Құрастырған К.И. Искакова
Л.Н. ГУМИЛЕВТІҢ ЭТНОГЕНЕЗ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІКТЕРІ МЕН ТЕРМИНДЕРІНІҢ СӨЗДІГІ 18
Адаптация (этнологиядағы бейімделу) – адамдарда жаңадан пайда болатын мінез-құлық дағдылары арқылы этностың (ұлыстың) этноландшафтық ортаға бейімделуі. Бұл дағдылар тұрақтана келе, ұрпақтан-ұрпаққа тұқым қуалау дабылы (сигнал) механизмі арқылы беріліп отырады. Нәтижесінде этноста бірегей мінез-құлық стереотипі орнығып, ахуалдың өзгеруіне қарамастан, олардың өмір сүріп, дамуына қажетті тұрақталған жүйе орнығады. А. үдерісі әсіресе, этностың жаңа аумақты игеру кезінде белсенді болады. Орыс халқы Сібір мен Қиыр Шығысты игеру кезінде бұрын дағдыланбаған қатал ландшафтық-климаттық жағдайға көндігуге мәжбүр болды.
Акматикалық фаза – пассионарлық кернеу берілген жүйе үшін аса жоғары деңгейге көтерілетін этногенез фазасы. Ол көтерілу фазасынан кейін басталады. Бұл фазадағы этникалық жүйе құрбандыққа әзір пассионарлармен, жүйеішілік (субэтностар) санының жоғарылығымен, этникалық тарихтағы оқиғаның жиілігімен сипатталады. Құрбандық пассионарлардың көтерілу фазасында да кездеседі, бірақ А.ф. жаңа өрлеу пайда болады, яғни тек тұтас этникалық ұжымның жеңісіне ғана емес, өзінің тұлға ретіндегі болмысын дәлелдеуге ұмтылушылық пайда болады. Бұл акматикалық фазада уақытты сезіну өзгеріп, белсенділердің пайда болуын білдіреді. Мұның бәрі А.ф. қоғамдық императивін – «өзіңмен өзің бол» дегенді білдіреді. Пассионарлықтың молдығынан дербестіктің өсуі көп жағдайда этносты пассионарлық аса қызбалыққа әкеп соғады. Пассионарлық аса қызулық кезінде көтерілу фазасы орасан өсу мен экспансияға жол беріп, ішкі қақтығыстар азая бастайды. Мәселен, А.ф. Еуропалық суперэтноста гвельфтердің гибелландармен соғысына әкеп, кресшілер көсемдері арасындағы келіспеушіліктен кресшілер жорығы сясатының күйреуімен белгілі болды; Византияда (IV-VII ғ.) діни негіздегі ішкі қақтығыстар болды. Ресейдегі а.ф. «ымыртты шақпен» белгілі болса, моңғолдар Шыңғысхан құрған біртұтас ұлыстардың күйреуімен (658-907); ортағасырдағы Қытай халқының үш есе азайған Тан дәуірімен (756-763) белгілі болды.
Актуализм – жалпығылыми ұстаным – қазір де, өткен дәуірде де бірдей әрекет етуі бақыланған табиғат заңына сәйкес ұстаным.
Алғашқы тұқым қуалау – еліктеу шартты рефлексі арқылы мінез құлық дағдыларының ұрпаққа берілуі. Бұл жануарлар әлеміне де, адамзатқа да тән. А.т. құбылысын алғаш М.Е. Лобашев (1907-1971) сипаттаған. Ол хайуанаттар ұрпағы өздерінің ата-аналарынан ерте алыстағанда, өмірге қажетті көптеген дағдылардан тыс қалатынын байқаған. Одан соң ғалым ұрпақтардың бұл дағдыларды ата-аналарынан алу процесін бақылаған. Л.Н.Гумилев те тап осы үдерістің адам баласында да жүретінін айтады. Шындығында да, бала ортаға бейімделудің бастапқы дағдыларын ерте бастан үлкендерден қабылдайды. Егер бала бесіктегі кезеңнен адамдармен қарым-қатынасын үзетін болса, онда бейімделу мен психикалық дамуында салмақты ақаулар байқалады. Осылайша, А.т. арқылы мінез-құлық дағдыларының қайталанбас кешені – этностар мінез-құлқының стереотипі қалыптасады.
Антисистема (антижүйе) – адамның жалпы дүниетанымында қалыптасқан жағымсыз көзқарас. Барлық антижүйелік идеология мен ғылым бір орталыққа бірігеді: олар өздерінің қандай да бір абстракциялық мақсаттары үшін шынайы болмыстың күрделілігі мен көпқырлылығын терістейді. Бұдан екіжақты қорытынды шығады: не мұндай ғылым әлемді қиратып, түбірімен өзгертуге шақырады не адамды өзін-өзі терістей отырып, шындықтың аясынан шығуға шақырады. А.-ға әрекеттің құпиялылығы және жалғандықпен күресу тәсілі тән. А. арасында уақытты футуристерше сезінетін адамдар болады. А. өзара сәйкеспейтін суперэтнос химерлер қарым қатынасы аймағында қалыптасады, ал бір жағдай болғанда олардың идеологиясы кез келген этникалық дәстүрлерді қарама-қарсы қояды.
А. кейде өздерінің қарым-қатынас аймағынан тыс жерлерде де пайда болады. А. мысалдары: гностицизм (офиттер, Василида Валентин александрийлік гностиктер және т.б.; гностиктер әлемді Демиург жаратты, яғни, аса жетілмеген), манихейлік (б.д. III ғасырда өмір сүрген Мани әлем екі стихиядан: Жарық пен Қараңғылықтан жаралған, материалдық әлем Қараңғылыққа тиісті деген), мұсылман әлемінде исмаилизм, Византия мен Болгарияда богумильдік (құдайды сүю). Антижүйеге сонымен бірге кейбір буддизм бағыты да жатады.
Антропогендік сукцессия (немесе антропосукцессия) - берілген аумақтағы этникалық құрамның ауысып, өзгеруіне ықпал ететін этникалық жүйенің жаңа ландшафта таралуы. Бұл термин қандай да бір аудандағы өсімдік құрамы түрінің алмасуын білдіретін геоботаникадағы қолданысынан этнологияға келді.
Адамзат тарихы С. жер бетінің барлық бөлігіне үнемі жүріп отыратындығын көрсетеді. Бұл неге байланысты, этностар неге бір-бірін ығыстырады? Л.Н.Гумилевтің этностардың экспансияға, жаңа ландшафты игеруге ұмтылуы пассионарлық концепциясы екендігін дәлелдеген түсіндірмесі талас тудырмайды. Пассионарлық дүмпу нәтижесінде туған жас, өктем этнос өзінің тұрағын міндетті түрде кеңейтеді. Осы ретте, ол өзінің белсенділігін (жартылай немесе түгелдей) жоғалтқан, неғұрлым кәрі этностарды ығыстырады, өзіне бағындырады. Бірақ әрі қарай жаңа пассионарлық дүмпу тууы мүмкін, ол кезде бұрын агрессиялық рөл атқарған этнос тарих сахнасына енді шығып, «күн астынан орын іздеген» жаңа көршілері арқылы ығыстырылуы мүмкін. Мәселен, бұрын Рим империясының провинциясы болған Испанияны варварлар (свевавтар, аландар, вандалдар, одан соң готтар) басып алды. Б.д. VII ғасырында оларды б.д. VI ғасырындағы дүмпуден пайда болған арабтар жаулап алды. Алайда б.д. VIII ғасырында жаңа пассионарлық дүмпу жүріп, батыс суперэтносын тудырды. Нәтижесінде арабтарды өз кезегінде испандықтар (реконкистер) ығыстырды. Бұл с.а.-ға қатысты бір ғана мысал. Мұны егер біз қажетті тарихи деректерді білсек, адамдар орналасқан кез келген аумақ үшін келтіре беруге болады. Осы ретте, табиғи ландшафтар да бейімделуші этностардың ықпалымен кейде жойылып, одан қайта қалпына келіп, өзгерістерге ұшырап отырады.
Араласу (немесе қарым-қатынас нәтижесі) – жағымсыз этникалық қарым-қатынас нәтижесінде этногенез фазасында табиғи ауысу үдерісінің бұзылуы. А. этникалық жүйе бір фазадан екіншісіне ауысу сәтінде пайда болуы мүмкін. Бүл ретте оның ішкі құрылымы өзгеріп, тұрақсызданады. Егер өмірінің осы кезеңінде этнос сыртқы агрессияға ұшыраса немесе антижүйені өкімет басып алса, онда этникалық дәстүрдің және бірегей мінез-құлық стереотипінің бұзылуы мүмкін. Этногенез ауысу фазасының кез келген сатысында үзілуі мүмкін болса да, бұл әсіресе акматикалық фазадан сыну фазасына ауысу кезінде араласу ерекше байқалады. Мысалы, А.: б.д. 103 ж. Троянның дак көтерілісін басуы, XIX ғасырда зұлыстардың шайқасы, Солтүстік Америкада үнді ұлыстарының жойылуы. Бұл оқиғалар аса қатал басқыншылық пен халықты жою жолымен жүріп, этногенез тамырын үзгендігін айғақтайды.
А. оқиғасына бұдан басқа б.д. X ғасырда Араб халифатының құлауын, б.д. IV ғасырда қытайда шығыс гундердің күйреуін келтіруге болады.
Аттрактивтік (этнологиядағы) – шындыққа, сұлулыққа және әділеттілікке шынайы берілу. Бұл ұғым «мінсіз қажеттілік» дейтін психологиялық терминге синоним болады. «... мұндай қажеттілік тобын кең мағынасындағы танымның мінсіз қажеттілігі құрайды: қоршаған ортаны тұтастай, жекелеген бөліктері арқылы және ондағы өз орнын, жердегі өзінің өмір сүруінің мәнін тану... Адамдардағы өнер туындыларын жасауға деген сезімін оятатын, оларға деген ықыласын тудыратын эстетикалық қажеттік де сөзсіз осы топқа жатады... Таным қажеттігі жанама тұрғыда биологиялық және әлеуметтік жағынан туындамаса да, аса жақын байланыста болады. Таным қажеттігі өз бастауын барша тірі жанға тән, затқа, қуатқа деген қажеттілік сияқты, ақпаратқа деген әмбебап қажеттіліктен алады». Мінсіз қажеттіліктің көрінуі әр адамда түрліше болады әрі оны қанағаттандыру тәсілі де әр түрлі. Мәселен, пассионарларды мінсіз қажеттілік шығармашылыққа, әділеттілікті белсенді қорғауға, өзінің көзқарасын уағыздауға және т.б. итермелейді. Жарасымды адамдар олардағы мінсіз қажеттілік таным мен түйсінудің пассивті формасы арқылы көрінеді. Мінсіз қажеттіліктің мүлде болмауы – патологиялық жағдай. Негізінен оның ең әлсіз түрі пассионарлықтың кез келген дәрежесіндегі адамдарда, әсіресе субпассионарлы адамдарда жиі кездеседі (А. мен пассионарлық арасында бірмәндес байланыстың болмайтындығын байқауға болады).
Биоөріс – Л.Н. Гумилевтің философиялық көзқарасының мәнін жан жақты көрсететін ұғым. Әлемде екі белдеудің бар екенін білдіреді: тұрмыстың барша қырын құрайтын шығармашылық бастау және антижүйе арқылы көрінетін тұрмысты қарабайырландырып тіпті жоқ етуге ұмтылатын тұрмыстық емес белдеу. Б. әлемі екі түрлі жағдайда адамдардың дүниетанымының позитивті және негативті (жағымсыз) түрде болуы арқылы көрінеді. Б. туралы ғылымды дуализммен шатастыруға болмайды, себебі автор әлемде тәуелсіз екі бастаудың бар екендігін дәлелдемейді, ол өрістер туралы – Тұрмыстың болу-болмауын ғана айтады.
Биосфера – тірі ағзалардың өткендегі және қазіргі негізгі әрекеттерінің құрамын, құрылымын және қуатын көрсететін Жердің қабығы. Ол тек жанды заттардан ғана емес, геологиялық уақыт ішіндегі оның өмір сүру өнімдерінен: топырақ, шөгінді және метаморфтық жыныс, ауаның еркін оттегісінен тұрады. Биосфераның негізгі қасиетін В.И.Вернадский зерттеп, талдаған. Б. туралы ғылым этнологияның іргетасы болып табылады. Себебі, этногенез заңдылығы тірі заттың қозғалысы мен қуат-күшін сипаттайтын жалпы заңның бөлігі болып табылады, ал этникалық жүйе биосфераның құрамына органикалық түрде еніп, геобиоценоздың жоғары тобы болады.
Биохимиялық тірі заттардың қуаты – қоршаған ортадан алынатын еркін қуат көзі. Осы қуат көзінің арқасында тірі ағзалар жұмыс жасайды, өседі, көбейеді, ал Жер биосфераның тірі заттары белсенді геологиялық күш ретінде танылады.
«Бұл қоршаған ортаны өзгертуге, күш беруге, қажет кезінде бөгеттерді қиратуға қабілетті, белсенді, әрекетшіл энергия».
Л.Н.Гумилев б.т.з.қ. пайда болуын жоғары белсенділік пен белгілі бір дәуірдегі адамзат ұжымының аумақтық экспансиясы екендігін анықтады. Бұл белсенділік ерекше конфигурация аймақтарында – пассионарлы дүмпу аймақтарында басталады. Осылайша, В.И.Вернадский ұсынған биосфералы процеске энергетикалық көзқарас адамзат тарихында Л.Н.Гумилев ұсынған этногенездің пассионарлық теориясын жаңаша түсінуге негіз болды.
Генетикалық «дрейф» (этнологияда) – пассионарлық белгілердің тыс жерлерде таралу құбылысы. Бұл таралым мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:
А) пассионарлардың популяция ареалының шегінде немесе одан тыс жерлерге қоныстанып, отбасын құруы арқылы немесе өздерінің генефондын басқаша тәсілмен орналастыру арқылы;
Б) әскери жорықтар, сауда экспедициясы кезінде кездейсоқ некеден тыс байланыстар арқылы және т.б.
Пассионарлық белгілер пассионарлардың жоғары миграциялық және демографиялық белсенділігі арқасында шапшаң тарала алады. Этникалық популяцияның орталығынан шеткеріге қарай бағытталған Г.д. арқылы Л.Н.Гумилев айқындаған заңдылық суперэтникалық жүйеде шеткері қатыстылық аймағы алғашқы этностардың пассионарлық дүмпуін және субэтностың белсенділігін неғұрлым ұзақ сақтай алады. Шеткері пассионарлық есебінен суперэтнос өмірінің соңғы мерзімінде регенерация фазасы қысқа болуы мүмкін.
Геобиоценоз – (берілген ареалдың биоценозы) өмір сүру шарттарына сәйкес тарихи, экологиялық және физиологиялық байланыстардың бір бүтін жалпылыққа бірігуінің аяқталған кешенді формасы.
Гомеостаз. Этникалық гомеостазды қараңыз.
Диахронды шкала – этногенез фазалары бойынша әр түрлі этногенетикалық процестердің оларды салыстыру кезіндегі уақыттың есептелу жүйесі. Мұндай шкалаларды жасаудағы мақсат – барлық тарихи дәуірлер үшін нақты ішкі заңдылығы мен инварианттылығы бар автономиялы биосферлық үдерістер қатарындағы этникалық тарихты түсіну. Мұндай Д.ш. Л.Н.Гумилевтің «Этногенез және Жер биосферасы» кітабында бар.
Дүниені сезіну – адамның қоршаған болмысқа деген сезім серпілісі (реакциясы), индивидте сыртқы ықпал әсерінен туатын, алайда санасында әлі орныға қоймаған психологиялық үдеріс пен құбылыстар кешені. Мұны айналаға саналы түрдегі қатынас – дүниетаныммен шатастыруға болмайды. Л.Н. Гумилев тарихи материалдар негізінде адамдардың дүниетанымының қалыптасуы үшін олар мекендейтін ортаның этникалық құрамы аса маңызды екенін, әрі мұндағы шешуші рөлді суперэтникалық деңгейдегі сипаттардың атқаратынын көрсетті (қараңыз: «Древняя Русь и Великая степь», 357-бет).
«Жағдай» абберациясы – зерттеушіде қандай да бір елдің қысқа кезеңдегі тарихын ұзақ уақыттық үдерістің жекелеген фрагменттерін бақылау кезінде пайда болады. Бұл тарихи үдерісті құрайтын көптеген мәнді құбылыстар (мысалы, этникалық құрам, географиялық жағдай) зерттеушінің көз алдында өзгеріп үлгермейтіндіктен, мәңгіге сол қалпында қалатын жағдай түрінде көрінеді. Мұндай аберрацияны түзеуге болады: онда болатын өзгерістер барлық қырынан көріну үшін, үдерісті неғұрлым кеңірек қарау керек.
Жағымды (жағымсыз) комплименттер (мадақтаулар) – «өз» және «бөтен» деп бөлінген этникалық ұжым мүшелерінің өзара ұнату (симпатия), ұнатпау (антипатия) сезімдерінің болуы. Комплимент жасау құбылысы адамдардың этникалық жіктелу негізіне саяды, өйткені кез келген этностың пайда болуы өзара жарасымдылық қатынастағы адамдарды біріктіріп, бір-бірімен үнемі тығыз қарым-қатынас жасауды орнықтырып, мінез-құлықтың бірыңғай желісін құрайтын адамдар тобының пайда болуына әкеледі. К. құбылысы этнос және суперэтнос деңгейінде анағұрлым айқын көрінеді: әйтсе де бөтен этностың өкілі жеке тұрғыда жағымды сипат тудыруы мүмкін. Көп ретте некелесу болашақ жұбайлардың өзара бір-бірін ұнатуынан барып жүзеге асады. К. этникалық жүйеде кез келген этностың тұрақтылық факторы болып табылатын эндогамия құбылысын тудырады (өз этникалық қауымымен жасаған неке басқа этностікімен салыстырғанда, тіпті ең полиэтникалық ортада да жоғары болады; басқаша жағдайда этнос басқа бірнеше ұрпақ өткен соң, олармен кірігіп кетеді. Этникалық қарым-қатынас кезінде жағымды К. этникалық жүйесі олардың симбиоздануына немесе жаңа тұтас құрылымға бірігуге, ал жағымсыз К. химерге, яғни мұндай қарым-қатынастың жағымсыз аяқталуына әкеледі. К. терең психологиялық күйі ностальгия (торығу) құбылысын тудырады.
Басқа этникалық құбылыстар сияқты К. біздің алдымызда статикалық және ақиқат құбылысы ретінде (яғни, жекелеген деңгейде кез келген жағдай мен заңдылықтан ауытқу болуы мүмкін, бірақ қаралған жүйе мәртебесінің жоғарылауы кезінде заң неғұрлым нақты әрекет етеді) көрінеді. К. басқа этнопсихологиялық құбылыс - ментальдылықпен байланысты.
Жағымды сезіну – салауатты этностардың адамдар қабылдайтын өмірдің өз этникалық жүйесінде және қоршаған табиғат ортасында объективті заңдылықты қабылдап, оны қолдауға (немесе күрделендіруге) ұмылатын қалыпты сезімдегі адамдар күйі. Салауатты этноста (химермен бұрмаланбаған) Ж.с. аулақ адамдар сирек кездеседі және жүйенің дамуына айтарлықтай ықпал етпейді.
Жағымсыз сезіну – өзара үйлеспейтін суперэтникалық қатынас аймағында жағымсыз комплиментарлық, әр түрлі мінез-құлық қалпы мен ментальдылық кезінде, адамдарда тұрмыстың объективті заңдылығына қатысты жағымсыз әсердегі ерекше сезінуі қалыптасуы мүмкін. Пассионарлық кезінде мұндай адамдар арасында антижүйеге сәйкес тұтастық қалыптасады.
Жақындық аберрациясы – тарихшылардың жақында өткен оқиғаны бұрмалап қабылдауы. Қандай да бір құбылыстың соңы әлі толықтай айқын болмай, көптеген оқиғалар тасқынын қабылдаушы олардың ішінен негізгі және жанама оқиғаларды ажырата алмайды да, оқиға өзінің ауқымдылығын жоғалтады. Қазіргі адамдар үшін мардымсыз болып қабылданған үдерістер болашақта ғана өздерінің маңыздылығын (мәселен, б.д. I ғасырында Рим империясының христиан қауымдығы пайда болуының маңызы өз кезінде толықтай бағаланбады). Екінші жағынан, жақында өткен көптеген оқиғалардың мәні насихат немесе қоғамдық пікір арқылы өршітіліп, тарихшыларға ықпал етеді.
Жарасымды адамдар (ерекше энергиялық қалыпты түр) – бұл адамдар өздерінің жеке және түр қалпын сақтау үшін қанша жұмыс қажет болса, сонша әрекет ететін адамдар (өздерінің және ұрпақтарының өмірін сақтайды). Олар ортада өздерінің қабілеттерін толық сақтайды, бірақ пассионарларға тән жоғары мақсаттағы белсенділік көрсетпейді. Ж.а. этностық құрылым этникалық дәстүрді сақтауда айырықша маңызды роль атқарады. Олар қалыптасқан этнос пен асыраушы ландшафтпен байланыс орнықтыруда шешуші роль атқарады. Этнос құрамындағы Ж.а. жеткілікті болуы – оның ішкі тұрақтылығының кепілі. Ж.а. этникалық гомеостазда үстемдікке ие.
Л.Н. Гумилев тарихи үдерісті суреттеу кезінде жарасымды адамдарға табыс пен жайлы тұрмысқа ешқандай қауіпсіз ұмтылуға құштар төменгі пассионарлық қасиеті барларды да жиі жатқызған. Бұдан басқа көп жағдайда Ж.а. негізінен өздері, ал кейде пассионарлардың ықпалымен аса мәнді белсенділік танытады (бұл құбылыс пассионарлық индукция деп аталады).
Жүйенің пассионарлық кернеу деңгейі – этникалық жүйедегі тұлғалық деңгейге қатысты пассионарлық мөлшерінің осы жүйеге енуі. Әр түрлі деңгейдегі, жарасымды және субпассионарлық адамдар пассионарлық мөлшерінің қатынасымен анықталады. Ж.п.к.д. өзгеруі этногенез фазасының ауысу поцесімен түсідіріледі, бұл 40 жеке қисық этногенез қауымын көрсетеді. Абцисс осі бойынша сызбада уақыт жылдармен қойылған. Бастапқы нүкте қисық – этникалық жүйенің пайда болуы болып табылатын пассионарлық дүмпу сәті. Пассионарлық кернеу ординат осінен екі шкалаға жіктелген: гомеостатикалық этноспен салыстырудағы субэтнос мөлшері және үстемдік етуші пассионарлық түр» (Р2-ден Р6-ға дейінгі деңгей).
П. К.ж.д. қалай бағаланады?
1) Субэтнос мөлшері бастапқы жағдаймен салыстырғанда этникалық жүйенің күрделенуін (қарапайымдану) көрсетеді, әрі жүйенің түрленіп, күрделенуінің өсуі ондағы қуат көзінің (және керісінше, жүйенің қарапайымдануы пассионарлықтың төмендеуіме байланысты).
2) Үстемдік етуші пассионарлық түр (бөлуді қанағаттандыруға қабілетсіздік деңгейінен «құрбандық» деңгейіне дейін) әр дәуірдегі этностардың тарихи бағалануымен анықталады. Мәселен, акматикалық фаза үнемі этностардың аса динамикалы әрекетке жетуі үшін құрбандыққа баратын тұлғалардың шығуын жиі еске алумен байланысты. Керісінше, обскурация үшін хаос (аласапыран) жасап, этнос құылымына іріткі слатын субпассионарлар үстемдігі тән. Этноста үстемдік етуші түрден басқа анағұрлым төмен деңгейдегі барлық түр де қатыса алады.
3) Қисықтық құру кезінде, басқа шкалаларда байқалмаған п.к.ж.д. бағалаудың үшінші шарты – «этникалық тарихи оқиғалар жиілігі» пайдаланылады. К.П. Иванов ұсынған бұл шкала қисықтық құрлымының дұрыстығы туралы тәуелсіз нәтиже береді. Оқиға этникалық жүйе байланысын үзу түрінде ұғындырылады. Қисықтықты құру үшін этникалық көлемдегі оқиға: екі немесе одан да көп субэтностардың қақтығысы айқындалады.
Сызбаның төменгі бөлігіндегі үзік қисықтық этностағы субпассионарлықтың тығыздық өзгерісінің сапасын көрсетеді. Егер пассионарлық кернеуінің мәніне назар аударсақ, онда Л.Н. Гумилев қалыптастыран заңдылық шығады: «Этникалық ұжым атқарған жұмыс пассионарлық кернеу деңгейімен тікелей сәйкеседі». Автор мұнда этникалық гомеостаздан өзгешелігі этнос өмір сүруі үшін аз мөлшердегі қуат жұмсайды, ал тарихи жағдайда ол энергетикалық қатты экспансияға, мәдениет пен идеологияны жасауға, ландшафті өзгертуге, ішкі күреске және т.б. жұмсайды. Бұл әркеттің бәрі пассионарлардың бастамасымен жүзеге асады және оның көлемі мен қарқындылығы этностағы пассионарлардың пайыздық көрсеткішіне байланысты; бұл жерде пассионарии өз қызметінің күйін белсенділігі төмен адамдарға беретін пассионарллық индукциясын есепке алу маңызды. Осылайша, әрбір этнос оның пасионарлық кернеу деңгейін детермендейтін белгілі бір белсенділік деңгейін толық көрсетеді
Изолят – басқа этностардан ландшафттық жағдай күшімен шектелетін және олармен белгілі бір кезең ішінде этникалық қатынасқа түспейтін кішігірім этносперсистент. Этнос-изоляттар Памирде, Оңтүстік Америкада, Тибетте және т.б. аймақтарда өмір сүреді.
Инкубациялық кезең – пассионарлық дүмпу сәтінен немесе этнос пайда болғанға дейінгі генетикалық дрейф басталған кездегі көтерілу фазасының бөлігі және олармен байланысты әлеуметтік-саяси институттар. Алғашқы консорцилерді жасауды бастаған пассионарлық тұлғалардың этникалық субстраттан бөлінуімен сипатталады. Бұл адамдар өздерінің күткен әрекеттерін қанағаттандырмаған дәстүрлі тұрмыстан қол үзіп, қоғамның қуғындауына ұшырайды және қатарына өздері сияқтыларды тартады. Соңында олар жалпы этникалық доминанттарды құрып, шапшаң күрделенетін этникалық жүйені құруға кіріседі де, бұл И.к. аяқталуымен бітеді. И.к. жасырын және ашық бөліктерге жіктеледі. Жасырын бөлікте алғашқы пассионарлардың пайда болуы қазіргі адамдардың есінде қалатындай оқиға тудырмайды, себебі пассионария әзірше әр текті болады да, олар этникалық субстраттың инерциясын (қарқынын) жеңе алмайды. Ашық бөлікте пассионарлар қомақты істер атқарады да, тарихи дереккөздер бізге олардың қызметі туралы нәтижелерді жеткізеді.
Конвиксия – бірнеше ұрпақ бойы бірдей сипаттағы тұрмыс пен мекен-тұраққа ие шағын адамдар тобы; консорциямен қатар төменгі таксон этникалық иерархиясы. Конвиксияның мысалы: ауылдық қауымдық, ортағасырдағы қолөнершілер мен ұсақ ұлыстардың ұйымы. К. белсенділіктің төмендігімен және резистентілігімен ерекшеленеді.
Консорция – мақсаттары мен тарихи тағдырларының ұқсастығымен бірігетін шағын адамдардың комплиментарлық бірлестігі. К-ға «үйірмелер», саяси топтар, секталар, бандалар, артельдер және т.б. бірлестіктер (жасанды мәжбүрлік емес, ерікті түрде) жатады. Этногенездегі консорцияның ролі өте маңызды, себебі олардан неғұрлым жоғары деңгейдегі этникалық жүйе өсіп шығады; алғашқы К. христиан Византиялық суперэтностан пайда болды, Тибр өзеніне жиналған К дан Рим империясы, Шыңғысханның змандастары тобынан моңғолдар империясы пайда болды. Бұл, әрине, неғұрлым көрнекі мысалдар, басқа жағдайда да бұл үдеріс сондай механизммен жүреді; алдымен қандай да бір этникалық тұтастық тарихи сахнада белсенді күш болып табылады да, айналасына мұраттас адамдарды шоғырландыратын пассионарлар қатарының пайда болуын қадағалайды. Әсіресе, пассионарлық дүмпуден кейінгі көтерілу фазасындағы К. құрылу үдерісі аса белсенді болады. Алайда, көптеген К. кез келген тарихи кезеңдерде олардың негізін салушылардың көзі тірісінде ақ құлайды немесе конвиксияға өтеді, тек аз ғана бөлігі жоғары дәрежедегі этникалық жүйеге көтеріледі.
Көтерілу фазасы – этникалық жүйеде пассионарлық дүмпу салдарынан осы жүйе пайда болатын пассионарлық кернеудің қарқынды өсу фазасы. Бұл қайта пайда болған этносты қуатты экспансиясымен, белсенділіктің барлық түрінің жылдам жоғарылауымен, демографиялық жарылыспен, этникалық жүйеішілік көбеюімен сипатталады. К.ф. жаңа этникалық доминант және әлеуметтік институттар қалыптасады. Бұл фазаға уақытты пассеистік сезіну, сол сияқты «өзің кім болуға тиістісің, сондай бол» деген қоғамдық императив тән. Бұл формула қайта пайда болған жүйедегі ұжым тәртібінің қатаң шарты, неке қатынасы, ландшафты пайдаланудағы тәртіптің жоғары реттілігін көрсетеді. Алайда, қалыптасқан К.ф. арқасында жаңа мінез-құлық стереотипі, шектеулер адамдарға қиындық тудырмайды, бұл қалыпты өмір сүрудің шарты ретінде қабылданады. К.ф. алдымен құпия, одан соң жария түріндегі инкубациялық кезеңнен басталады. К.ф. айналадағы этносты аса белсенді адамдар қауымының құрылып, көршілерінің есебінен жайлы қонысқа ие болғандар түрінде қабылдайды. К.ф. соң акматикалық фаза басталады. К.ф. тән мысалдар – б.д. I-III ғасырларда Византиялық суперэтностың құрылуына әкелген христиандық қауым саны мен ықпалының өсуі; алғашқы патшалар кезеңі мен Италияны жаулап алу кезіндегі `(б.д.д. VIII-VI ғғ) Ежелгі Рим; Халифаттың құрылуы мен исламның таралу кезеңі (б.д. инкубациялық кезеңді қосқандағы VI-VIII ғғ); б.д. XI-XIII ғасырлардағы үстемдігі бүкіл Еуразия кеңістігіне таралған моңғолдар; Ресейдегі өрлеу Куликов даласындағы жеңіске жеткен Александр Невский саясатымен, біртұтас Ресей мемлекеті мен және оның кеңеюімен (XIII-XVғғ) байланысты.
Ксения – бір аймақтағы этностардың өз ерекшеліктерін сақтай отырып, басқамен кірікпей, симбиоздарға тән қарым қатынастарға түспей, бейтарап өмір сүру формасы. Этностар арасында өткір қақтығыстар болмайды, бірақ ландшафтқа бейімделу кезінде әрекет бөлісу туындамайды. Мұндай түрдегі қатынас бір суперэтникалық этностар арасында жиі кездеседі (мысалы, Канададағы ағылшын және франко-канадалықтар, Финляндиядағы финдер мен шведтер арасында). Бейтарап этникалық қатынас егер олардың арасындағы комплиментарлық тым теріс болып, ал үкімет халықты жасанды араластыру әрекетін жүргізбесе (мәселен, украиндықтар Канадада, немістер Ресейде еркін, өзара түсінушілік жағдайында өмір сүруде), әр түрлі суперэтностар арасында болуы да мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |