Л. Н. Гумилев: этногенез теориясы


Этникалық жүйенің қартаюы



бет14/14
Дата23.02.2016
өлшемі1.1 Mb.
#7276
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Этникалық жүйенің қартаюы – этникалық жүйеде пассионарлық дүмпу қарқынының жоғалуы нәтижесінде табиғи сұрыпталу арқылы популяциядан пассионарлық белгілердің бірте-бірте алшақтау үдерісі. Бұдан кейін жүйе жоғары пассионарлық өрлеу фазасынан өткен соң, пассионарлық толқыныстың ұзақ әрі біркелкі емес төмендеу үдерісі басталады. Бұл ретте бай мәдени дәстүр, орасан үлкен аумақ және мемлекеттік құрылым сақталуы мүмкін. Алайда әрекет қуатының жоғалуы жүйені этниканың қартаю жағдайына – обскурацияға әкеледі де, одан соң ол тарих сахнасынан түседі. Бұл Рим империясында, Византияда, Ежелгі Қытайда (Хань) және басқа да өркениетте кездесіп, қандай да этникалық жүйе тірі ағза секілді жастық (өсу және экспансия), кемелдену (аса белсенділік) және қартаю (төмендеу және өлу) сатыларынан өтеді деген қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Этностардың қартаю үдерісін жан-жақты зерттеген Л.Н. Гумилевті этногенез фазасын неғұрлым толық түрде сипаттауға әкелді.

Этникалық жүйенің күрделенуі – этникалық жүйедегі жүйе байланысы тығыздығының ұлғаюы, ішкі түрліліктің өсуі. (Жүйе күрделілігінің шарты, қараңыз (Этникалық жүйенің қарапайымдануы). Жүйенің күрделенуінің жарқын мысалы көтерілу фазасы болып табылады. Бұл фазадан өту кезінде этникалық жүйе қарапайым, алғашқы консорциядан, орасан үлкен және көпқырлы этникалық «галактика» – суперэтносқа айналады. Мәселен, б.д. VI-VIII ғасырларда арабмұсылмандармен, б.д. I-IV ғасырларда христиандармен осындай жағдай болған. Бұл неғұрлым төмен деңгейдегі субэтностар мен консорцияларға да тән үдеріс, яғни бұл ең қарапайым «тамырдан» бастау алып, әрі қарай күрделеніп, соңында құлдырайды (қарапайымдалып, жоғаладығ не сол деңгейде бірнеше жүйеге жіктеліп кетеді).

Этникалық жүйе резистенттілігі – ол сыртқы ықпалға қарсылық көрсетуге қабілеттілік: жатжерліктердің енуі, антижүйе әрекетінің таралуы, экологиялық апаттар және т.б. Э.ж.р. алдыңғы кезекте ішкі ықпалды реттеу жүйесінің қабілеттілігін, қоршаған орта жағдайына сәйкес ішкі құрылымды қайта құруды анықтайтын пассионарлық қарқын деңгейіне байланысты. Пассионарлықты жоғалту (обскурация фазасы) кезінде жүйе аса әлсіз, қарсыласуға қабілетсіз (вандалдар басып алған Рим немесе 1204 жылы кресшілер алған Константинополь дәуірі) болады. Пассионарлық көтерілу фазасында жүйе керісінше жоғары резистенттілікпен ерекшеленеді, мәселен, Рим империясының христиан қауымы барлық қуғындауларға қарамастан, жоғалып кетудің орнына тұтас суперэтнос болып құрылды.

Алайда, пассионарлық э.ж.р анықтайтын жалғыз фактор емес. Оның ішкі тұтастығы яғни біртұтас, мызғымас этникалық дәстүрдің болуы да аса мәнді. Этникалық өрістің айырымы кезінде этностың қуат көзі ішкі тартыстарда сөніп, ал біртұтас ментальдықтың жоғалуы антижүйе ғылымының ену мүмкіндігін жасап, ол рак сырқаты секілді өлім қаупін тудырады. Бұл X ғасырдағы Араб халифатының қирауы кезінде, Қытайдағы «Патшалар соғысы» (б.д.д. IV ғ.) кезінде болды.

Жалпы алғанда, біртұтас резистентті этнос (алайда пассионарлық қызыну дәрежесіне жетпеген) күшті орталықтанған басшылық кезінде субэтнос құқығын иеленеді. Мұндай этностар жоғарылау фазасында, яғни акматикалық және қарқынды (инерциялы) фазаларда кездеседі. Неғұрлым әлсіз этностар іштей тартысты және қайшылықты айырымдағылар және қуаты жағынан әлсірегендер ( бұған дәлел сыну және обскурациялану). Төмен резистенттілік пассионарлықты түгелдей жоғалтқан персистенттерге тән.

Этникалық иерархия – ландшафтпен тепе-теңдігін және басқа да этникалық жүйеге тән белгілерді онша мақсатты бағытта сақтауға ұмтылмайтын ұрпақтан ұрпаққа аса өзгеріссіз жететін этникалық жүйеге қоса бағыну. Мұның бәрі жүйедегі пассионарлық ұмтылушылық деңгейінің аса төмендігін білдіреді де, ол деңгейді нөлмен теңеуге апарады. Э.и. жағдайындағы этнос негізінен тұтастай өзара үйлесімді – өздері мен ұрпақтарын қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету үшін еңбекке берілген, алайда өмірді өзгертуге қабілетсіз адамдардан құралады. Статикалық этностарда пассионарлық сирек кездеседі, олар өз елдерінде күш-қуат жұмсайтын мүмкіндік таппай, эмиграцияға кетеді. Мұнда субпассионарлық та сирек: олар толық бейімделу мен еңбексүйгіштікке қабілеттіліктен айырылған, ал бұл қасиеттер Э.и. кезінде аса қажет.

Этникалық иерархия төмендегідей сипаттарға ие:

а) әрбір жаңа ұрпақ алдыңғылардың мінез қалпын қайталауға ұмтылады (яғни «әке мен бала» проблемасы болмайды);

б) уақытты сезінудің статикалық (циклді) түрі үстем болады;

в) егер көршілері шабуыл жасамаса, этностардың өмір сүру шекара аясы тұрақты болады.

г) халықтың саны тұрақты болады, бұл олардың өсу шектеулігін тудырады;

д) мемлекеттік құрылымдар дамымаған, жасы үлкеннің беделі үстемдік етеді, әлеуметтік өмір сүру формасы өзгермейді;

е) дін мен дүниетаным дамымайды, ұрпақтан ұрпаққа өзгеріссіз жетеді, басқа идеялар қызықтырмайды.

ж) шаруашылық ландшафтқа түглдей бейімделген, табиғатты өзгерту әрекеті жоқ.

Этнос Э.и-ға этногенездің барлық сатыларынан кейін барып өтеді әрі бұл жағдайда егер басқыншылыққа, геноцидке, стихиялық апатқа немесе өзге халықтарға кірігуге ұшырамаса, шектеусіз ұзақ болуы мүмкін. Статикалық этносқа мысал: Австралиядағы аборигендер, қазіргі солтүстік-американдық үнділер, Амазондық жекелеген ұлыстар, Қиыр Шығыстың жергілікті халқы (чукчалар, эскимостар, алеуттар және т.б.), пигмеилер (Орталық Америка), онгхи (Андаман аралы).



Этникалық қатынас – екі немесе одан да көп этникалық жүйенің өзара байланыс үдерісі. Олардың ешқайсысы өзара әрекеттес жүйедегі жүйеішілік қатынаста бола алмайды. Л.Н. Гумилев этникалық қатынастың төрт түрін бөліп көсетеді:

а) жағымсыз химер;

б) бейтарап ксения;

в) өзара пайдалы;

г) пассионарлық дүмпу салдарынан әр түрлі этнос өкілдерінің жаңа этникалық субстратқа бірігуі.

Этникалық қатынастың қандай да бір формасы мен дәрежесі изоляттан басқасы этникалық жүйеге байланысты.



Этникалық өріс. Этнологиядағы өрісті қараңыз.

Этникалық өріс айырымы – Бұл ұғым өз ырғағындағы (тербеліс жиілігі) этникалық өріс туралы жалпы мағлұматқа негізделген. Бір этникалық жүйе аясындағы комплиментарлықты жоғалту сезімі мен тұтастықтың қайта пайда болуы арасында көрінетін мінез-құлық пен ментальдықтың алшақтауының тарихи құбылысын белгілеуге қызмет етеді. Бұл құбылыс суперэтнос деңгейінде сыну фазасында айқын көрінеді. Мәселен, реформация кезінде батысеуропа әлемі екі бөлікке: католик және протестанттыққа жіктелді. Бұл айырым айтарлықтай терең еді: әрі қарай протестант және католик халқы өздерін әр қилы ұстап, бір-бірінен алыстап кетті. Алайда, суперэтносқа («Өркениетті әлемге») жалпы қатыстылық жоғалып кетпеді. Егер э.ө.а. өзге ықпал мен идяларға еніп кетсе, бұл құбылысқа ұрынған жүйе салмақты қауіпке ұшырайды.

Этникалық өріс айырымы туралы мағлұматтар бір-бірінен айырмасы бар жаңа екі тербеліс (ырғақ) жиілік бірлігінің пайда болғанын, комплиментарлықтың жоғалуын білдіреді.



Этникалық субстрат – жаңа этностың құрылуына бастапқы материал болатын этностардың жиынтығы. Ата-бабалары бір-бірінен мүлдем алшақ, әр түрлі этностарға енген адамдар соңында пассионарлық дүмпу нәтижесімен жаңа этникалық тұтастық құрады да, олар бар этностардан өздерін алшақтатып, бірегей мінез-құлық стереотипін құрайды. Жаңа қауым этникалық доминант құрып, Э.с. орныққан нормалар мен көзқарастарға өздерін қарама-қарсы қояды. Сонымен бірге Э.с. дәстүрі онда өзінің қолтаңбасын қалдырады. Этногенез барысында бұрын Э.с. құраған этнос жоғалады; олардың ұрпақтары не жойылады, не жаңа қауым құрамына енеді.

Тарихта белгілі барлық этностар әртекті этникалық субстраттардан пайда болған. Мәселен, ағылшындар англ, сакс, кельт, дат, норвеждік және батыс француздарынан құралды. Испандықтар ибер, кельт, герман ұлыстары, свев және вестготтар, рим отаршылары ұрпақтарынан және араб жаулап алушыларынан, басқа этностаран пайда болды. Әр түрлі компоненттерден (испан, үнді, негр) қазіргі оңтүстік Африканың этностары қалыптасты (бұл жерде біз нәсілдік емес, этникалық түр турлы айтып отырмыз).

Э.с. ерекшелігі негізінен жекелеген мекендердегі және субэтникалық топтардағы дәстүрлер түрінде сақталады, бірақ этногенез барысында олар ешқашан маңызды болмайды.

Этникалық тарих – әр түрлі иерархиялық деңгейдегі этникалық жүйелердің өзара әрекеттері мен ықпалы арқылы пайда болуы, дамуы және жойылу тарихы.

Этникалық тарихтың дискреттілігі Л.Н. Гумилвтің энергетикалық (қуатты) процестердің тәуелсіздігі, әр түрлі суперэтностардың пайда болуы мен дамуы жөніндегі негізгі идеясын айқындайтын ұғым. Л.Н. Гумилев этникалық тарихты төменгі формалардан неғұрлым жоғарыға өрлеуінен (прогресс) және белгілі бір ырғақпен бірдей тізбектердің (ырғақтылық) шексіз қайталануынан көрмейді, ішкі дүмпудің нәтижесінде және одан кейінгі диссипативті (тең салмақты емес) құрылымды этникалық жүйені көреді. Дискреттілік идеяын б.д.д. қытай тарихшысы Сыма Цянь жақсы тұжырымдайды: «үш патшалықтың жолы аяқталып қайтадан басталады». Жекелеген мәдениет пен өркениеттер дамуының заңдылығын айтқан бұл идея сол сияқты Н.Я. Данилевский, К.Н. Леонтьев, О. Шпенглер, А. Тойнби еңбектерінде көрініс береді. Л.Н. Гумилев өзінің «Этногенез және Жер биосферасы» трактаты мен басқа да еңбектерінде табиғи негіздегі этникалық тарихтың дискреттілігі концепциясын ұсынады.

Этногенез – этникалық жүйенің пассионарлық дүмпудің нәтижесінде пайда болғаннан бастап, этникалық гомеостазға өту немесе жоғалуға дейінгі суперэтностың барлық даму сатысынан өту үдерісі Э. үдерісі динамикалық жағдайдағы барлық этностарды қамтиды. Э. араласу салдарынан бір фазаның үзілуі немесе бірінен екіншісіне өту кезінде үзілуі мүмкін.

Л.Н. Гумилев тарихи материалдың негізінде Э. барлық үдерісі бірдей өтетінін, яғни Э. фазаларының ауысуы әр түрлі дәуірлерде нақты ішкі заңдылықтарға бағынатынын, ал бұл үдерістердің әрқайсысының ұзақтығы 1200-1500 жылды құрайтынын дәлелдеді. Бұл құбылысты түсіндіру үшін Л.Н.Гумилев жүйенің пассионарлық күш деңгейінің өзгеруімен Э. фазаларының ауысуын байланыстыратын пассионарлықты жан-жақты түсіндіретін концепция ұсынды. Пассионарлық этникалық ұжым белсенділігінің жоғарылауымен пайда болатын биосфераның тірі заттары қуатының нәтижесі болып табылады. Этногенез – қозғалыс күші табиғи, биосфералық фактор болып табылатын үдеріс. Бұл факторлар әр этностардан құралған адамдар жасайтын өмірдің әлеуметтік жайын анықтауға дәнекер болады, өйткені бұл формалар этногенез фазаларымен байланысты. Неғұрлым жоғары деңгейдегі әрбір этникалық жүйе өзінен төменгі деңгейдегі бірнеше этникалық жүйелерді қосып алады. Л.Н. Гумилев төрт деңгейлі таксономикалық жүйені ұсынады: «консорция (конвиксия-субэтнос-этнос-суперэтнос». Қосбағыныңқылы этникалық жүйелер тұрақты, қатаң құрылым емес, керісінше, этникалық жүйелер этногенез үдерісі кезінде динамикалы өзгерісте болады. Мәселен, алғашқы консорциядан субэтнос өсіп шығады да, одан ішкі түрлілік пайда болып, нәтижесінде өз кезегінде субэтностардан тұратын этнос қалыптасады. Мәселен, Византиялық суперэтнос осылай құрылған: б.д. I ғасырда – христианның алғашқы консорциі, II ғасырда – субэтнос (ұрпақтар қатарында дәстүрлерді қабылдап алуда орны бар), IV ғасырда – Рим суперэтносы құрамындағы этнос, VI ғасырдың басында – Византиялық суперэтнос құралды. Этногенездің соңғы фазасында кері үдерісті бақылауға болады: османдар Константинопольді алған соң, Византия этносы 1821 жылға дейін Стамбулда Фанар аймағында тұратын шағын субэтносқа дейін төмендеді (бұл жерде мәселе византиялық мәдени-діни дәстүрлер туралы емес, этникалық жүйе жөнінде). Бұған ұқсас динамиканы басқа суперэтностардан да байқауға болады: Көне Рим Тибрде жиналған консорциден; Моңғол ұлысы – Шыңғысхан замандастары тобынан пайда болған және т.б. неғұрлым қозғалмалы этникалық құрылымдар этногенез барысында – көптеген субэтностар пайда болады, жоғалады, басқаға ауысады.

Этникалық жүйелердің иеарархиялығы тікелей қабылданады: егер отандарында субэтностардың қарама-қайшылығы маңызды рөл атқарса, басқа этникалық ортада адамдар бірден «жерлес» болып шығады. Жат суперэтносқа түскенде мүлдем әр түрлі этнос өкілдері (мысалы, Африкадағы ағылшындар мен француздар) өзара жақындықты сезінеді (бұл жағдайда – «өркениетті әлемге» қатыстылығына байланысты).

Этногенездің жүргізілу сәті – пассионарлық дүмпудің тарихи орныққан, одан соң осы этникалық жүйе туатын мезгілі. Э.ж.с. диахрондық шкала жасау кезінде нөлдік нүктеден есептеледі.

Этногенез фазасы – этногенез үдерісі сатысының уақытша шектелуі, бұл этникалық жүйедегі пассионарлық кернеудің жылдамдығы және шекті өзгеру бағытымен анықталады. Э.Ф. мынадай сипаттары бар:

а) тұтастай этникалық жүйе белсенділігінің деңгейі мен өзгеру бағыты (миграциялық, демографиялық, шаруашылық, идеялық-саяси, әскери, табиғатты қайта құру);

б) үстемдік етуші фазадағы белгілі деңгейдегі пассионарлы түр (бұл деңгейлер қарапайым жайлы құрылымға ұмтылудан құрбандыққа дейінгі (суретті қараңыз) аралықта), сол сияқты субпассионарлықтың мөлшері мен рөлі;

в) берілген фаза үшін бірыңғай қоғамдық империативтік мінез-құлық;

г) жүйеішілік (субэтностар) мөлшердің шегі мен бағыты арқылы сипатталатын жүйенің ішкі күрделілік дәрежесі;

д) этникалық жүйе резистенттілігінің деңгейі мен өзгеру бағыты.

Бұдан басқа барлық Э.ф. тек өздеріне тән, ерекше белгілері болады. Мәселен, сыну фазасы – біртұтас этникалық өрістің ұсақталуымен, обскурация фазасы – барлық қоғамдық құрылымдардың іріткіленуімен ерекшеленеді.

Этнологиядағы өріс – Л.Н. Гумилев этникалық өріс туралы болжамды өзін құрайтын элементтердің әрекетін үйлестіретін этникалық жүйенің бірлігі құбылысын түсіндіру мақсатында ұсынды. Этностар кей жағдайда ғана бірыңғай ұйымдастырумен, орталықтандырылған басқарумен сәйкеседі, ал бір этникалық жүйе мүшелері үшін қоршаған орта ықпалы мен мінез құлық бірлігі үнемі бақыланады.

Л.Н. Гумилев этникалық өріс гипотезасын жасауда биология ғылымдарының докторы Б.С. Кузин қалыптастырған биологиялық өріс туралы жалпы мағлұматқа сүйенді. Бұл ғалым тірі ағзалардың жекелеген үйлестіруші мінез болмыстары, сол сияқты осы ағзалардан тұратын жүйелердің дамуы биологиялық өріс арқылы реттелетіндігін дәлелдеді. Сонымен бірге кез келген топтың бірлігі тек ағзалардың пішіні арқылы ғана емес, олардың мінез-құлқы арқылы да жасалады. Этникалық жүйелер табиғи түрде дамитын және қоршаған ортамен өзара әрекеттес тірі ағзалар тобының жекелеген жағдайы болып табылады.

Этникалық өріс туралы болжамның салмақты дәлелі басқа ұстанымдармен түсіндіруі күрделі комплиментарлық құбылыс (этникалық жақындық немесе жаттықты сезіну) болып табылады. Л.Н. Гумилев этникалық өрістің басқа өріске ұқсас тербелудің белгілі бір ырғағы болатындығын болжайды. Белгілі бір адамдар тобында бұл ырғақтардың болуы жақындықты және өзін басқалармен қарама-қарсы (біз және «біз емес») қою сезімін тудырады. Басқа ырғақты адамдармен соқтығысу бөтендік, өзгешелік, кейде антипатия да туғызады. Жат жердегі адамдарда ерекше психикалық күй – торығу пайда болатыны белгілі. Оларға сағыныш, үрей, мазасыздық және басқа күйлер тән. Этникалық өріс туралы болжам тұрғысынан бұл түсінікті: торығу өзге ырғақтағы этникалық өрістің адамға әсерінен, сол сияқты өз ортасынан аулақтаудан туады.

Л.Н. Гумилевке этнос туралы ғылымға өріс ұғымын енгізуге мәжбүр еткен пассионарлық индукция болды. Өріс принципі бұл жағдайда неғұрлым айқын – пассионария, индукцияның бастауы, қоршаған адамдарға бір бағыттас, үйлесімді әрекет етуге бастайтын, әрі пассионария-индуктордың жеке қатысуы шешуші сәт болып табылады. Олардан шамамен алыстау индукцияның әрекетін төмендетеді. Осы айғақтардың негізінде Л.Н. Гумилев пассионарлық индукцияның көрінуі сәйкес биологиялық өріс – пассионарлық өріс арқылы реттелетінін дәлелдейді. Пассионар индукторлардың өздерімен бірдей этникалық түрге аса күшті әсер ету фактісі біздің пассионарлық өріс кезінде этностағы реттегіш қызметін жүзеге асыратын сол этникалы өрістің басқаша көрінуімен кездесетінімізді көрсетеді. Пассионарлық және этникалық өріс туралы Л.Н. Гумилевтің болжамы тәжірибеде бектілмесе, этникалық үдерісті және пассионарлық теориясын нәтижелі көрсете алмас еді. Бірақ осы ретте ол белгілі бірде бір айғақтарға қайшы келмейді және Л.Н. Гумилев этнос және этногенез туралы көзқарасын барынша көрнекті түсіндіреді.



Этностың мозаикалығы (әр түрлілігі) – неғұрлым төмен деңгейдегі (субэтностар, консорциялар, конвиксиялар) этникалық жүйенің болуымен айқындалатын этностардың түрлілігі. Этноландшафт өз ортасындағы этностардың бірлігін бұзбай, бейімдейді. Жүйеішілік этностың ішкі антогониялық емес қарсыластығы оның резистенттілігін жоғарылатып, неғұрлым иілгіш қалпына келтіреді, ал мінез құлық қалпының әртүрлі жүйе ішінде этностардың түрлі ландшафта таралуына жағдай жасап, өзара бір-біріне ұқсамайтын көршілердің қарым-қатынастарының орнығуына ықпал етеді. Этникалық жүйенің мозаикалығы олардың иерархиялығының бір қыры болып табылады.

Этносфера – барлық этноландшафтық этнос пен олардың этноценоз тұтастығының үндесуі. Э. құрылымы мен қуаты этногенездің өткені және қазіргі үдерістерімен байланысты. Э. жер биосфера жүйесі болып табылады.

Этноценоз – жоғары, аяқтаушы топ ретінде этникалық жүйенің өмірге бейімделу геобиоценозы. Адам геобиоценозды құрайтын басқа биологиялық түрмен бірге заттар мен қуаттың (энергияның) циклді ағынына қатысады. Осы ретте, динамикалық жағдайдағы этнос үшін этноценозға белсенді ықпал ету тән болады да (әр түрлі хайуанаттар өлтіріледі, ормандар кесіледі және т.б.), бұл табиғатты қайта құрылуға мәжбүрлейді. Этникалық гомеостаз жағдайында адам өзінің қайта құрылу рөлін жоғалтып, этноценозға ішкі ықпалдың болмауы жағдайында, белгілі экологиялық орынды иеленеді.

Мазмұны



Кіріспе...................................................................................................

3

Сыдыков Е.Б.

Кіріспе сөз............................................................................................


6


Сейдімбек А.

Гумилев.................................................................................................


13


Әбдіманапов С.

Л.Н. Гумилевтің өмірі мен ғылыми қызметі.....................................


23


Қазбалинов Т.

Лев Гумилев – ұлы әулеттің өкілі......................................................


54


Искакова К.

Л.Н. Гумилевтің этнос, ұлт туралы көзқарастары............................


61


Жұмабаева Ж.

Л.Н.Гумилев: Этногенездің пассионарлық теориясы......................


66


Алдаберген М.Н., Садыкова Р.С.

Л.Н. Гумилев еңбектеріндегі көшпенді дала

өркенниеті мәселелері.........................................................................


73


Алпысбес М.

Л.Н.Гумилевтің ғылыми еңбектерінің синергетикалық сипаты.....


83


Қоңырапай Т.

Л.Н. Гумилевтің ғылыми және рухани потенциалы

негізінде студенттердің танымдық мәдениетін қалыптастыру.......


88


Медеубаева Ж.

Л.Н. Гумимлев идеялары және

жеке тұлғалардың халықаралық саясаттағы рөлі............................


94


Сарсембина Қ.

Еуразияшыл Гумилев..........................................................................

101


Байменше С.

Халықтың тарихқа қосқан үлесі оның санына

байланысты болмайды........................................................................


108


Аудармалар

Гумилев Л.Н.

Қазақ этносының шығуы....................................................................



119


Қозыбаев М.

Л.Н. Гумилев және дала өркениеті проблемасы...............................


127




Селиверстов С.

Л.Н. Гумилев – көрнекті тарихшы-азиятанушы (ғылыми тағдыр қиылысында: 1950 жылдардың екінші жартысы – 1960 жылдардың басы)................................................................................

134


Ирмуханов Б.

Лев Гумилевтің пассионарлығы.........................................................


146


Фроловская Т.

Өмірінің бар еңбегі – этнология ғылымы........................................


157


Искакова К.

Л.Н. Гумилевтің этногенез теориясының түсініктері

мен терминдерінің сөздігі...................................................................


171



1 Сыдықов Е.Б. Кіріспе сөз // «Еуразия халықтарының тарихы мен Л.Н.Гумилевтің ғылыми шығармашылығы: қазіргі әдістері мен перспективалары» Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған YIIІ Халықаралық Еуразиялық ғылыми форумының еңбектері / Жалпы редакциясын басқарған Е.Б.Сыдықов.-Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ баспасы, 2011. - 4-8 б.


2 Ақселеу Сейдімбек. Гумилев // Егемен Қазақстан, 2004, 1 қазан.

3 Әбдіманапов С.А. Л.Н. Гумилевтің өмірі мен қызметі. –Астана: ЕҰУ, 2004. -60 б.

4 Қазбалинов Т. Лев Гумилев – ұлы әулеттің өкілі // Семей таңы, № 2 (17729), 14 қаңтар, 2005.



5 Ысқақова К. Л.Н. Гумилевтің этнос, ұлт туралы көзқарастары // Лев Николаевич Гумилев ілімі және Еуразия халықтары: Халықаралық форум. - Астана: ЕҰУ. -2007. – С.58-60.


6 Жұмабаева Ж. Л.Н. Гумилев: Этногенездің пассионарлық теориясы // Поиск/Ізденіс. - 2010, №4.


7 Алдаберген М.Н., Садыкова Р.С. Л.Н. Гумилев еңбектеріндегі көшпенді дала өркениеті мәселелері // «Еуразия халықтарының тарихы мен Л.Н. Гумилевтің ғылыми шығармашылығы: қазіргі әдістері мен перспективалары» Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған YIIІ Халықаралық Еуразиялық ғылыми форумының еңбектері / Жалпы редакциясын басқарған Е.Б.Сыдықов. -Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ баспасы, 2011. -217-223б.


8 Алпысбес М.А. Л.Н.Гумилевтің ғылыми еңбектерінің синергетикалық сипаты // «Еуразия халықтарының тарихы мен Л.Н. Гумилевтің ғылыми шығармашылығы: қазіргі әдістері мен перспективалары». Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған YIIІ Халықаралық Еуразиялық ғылыми форумының еңбектері / Жалпы редакциясын басқарған Е.Б.Сыдықов. -Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ баспасы, 260-262 бб.


9 Қоңыратпай Т.А. Л.Н. Гумилевтің ғылыми және рухани потенциалы негізінде студенттердің танымдық мәдениетін қалыптастыру // Лев Гумилев ілімі және қазіргі Еуразияның халқы: YI Халықаралық еуразиялық ғылыми форум, 29 қазан 2007 ж. –Астана: ЕҰУ баспасы, 2007. - 42-49 б.


10 Медеубаева Ж.М. Л.Н. Гумилев идеялары және жеке тұлғалардың халықаралық саясаттағы рөлі // Лев Гумилев ілімі және қазіргі Еуразияның халқы: YI Халықаралық еуразиялық ғылыми форум, 29 қазан 2007 ж., Астана қ. (Қазақстан). - Астана, ЕҰУ баспасы, 2007. - 52-59 бб.


11 Сәрсембина Қ. Еуразияшыл Гумилев // Астана ақшамы, 2012, 24 мамыр.


12 Байменше С. Халықтың тарихқа қосқан үлесі санына байланысты болмайды (Гумилевтің соңғы сұхбаты) // Егемен Қазақстан, 2008,18 қараша.


13 Гумилев Л.Н. Происхождение Казахского этноса // Евразийство и Казахстан. Труды Евразийского научного форума: "Гумилевские чтения". Том 1. -Астана, 2003. Л.Н.Гумилевтің 1985 ж. оқылған бұл дәрісін 2003 ж. аталған Форум жинағында тұңғыш рет жариялаған Э.Е.Дильмухамедова. Аударған – К.И. Искакова.


14 Козыбаев М.К. Л.Н. Гумилев и проблемы степной цивилизации // Идеи и реальность Евразийства. Мат. Валихановских чтений «Исторические корни и перспективы евразийства как социокультурного и социополитического феномена». –Астана, 1999. -С.100-107.

Аударған – К.И. Искакова.




15 Селиверстов С.В. Мир Евразии: история, современность, перспективы: Труды Пятого международного Евразийского научного форума. – Астана: Изд-во ЕНУ. -С. 36-43. Мақала Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де аударылған.


16 Ирмуханов Б. Пассионарий Лев Гумилев // Современное образование. -№3, 2012,107-112. Аударған – К.И. Искакова.



17 Татьяна Фроловская. Евразийский лев.- «Международный клуб Абая». – Семей, 2003. – 265 с. Татьяна Фроловская – ақын, аудармашы, әдебиет зерттеушісі. Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Лев Николаевичтің 100 жылдығы қарсаңында автордың «Еуразия абызы» атты повесть-зерттеуін жеке кітап ретінде жарыққа шығарды. Кітаптан үзінді. Аударған – Шерехан Қазығұлов.


18 В.А.Мичуриннің «Л.Н. Гумилев. Этносфера: история людей и история природы. -М.: Экопрос, 1993. -С. 493-542» атты кітабы бойынша жасалған сөздігі негізінде құрастырған –

К.И. Искакова.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет