистік активтер бағаларына пайыздық мөлшерлемелер, индекстер жатады. Базыстік активтерге тауарлар (мұнай, алтын, астық және т.б.), негізгі бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар және т.б.) жатады. Туынды. бағалы қағаздарға: фьючерстік келісімшарттар (тауарлық, валюталық, пайыздық, индекстік және т.б.), варрантар, құқықтар және еркін айналыста болатын опциондар жатады.

Үлестік бағалы кағаз - кәсіпорын таратылғанда өз иесінің мүліктің бір бөлігіне ие болу құқығын беісітіп береді, өз иесіне жарғылық капиталды құруға қатысуына мүмкіндік береді, пайданың бір бөлігін алуға және кәсіпорынды басқаруға қатысуына құқық береді. Үлестік бағалы қағаздарға акциялардың барлық түрлері, иивестициялық пайлар жатады.

Борыштық бағады қағаз - қарыз иелері мен эмитенттері арасындағы қарыз қатынасын бейнелейді. Олар оны сатып алу және белгілі бір пайыз төлеу міндеттерін өз мойындарына алады. Борыштық бағалы қағаздың ұлгілеріне облигацияларды, ипотекалық куәліктерді, қазынашылық міндеттемелерді, ҚР Ұлттық банкінің ноталарын жатқызуға болады.

Бағалы қағаздардың меншік құқығын жүзеге асыратын формалар бойынша мыналар бөліп көрсетіледі:



Атаулы багалы қағаз - олардың барлық иелерін сәйкес-тендіруді қарастырады. Иелері туралы ақпарат тізілімінде болады, ал осы бағалы қағаздармен бекітілген меншік құқығының басқаға өтуі оларды сәйкестендіруді қажет етеді.

Ордерлік бағалы қағаздар - ол бойынша құқық бағалы қағазда аталған тұлғаға тиесілі болады және осы бағалы қағазда табыстау жазуын индоссаментті орындау жолымен бершеді. Оның үлгілеріне вексельдер, ипотекалық куәлік жатады.

Ұсынбалы бағалы қағаз - осы қағазбен куәландырылған құқық оны ұсынатын адамға тиесілі болады. Осы бағалы қағазға бекітіліи берілген құқықты жүзеге асыру үшін аталған бағалы қағазды ұсынса жетіп жатыр.

Кұжаттандырылған - қағазбен тасымалдаушыға эмитенттеледі.

Құжаттандырылмаған - шотқа жазу жолымен эмитенттеледі.

Нарықтык, бағалы қағаз - бағамдық айырмашылық ретінде одан табыс алуға мүмкіндік береді.

Инвестициялық бағалы қағаз - дивидендтер, купондар, пайыздар түрінде осы бағалы қағаз бойынша ағымдағы табысты алу мақсатында ұзақ мерзімге сатып алынады.

Қайтарылымды бағалы қағаз - мерзімнен бұрын етелуі мүмкін.

Қайтарылымсыз - айналыс мерзімі біткенше айналыстан алынбайтын бағалы қағаз.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бағалы қағаздың мынадай түрлері айналысқа түседі:



  • мемлекеітік бағалы қағаздар;

  • акциялар;

  • облигациялар;

  • коносаменттер;

  • ипотекалық куәліктер;

  • туынды бағалы қағаздар;

  • жай қоймалық куәліктер;

  • қосарлы қоймалық куәліктер (қоймалық + кеиілдікті куәлік);

  • ҚР-дағы айналысқа жіберілген шетелдік эмитенттің бағалы қағазы;

  • Заң актілерімен белгіленген тәртіпте бағалы қағаздардың қатарына жатқызылған басқа да құжаттар.

Бағалы қағаздардың Қазақстан нарығындағы қаржылық құралдарына қарай оның құрылымын былайша көрсетуге болады:

. Қазақстан бағалы қағаздар нарығының негізгі сегменттері


Акция. Оны (акцияны) ұстаушының (акционердің) акционерлік қоғамға түскен пайданың бір бөлігін дивидендтер түрінде алу құқыгын, оның істерін және мүліктің бір бөлігін акционерлік қоғам таратылғаннан кейін де басқаруға қатысу құқығын куәландыратын бағалы қағаз болып табылады.

Акция - акционерлік қоғамның капиталына қатысуға мүмкіндік беретін бағалы қағаз. Оны мемлекеттік органдар емес, тек акционерлік қоғамдар ғана шығарады. Бұл арада корпорациялар қалыптастыратын капитал корпорация таратылғанда қарыз капиталы ретіндегі (оның ішінде облигация ретіндегі) міндттемелер төленбегеннен кейін екінші кезекте орны толтырылатын өзіндік капиталдың құрамдық бөлігі болып табылады. Акционерлер өздері салған акция сомасының мөлшерінде ғана қоғам міндеттемелеріне жауап береді. Сондықтан эмитент банкротқа ұшыраған жағдайда акцияға инвестицияланған ақшаны қайтарып алудың кепілдігі болмайды.

Акцияларды былайша жіктеуге болады:

1. Акция бір акционерден екіншісіне берілу тәсілі бойынша мыналарға бөлінеді:



  • атаулы;

  • ұсынбалы.

Атаулы акция - оның (атаулы акцияның) иелері міндетті түрде акционерлердің тізіліміне тіркеледі.

Ұсынбалы акция акционерлердің тізіміне тіркелмейді. Әдетте, АҚ олардың иелерін білмейді. Бұл акцияның нақты иесі ғана акционердің меншік құқығын растай алады.

2. Табысты алу құқығына қарай:



  • жай;

  • артықшылықты.

Бұлардың арасындағы негізгі айырмашылық мынада: артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер АҚ-ның таза табысының мөлшеріне қарамастан әрдайым төленеді. Коғам таратылған жағдайда артықшылықты акция ұстаушылар басқа акционерлерге қарағанда өздеріне тиесіліні алдымен алады, алайда номинал құнының орнын олардың акциялары толтыратын дивидендтерді толық алмайды. Сондай-ақ компания таратылғанда да артықшылықты акция ұстаушыларының мүдделері несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін ескеріледі, алайда жай акция ұстаушыларының талаптары қанағаттандырылмастан бұрын ескеріледі.

Өз кезегінде артықшылықты акцияларды мыналарға жіктеуге болады:



  • кумулятивті - егер дивидендтер уақтылы төленбесе, онда олар жинақталып, кейін толық көлемде төленуі мүмкін;

  • қайтымды басқа акцияларға қарағанда олар өздеріне тән мерзімсіздік секілді өзгешелігіне қайшы келетін эмитенттермен өтелуі мүмкін;

  • айырбасталатвн - осы эмитенттің жай акцияларының белгілі бір көлеміне айырбасталуы мүмкін;

  • дауыс құқығы бар және ең аз шамадағы нақты дивидендтердің мөлшеріне ие акциялар;

  • дауыс құқығы болмайтын, ең аз шамадағы дивидендтердің нақты мөлшеріне ие акциялар; бұл арада олар дивидендтерге қатысты артықшылықты құқықтарға ие болады және оларға қоғам таратылғаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігін алуына мүмкіндік тудыратын артықшылықты құқық беріледі. Егер дивиденд бұрынғы акция бойынша 3 айдың ішінде төленбесе, онда бұл акцияның иесіне АҚ-ны қайта кұруға және таратуға, акционерлердің құқығын шектейтін Жарғыға өзгерістер енгізуте қатысты мәселелерді шешуде дауыс құқығы беріледі.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес акционерлік қоғам құжаттандырылған формадағы атаулы акцияны ғана шығара алады. Ал артықшылықты акцияларға келсек, Казақстанда оның екі түрі бар: дауыс құқығы болмайтың, ең аз шамадағы дивидендтердің нақты мөлшеріне ие акциялар және дауыс құқығы бар, ең аз шамадағы дивидендтердің нақты мөлшеріне ие акциялар.

Облигация - бұл оны, номинал құны немесе басқадай мүліктік эквивалентті шығаратын тұлғадан осыларды өз иесінің алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Облигация, сонымен бірге өз иесіне оған тіркелген номинал құнынан немесе басқадай мүліктік кұқықтан пайызды алуына мүмкіндік береді.

Қосымша қаражатты тарту үшін эмитент оны пайда болған уақытынан бастап үшінші жылынан кешіктірмей оларды толық төлеу шартымен және жылдық баланстың осы уақытына бекітуге жатқызу шартымен жарғылық қордың мелшерінен аспайтын сомада шығаруға құқылы.

Облигация - бұл эмитенттің қарыздық міндетемесін растайтын құжат, ол оның активтеріне карсы қойылады. Оның көмегімен жұмылдырылған капитал акционерлік капитал болмайды. Облигацияны шығару - капитал қарызының бір формасы.

Мерзімді қарыздық міндеттеме ретінде облигацияны өтеудің кепілдігіне эмитент тарапынан берілетін жалпылама кепілдік жатады. Ол облигация ұстаушыға - эмитет банкротқа ұшыраған жағдайда өз міндетеемесін орындамаса мүліктің бір бөлігін алуына мүмкіндік беретін құқығын береді.

Облигациялар акциялар секілді әр түрлі корпорацияға арналған инвестицияның маңызды көзі ретінде қызмет етеді. Алайда бұл бағалы қағаздардың бір-бірінен көп айырмашылыгы бар:

1. Облигациялардың иесі несие беруші болып табылады, ал акционерлер - корпорация мешдік иелерінің бірі.

2. Облигациялардың иесі эмитенттің табысына қарамастан облигация бойынша пайыз алады. Акционерлер дивидендтерді алуы мүмкін, бірақ олар жай акцияның иелері үшін тіркелмейді әрі табыс болмаған жағдайда төленбейді.

3. Облигация иелерінің дауыс құқығы болмайды, олар акционерлердің жиналысына қатыспайды және корпорацияны басқаруға қатыстырылмайды. Акционер өзінің мүліктік мүддесіне қатысты барлық мәселелерді шешуде дауыс қүқығына ие болады.

4. Облигация бойынша төленген пайыздық төлемдер корпорацияның шығынына жатқызылады және салық салынатын табысты кемітеді. Сонымен қатар салық салынғаннан кейін корпорацияның алатын таза табысы дивидендтердің көзін құрайды.

5. Облигациялар, өдетте, белгілі бір мерзімге шығарылады, ал акциялар мерзімсіз бағалы қағаз болып табылады.

Облигация жіктелімін былайша көрсетуге болады:


  1. Эмитентіне байланысты:

  • мемлекеттік;

  • муниципалдық;

  • корпоративтік;

  • шетелдік.

  1. Облигациялық қарыздың мерзіміне қарай:

  • өтеу күні бойынша:

  • қысқа мерзімді - 1 жылға дейін;

  • орта мерзімді - 1 жылдан 3 жылға дейін;

  • үзақ мерзімді - 3 жылдан 25 жылға дейін.

  • өтеу мерзімі тіркелмейтін облигациялық қарыз;

  1. Шығарылатын формаларьша қарай:

шотқа жазу түріндегі қолма-қол облигациясыз;

қолма-қол облигация;



  1. Иелену тәртібіне қарай:

  • ұсынбалы облигация;

  • атаулы.

  1. Табыс алу тосіліне қарай:

  • табыстық, ол бойынша пайыз компанияда осығаи жеткілікті пайда болғаңда ғана төленеді;

  • пайызсыз, дисконтпен сатылады, ягаи номинал қүнынан арзан;

  • өзгермелі пайызы бар облигация, мұнда облигация бойынша пайыздық банк пайызының мөлшерлемесіне тіркелсе, онда ол нақты шамадан төмен немесе жоғары болмауы керек.

  1. Өтеу әдісіне қарай:

  • сериалды;

  • бір реітік.

  1. Айналыс сипаты бойынша:

  • айырбасталатын;

  • айырбасталмайтын.

  1. Қамтамасыз етілуіне қарай:

  • кепілмен қамтамасыз етілген;

  • үшінші тұлғаның кепіддігімен қамтамасыз етілген;

  • қамтамасыз етілмеген.

  1. Айналысына қарай:

  • еркін айналыста болады;

  • айналыс шеңбері шектеулі.

Мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) - орталық және жергілікті үкімет органдары шығарған борыштық бағалы қағаздар. Олар ішкі және сыртқы мемлекеттік қарыздың формалары болып табылады.

Ішкі МБҚ қарыз қатынасында оның ұстаушысының мүліктік құқығын айғақтайды. Оның қарыз алушыларына ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық банкісі, жергілікті атқару органдары жатады. Сыртқы нарықта мемлекеттің еурооблигациясы айналыста болады.

Қазақстан Республикасында олардың алғашқы орналасуы әдетте КР Қаржы министрлігі немесе ҚР Ұлттық банкісі арқылы өтеді. Барлық МБҚ құжаттандырылмаған формада шығарылады.

МБҚ әр түрлі әдістермеы (аукцион, сауда-саттық, ашық сату, жабық тарату және т.б.) орналастырылады. Кез келген занды және жеке тұлғалар, сондай-ақ резидент еместер де оның сатып алушьшары болуы мүмкін. Негізгі инвесторларына тұрғындар, екінші деңгейлі банктер, зейнетақы және инвести-циялық қорлар, сақтандыру компаниялары жатады.


Казақстанда мемлекетттік бағалы қағаздардың жіктелінуі


Сипаттамалары

Түрлері

Эмитент түрі бойынша

• үкіметтік

• муниципалды

• ҚР Ұлттық банкісі


Айналыс мерзімі бойынша

• қысқа мерзімді (1 жылға дейін)

• ұзақ мерзімді (1 жылдан жоғары)



Айналыс тәсілдері бойынша

• нарықтық

• нарықтық емес



Табысты алу тәсілдері бойынша

• пайыздық

• дисконттық

құрамдастырылған

• инфляция бойынша индекстелген

• девольвация бойынша индекстелген


Пайызды есептеу тәсілдері бойынша

• тіркелген паиыз мөлшерлемесі

• өзгермелі пайыз мөлшерлемесі



Шығарылатын валютасы бойынша

• ұлггық валютада

• шетелдік валютада




Нарықтық - МБҚ алғашқы орналасуынан кейін еркін қайта сатылады.

Нарықтық емес - қайта сатылмайтын, белгілі бір мерзім өткенңен кейін эмитентке қайтарылуы мүмкін мемлекеттің бағалы қағазы.

Дисконттық - МБҚ номинал қүнынан төмен бағамен шығарылады, бірақ номинал қүны бойыыша өтеледі. Нарықтық және номинал қүндардың арасындағы айырмашылық осы бағалы қағаз иесінің табысын құрайды.

Купондық - белгілі бір пайызды есептеумен номинал құны бойынша шығарылады әрі өтеледі.
ҚР БҚН-да айналысқа түскен мемлекетгік бағалы қағаздардың

кейбір түрлері




Мемлекеттік бағалы қағаздардың атауы

Эмитент

Шығарылым жағдайы

1.

МЕККАМ (ГККО)

ҚР Қаржы министрлігі

Бағалы қағаздар нарығын әртарап-тандыру, бюджет қатшылығын информациялық емес жабу кездері үлесінің үлғаюы, мақсатгы мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру. Номиналы – 100 теңге, дисконттық болып табылады, бір жылға дейінгі мерзіммен шығарылады. .

2.

МЕОКАМ (ГСКО)

ҚР Қаржы министрлігі

Бағалы қағаздар нарығын әртарап-тандыру, бюджет қатшылығын информациялық емес жабу көздері үлесінің ұлғаюы, мақсатты мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру. Номиналы - пайыздыңтіркелген мөлшерлемесімен 1000 теңге, 2-3 жылға айналысқа шығады.

3.


МЕАКАМ (ГДКО)

ҚР Қаржы министрлігі

Бағалы қағаздар нарығын әртарап-тандыру, бюджет қатшылығын информациялық емес жабу көздері үлесінің үлғаюы, мақсатты мемлекеттік бағдарламаларды қаржы-ландыру. Номиналы - пайыздың тіркелген мелшерлемесімен 1000 теңге 10 жылға айналысқа шығады.

4.

АВМЕКАМ

ҚР Қаржы министрлігі

Нарыққа 1999 жылдың 12 сәуірінде жиңақтаушы зейнетақы қорларының салымшылары активтерінің девальвациясынан сақтану мақсатында шығарылды. Айналым мерзімі 5 жыл, 6,14% жылдық купондық мөлшер-лемесі АҚШ-тың долларыиа ірілен-дірілген. АВМЕКАМ айналысқа зейнетақы қорларының портфель-деріндегі индекстелмеген МБҚ-ны айырбастау арқылы енгізілген. Бұл міндеггердің негізгі бөлігі.Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының портфеліне тиесілі.

5.

МЕКАВМ

ҚР Қаржы министрлігі

Номиналы АҚШ долларымен берілетін (бұл жағдайда - 100 долл.) дисконттық қағаз болыпта былады және қағаздар доллармен берілген дисконттық бағамен орналастырылады. Бастапқы нарықта алған кезде инвесторлар эмитентке ақшамы теңгемен алған күндегі ресми бағам бойынша аударылады, ал өту кезінде эмитент инвесторларға теңгемен өту күніндегі доллардың ресми бағамы бойынша қағаздың атаулы құнын төлейді.

6.

МЕИКАМ

ҚР Қаржы министрлігі

Номиналы 1000 теңге индекстелген қазыналық міндеттеме. Инфляци-ядан сақтау мақсатында айналысқа шығады. Инфляцияның қарқынына байланысты, пайыздың құбылмалы мөлшерлемесі бар пайыздық болып табылады.

7.

НСО

ҚР Қаржы министрлігі

Бюджет тапшылығын инфляциялық емес жабу үлесінің артуы, халықтың жинағын инфляция барысындағы құнсыздаиудан сақтау. Номиналы - 1000 теңге, МЕККАМ-3-тің кірістілігіне байлаиысты пайыздың құбылмалы мөлшерлемесі бар пайыздык болып табылады.

8.

Ұлтгық банктің ноталары

ҚР Қаржы министрлігі

Айналымдығы ақшаны реттеу, инфляциялық процестер мен бағаларға ықпал ету, төлем баланысын реттеу, республикалық бюджеттің кассалық жүзеге асуын қамтамасыз ету.

Бағалы қағаздар нарығының туынды қаржылық құралдары

Туынды БК, - болашақта базистік активтің баға ауытқуынан пайда алуды кездейтін БҚ тобы.

Туынды БҚ-ның негізгі ерекшеліктері:



  • бағасы базистік актив негізіндегі бағаға құрылатын басқа БК, (акция, облигация және т.б.);

  • туынды БҚ-ның айналысының формасы негізгі БҚ-ның формасынан сырттай айырмашылығы болмайды;

  • базистік активпен (акциялар - мерзімсіз, облигациялар - жылдар мен ондаған жылдарға созылады) салыстырғанда өмірлік кезеңі шектеулі болады;

  • эмиссиялық емес бағалы қағаз болып табылады.

Туындыларга мыналар жатады: варранттар, фьючерстік келісімшарттар, еркін айналыста болатын опциондар жөне т.б.

Варрант өз иесіне компания шыгарған бағалы қағаздардың белгілі бір мөлшерін алдын ала тіркелген бағамен нақты мерзім ішінде сатып алуына құқық береді. Варранттың эмитенті - негізгі бағалы қағаздарды шығаратын комиания. Қоғам оны акцияның немесе облигацияның эмиссиясымен бірге шыгаруға құқылы. Варранттар шығарылғаннан кейін бағалы қағаздардан бөлінеді және варрантта көрсетілген бағалы қағаздар сатылғанга дейін бағалы қағаздар нарығында дербес айналыста болады. Варрант бөлініп алынғаннан кейін багалы қағаздардың сатылу құны варрант құнына кемітіледі.

Варранттың бағасы оны сатып алудың құқытын ғана бейнелейді және варрантқа тіркелген құн мен бағамдық құнның арасындағы айырмашылыққа тәуелді болады. Оның айналыс мерзімін, өтеу тәртібін және бағасын оны шығару барысында қоғам өзі анықтайды.

Варранттар әрекет ету механизмі жағынан және езінің экономикалық мазмұны жағынан құқықтарға ұқсас. Алайда әрекет ету кезеңі жағынан олардың айырмашылығы бар: кұқықтар - нарықта 3-4 апта жұмыс істейтін кысқа мерзімді бағалы қағаз, ал варранттың әрекет ететін мерзімі - 3-5 жыл немесе одан да көп.

Құқықтар бағалы қағаздарды инвесторларға тартымды етіп көрсету үшін акциялармен және облигациялармен бірге шығарылады. Варрант дербес бағалы қағаз ретінде шығарылады әрі оны өзі тіркелген акциядан немесе облигациядан бөлек сатуға және сатып алуға болады және ол қосымша акцияны сатып алута құқық береді. Алайда ол көптеген жағдайларда басқа құндылықтарды, атап айтқанда бағасы жеңілдетілген облигацияларды, алтынды және т.б. алуға мүмкіндік береді.



Фьючерс - тараптардың бекіту барысында белгіленген бағасы бойынша келешекте сатылатын және сатып алынатын биржалық (базистік) активтің стандартты биржалық келісім-шартыы білдіретін туынды бағалы қағаз.

Фьючерстік келісімшарттар көптеген елеулі ерекшеліктерімен айрықшаланады. Ең алдымен оның өрбір нақты актив тұріне стандартгы болып табылатын шартты әзірлейтің биржада ғана бекітілетінін атап айту керек. Бұл шарт фьючерстердің өтімділігін жоғары етеді, олардың ауқымды қайталама нарығы болады, өйткені ол өзінің шарты бойынша барлық инвесторларға бірдей. Бұл арада биржа қайталамалы нарықты тиісті келісімшарт бойынша құруды, яғни оларды тұрақты түрде сататын немесе сатып алатын дилерлер институты негізінде ұйымдастырады. Осылайша, инвестор фьючерстік келісімшарттарды әрдайым сатуға немесе сатып алуға және кейін өз ұстанымын офсеттік мәмшелердің (кері операциялар арқылы ұстанымды жабу) көмегімен оңай жоюға сенімді болады. Бұл фьючерстік келісімшарттардың иесіне артықшылықтар береді. Сонымен қатар келісімшарттағы шарттың стандараты сипаты конртагенттер үшін қолайсыз болуы мүмкін. Мәселен, олар тауардың фьючерстік келісімшарттарда қарастырылғандардан өземше басқа мөлшерде, басқа орында және басқа уақытта тауардың жеткізілуін қажет етеді. Оның үстіне, биржада контрагенттер қызығушылық танытатын активке қатысты фьючерстік шарттың мүлдем болмай қалуы да ықтимал. Демек, фьючерстік мәміледе нақты жеткізудің (активті қабылдаудың) мақсаты көзделмейді, онда контрагенттердің ұстанымын хеджирлеу немесе баға айырмашылығынан ұту көзделеді. Фьючерстік келісімшарттар бойынша инвесторлар көптеген станымдарын келісімшарттың әрекет ету процесінде өздері жояды.



Опцион - опциондық шарттың бекітілгенін айғақтайтын туынды бағалы қағаз. Онда қатысушылардың бірі айтылған баға бойынша біршама уақыт ішінде бағалы қағаздарды сату құқығына немесе сатып алу құқығына ие болады, ал басқа қатысушы ақшалай сыйақы (опцион бойынша сыйақы) үшін қажет болған жағдайда бағалы қағаздарда анықталған келісімшарт бағасы бойынша сатуға немесе сатып алуға міндеттенеді.

Опционның иесі оны сатып алуға (сатуға) немесе одан бас тартуға құқылы. Оның опцион бойынша сыйлықақы төлеуден басқа міндеттемесі болмайды. Сондықтаы да сатып алушы өзінің коммерциялық мүддесінің негізінде оның әрекеті мақсатқа қаншалықты лайықты болатынын анықтайды.

Опционды сатып алушы езі сатып алған құқықты опционның айналыс кезеңіндегі акция бағамының қозғалысына қарай өткізетіні (немесе өткізбейтіні) жөнінде шешім қабылдайды. Сатып алушы мен сатушы болжаған биржалық бағам қозғалысының бағыты бір-біріне қарама-қайшы болады, сол себепті де олар табыс алуды көздейді. Опцион үшін сатып алушы төлеген төлем сомасы опцион өткізілмеген жағдайда сатушының табысын құрайды.

Опциондар «колл» және «пут» деп бөлінеді. «Колл» типіндегі опцион бұрын келісілген баға бойынша акцияны сатып алуға құқық береді, ал табыс ағымдағы биржа бағамы опционда айтылған бағамнан жоғары көтерілгенде ғана пайда болады, сол себепті де оны өткізу тиімді (пайдалы), яғни опционды сатушыдан акцияны сатып алу керек. Опционның екінші типі - «пут» - акцияны сатуға құқық береді. Мұндағы табыс ағымдағы биржа бағамы опционда айтылған бағамнан төмен түскенде пайда болады, сол себепті де биржада акцияны сатып алған тиімді болады, содан кейін опционды сату қажет, яғни опцион сатушысын бұл акцияны айтылған бағам бойынша сатып алуға міндеттеу керек.



Американдық депозитарлық қолхаттар (АДК) 50-жылдары американдық инвесторлардың халықаралық нарыққа шығу жолдарын іздестірудің нәтижесінде пайда болды. Олардың пайда болуына мәмілелер инвестор бағалы қағаздарды сатып алғысы келген елдердің биржасында емес, Америка биржасында жасалғанда ғана қатер деңгейінің кемитіні ең басты себеи болды.

АДҚ-ты «Морган Гарантии» компаниясы 1920 жылдың соңында «Селфриджиз» атты белгілі британ әмбебап дүкенінің шығарған жария акциясын орнадастыруда американдық инвестицияны оңайлату үшін ойлап тапты. «Морган Гарантии» компаниясы әлі кұнге дейін АДҚ-тың кастодиандық қызметі бойынша аса ірі агентінің бірі болып табылады.

Депозитарлық қолхат - жергілікті нарыққа депозиттелген негізгі бағалы қағаздар иесінің құқығын айғақтайтын куәлік; жергілікті нарыққа қатысы жоқ адам бағалы қағаздың иесі (инвесторы) болады, яғни бағалы қағаз шетеддерде депозитарлық қолхаттар арқылы орналасады.

АДҚ-тан басқа ғаламдық депозитарлық (ОБК) және интернационалдық депозитарлық қолхаттар (ШК.) болады. Бас әріппен жазылғандардың мағынасы осы қолхаттар американдық, ғаламдық және интернационалдық қолхаттар айналысқа түсетін нарықтың атауын білдіреді. Олардың барлық түрі құжаттандырылған және құжаттандырылмаған формада шығарылады.

Басқа мемлекеттің бағалы қағаздарына езінің ақшалай каражатын салғысы келген инвестор өз кезегінде жергілікті брокерге өтініш жасайтын халықаралық брокерге өтініш беруі керек. Ал жергілікті брокер қажетті бағалы қағаздарды жергілікті нарықтан іздейді. Бағалы қағаздар сатып алынған жағдайда, ол жергілікті брокердің атына кастодиан-банкісіне тіркеледі. АДҚ жағдайында халықаралық брокер халықаралық. нарыққа жүгінеді. Бағалы қағаздар американ депозитарий-банкісінің атына кастодиандағы шотқа тіркеледі. Ол бұл туралы инвесторға қолхат береді. Депозитарлық қолхаттар жай бағалы қағаздарсияқты сатылады. Олар кез келген акция мөлшерін бекітуге болатын америка нарыгында басқа елдердің бағалы қағаздарымен алмастырылады. Мысалы, бір қолхаттағы 50 акция немесе бір акцияға 50 қолхат шығарылуы мұмкін.

Американ депозитарий-банкісі мен кастодион-банкісі жасалған келісімге сәйкес жұмыс істейді. Біріншісі барлық шығынды екіншісіне төлейді. Ал инвестор бұл шығындарды американ депозитарий-банкісіне өтейді.

Кастодиан-банктің шотына бағалы қағаздар, ал американ депозитарий-банкіне депозиттік қолхаітар тіркеледі. Кастодиан-банк брокермен (атаулы иесімен) немесе орталық депозитариймен орын алмастыруы мұмкін.

Егер инвестор депозитарлық қолхатты сатқысы келсе, онда ол халықаралық брокерге өтініш жасайды. Ол (халық-аралық брокер) оны халықаралық нарықта сатудың міндеттемесін өз мойнына алады. Сатылған кезде бұл туралы жазба депозиттік есеп айрысу жүйесіне (ДЕЖ) өтеді, ал американ депозитарлық-банкінде ол шоттан алынады, кастодион-банкте депозитарлық қолхаттар берілген акция шоттан алынады. Бұл арада халықаралық брокер депозитарлық қолхаттарды халық-аралық нарықта сатуға құқылы, жергілікті нарықта акцияны сатуы мүмкін.

АДҚ біршама көп инвесторлардың мүдделерін жүзеге асыратын құрал ретінде пайда болды, өйткені ол инвестордың жергілікті нарыққа жүгінгенінен гөрі қауіпті азайтады.

АДҚ-ның мына түрлері бөліп көрсетіледі:



  • демеушілік көрсетілмейтін - инвесторлардың, брокерлердің, депозитарлық банктің жергілікті кастодиан банкісінің бастамасы бойынша құрылды;

  • демеушілік көрсетілетін - эмитенттің, депозитарлық банктің, брокердің бастамасы бойынша қалыптасты, мұнда эмитент осы бағдарламаның жасалуымен байланысты шығынды өз мойнына алады.

Демеушілік көрсетілетіні I, II, III, IV деңгейлерге бөлінеді: 1 деңгей - ең әлсіз талап, қайталамалы нарықтағы бағалы қағаздар, қолхаттарды тіркеудің рәсімдері қарапайым, қаржылық есеп берулер мен талаптардың орындалуын АКДІ-тың биржасы мен бағалы қағаздар бойынша комиссиясыңа ұсынудың қажеті болмайды.

ІІ деңгей - листингтен өту қажет, бағалы қағаздар жөніндегі комиссияға қолхаттарды тіркеудің рәсімдері күрделі болады, аудитор тексерген қаржылық есеп берулер бірнеше жылда ұсынылады.

III деңгеп - жергілікті нарықтың шегінен тыс жерлерге капитал тартқысы келген эмитентгің жариялы ұсынысы, бастапқы нарық ұйымдастырылады, қолхаттарды тіркеудің рәсімдеріме өте қатаң талап қойылады. Өйткені III деңгейдің бағалы-қағаздары американдық және еуропалық нарықта айналысқа түседі, эмитенттер өздері тіркелген биржаның ережесі мен нормаларын сақтауы қажет.

IV деңгей - жаңа эмиссияларды жеке орыаластыру, қолхатты тіркеуғе қойылатын талап қатаңдау болады, қаржылық есеп берулер алдыңғы екі деңгейдегі секілді болмайды. Бұл деңгейдің депозитарлық қолхаттары американдық жеке инвесторға берілмейді, аса ірі институционаддық инвесторлар қол жеткізе алады. Еуропалық қор биржаларында листинг ұйымдастырылуы мүмкін.

Бұлардың бәрі негізгі бағалы қағаздардың активтілігі мен өтімділігін арттыруға мүмкіндік береді, халықаралық нарықтарға жол ашады, әсіресе III және IV деңгейлері капиталды тартуға мүмкіндік береді.

Әдетте, депозитарлық қолхаттар негізінен жай акцияға шығарылады, алайда жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарына, облигацияларға, артықшылықты акцияларға да шығарылуы мүмкін.

ҚР-да қазақстандық депозитарлық колхаттар (КДҚ) бар. Олар мемлекет заңдарына сәйкес шығарылғаы ҚР резиденті болып табылмайтын эмитенттердің эмиссиялық бағалы қағаздарының белгілі бір мөлшеріне меншік құқығын айғақтайтын туынды эмиссиялық бағалы қағазды білдіреді.


&&&

$$$002-007-001$3.2.6.4.Эмиссияның әлемдік орталығы және халықаралық бағалы қағаздар нарығы түсінігі

Қазіргі заманғы халықаралық бағалы қағаздар нарығы қазір тек алғашқы орналастыру ретінде көрінеді.Сондықтан халықаралық бағалы қағаздар нарығы еуровалюта деп аталатын сипаттағы соңғы және эмиссияны қандай да бір ұлттық реттеу шегінен тыс эмитенттермен жүзеге асырылатын шығарылым ретінде түсіндіріледі.Кең мағынасындағы халықаралық бағалы қағаздар нарығы – халықаралық эмиссиямен шетелдік эмиссияның жиынтығы ретінде қарастырылады,яғни басқа елдің ұлттық нарығында шетел эмитенттерінің бағалы қағаздар нарығы.

Бүгінгі таңда әлемдік борыштық бағалы қағаздар нарығында әр түрлі қаржы құралдарының үлкен көлемі айналысқа түседі,соның ішінде басқа қаржы құралдары арасында көбірек көлем алатын шетелдік облигациялар.

Халықаралық облигациялар эмиссиясы 60-жылдардың ортасында басталған болатын және құндық көлемі бойынша халықаралық акция эмиссиясынан 9-10 есе жоғары.

Бағалы қағаздар нарығының дамуын ірі державалардың аумағында қарастыратын болса, онда АҚШ-тың әлемдегі ең ірі нарығы бар.Акцияның өз ерекшеліктері: жай акциялардың номиналдық құны жоқ,ал олардың иелері әдетте,компаниялар қосмша шығарылымдар жүргізген жағдайда құқық алмайды.Ашық айналыс үшін компаниялар акция шығарғанда олар АҚШ-тың бағалы қағаздар және биржа бойынша комиссиясына баруы керек және алдыңғы уақыттарда қызметін жалғастыратын ақпаратты ашу бойынша қатаң міндеттемелерді орындаулары қажет.

Ұлыбританияның бағалы қағаздар нарығы әлемдегі көне нарықтардың бірі.XX ғасыр мен XIX ғасырдың көптеген жылдары бойы ол ірі және біршама дамыған нарық болып келеді,әрі әлемдік экономикадағы Британ империясының орнымен байланысты болды.Тап осы Лондонда 1773 жылы әлемдегі бірінші мамандандырылған қор биржасы пайда болды.

Ұлыбританияда жай акциялар міндетті болып табылатын кез келген номиналмен эмиссиялана алады.Әдетте ол 25,50 және 100 пенстерді құрайды.Негізінен акциялар атаулы болып табылады.Жай акциялар иелерінің олар қоғамға ұсынылғанға дейін акцияның жаңа шығарылымын бірінші кезекте сатып алу құқығы бар.

Облигация нарығына келетін болсақ,онда олардың негізгі үлгісі – екі түрде қамтамасыз етілген облигациялар:анықталған активтермен және компанияның барлық активтерімен қамтамасыз етілген.Бірақ Ұлыбритания нарығында қамтамасыз етілмеген айырбасталатын және кепілдендірілген облигациялар да бар.

Шетелдік облигация эмиссиясының маңызды әлемдік орталығы – Швейцария.Оның үлесіне жалпы эмиссия сомасының жартысынан астамы тиесілі.Жеке орналастырулар мен банктік несиені қоса есептегенде,Швейцария франктарындағы капитал экспорты елдің ЖҰӨ – нің 10% ы нан асқан кездер болды.Швейцария арқылы халықаралық капиталдың орасан үлес салмағы кері экспортталады.Өзінің шетелдегі бағалы қағаздарға жаңа инвестициясының сомасы соңғы жылдарда олар Жапония,ГФР және Ұлыбританиядан кейін төртінші орын алады.

Швейцария франкіндегі шетел облигациясының эмиссиясы бантік консорциум қатысуы арқылы жүзеге асырылады және әдетте жоғары номиналмен,валюталық биліктермен шешілуі тиіс маңызды сомада шығарылады.

Капиталдау көлемі бойынша Францияның бағалы қағаздары әлемде 4-5 орын алады.Капитал нарығындағы басым жағдайды акциялар мен мәміленің негізгі үлес салмағын Париж алады.Францияда акцияның әр түрлі шығарылады:жай және артықшылықты,дауыс беретін және дауыс бермейтін,бір немесе екі дауыс беру құқығы бар.Жай акциялардың көпшілігі ұсынушылық.Атаулы тек қана қор биржасында листингі жоқ акциялар бола алады.

Францияда облигация нарығы акция нарығына қарағанда көбірек дамыған.Барлық облигациялар құжатсыз формада шығарылады.Қысқа және орта мерзімді облигациялар жеткізілуі төлемге қарсы отандық инвесторлар үшін Франция банкісінің «Сатурн» жүйесі көмегімен және шетелдік инвесторлар үшін Euroclear мен Cedel көмегімен жүзеге асырылады.Ұзақ мерзімді облигациялар шетел инвесторлары үшін Euroclear жүйесі арқылы төлемге қарсы қойылады.

Жапонияның облигация нарығы жоғарыда айтылғандармен интернационализация және либеразация бойынша ымыраға келмейді.Бұдан басқа 70-жылдардан бері жапондық капитал экспортын кеңейту,көптеген елдердің орталық банктерінің иенді елдің резервті валютасы ретінде қолданудың өсуі,капитал нарығында бағалы қағаздар жағдайының бекітуімен тартымды иендерді халықаралық инвесторларының қолдануы және басқа валюталармен салыстырғанда иеннің салыстырмалы күшейюімен байланысты жапондық емес қарыз алушылар арқылы қарызға алынған капиталдың жедел өсуі басталды.Елдің облигациялық нарығы әкімшілік және классикалық шетел облигациялары эмиссиясын жүзеге асырады.

Жапонияда негізгі акционерлердің рөлін ұзақ мерзімді қарым – қатынасты күшейту,жаңа клиенттерді өзіне тарту және қажет емес аутсайдерлерден қорғану болатын корпорациялар атқарады.Компания мен оның акционерлері арасындағы өзара қарым – қатынас өзар артықшылықтарға негізделген.Екі фирмалар өздерінің «достастық» компанияларда екендігіне сенімді болу үшін жиі – жиі бір – бірінен акцияларды меншіктенеді.

Әдетте Жапондық акциялар 50 иенге тең номиналда шығарылады.Акцияның көп бөлігі – жай.Шындығында барлық акциялар атаулы,ал биржада листингті барлар – тек атаулы болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет