Л. Н. Гумилев: этногенез теориясы



бет12/14
Дата23.02.2016
өлшемі1.1 Mb.
#7276
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Күшті толқыныс (кернеу) – барлық индивидтердің аса мәнді жетістікке жетулері үшін және қоршаған ортаны немесе индивидтің өзінің өзгеруіне әкелетін ұзаққа созылған күшті толқынысы. Бұл ұғымды Л.Н.Гумилев пассионарлардың ішкі қуат импульсі болып табылатын ерекше күшті психикалық жағдайын көрсету үшін енгізген. К.т. қоршаған ортаға адамдардың әдепкі мүмкіндіктер (мысалы, қолбасшылардың үздіксіз ұрыс басқаруынан бірнеше тәулік ұйықтамауы, жарыс кезіндегі спортшылардың толқуы және т.б.) шегінен тыс көрінетін ауытқушылық (аномалиялық) құбылысы. К.т. басым әлеуметтік және идеалды қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін, басқа қажеттіліктер екінші қатарға ығыстырылып немесе мүлдем алынып тасталатын, әрі индивид аса қысқа уақыт аралығында көлемді жұмысты атқара (әдепкі жарасымды адамдар атқара алмайтын) алуы. Әрине, әдепкі қалыпты адамдар аномальды күшке қабілетті. Бірақ бұл қысқа мерзімді (мысалы, баласын құтқарған ана), не пассионарлық индукция әсерінен (мысалы, Суворовтың басқаруымен орыс армиясының Альпіні асуы. Армия тек бірыңғай пассионарлардан құралмаған, алайда К.т. пассионарлық индукция барлық жорық қатысушыларына ықпал етті). Егер адам ішкі мақсаты арқылы К.т. қабілетті болса, бұл пассионарлардың артықшылық қасиеті болмақ.

Қарқынды (инерциялы) фаза – сыну (бөліну) фазасынан кейін пассинарлық қарқын деңгейінің басталып, одан соң, жайлап төмендеуі кезінде пайда болады. Ол мемлекеттік өкімет пен әлеуметтік институттардың нығаюымен, материалдық және мәдени құндылықтардың қарқынды жинақталуымен, ландшафттардың белсенді өзгеруімен сиптталады. «Мен сияқты бол» деген қоғамдық императив үстемдік етеді. Бұл ұқсаудың жалпыға тән эталон бағдарын айқындайды (қоғамдық пікірден ауытқып, Англиядағы XVII-XIX ғасырлардағы «джентельмендер» бейнесі сияқты, кейде бұл императив билеушіні құдайландырып, оның алдына бас идіріп, сырттай болса да индивидтің жүйеге ену шартын міндеттейтін жинақталған бейне). Инерциялық фазаға өту сыну фазасындағы қақтығыстардан кейінгі тыныштықты, әрекетке бейімделген кезең болып саналады. Үстемдікке ие болған Қ.ф. «алтын аралық» – заңға бағынатын, еңбекке қабілетті адамдар тән. Бұл этноста жарасымды адамдардың басым екендігін, ал пассионарлық деңгейдің төмендігін білдіреді. Алайда, ішкі қайшылықтарды бәсеңдететін күшті орталықтандыратын басшылықтың болуы, Қ.ф. этностардың мәдениет үшін пайдасы бар, алайда табиғатқа залал келтіретін орасан істер атқарады. Мысалдар: принципат дәуіріндегі Рим (билікте Қ.ф.-ге тән тәртіпті қалыптастырған Август); Ұлы даланың Түрік қағанатына бірігуі (б.д. 545-747 жж.); Ирандағы Сасанидтер билігі (б.д.224-499 жж.); ортағасырлық Қытайдағы Сун билігі (960-1127 жж.). Батыс Еуропада Қ.ф. XVII ғасырда басталып, осы уақытқа дейін созылып келеді. Ол күшті ұлттық мемлекетті, экспания басып алушылығын, капитализмнің туып, салтанат құруын, табиғатқа аса қауіп удырған техниканың қарқынды дамуын қалыптастырды. Батыс тұрғындарының психологиялық күйі өзгерді: акматикалық фазадағы рыцарьлар орнына Шіркеу дәуірінің жаңаруы үшін ымырасыз күрескер пайда болды, пайдакүнем бизнесмендер, орындаушы шенеуніктер, еңбекқор тұрғындар қалыптасты. Бұл дәуірде Еуропада «дін прогресі» туып, адамзаттың дамуында төменннен жоғарыға өрлейтін батыс өркениетінің басым екендігін мойындатқысы келді. Мұндай мифтік ұғым Қ.ф. басқа да суперэтностарға тән болды: Хань ежелгі Қытай билігі және императорлық Рим өздерінің өркениетін жалғыз әрі мәңгілік деп, ал қалған халықты жабайылар деп есептеді. Бұл түсінікті де: Қ.ф. мәдениет пен тәртіп аса жоғары деп саналып, адамдар «алтын күзден» соң, «ымырт» – обскурация фазасының басталатынын білмейтіндей еді.

Қашықтық аберрациясы – ежелгі тарихи оқиғаларды оқып-үйренуде ақпараттың жеткіліксіздігінен туындайтын қиындық. Бұл зерттеушінің оқиғаның мәні жөнінде жалған қорытынды жасауға итермелеуі мүмкін. Кейде географиялық мәнін де ашатын неғұрлым толық мағынасындағы терминдер де кездеседі. Қ.а. шеткері елдер мен аймақтарда өткен оқиғалардың бұрмалануы немесе толық бағасын алмауы ретінде түсіндіріледі. Мұндай аберрациялар Батыс өркениеті тарихының құндылығын тұрақтандырып, басқа халықтарды «дамымаған» деп санайтын еуропаорталықтандырылу болып табылады. А.қ. уақыт жағынан жеңуге болмайтын қиындық болса, географиялық жағынан қазіргі тарихи және этнологиялық ғылымдар оны табысты түрде жеңе алады.

Мекен-тұрақ (отан) – этностың отаны жүйе түрінде орныққан этностың ландшафтпен қайталанбас үйлесуі. Бұл ландшафтардың сипаты этностардың бейнесіне терең ықпал етіп, оның ортаға бейімделуін анықтайды. Мәселен, дала ландшафты көшпелі елдің өмір сатын айқындады, ал Хуанхэ және Янцзы жазығы қытайлардың су шаруашылығына бейімін қалыптастыруға ықпал етті. Л.Н.Гумилев жаңа этностар екі немесе одан да көп ландшафттардың үндесуі аймағында орнығады, ал бірқалыпты ландшафттар этностардың тұрғылықты жері бола алмайтындығын ерекше көрсетеді.

Мемориалдық фаза – этникалық гоместазға жақын осы үдерісті аяқтайтын этногенез фазасы. М.ф-да этникалық жүйе өзінің пассионарлығын жоғалтады, бірақ оның жекелеген мүшелері өткеннің мәдени дәстүрлерін сақтауды жалғастырады. Ата-бабаларының ерлік істерін еске алу фольклор шығармалары, аңыздар түрінде өмір сүруін жалғастырады. Мәселен, Таулы Алтайда бір кездері күшті дала этностарының (көне түріктер, наймандар) ұрпақтары сақталған. Қазірде олар белсенділіктерін жоғалтқанымен, бай эпостар ол халықтың жарқын ерліктерін мәңгі сақтаған.

М.ф. ұғымы негізгі этногенезден бөлінген және өздерінің өмір салттары мен дүниетанымдарын тұйықтау үшін, оқшауланған жекелеген субэтностарға да қатысты. Мұндай ескі дәстүрді ұстанушылар XVII ғасыдра құрылған субэтносизоляттар болды.



М.ф-дан этникалық гоместаздың аяқталған формасына өту өте баяу сипатқа ие және өткеннің дәстүрлерінің бірте-бірте ұмтылуы түрінде көрінеді. «Өткен» деген ұғымның өзі уақытты сезіну статикасы салтанат құрған жағдайда өзінің толық мәнін жоғалтады.

Ментальдылық – қандай да бір этникалық тұтастыққа енетін адамдардың психологиялық күйі мен дүниетанымдарының ерекшелігі. М. біздің алдымызда идея, көзқарас иерархиясы, әлем туралы түсінік, бағалау, талғам, мәдени қалыптар (канон), ойды жеткізу тәсілдері, этникалық джәстүрлердің мәнді бөлігі болып табылады. М. этногенез (оның ішінде этникалық қатынастар ықпалы) негізінде қалыптасады. М. қаралатын этникалық жүйе дәрежесінің жоғарылауымен неғұрлым айқындала түседі; егер консорция деңгейінде М. ерекшелігі үнемі байқала бермесе, ал суперэтникалық тұтастықта ол алдыңғы кезекке шығады. Бұдан басқа, мінез-құлық қалпының әр түрлілігі байқалатын суперэтноста М. негізгі ынтымақтастық (консолидация) факторы болып табылады. Мәселен, аса аралас Византиялық суперэтнос православияны біріктірді, тек діни тұрғыда емес, М. түрінде де, ол кейін Ресейлік суперэтнос болып қалыптасты. Бір кездері «христиан әлемі» болып аталған Батыс, енді «өркениетке» және «прогреске» бірігіп, қазіргі батыс адамының психикалық бейнесіне сәйкесті. Алайда, жалпы суперэтникалық М ға мұқият назар аударғанда әрқашан этникалық айырманы – «өткір галл мағынасын» және «герман ақылгөйін» байқайды. Бұдан әрі қарай тереңдей қарастыру тағы да субэтникалық сәттерді айқындай алады. Мысалы, XIX ғасырда оларды Ресейде дворяндар, әр шендегі интеллигенттер, ескі салтты сақтаушылар, православяндық діндарлардың тек өздерінің мінез қалыптарымен ғана емес, М.арқылы да байқауға болады.

Мінез-құлық императиві – этникалық ұжым ішінде сол ұжым белгілейтін индивид мінез-құлқының мінсіз ұстанымы. Барша адамдар санасында мінез-құлық нормаларының жариясыз қабылдануы, индивидтің әлеуметтік қажеттілігін тысқары түрде жасуға болмайтын қалпы (ұжымда белгілі бір орнының болуы, айналасына сыйлы болуы). М. и. этногенез фазасының маңызды бір сипаты болып табылады, өйткені ол этникалық жүйенің пассионарлық деңгейін, этнос құрамында әр түрлі деңгейдегі пассионарлардың, сол сияқты субпассионарлар санының тең болуын анықтайды. Л.Н.Гумилев өз еңбектерінде әр түрлі фазаға «Осындай бол» формасындағы мінез-құлық императивіне жан жақты, шартты атаулар береді (Этногенез фазасын қараңыз).

Мінез-құлық стереотипі – әрбір этникалық ұжымға тән, ұрпақтан ұрпаққа алғаш берілетін мінез-құлық дағдыларының жүйесі. М.с. этникалық жүйенің өзін қоршаған ортаға бейімделу үдерісі негізінде қалыптасады. Бұл орта (ландшафтық және этникалық) әр этностың қайталанбас келбетін анықтайды. Негізгі м.с. этникалық ұжым қарым-қатынас жасау, өмір салты мен адамдар әрекетінің мүмкін, қалыпты нормасы деп қабылданады. Егер бұл ұжым салауатты (шашыраңқы емес) жағдайда болса, қабылданған мінез-құлық нормалары ұжым мүшелеріне ауртпалық әкелмейді (көршілерге табиғи тұрғыда жат немесе қатал көрінуі де мүмкін). Бөтен М.с. қалыпты деңгейде ақымақтық немесе тағылық түрінде қабылданып, таңғалу, мысқыл немесе ашу тудыруы мүмкін. Кейбір этностар өзге м.с. жеңіл тіл таба алады (егер басқа м.с. қауіпті немесе жағымсыз болмаса), бірақ қарым-қатынастың түгелдей жағымсыздық сипатта болуы да жиі кездеседі. Әсіресе, жыныстық, өмірден өту, мораль және т.б. мәселелерге қатысты қарым-қатынастарда бөтен стереотиптер өткір серпіліс (реакция) тудырады.

Этноста М.с. қарым қатынастың белгілі бір ескі нормалары сақталған ішкі құрылымы болады: а) ұжым мен индивид арасында; б) индивидтер арасында; в) ішкіэтникалық топтар арасында; г) этнос пен ішкіэтникалық топтар арасында. М.с. сонымен бірге ландшафтқа бейімделу дағдыларын және басқа ұлыстарға қарым-қатынас нормаларын да қамтиды.

М.с. динамикалық этноста аса өзгермелі. Этногенездің әрбір жаңа фазасында дәстүрлердің берілуі сақталса да (егер араласу болмаса), этнос өз-өзіне ұқсамайды. Мәселен, XIX ғасырдағы лондондық Сити клеркі корсар Френсис Дрейкке ұқсамайды, Достоевскийдің замандастары Александр Невский мен Дмитрий Донской замандастарына ұқсамайды. Тек гомеостатикалық этностарда (персистенттерде) М.с. тұрақты және ұрпақтан ұрпаққа өзгеріссіз беріле алады, бірақ күшті сыртқы әсерден бұзылуы да мүмкін (мәселен, еуропалық өркениеттің таралуы этникалық гоместазда өмір сүретін көптеген аз халықтардың ассимиляциялануына және жоғалуына әкелді).

Қолайсыз этникалық қатынас (химер) жағдайында мінез-құлық стереотипі ішкі құрылымдық тұрақтылығын жоғалтады. Тұтас этносқа өзгермелі ортада да бейімделген дағдылар жүйесін құрып, дамуға мүмкіндік беру орнына мінез-құлық сипатында бір-бірімен ымыраға келмейтін аласапыран орнығады. Ландшафтқа бейімделу төмендейді де, бұл әр түрлі топтар арасындағы түсіністікті бұзуға әкеліп соғады, адамдар құндылық бағдарынан, мәдени дәстүрлерден айырылып, антижүйе пайда болады.

Этникалық қатынас жемісті болған жағдайда, керісінше, жаңа, бірегей мінез-құлық стереотипі орнығып, жаңа этникалық қауым туады. Мысалы, Латын Америкасында испан және үнді ұрпақтарының араласуынан жаңа этнос пайда болды.

Обскурация фазасы – пассионарлық кернеудің субпассионарлық санының ұлғаюы салдарынан гомеостатикалық деңгейге дейін төмендейтін этногенез фазасы. Этнос алдыңғы қарқынды (инерциялы) фазада жинақталған материалдық құндылықтар мен дағдылардың есебінен өмір сүреді. Көбейген субпассионарлар кезеңді өзгерістерді жасауға мүдделі, олар тек өздерінің мөлшерден тыс қажетін қанағаттандыруды талап етеді. «Біз сияқты бол» деген императив үстемдік етуді бастайды, яғни парыз, еңбексүйгіштік пен адалдық сезімін сақтаған кез келген адамдар жазаланады (кейде жойылады). Субпассионарлардың жеке императиві «бұл күн менікі», яғни болжамға толық қабілетсіздіктерін көрсетеді. Нәтижесінде, қоғамдық ағза шіри бастайды: жемқорлық заңдастырылады, қылмыс көбейеді, армия әлсіреп, өкіметке тобырдың көңіл-күй ауанына байланысты әрекет ететін авантюристер келеді. Популяциядан аулақтау басталып, О.ф. соңында тұрғындар саны азайып кетеді; кейде бұл үдеріс қоғамда басымдық алатын шеткері және жат этностардың келуімен тежеліп те отырады. Этникалық жүйе өзінің резистенттілігін жоғалта бастайды да, О.ф. анағұрлым пассионарлы көршілерінің жеңіл табысына айналады. О.ф. этникалық жүйенің күйреуін немесе этникалық гомеостаздық жағдайға өтуін тудырады, әрі гомеостазға «қанды қараңғылықта» обскурация дәуірін сақтап қалған салауатты этностың бір бөлігі ғана жетуі мүмкін.

Ежелгі Римде О.ф. б.д. II ғасырдың соңында басталып, Батыс Рим империясының күйреуімен аяқталды; Византияда обскурация Періштелер династиясы билік құрған кезеңдегі суперэтносты қамтыды да, 1204 жылы Константинопольдің құлауына әкелді (бұл 1453 жылы толықтай құлады). Қытайда О.ф. XVII ғасырда салтанат құрды және оны маньчжурлар басып алды (маньчжурлар династиясы елде 1911 жылғы Синьхай төңкерісіне дейін, яғни жаңа этногенездің пайда болуына дейін билік жүргізді. Ежелгі Қытайда обскурация Хан билігінің құлап, 312 жылы аспан асты хундар астанасын алуымен байланысты болды.



Пассионарии (ерекше қуатты түр) – туғаннан бастап сыртқы ортадан қуат көзін жеке және түр қалпын сақтау үшін талап еткеннен де көп мөлшерде алып және бұл қуатты қоршаған орта келбетін өзгертуге арналған мақсатты істерге жұмсайтын тұлғалар. Қандай да бір адамның жоғары пассионарлығын білуде оның мінез құлқы мен психикасына қарайды. Л.Н.Гумилев этникалық дегейде адамдардың мінез-құлқының белсенділігінің жоғарылау жағына қарай жалпы өзгеруі биосферадағы тірі заттар қуатының жемісі болып табылатындығын айтса, біз жекелеген индивидтердің белсенділігінің жоғарылау себебін айта аламыз. Бұл үшін психикалық және интеллектуалдық белсенділікке физикалық күш қуат жұмсағандай күш жұмсалатынын және тіркеп, өлшеудің қиын екендігін есте ұстау керек.

Басқаша алғанда П. күш-қуат мөлшерінің молдығы қоршаған орта адамдардың мінез-құлқы мен психикасының жағдайына да белсенді ықпал етуінің тәсілі болып табылады.



Л.Н. Гумилев этногенез фазасы бойынша адамдар ұжымының белсенділігі өзгеруінің тарихи сипаттамасын жасады, әрі автор бірнеше рет жекелеген көрнекті п. тұлғалар болмысына назар аударып, әр дәуірде мұндай адамдардың пайда болу жиілігі этникалық жүйенің жалпы белсенділігі заңдылығымен байланысты екендігін көрсетеді. Наполеон, Александр Македонский, Сулл, Ян Гус, Жанна д Арк, протопоп Аввакум, Ганнибал, Шыңғысхан және басқа көптеген тұлғалардың өмірбаянын қарастырғанда, Л.Н.Гумилев олардың барлығын өзгермелі ортадағы белсенді әрекетке деген ішкі ұмтылысын білдіретін тұрақты сипаттар кешені біріктіретіндігін байқаған. Бұл ұмтылысты ортаның талабы да, материалдық жағдай да қалыптастырмайды, керісінше, көптеген П. өлшеусіз белсенділік қоршаған ортаның түсінбеушілігі мен талқысын тудырып, П-ның күйреуіне әкелді. Бұдан басқа адамдардың өз өмірін идеялар мен бұқараның ісі үшін саналы түрде құрбандыққа шалғаны туралы оқиғалар тарихтан белгілі. Бұл айғақтардың бәрі теория авторларын бұлар биологиялық инстинкт немесе психикалық қасиет емес, пассионарлықты жеке мінез-құлықтың сипаты екендігін мойындауға әкелді. Популяциялық пассионарлықты (этникалық ұжымдардың белсенділігі ретінде) және дербес (мінез-құлық қарқыны ретінде) сипаттай келе, Л.Н.Гумилев бұл бірегей құбылыстың бірден бір қайшылықсыз түсініктемесін – пассионарлық теориясы В.И.Вернадскийдің талдауынша биосфераның тірі заттық қуат нәтижесі екендігін ұсынды. Басқаша тұжырымдама болмағандықтан, біз өз анықтамамызда осы теорияға сүйенеміз.

Пассионарлық белгі – рецессивті генетикалық белгі тұқым қуалау арқылы беріліп, Л.Н.Гумилев гипотезасына сәйкес, пассионарлық феномені негізінде адамның қалпын білдіреді. Этникалық үдерістердің себебін түсіндіруде генетиканы қолдану қажеттігін түсіндіру үшін бірнеше эмпирикалық түсіндірулер пайда болды:

  1. Л.Н.Гумилев мақсатқа бағындырылған мінез-құлық белсенділігі әлеуметтік ортаның әрекеті болмайды, ол адамның белгілі бір қалып сипатына (ал мұндай сипаттар генетика арқылы бақыланатыны белгілі) тәуелді екендігін тұжырымдайды.

  2. Кейбір аумақтарда бар дәстүрлерді бұзып, жаңа этникалық жүйе (бұл құбылыс пассионарлық дүмпу деп аталған), аса белсенді адамдар тобының пайда болуы генетикалық микромутация екендігі талассыз дәлелденді. Барлық дәстүрлі (бастысы әлеуметтік-экономикалық) теориялар мұндай құбылыстарды біржақты түсіндіріп, олардың жалпы, бастапқы себептерін айқындай алмады.

  3. Кез келген этногенездің болу себебін анықтайтын үдеріс байқалды: алдымен пассионарлар саны шапшаң өседі де, бұл жаңа әлеуметтік құрылымдар мен экспенсиялардың жасалуымен анықталады, олардың саны өздерінің мөлшерлі деңгейінде тербеліп, одан соң кенет құлдырайды және пассионарлық тұлға тарихи деректермен айқындалып, баяу төмендеу байқалады. Бұдан басқа, пассионарлықтың құбылуы барлық этногенездің 100 жылдық мерзім кезеңінде байқалған, сол сияқты пассионарлықты этникалық жүйе ареалына ығыстыру үдерісі рецессивті белгілер (Н.И.Вавилов ашқан) заңына сәйкеседі. Бұл айғақтар мен заңдылықтардың барлығы пассионарлық белгілер байқалған адамдардың генетикалық белгілері туралы неғұрлым сенімді айтуға мүмкіндік береді.

Пассионарлық дүмпу - популяциядағы пассионарлық белгінің пайда болуын болдыратын және оның ықпалы тиген аймақтарда жаңа этникалық жүйенің пайда болуына әкелетін микромутация. Ол Жер үстінде ені 200-400 км жолақ, ғарыштық шеңбер ұзындығы шамамен 0,5 қоршайтын, меридианмен әр түрлі бұрыштар арқылы түйісетіндігі байқалады. Мұндай микромутацияның бар екендігі туралы тұжырымды Л.Н.Гумилев тарихи заңдылықтар негізінде айқындайды. Бұған сәйкес жаңа суперэтностар бір мезгілде пайда болып, бір торапта Жер беті арқылы бірнеше мыңдаған шақырымдарға кез келген ландшафтық кедергілер арқылы (мысалы, б.д. I ғасырда готтар-славяндар-дактар-христиандар-иудеилер-абиссиндер (аксумиттер) немесе б.д. VI ғасырда арабтар (мұсылмандар) раджуптар, боты (Оңтүстік Тибет) табғаштар ортағасырлық қытайлар-корейлер (Силла) жапондықтар (Ямота) созылады.

Кеңдігі орасан мұндай геодезиялық түзу жолақтарда бір мезгілде «таптық күрес» басталуы немесе бір нүктедегі генетикалық белгілер шапшаң таралып (мұндай Тибет секілді кедергілер VI ғасырда адамдар арасындағы кез келген өзара ықпалдар тез жойылды). Бұл ретте Л.Н. Гумилев П.д. кейінгі тікелей кезеңде олар ықпал еткен барлық аймақтарда жаңа этникалық құрылымдардың белсенділігі (сол сияқты саны) шапшаң өсті, мінез-құлық қалыптары өзгерді, жаңа идеологиялық және діни ағымдар пайда болды. Дүниенің әр түрлі бөлігіндегі бұл құбылыстың таңғажайып синхрондығын түсіндіретін бірден бір болжам Л.Н.Гумилевтің пассионалық дүмпудің генетикалық микромутация ретіндегі ғылымы болды. Бұл жерде осы дүмпулерді тудыратын мутагенді фактордың тууы туралы заңды сұрақ қойылады. Көптеген болжамдардан кейін тәптіштей жүргізілген талдаудан соң біреуі таңдап алынды: дүмпулердің негізі ғарыштық, себебі олардың желілі пішіні мен Жер бетіндегі зор тартылысын басқа ешқандай себеппен түсіндіре алмаймыз.

Алайда, жаңа этностардың тууы П.д. кез келген нүктесінде өтпейді: мутацияға ұшыраған тұлғалар белсенді қозғалып, тек аса жайлы аймақтарда ғана жаңа этникалық жүйелер құра бастайды. Бұл негізінде айналадағы этностардан бөлінген пассионарлар жиналған әр түрлі ландшафтардың түйіскен жерінде болады. Біркелкі ландшафтар сонда тұратын этностардың өздерінің құрылымында жат, аса белсенді пассионарилермен болуын қаламайтын тұрақты дәстүрлерімен байланысты. П.д, кейінгі бірінші адамдардың ұрпақтары не құриды, не жаңа жүйе құрайтын (яғни, басқа этнос және басқа ландшафтармен ұштасатын) этностарға жүгінеді.

Пассионарлық индукция – өздерінен неғұрлым пассионарлы адамдар болған кезде адамдардың мінез-құлқының өзгеруі. Пассионарлар айналасына өз мінез құлықтарын кіріктіріп, олардың табиғатында болмаған жоғары белсенділік пен ынталылыққа (энтузиазмға) бейімдеуге тырысады. Олар егер пассионарлы болса, өздерін солар секілді ұстайды, алайда оларды пассионарлардан белгілі бір қашықтықта болғанда, өздерінің табиғи болмыстары мен психологиялық күйлеріне қайтадан түседі.

П-тың ең көп байқалған тұсы соғыс кезінде пассионарлы қолбасшылар өзара үйлесімді адамдардан құралған жауынгерлерді соңдарынан ерте алған. Мәселен, Наполеон мен Суворов Италияда жауынгерлер олардың басшылығынсыз қалғанда, тамаша жеңіске қол жеткізген. Мұны бір ғана қолбасшылық дарынмен түсіндіруге болмайды, ұрыс кезінде жауынгерлерді шабуылға бастауда жеке қатысудың нәтижесі аса маңызды (Арколь көпіріндегі Наполеон сияқты). Пассионарлық индукцияның тек қолбасшылардан шыға бермейтінін байқауға болады, көбінесе оның бастауы қатардағы, бірақ пассионарлық жауынгер де болады. П.и. сөздері тыңдаушыларға ерекше әсер еткен белгілі шешендердің табыстарынан да көрінеді. Алайда, сөз мәтінін оқып тұрғанда олар соншалықты әсер туғызбайды.

Келтірілген мысалдар П.и. үшін неғұрлым белгілі жағдаяттар. Жалпы алғанда, ол бұқаралық қозғалыс кезінде пассинарлығы әлсіз адамдарды соңына ерте алатын пассионарлы адамдардың белсенділігі байқалған барлық этникалық үдерістерде өтеді. Мәселен, саяси қозғалыстар, ірі миграциялар, діни ерестер және т.б.

Л.Н. Гумилев мысалдар қатарында П.и. пассинарлардың өздері шыққан этникалық топтағы адамдарға неғұрлым күштірек ықпал ететінін байқаған. Бұлардың бәрі П.и. этностың бір тұтастықта әрекет етуге бастайтын негізгі факторлардың бірі екенін дәлелдейді. П.и. Л.Н. Гумилев пассионарлық өрістің болжамын ұсынған.



Пассионарлық – қуат көзі. Биосфераның тірі заттарының биохимиялық қуаты этникалық ұжымның жұмыс атқару (миграциялық, табиғатты қайта өзгерту, әскери, эономикалық және т.б.) белсенділік қабілетін анықтайды. Бұл белсенділік жүйедегі (пассионарлық күш) қуат мөлшерімен, яғни пассионарлықтың әр түрлі деңгейімен анықталады. Пассионарлық тың мінез құлық феномені ретінде қуатты табиғаты болады: индивидтің қоршаған ортаны өзгертуде мақсатқа бағытталған ( ұзақ эмоционалдық, ерікті, интеллектуалдық, кейде физикалық күш-жігер) әрекетті атқаруы адамның қошаған ортадан алатын жоғары қуат мөлшерімен анықталады. Егер қандай да бір әрекетті орындау үшін қажет етілетін қуатты сақтамаса, оны ешқайдан алуға болмайды. Бұл ретте қуаттың (энергияның) алыну механизмі туралы заңды сұрақ туады.

Бұл сұрақтың жауабын Л.Н. Гумилев тірі ағзалардың өсіп, көбейіп, дамуын қамтамасыз ететін қуат көзін тауып, талдаған В.И.Вернадский еңбектерінен тапты. В.И. Вернадский бұл қуатты тірі заттардың биохимиялық энергиясы деп атады. Бұл қуат биосферада «ерікті өмір» деп аталатын жануарлар және өсімдік әлемінде (Вернадский шегіртке, құстар, кемірушілердің орасан түрде орын алмастыруын көрсеткен) жалпы туып, тең таралмаған. Адам ұжымында (этностарда) қуаттың молдығы тарихи материалдарда пассионарлық дүмпу деп бейнеленген мақсатты тудырған. Л.Н. Гумилевтің теориясын көбіне биологияландыру деп қарсы шыққандардың айыптауы негізсіз, өйткені ғалым адамның хайуанаттардан айырмасы олар өз қуатын саналы, әлеуметтік мәнді әркеттерге жұмсайтындығын әлденеше рет атап көрсеткен.



Пассионарлық қызыну – этностар пассионарлығының шамадан тыс көптігі ішкі катаклизмдерге соқтырып, резистенттік жүйені әлсіретеді. Бұл негізінде этногенездің акматикалық фазасында туындайды. П.қ.. кезінде этникалық құрылымның бағынышты элементтері бұзылып, аса көп түрлі бағыттар мен топтар пайда болып, олар ішкі басып алу кезінде де өзара қарқынды күреседі. Бұдан басқа П.қ. адалдық сүйгіш, өздерінің жеке табыстарына қандай жолмен де жетуге ұмтылатын және этникалық бүтіндік мүддесін өзі үшін құрбандыққа шалатындар тән. Бұл жағдайда орталықтандырылған басқаруды орнықтыру аса күрделі болады. Мысалдар: П.қ. б.д. IV-V ғасырларда Византияда, Ресейдегі «ымыртты уақыт». XI-XII ғасырларда Батыс Еуропада пассионарлықтың шамадан тыс мөлшері көптеген пассионарилер өз күштерін жұмсаған кресшілер жорығының ұйымдасуын талап етті. П.қ. сонымен бірге идеологиялық және діни аядағы белсенді күрестер арқылы да көрінеді.

Пассионарлық – мінез-құлық пен психиканың көрінісі. Индивидтің мақсатқа жету жолындағы белсенділігі (негізінен иллюзорлық) және өз мұратына жету жолында құрбандыққа да дайын болуы. Құрбандық бұл жерде кең мағынасында түсіндіріледі, яғни, өзінің жақын қажетін, кейде өмірлік мәні бар, мақсат түрінде танылатын басым әлеуметтік және идеалды мәселелерді қанағаттандырудан бас тарту. Пассионарлықтың жоғары дәрежесінде бұл мақсат индивидке ол үшін жанын қиюға дейін баруды елестетеді. Жалпы алғанда, пассионарии маңызды басымдыққа ие әлеуметтік (ең алдымен көшбасшылыққа ұмтылу) және биологиялық (витальды) қажеттіліктен идеалдықтың басым болуынан байқалады. Даму мен сақталу қатынасы даму қажеттілігін шапшаң басымдыққа алады.

Л.Н. Гумилев тарихи-өмірбаяндық әдісті пайдалана отырып, пассионарлықты әр түрлі дәуір мен этностың мінез-құлық және психикалық сипаттарының кешенді әрі тұрақты негізі деп қарастырған. Егер сырқат пен патология жағдайын ескермегенде, пассионерлықтың жоғарыда келтірілген сипаттары өзара тұтастық байланысында қарастырылады: мәселен, құрбандық индивидтің шамадан тыс жағдайымен, ал көшбасшылық пассионарлық индукция (айналаға ықпалы) жалпы мінез-құлық белсенділігімен байланысты.

Нәтижесінде пассионарлық қоршаған ортаны (қоғамдық және табиғи) өзгертуге деген қажеттілік пен қабілет, түсіндіруді қажет ететін мінез-құлық және психикалық бірегей құбылыс деп тұжырымдай аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет