Пассионарлық өріс (Этнологиядағы өрісті қараңыз)
Персистенттер (статикалық этностар, реликттер) – этногенездің барлық фазаларын өткерген және этникалық гомеостаз күйінде тұрақты болатын этникалық жүйелер. Мұндай жүйе аралас ландшафтармен (этноценоз) тығыз байланысып, өзгерместен ұзақ өмір сүре алады және сыртқы әсерден жеңіл жойылады. Әсер тікелей этносқа немесе ландшафтқа бағытталып, онша мәнді болмауы мүмкін. Алайда, реликт этностарда кез келген түпкі өмір салтындағы өзгерістер қайталанбайтын нәтижеге ұрындыруы мүмкін, өйткені жүйе өзінің бейімделгіш, жаңа жағдайға көндіккіштігінен айырылады. Статикалық этностарды көбінесе «тағы», «алғашқы қауымдық» немесе «артта қалған» деп атайды, ал негізінде олар терең этникалық қарттық жағдайында болады да, өздеріне аса сақтықпен қарауды талап етеді. Персистенттердің мысалы: үнділіктердің қазіргі ұлыстары, исландықтар, Қиыр Шығыстың жергілікті халқы, Кавказ тауындағы, Тибеттегі жекелеген этностар және т.б. Персистенттер туралы этникалық гомеостаздан қараңыз.
Регенерация фазасы – обскурация фазасынан кейін пассионарлықтың шеткері ареалы есебінен сақталатын этникалық жүйенің қалпына келу мүмкіндігі. Византияда мұндай уақытша қалпына келу 1204 жылы Константинопольдің құлауынан кейін пайда болған Никей билігі болды. Алайда, Р.ф. этногенездің аяқталу процесі қарсаңындағы қысқа ғана белсенділік. Ол кейіннен мемориалды фазаға өтеді. Шынында, 1453 жылы түрік османдары Византия мемлекетін толықтай жойып, ал византиялық гректер әрі қарай шағын реликт ретінде сақталып қалды.
Кейде «регенерация» термині іші қақтығыстар мен сыртқы басып алулардан кейінгі кез келген этникалық құрылымның қалпына келуі ретінде де түсіндіріледі.
Симбиоз – симбионттардың өзіндік ерекшелігін сақтауда бір аймақтағы этникалық жүйелердің өзара пайдалы өмір сүру формасы. Мұндай қарым-қатынас формасында этникалық ұжымдар ландшафттардың әр түрлі бөлігін немесе түрлі ландшафттарды пайдалана отырып, әр түрлі қабілетке ие дағдыларды алады. Мәселен, великоросстар далалы жазықты қазақтар мен қалмақтарға, орманды, сулы жерлерді угор халқына қалдырып, өздері өзен алқаптарына қоныстанған. С-ға сонымен бірге субэтностар мен бір этнос арасындағы қатынасты да жатқызуға болады: олар міндеттерін бөлісіп алады, алайда өзара бірігіп кетпейді (мысалы, орыстардың ішкі этносында шаруалар, дворяндар, казактардың болатыны сияқты).
Субпассионарлық (қуаттылықтың жетіспеуі) – өз ортасынан жеткілікті қуат көзін алуға қабілетсіз адамдардың ортаға түгелдей бейімделе алмауы. Субпассионарлық (қуаттың жетіспеуі) инстинктілікті, мінез-құлықты сақтамай, өз ұрпақтарына жеткіліксіз қамқорлық көрсету салдарынан пайда болады. Мұндай адамдар барлық дәуірлерде, барша этностарда кездеседі. Оларды кезбелер, жалаңаяқтар, қаңғыбастар деп атайды. Бұлар негізінен жұмыс жасамай ақ, арамтамақтықпен өмір сүруге болатын ірі қалаларда топтасады. Мұндай С. болуы алкоголизмді, қылмысты, нашақорлықты, тәртіпсіздікті тудырады. Бұл салдардың бәрі С-тың негізгі сипаты, яғни, жасаған әрекеттері өзіне және айналасына зиянын тигізсе де, тоқтата алмайды.
Л.Н. Гумилев мұндай топтағы адамдардың мінез құлық сипатын неге қуат көзінің жетіспеушілігімен байланыстырды? С. қатыстылық үлесі этностар құрамында этногенез фазасына байланысты заңды түрде өзгеріп отырады, сыну фазасында тез өсіп, обскурацияда ең шырқау биігіне жетеді, яғни бұл үлес этностың жалпы белсенділігінің төмендеуімен тікелей байланысты. Субпассионарлар санының тұрақсыздығы Л.Н. Гумилевтің сипаттауынша қуат үдерісі секілді, әрі С. этногенезде энтропийлік роль ойнап, аласапыранды ұлғайтып, ешқандай пайдалы әрекет жасамайды. Этникалық гомеостазда С. мөлшері мардымсыз, өйткені ландшафтпен тығыз байланысты персистент өз ортасынан толықтай бейімделуге қабілетсіз паразиттікке бейім адамдарды ығыстырып отырады. С. көптігіне мысал: Римде (солдаттық императорлар дәуірінде), Византияда (Періштелер династиясы кезінде)
Субэтнос – өз мүшелерінен құралатын өзара комплиментарлық негізінде өзінің мінез-құлық стереотипі және қарама-қарсы қою кезіндегі этникалық жүйе. С. – этнос дәрежесінен төмен этникалық таксон. Әр түрлі С. болуы этнос тұрақтылығының мәнді белгісі, өйткені С. симбиоз қатынасында бола отырып, өзара міндеттерін бөліседі. Антогониялық емес қарсыластық жолымен С. этностың бірлігін бұзбастан, ішкі құрылымын иілгіш етеді.
Этногенз процесі кезінде С. бір бірімен алмасып, пайда болып әрі жұтылып отырады. Мәселен, Ресей этногенезі барысында С. казактар, поморлар, сібірліктер, («челдондар»), ескі дәстүрді ұстанушылар және т.б. бөлініп шықты. Этноста жетекші роль атқаратын С. ерекшеленеді. Мысалы, XX ғасырдың басына дейін дворяндар жетекші болды, кейбір С. бұрын дербес болған этностың реликт формасы болып табылады. Мәселен бірегей провансалдық роман этносы С. этногенез барысында француз этносына айналды.
Көріп отырғанымыздай С. белгілі бір аумақты мекендейтін этнографиялық топ, сословие, конфессионалды қауым және т.б. формаларда бола алады, алайда олардың қандай да бір этностың субэтникалық тобын сақтауы кезінде мінез құлық және қоршаған ортаға қарама-қарсылығы бірдей болады.
Суперэтникалық қатынас – ( әртүрлі С. өкілдері бірге өмір сүріп, тығыз қарым-қатынаста болады) кейде бейтарап аяқталады, бірақ көбіне оның нәтижесі аса жағымсыз болады: химерлер мен антижүйелер пайда болып, бұл өзара қатынастағы тұтастықты қарапайымдандырады, кейде бұзады да.
С сияқты орасан құрылымның ішкі бірлігі мен тұрақтылығы қалай түсіндіріледі? Л.Н. Гумилев көрсеткендей, бұл түсіндірілімді тілдік, нәсілдік, экономикалық немесе идеялық саяси жағынан біріктірсек, бұл нәтиже бермейді. Мұның шешуін тек белгілі бір ландшафттық аймақта қалыптасқан, белсенді түрде күрделенген және жаңа мінезқұлық стереотипі мн ментальдылық тұтастыққа дейін өсетін пассионарлық дүмпу концепциясы береді. Барлық өмір сүретін С. өздерінің бастапқы қалпын сақтай отырып, «ішкі тамырластыққа» дейін көтеріледі. Л.Н. Гумилев оның өсуі мен дамуы біртұтас этникалық өріспен (ағзаның дамуын анықтайтын биоөріс секілді) реттелетіндігі туралы болжамды ұсынады.
Осылайша Л.Н. Гумилев айқындаған заңдылық қандай да бір С. пайда болғаннан пассионарлық дүмпудің сәтінен бастап есептегендегі жасы туралы айтуға мүмкіндік береді. Бұл жас мөлшері оның энергетикалық зарядын (пассионарлы күшеюдің деңгейі) сипаттайды; соңғысының дамуы негізінен ішкі энергетикалық заңдылық және басқа С-мен қатынасы арқылы сипатталады.
Суперэтнос – бірнеше этностардан құралып, өзін тұтастыққа қарама-қарсы қоятын этникалық жүйе; этникалық иерархияның жоғары таксоны. Л.Н.Гумилев енгізген «суперэтнос» термині пайда болғанға дейін мұндай тұтастық «өркениет», «мәдениет», «әлем» (мысалы: «Ислам әлемі», «Батыс өркениеті») деп аталды. С.бірлігі негізінен әр түрлі этностарды біріктіретін жалпы ментальдылықтың болуымен байқалады. Содықтан да С. біздің алдымызда алдымен идеялық-діни және мәдени тұтастық түрінде көрінеді, алайда оның мәні тереңде жатыр. Бұл тұтастықтың ішіндегі адамдардың саяси жағынан бірігуі міндетті емес, керісінше, олар көбіне өткір тартысқа түсіп отырады. бұл жерде біз с. басқаша ерекшелендіретін сипатын байқаймыз: этностар арасындағы тартыс негізінен өз қарсыласын толық жеңуге ұмтылатын соғыс емес, басымдық үшін күрес түрінде жүреді. Әрі бұл тартыстар С. ішіндегі экономикалық, саяси және идеологиялық та (ортағасырлық Еуропадағы гвельф пен гибеллиндер соғысы, ежелгі орыс князьдары арасындағы қақтығыс) болады. Керісінше, әр түрлі С. арасындағы қақтығыс көбіне геноцид пен құлдыққа алу сипатын (Ежелгі Қытайдың дала халқымен соғысы, еуропалықтардың Солтүстік Америка аборигендерін жоюы) иеленеді.
С. ядросы (өзегі) әрқашан пассионерлік дүмпу нәтижесінде бір аймақта пайда болып, этникалық доминанттар айналасына бірігетін этностар тобы болып табылады (мәселен, Араб с. VI ғасырда ислам негізінде құрылды, ал Византияда алғашқы біріктіруші күш ретінде православяндық христиандық рөл атқарды. Одан әрі қалыптасқан С. көкжиегіне басқа генезистегі адамдар енуі мүмкін (мысалы, Ресей суперэтносының құрамына тәуелсіз пайда болған көптеген сібірлік дала этностары енді).
С. дивергенцияға (яғни бірнеше С-ға жіктелуі) қабілетті емес; пайда болғаннан кейін ол, өзінің даму фазасында (егер ол сынуда құламаса) 1200-1500 жыл мерзімінде өмір сүреді. Алайда, идеялық-мәдени дәстүр қарқыны сақталуы мүмкін, әрі қарай басқаларға, жас халыққа беріліп, жаңа форма иеленеді (мәселен, рисс құқығы дәстүрі Батыс С-ға, ал Византиядағы православие Ресейге көшті).
Сыну (бөліну) фазасы – акматикалық фазадан соң этникалық өрістің ұсақтап, одан соң субпассионарлардың өсуімен, этникалық жүйедегі ішкі өткір қайшылықтармен белгілі болған пассионарлық кернеудің шапшаң төмендеуі. Мұның бәрі тұтас жүйе резистенттілігінің аса төмендеуіне және араласу салдарынан олардың күйреуіне әкеледі. Мәселен, араб-мұсылман суперэтносында 945 жылы дейлемит этносының көсемі Ахмет Буи басып алған А.ф. аса күрделі жүрді. Өйткені антижүйе (карматтар) пайда болып, Араб халифаты құлады. Бұл басқа да бізге белгілі суперэтностарға дағдарыс фазасы болып табылды: Римде бұл кезең б.д.д. 100-30 жылдары азамат соғысы және Спартак пен Катилиндер кезеңі болды; Византияда иконға таласушылық (біртұтас ментальдылықтың жіктеліп кетуінің мысалы) және павликиандардың (б.д. 630-843 жж.) антижүйесі. С.ф. Ежелгі Қытайда жеті «Соғысушы патшалар» (б.д.д. IV ғ.), ал ортағасырлық Қытайда бұған ұқсас фаза «бес династия мен он патшалық» уақытымен белгілі Тан (б.д. 907 ж) империясынан кейін басталды. Батысеуропалық суперэтноста сыну фазасы Батыс әлемін екі бөлікке – протестанттық және католиктікке жіктеген Реформация және Контреформациямен байланысты болды. Субпассионарлар санының өсуі кондотьерлерге осы халық арасында үлкен құрбандық тудырған тұтас армия жасақтауға мүмкіндік берді. Бұл фаза инерциялық фазаға, яғни XVII ғасырға созылды. Ресейде сыну фазасы XIX ғасырда басталды, оның айқын мысалы XX ғасыр басындағы (әсіресе, азамат соғысы) қанды катаклизмдердің пайда болуы еді. Осылайша, бұл фаза этногенездің пайда болғанынан кейінгі 600 жылдан соң басталған кез келген этногенезге тән деуге болады. Оны этникалық жүйенің «жас кезеңі ауруы» деп те қарастыруға болады.
Тарихи уақыт (Л.Н. Гумилевтің түсінігінше) – энтропийлік тарихи процесс этникалық жүйенің этникалық гомеостаз жағдайына негэнтропийлік пассионарлық дүмпудің бұзуымен жаңа этностың белсенді тарихи өмірін шақыратын қуат көзін жұмсауға ұмтылуы. Тарихи уақыт арқылы этникалық ұжым мен жекелеген адамдардың пассионарлығының пайда болуын көрсететін оқиғалар мен әрекеттер. Т.у. біркелкі емес: онда оқиғаға бай және «оқиғасыз» дәуірлер болады. Т.у. дискретті, ол этногенездің бір бірінен алшақтамайтын әрі бір біріне тәуелсіз әр текті пассионарлық дүмпулерден тұратын жеке үдерістерінен құралады.
Торығу (ностальгия) – өзінің этноландшафынан аулақтаған адамның жағымсыз психикалық құбылыс кешені. Л.Н. Гумилев психиканың мұндай күйін этникалық өріс арқылы түсіндіреді.
Түпсіздік (бос, вакуум) – Л.Н. Гумилевтің тіршіліксіздік категориясын белгілеу үшін пайдаланған термині).
Тірі заттың биохимиялық қуаты. Қараңыз. Биосфераның тірі заттар қуаты.
Уақытты сезіну (уақытты қабылдау) – Адамның ағымдағы уақытты қабылдауы (өткендегі, қазіргі, болашақтағы) әлемді сезінудің бір бөлігі бола отырып белгілі бір бағдарды тудырып, оның болмысына әсер етеді. У.с. этногенездің жалпы шарттарынан туындай отырып, белгілі бір заңдылыққа бағынады. Л.Н. Гумилевтің тарихи материалдарының негізінде кез келген этноста үнемі уақытты сезіну оның төрттен біріне ие. У.с. төмендегідей сипаттарымен ерекшеленуі мүмкін:
-
Статикалық (немесе циклдік) түрдегі уақытты сезіну статикалық (персистенттер) этностарға тән. Уақытты статикалық сезіну кезінде уақыт шынайы тұрғыда сезілуден тыс, тек қарапайым табиғи тізбекті түрде қабылданады. Уақытты сезінудің бұл түрі даму жүйесінің бағыты жоқ және өмірлік циклдердің кезеңді қайталаулары үстемдік ететін, сол сияқты желілі жылдық санауы болмайтын этникалық гомеостазға тән.
-
Пассеизм. Бұл у.с. әлі өсу және қалыптасу сатысындағы жас этникалық жүйеге тән. Адамға әрбір минут өткенге, оның бабаларының және алдыңғылардың ісіне кірігуі, үйлесуі болып табылады. Осылайша, өткен жинақталып, алға жылжып отыратын шынайылық болып сезіледі. Мұндай у.с. тұрғысындағы адамдар өздерін ұлы дәстүрлердің бір бөлігіндей сезініп, олар үшін жанқиярлық істерге баруға дайын болады. Мұндай түр жоғарылау фазасында байқалады да одан соң келесі фазаларда неғұрлым іргелі істер атқарады. Пассеистерге тән мысал: Фермопилдегі спартандық Леонид, Ронсельван ущельесіндегі Роланд, Куликов даласындағы орыс жауынгерлері.
-
Актуализм у.с. адамның шынайы өмір деп тек бүгінгіні, ал басты өмірлік құндылық деп өзінің сол сәттегі (қанағаттану, шаттық, табыс және т.б.) күйі. Бұл әлемді сезінудің эгоистік (жағымды болса да) түрі болып табылады. Адамдардың мұндай түрі көзсіз, аса батыл күрескерлердің орнына адал, өздерінің жеке табыстарына ғана ұмтылатын, мәселен, Гай Мария және Сулл (Рим), Людовик (Франция), Иван Грозный (Ресей) секілді тұлғалар болған акматикалық фазада пайда болады. Шапшаң қозғалғыштың орнын - гедонизм, құндылықты жинаудың орнын – жұмсау басады. Бұл у.с. келесі фазада кең таралып обскурация – соңғы фазада үстем болады.
-
Футуризм бұл кездегі адам у.с. тек болашақ қана шынайы, өткен келмеске кеткен, ал қазіргі болашақтың алғышарты деп есептейді. Футуризмнің ең соңғы деңгейінде қазіргінің өзі иллюзия түрінде көрінеді. Футуризм әлемді жағымсыз сезінудің бөлігі. Ол антижүйеде үстемдік етеді. Онда футуризм қазіргі әлемді құбыжық, өткенді «қарғыс», ал қазіргіні иллюзиямен толық түзетіп немесе одан бас тарту деп жариялаған идеология мазмұнына әсер етеді. Антижүйенің мақсаттарын жүзеге асыру («әділдіктің» салтанат құруы, «зұлымдықтан» арылу және т.б.) үнемі болашақтың еншісінде. Осылайша, антижүйенің идеялық шарты ондағы адептің психикалық күйіне сәйкеседі. Салауатты этноста футуризм сирек кездеседі және айналаға ақымақтық болып қабылданады.
Бұл сипаттағы уақытты сезіну этникалық та, дербес түрде де таза күйінде сирек кездеседі.
Химера – әр түрлі суперэтникалық жүйедегі, өздерінің ерекшелігін жоғалту кезінде өзара сәйкеспейтін этностардың қарым-қатынас формасы. Қарым-қатынас аймағында өсіп шыққан, әрқайсысы бірегей этникалық дәстүрлер мен, ментальдылықпен ерекшелентін адамдар өзара қатынастағы суперэтностардың ешқайсына жатпайды. Х-де мінез болмыстары өзара сәйкеспейтін, бірдей ментальдылықтың орнына талғам, көзқарас, мағлұмат жағынан түгелдей ретсіздікке құрылған жүйесіз қатынас билік құрады. Мұндай ортада антижүйедегі идеология гүлденеді. Әр этносқа тән өзіндік бейімделгіш дағдылардың жоғалуы, халықты өзін асырайтын ландшафтарынан қол үзуге әкеледі. Осылайша, Х. адамдар этносынан шығып қалған, этностықтан айырылған қауым түрінде сипаттауға болады. Х-ның этностан ерекшелігі ол дами алмайды, тек аз уақыт өмір сүруге қабілетті, одан соң күйреп, өзіндік этникалық «аннигиляция» құбылысына өтеді. Х. негізінде пайда болған антижүйе қан төгісті қақтығыстарға бастамашы болады, не көршілес этностардың құрбанына айналуға себеп болады.
Л.Н. Гумилевтің ұстанымы белгілі бір жиілік немесе ырғақпен тербелген этникалық өріс какафонияны тудыратын түрліше екі ырғақтың орнығуын көрсетеді. Бұл какафония адамдардың сана түкпірінде қабылданып, Х-ға тән жалпы бұрмалаушылық тудырады, сол сияқты антижүйелі ақылды көңіл-күй тудырады.
Х. салауатты этностың денесінде пайда болып, рак ісігі секілді, ешқандай көрнекі қызмет жасамайды. Осы ретте ол зиянсыз да (пассивті), не агрессиялы антижүйені таратушы да болады. Мысалдар, б.д. III ғасырда ғұндар мен қытайлардың қатынасы (Хань Қытайларының көп бөлігін ғұндардың басып алуынан кейін). Бұл қатынас бұған бүкіл этностардың түгелдей дерлік жойылуына әкелді; б.д. X ғасырда Араб халифаты гаремдер құру жолымен басқа суперэтностармен араласты (осы негізде исмаилаттардың антижүйесі қалыптасты). Бұған ұқсас үдеріс Оттомон Портеде жүрді, бірақ Х. зиянсыз болды (антижүйе XIX ғасырға дейін пайда болмады). Болгар патшалығы (болгарлар 660 жылы славяндар жерінде құрылды) Химер болды. Мұнда құдайшылдардың антижүйесі таралды. Х. Колумбияға дейінгі Америкада (инк пен муисктер мемлекеті) өмір сүрді. Оларды испан конкистадорлары жойды.
Аталған көпшілік химерлер бір суперэтнос өкілдерінің басқалардың тұрағына бұзып-жарып енуі есебінен құралды. Осыдан кейін агрессор ландшафты пайдалану есебінен емес, жеңгендер есебінен өмір сүруге ұмтылады. Соңындағы нәтиже үнемі Х-ның құлауы мен жойылуы болады, өйткені жеңімпаздар олардың құрбандықтарына қарағанда анағұрлым деградацияланады.
Шынайылық – ағаттықтың белгіленген қалыптан аспағаны бақыланған кездегі айғақтардың тұжырымдалу қасиеті.
Энтропийялық процесс – энергия таралуының қайталанбас үдерісі. Л.Н.Гумилев этногенезді энтропийялық процеске жатқызды.
Этникалық гомеостаз (этностың статикалық және персистентті жағдайы) – өмірлік циклі этногенез арқылы қайталанып, яғни этностың пайда болу, даму, жоғалу механизмдерін ашатын этникалық жүйенің қалпы. Осылайша, Л.Н.Гумилев қалыптастырған этнос концепциясының бұрынғы тұжырымнан айтарлықтай өзгешелігі бар. Бұл концепцияның авторы этносты адамдардың басқа ешқандай бірлігіне жатпайтын табиғи қауымдығы деп санайды. Осы арқылы ол этносты қоғамның даму заңдылығына бағынатын әлеуметтік құбылыс деп қарастырған әлеуметтік мектеп тұжырымына батыл түрде қарсы шығады. Сол сияқты этносты биологиялық популяциямен байланыстыру да негізсіз; оларға мінез болмысы тән. Сонымен қатар, бұл популяцияның ішкі қиысуы этникалық дәстүрлер арқылы реттеледі.
Э. оқып-үйренудің келесі сатысы этникалық өріс туралы Л.Н.Гумилевтің гипотезасы (Этнологиядағы өрісті қараңыз). Бұл болжам ғылымда жинақталған айғақтарды жоққа шығармайды және әрі қарай зерттеуді қажет етеді.
Этникалық дәстүр – белгілі бір этносқа стереотип иерархиясының, мінез-құлық ережесінің, мәдени канондардың, саяси және шаруашылық формаларының, дүниетаным қалыптарының ортақ болып, ұрпақтан ұрпаққа берілуі. Жинақталған этникалық дәстүрлер, негізінен, әрбір этностың ерекшелігін, басқа халықтар арасындағы орнын анықтайды. Э.д. этностың жас кезінде, яғни, қоршаған ортаға (этникалық және табиғи) бейімделу дағдыларының белсенді кезінде қалыптасады. Э.д. егер олар химерлердің құрбандығына, яғни жағымсыз этникалық қатынасқа түскенде бұзылады. Этностардың қалыпты даму кезінде этникалық дәстүр барынша гүлденіп, өзінің ерекшелігін айқындай түседі, одан соң бірте-бірте қарапайым қалыпқа түсіп, этностардың жоғалуымен бірге ғайып болады. Алайда оның көптеген элементтері басқа, белсенді, неғұрлым жас этностарға ауысуы мүмкін. Мәселен, эллинизм дәуірінің өнер канондары антикалық өркениеттің күйреуінен соң, қазірге дейін өмір сүріп жатқан көптеген жаңа этностарға берілді. Ежелгі славян және византия әлемінің бай мәдени дәстүрлері Ресей суперэтносына жетіп, дамыды. Осылайша, кез келген этностың этникалық дәстүрлері бос жерде пайда болмайды, ол алдыңғы белгілерді ала отырып, жаңа сипат иеленеді.
Этникалық диагностика – этнос өкілдерінің (субэтнос, консорция, конвиксия) мінез-құлық стеоретипі және қандай да бір этникалық дәстүрлерге жататындығына қарай бөлінуі. Сонымен бірге бұл этникалық топтар мен оның өкілдерінің өзіндік анықтамаларына да байланысты. Мәселен, XIX ғасырда Теректе казактар көптеген тұрмыстық жағынан кавказ халқына жақын болды, бірақ олар өздерін орыс этносының құрамында сезінді. Э.д. этнопсихологиялық, мәдени -этнографиялық сипаттау әдістерімен жүзеге асырылады.
Этникалық дивергенция – осындай түрдегі жаңа жүйенің пайда болуына сай этникалық жүйе тұтастығының жіктелуі. Бұл этностан, оның қандай да бір бөлігінен ажырап, одан тәуелсіз этностың құралуы жолымен пайда болуы мүмкін. Мұндай этностар қатары өз кезінде отарланған еуропалықтарды тудырды: осылайша АҚШ тағы янкілер, ЮАР-дағы бурлар, австралиялықтар және т.б. пайда болды. Э.д. сонымен бірге этностардың бірнеше жүйелерге жіктелуі арқылы да жасалуы мүмкін. XIII ғасырдағы дүмпуден соң Ресей этногенезі арқылы үш ірі этнос құрылды; великоросстар, малоросстар (украиндықтар) және белорустар, сол сияқты казак, помор және т.б. субэтностары. Тұтастай алғанда бұл этникалық топтардың бірігу жүйесін сезінуі жоғалған жоқ. Ресейлік суперэтнос құрылды. Э.д. басты шарты – ортасына қарама-қарсы және мінез-құлық стереотипі жағынан өзгеше жаңа топтардың пайда болуы.
Этникалық доминант – кез келген этностық тұтастықтың бірігуіне негіз болатын саяси, идеологиялық немесе діни құндылықтардың жүйесі. Э.д. өзінің негізін этникалық жүйенің пайда болуына алғышарт болатын инкубациялық кезеңде-ақ қалыптастырады. Э.д. этникалық субстрат дәстүрлерінен қол үзген пассионарлардың бірігуінің қажетті шарты болады. Оларға жаңа идеяларды уағыздау, жаңа саяси идеалдарды сақтап қалу (оның ішінде қолындағы қарумен) пассионарларға тән әрекетшілдікті қанағаттандыру тән. Негізінде Э.д. биліктегі этникалық субстраттар орнықтырған ұғымдар мен нормаларға қарама-қарсы болады. Мәселен, алғашқы христиандық қауымдықтың қатаң тәртібі, христиандық уағыздың мамұны тілші-римдіктерге аса құбыжық түрінде елестеп, оларды жаңа дінмен күреске итермеледі. Бірақ этногенез заңы күштірек болып шықты: б.д. I ғасырында пассионарлық дүмпуден кейін аса белсенді адамдар жаңа басымдыққа, ең бастысы христиандыққа кірігуге ұмтылды да, Риммен бірге әлсіреген тіл ешкімді қызықтырмады. Мұның нәтижесінде IV ғасырда христиандық толық жеңіске жетті: Константин билеушісінің өзі басқа салмақты күш болмағандықтан, оған сүйенуге мәжбүр болды.
Э.д. арабтар үшін де VII ғасырда жаңа дін ислам үлкен рөл атқарды. Пайғамбар туының астында Аравия жартылай аралына VI ғасырдағы пассионарлық дүмпу арқылы пайда болған барлық пассионарлар жиналды. Соның нәтижесінде Памирден Испанияға дейін Араб халифатының құрылуы заңды еді.
Э.д. келтірілген мысалдар жаңа суперэтностардың пайда болу кезеңіне қатысты. Алайда, этногенез барысында әр түрлі этногенез тұтастығының (этнос, субэтнос) жинақталуы кезіндегі Э.д. туралы айту заңды. Мәселен, XVII ғасырда Ресейде ескі дәстүрді ұстанушылардың пайда болуы Никон реформасының қарсы әрекетіне доминант болды.
Әрине, Э.д. үнемі өткір идеялық және діни сипатта бола бермейді. Кейде жаңа тұтастық құрылу үшін өмір сүріп жатқан дәстүрлерге саяси бөліністің болуы жеткілікті (мысалы, б.д. VIII ғасырындағы пассионарлық дүмпу – викинги). Бірақ тұтастай алғанда Э.д. жаңа этникалық жүйеге біріктіретін адамдардың қоғамдық санасындағы жинақталған құбылыс ретінде де сипатталады. Бұл адамдардың өзара жағымды қатынасы ой жақындығын да тудырады.
Этникалық жүйенің динамикалық жағдайы (статикалық жағдайға немесе этникалық гомеостазға қарама-қарсы) бұл жағдай тұтастай алғанда былайша сипатталады:
а) демографиялық және миграциялық белсенділіктің жоғарылауы, аумақты кеңейтуге ұмтылу;
б) қалыптасқан мінез-құлықтың өзгермелілігі (әрбір соңғы ұрпақ қандай да бір деңгейде алдыңғыларына ұқсамайды, яғни, «әке мен бала тартысы»);
в) ландшафт ортасының қайта өзгеруі, оның өз қажеттілігіне ыңғайлануы;
г) қоғамдық мінез-құлық императивтерінің ауысымы;
д) әлеуметтік-саяси институттардың құрылуы;
е) бөтен идеяларды белсенді игеру және өз идеясын насихаттау;
ж) қандай да бір шынайы немесе мифтік оқиғадан уақыт желісін алып тастау.
Э.ж.д.ж. ондағы пассионарлық дүмпудың нәтижесінде пайда болып, табиғи сұрыптау популяциясынан жойылатын белсенді тұлға пассионарларды тудырады.
Этникалық жүйенің қарапайымдануы – этникалық жүйедегі жүйе байланысы тығыздығының, ішкі әр түрліліктің төмендеуі. Этникалық жүйе күрделілігінің шарты берілген жүйенің санымен, бастапқы мөлшерімен салыстыру арқылы анықталады (мысалы, этностағы субэтнос саны этникалық субстрат санымен салыстырғанда, пассионарлық дүмпу тимеген және гомеостазда болатын) тарихи материалдарда э.ж.қ. үнемі пссионарлықтың түсуімен және керісінше, күрделену пассионарлықтың көтерілуімен байланысты болады. Э.Ж.Қ. егер жүйеге қарқынды сыртқы әсер болса, жасанды сипат иеленуі мүмкін (геноцид, антижүйенің құрылуы).
Қарапайымдану тек берілген этникалы жүйедегі жүйеішілік мөлшердің төмендеуімен, бірақ нормадан ауытқу, бірегей оқиғаларға толы уақыт түрінде тіркелген жүйе байланысының үзілуімен ғана байланысты емес. Шындығында, ауыр жағдай этникалық жүйенің қарапайымдануына әкеледі; мәселен, сынудан кейін акматикалық фаза толықтай қалпына келе алмайды.
Э.ж.қ. шегі оның өмір сүру циклін аяқтайды. Мәселен, б.д. IV ғасырында Рим империясындағы көне римдіктер шағын субэтнос түрінде өмір сүрді. Мұны Византиялық гректер туралы айтуға болады. Шеткі қарапайымданған жүйе персистенттер сияқты өмір сүре береді немесе сыртқы әсерден күйрейді.
Достарыңызбен бөлісу: |