Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры


  тарау. Акционерлік қоғам қызметіне бақылау



Pdf көрінісі
бет121/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга


тарау. Акционерлік қоғам қызметіне бақылау
Т. Иссык
Іскерлік әкімшілігі докторы, 
Құқықтық тәуекелдер бойынша маман (LLM) 
 
Кәсіпкерлік қызметте акционерлік қоғам маңызды роль атқаратынын ескере 
отырып және бұл әдетте жеткілікті түрде ірі компаниялар, олар өз қызметін 
атқару үшін қаржы табу мақсатында акциялар шығарып, басқа да құнды
қағаздар шығарады. Олардың ісіне ерекше бақылау қойылған. АҚ қызметіне 
қойылған бақылауды шартты түрде екі түрге бөледі: ішкі және сыртқы. 
Ішкі бақылау
 
 
Ішкі бақылау жасауға қатысушылар және /немесе сенімді тұлға, болмаса 
уәкілетті қатысушылар, акционерлердің жалпы жиналысы және басқа да ол 
тұлғаларға уәкілетті адамдар жүргізеді. Қоғамды бақылау деген –қоғамның не 
заңды тұлғаның шығарған шешімін анықтау мүмкіндігі. 
Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 13 мамырындағы № 415-II 
«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңынан (бұдан әрі «Заң» ) қоғам қызметіне 
бақылау жасайтын келесі ішкі тұлғаларды бөліп қарауға болады:
«
12) корпоративтік хатшы…;
17
 
15) қоғам тіркеушісі…; 
16) лауазымды тұлға…; 
17) миноритарлы акционер…; 
20) 
тәуелсіз директор…; 
22) 
уәкілетті орган…; 
23) 
ірі акционер...» 
Егер акционерлердің құқығын қараса, оларда төмендегі бақылау 
функцияларын бөліп қарауға болады (Заңның 14-бабы):
«1) 
қоғамды басқаруға, осы Заң және қоғам Жарғысы аясында қаралған 
тәртіппен қатысу;
3) қоғам қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде қоғамның қаржылық 
есебімен қоғам жарғысы не акционерлердің жалпы жиналысы анықтаған тәртіп 
бойынша танысуға;
17
Анықтама глоссариде ( ред. ескертпесі) 
165 


4) қоғам тіркеушісінен көшірме алуға немесе құнды қағаздарға меншік құқы 
барын растайтын номинальды ұстаушы алуға;
5) қоғам акционерлердің жалпы жиналысына қоғамның директорлар 
кеңесіне сайлауға кандидатура ұсынуына;
6) қоғам органдары қабылдаған шешімді сот тәртібімен даулау; 
7) қоғамға оның қызметі туралы жазбаша сұраныспен өтінім жасауға, өтінім 
қоғамға түскен мерзімнен 30 күн ішінде дәлелді жауап алуға»;
Ірі акционерлердің тағы да мынадай құқы бар:
1) акционерлердің жалпы жиналысының кезектен тыс шақырылуын не 
директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақыру туралы теріс 
жауап бергенде оның шақырылуын талап етіп сотқа беруге;
2) осы Заңға сай директорлар кеңесіне акционерлердің жалпы жиналысының 
күн тәртібіне қосымша сұрақтар енгізуге ұсыныс беруге;
3) 
директорлар кеңесі отырысын шақыруды талап етуге;
4) Аудиторлық ұйымдардан өз есебінен қоғамға аудит өткізуді талап етуге».
Әрине, мұнда бақылау деген сөз жоқ, дегенмен жоғарыдағы құқықты 
пайдалана отырып, акционер қоғам қызметін бақылай алады.
АҚ жоғары органы - қоғам қызметін бақылайтын, өз шешімінің орындалуын, 
директорлар кеңесі мен атқарушы орган қызметін бақылайтын жалпы жиналыс 
болып табылады. 
Ал, егер акционерлер құрамына мемлекеттік орган кірсе – мемлекеттік 
акциялар пакетін иеленіп, пайдалануға құқы бар; ҚР Заңына сай акционерлердің 
жалпы жиналысы құзіретіне кіретін –мемлекет мүддесін алып жүретін - онда ҚР 
үкіметі мемлекеттік акциялар пакетін пайдаланып, иелік етуші мемлекеттік 
органдар бойынша сұрақтар тізімі беріледі, акционерлердің жалпы жиналысы 
мемлектті ҚР Үкіметін не /немесе мемлекет меншігіне нұсқау беруге құзіретті 
мемлекеттік органды қатыстыра отырып, қабылдауға ұсынылған жоба шешіміне 
жазбаша келісімді алдын ала беруге міндетті. 
Бақылау акцияларының пакеті мемлекеттік немесе ұлттық басқарушы 
холдингке жататын қоғамның директорлар кеңесі (Ұлттық компания оған 
кірмейді) атқарушы органдар ұсынуы бойынша қоғамның қаржы-шаруашылық 
қызметінің орташа– жедел жоспарын бекітеді, оның орындалуын бақылайды. 
Акционерлердің жыл сайынғы жалпы жиналысында қоғамның жылдық 
166 


қаржылық есебі бекітіледі, акционерлердің қоғам ісіне және оның лауазымды 
адамдарына қарым-қатынасы мәселесі қаралып, қарау қорытындысы бектіледі.
Компанияны директорлар кеңесі де бақылайды. 
ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпанындағы №290 «Кейбір акционерлік 
қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындар қызметін бақылау және 
тиімді басқаруды ұйымдастыру бойынша шаралар туралы» қаулысына сай 
мемлекет тарапынан Кейбір акционерлік қоғамдар қызметін бақылау және тиімді 
басқаруды республикалық және мемлекеттік кәсіпорындардың бақылау 
тиімділігін арттыру мақсатында, ҚР Үкіметі иелік құқы бар, мемлекеттік 
акциялар пакетін пайдаланатын кейбір акционерлік қоғам немесе мемлекеттік 
басқару органы болып есептелетін кейбір республикалық мемлекеттік 
кәсіпорындарға (әрі қарай-РМК)белгіленген заң тәртібінде өзгерістер енгізуді 
қамтамасыз етуді және мемлекеттік органдарға (әрі қарай құзіретті орган), 
бекітті. Және төмендегі міндетті қамтамасыз етуші ұйымдардың бірқатарының
Жарғысына қосымша енгізуді бекітті:
1. 
Қоғамның директорлар кеңесін бекіту (мемлекеттік басқару органы –
РМК үшін) . 

Ұйымның орталық аппаратының штат қызметкерлерін;

ұйымның есеп саясатын;
2) 
Қоғамның директорлар кеңесі төрағасының ұйым атынан (мемлекеттік 
басқару органы –РМК үшін) қорытындысы; 

Ұйымның (қаржылық шаруашылық қызметі жоспары) орташа жедел 
даму жоспарының орындалуы, қызмет нәтижесі ұйымның бірінші 
жетекшісінің жауапкершілігі мен оны материалды ынталандыруға 
тікелей байланысты. Ұйымның бірінші басшысымен контракт;

Жылдық аудитті өткізуге аудиторлық ұйымдармен келісім шарт; 
3) 
Ұйымда ішкі аудиттің жеке құрылымдық бөлімі барлығы, оның жетекшісі 
қоғамның директорлар кеңесі төрағасы келісімімен тағайындалатыны 
(мемлекеттік басқару органы –РМК үшін); 
4) Ұйымда ҚР Заңына және ҚР Заңына қарсы келмейтін қаржылық есеп пен 
аудиттің халықаралық стандарттарына сай жыл сайын мемлекеттік және орыс 
тілдерінде жарияланған, уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен, міндетті аудит 
өткізу кәсіби талаптарына сай, қаржылық жыл қорытындысы бойынша 
аудиторлық ұйымдардың Халықаралық бухгалтерлер федерациясындағы 
167 


Аудиторлық практиканың халықаралық комитетінен ҚР ресми жариялауға 
жазбаша рұқсаты бар жыл сайынғы аудитты өткізу; 
5) Таралымы 30 мың данадан асатын Қазақстан көпшілік ақпарат 
құралдарында, ҚР Қаржы министрлігі бекіткен жылдық және тоқсандық 
қаржылық есеп беру формасы бойынша жылдық жарияланымды мезгілінде 
жасайтын (аудиторлық ұйым растаған);
6) ұйым жетекшісінің шетелге іссапарды уәкілетті органмен келісуін;
7) қоғам директорлар кеңесі төрағасы (мемлекеттік басқару органы –РМК 
үшін) Қазақстан Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру 
комитетіне, ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметі туралы ақпаратын 
Қазақстан Қаржы министрлігі бекіткен формада , оның еншілес ұйымдарының, 
жеке ашып көрсетілген, тәуелді ұйымдардың, өз қатысуының үлесін есептеу 
және актив қатысушыларының қаржылық есебінің көрінісін, ұйымдастыру 
құқықтық формаларының қандай болуына қарамастан міндетін, осы 
қызметкерлердің шығыны мен табысын, сондай-ақ топтастырылған өсімді 
қорытындысымен төмендегі мерзімде беріп тұратын: 
- 1-
тоқсан қорытындысы бойынша, жарты жылда, 9 айға –есеп беру 
кезеңінен кейінгі екінші айдың 1 күнінен кешіктірмей; 

жылдық соңғы есеп берудің 4– айының 1 күнінен қалдырмай; 
8) ұйымның бірінші жетекшісі қоғамның директорлар кеңесі жарты жылдық 
есеп беруі (мемлекеттік басқару органы –РМК үшін) еншілес, тәуелді, бірлесе 
бақылауын ұйымдастыруды басқару туралы, сондай-ақ еншілес, тәуелді, бірге 
бақылайтын ұйымдардың қаржы шаруашылығы нәтижелерінің негізгі ұйым 
қызметі көрсеткіштеріне әсері туралы; 
9) ұйымның бірінші жетекшісі қоғамның директорлар кеңесі жылдық есебін 
(мемлекеттік басқару органы –РМК үшін) ұйым дамуының орташа жылдық 
жоспарын жүзеге асыру туралы. 2001 жылғы 6 наурыздағы №79-1 «Акционерлік 
қоғам қызметін республикалық көлік-коммуникация кешені мемлекеттік 
кәсіпорындарын (ұлттық компания) бақылау және тиімді басқару», Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпанындағы № 290 «Кейбір 
акционерлік қоғам мен республикалық мемлекеттік кәсіпорынның (ұлттық 
компаниялардың ) қызметін бақылау және тиімді ұйымдастыру шаралары 
туралы» Қаулысын орындау үшін республикалық мемлекеттік кәсіпорын мен 
акционерлік қоғамның бірінші басшыларына арналған қосымшасында 
көрсетілуіне орай, аталған ұйымдардың
168 


Жарғысына заң аясында белгіленгендей, қосымша немесе өзгерістер енгізу 
үшін: 
1. 
Қоғамның директорлар Кеңесі бекітуін (уәкілетті орган РМК үшін): 
• 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген ұлттық 
компаниялардың орташа жеделдікпен даму жоспарына негізделген, алыс-
беріс лимиті енгізілген, ұйымның жыл сайынғы бизнес жоспары; 
• 
Орталық аппарат бойынша шығыны бөлінген, демеушілік қаржысы 
(әлеуметтік шығын) есептелген ұйым бюджеті; 
• 
Ұйымның орталық аппаратының қызмет штаты; 
• 
Ұйымның есеп саясаты; 
2. ұйымның бірінші басшысының жыл сайынғы бизнес жоспары мен 
қоғамның директорлар кеңесі алдындағы ұйым бюджетінің жүзеге асырылуы 
туралы тоқсан сайынғы есепті жүзеге асыру (уәкілетті органмен); 
3. ұйым атынан (РМК үшін- уәкілетті органмен) қоғамның директорлар 
кеңесі төрағасының қорытындысы; 
• 
Ұлттық компаниялардың дамуының орташа жедел жоспарының және 
бизнес жоспарының, ұйым бюджетінің – орындалуының нәтижесіне 
жауапты ұйымдардың бірінші басшысы және материалдық ынталандыруға 
тікелей тәуелділігінің алдын алатын, ұйымның бірінші жетекшісімен 
контракт; 
• 
Жыл сайынғы аудитті аудиторлық ұйымдармен өткізуге келісім-шарттар; 
4. ұйымда ішкі аудиттің жеке құрылымдық бөлімшелерінің болуы, басшысы 
қоғам директорлар Кеңесінің төрағасының келісімімен тағайындалады (РМК 
үшін уәкілетті органмен);
3. ҚР Қаржы министрлігі бекіткен тізім бойынша ұйымдарда аудиторлық 
ұйымдармен Қазақстан және халықаралық стандарттарға сай бухгалтерлік есеп 
пен аудитті қаржылық жыл қорытындысы бойынша жыл біткен соң 90 күннен 
кешікпей жыл сайынғы аудитті өткізу; 
4. Белгілі форма бойынша жасалған, ҚР Қаржы министрлігі бекіткен, 
жылдық және тоқсандық қаржы есебін (аудиторлық ұйым растаған) таралымы 
10 мыңнан асатын қазақстандық көпшілік ақпарат құралдарына уақытылы 
жариялау; 
5. Несиелік рейтингін, несие рейтингі агенттігінің кемінде бірінде, ҚР 
Қаржы министрлігі бекіткен тізім бойынша, жыл сайынғы растауды жасау; 
6. Ұйым басшыларының шетелге іссапарларына уәкілетті органның 
келісімін алу; 
7. Қоғамның директорлар кеңесі төрағасының (уәкілетті орган - РМК үшін) 
ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметі туралы тоқсандық, жылдық 
169 


ақпараттарын ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру 
комитетіне есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей беруі. 
АҚ басқару органы директорлар кеңесі болып табылады, ол атқару органы – 
алқалы органды бақылайды немесе аты қоғам Жарғысымен анықталатын, атқару 
органының қызметін атқаратын тұлғаны бақылайды.
Директорлар кеңесі қоғам қызметіне осы Заң және қоғам Жарғысында 
көрсетілген акционерлердің жалпы жиналысы шешетін мәселелерден басқасына 
жалпы жетекшілік жасайды және:
• 
Қоғамның жылдық қаржылық есебін алдын ала бекітеді;
• 
атқару органының құрамының санын, уәкілеттік мерзімін, оның мүшелері 
мен жетекшісін сайлауды (сонымен бірге атқару органы қызметін де 
атқаратын тұлға) және олардың уәкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтауын 
анықтайды; 
• 
атқару органының мүшелері мен басшысының (сонымен бірге атқару 
органы қызметін де атқаратын тұлға) лауазымдық жалақысының мөлшері 
мен еңбегін, сыйақы төлеу шарттарын анықтайды; 

ішкі аудит қызметі құрамының санын, уәкілеттігінің мерзімін, оның 
мүшелері мен басшысын тағайындауды сондай-ақ оның өкілеттігін 
мерзімінен бұрын тоқтатуын, ішкі аудит қызметі жұмыс тәртібін, еңбек 
ақы мөлшері мен оны төлеу шартын, ішкі аудит қызметкерлеріне сыйақы 
берілу мәселесін анықтайды;
• 
Корпоративті хатшыны тағайындап, оның өкілетті мерзімін және өкілетті 
мерзімінің уақытынан бұрын тоқтатылуын белгілейді, сондай-ақ 
корпоративті хатшының лауазымдық жалақы мөлшерін және оған тиесілі 
сыйақы шарттарын анықтайды; 

Аудиторлық ұйым қызметі мөлшерін төлеуді, сондай ақ мүлікті нарықтық 
құны бойынша бағалаушыны анықтайды, мүлік-қоғам акцияларының 
төлеміне берілген яғни ірі іскерлік келісім заты. 
• 
Қоғамның ішкі қызметін жүйелейтін құжаттарды (атқару органының 
қоғам қызметін ұйымдастыру мақсатында қабылдайтын құжаттарынан 
басқасын) бекітеді, оның ішінде қоғамның бағалы қағазын жаздыру мен 
аукциондар өткізу тәртібін, шартын жасайтын ішкі құжаттар; 
• 
Қоғамның филиалдары мен өкілдіктерін ашу мен жабу туралы шешім 
қабылдайды, олар туралы ережені бекітеді.
170 


Демек, директорлар кеңесі жоғарыда келтірілген мәселелерді бақылайды, 
және де бағалы қағазбен байланысты барлық істерді, АҚ ірі іс мәмілелерінің 
бәрін бақылайды. 
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2001 
жылдың 26 наурызындағы N 96-I «Республикалық мемлекеттік көлік 
коммуникациясы кешені кәсіпорындары және акционерлік қоғамдардың 
(Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне берілген 
акциялардың мемлекеттік пакетіне иелік ету мен оны пайдалану құқығы) 
қызметін бақылау мен оны тиімді басқару туралы» бұйрығы
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен кейбір акционерлік 
қоғамдардың қызметін бақылау мен тиімді басқаруды ұйымдастыру мақсатында 
акционерлік қоғамдардың және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың 
бірінші басшыларына (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация 
министрлігіне берілген акциялардың мемлекеттік пакетіне иелік ету мен оны 
пайдалану құқығы) қосымшаға сай, аталған ұйымдардың жарғысына 
қолданыстағы заң тәртібімен өзгерістер және , немесе толықтырулар жасалса, ол 
төмендегі істерді қамтамасыз ететінін 
көрсетті : 
1) қоғамның директорлар кеңесі бекітеді (уәкілетті орган - РМК үшін):
• 
Жыл сайынғы бизнес-жоспарлар;
• 
Орталық аппарат шығыны мен қажетіне қаржы бөлетін, демеушілік көмек 
ретінде (әлеуметтік шығындар) ұйымдар бюджеті ; ұйымның есеп 
саясатын;
2) 
қоғамның директорлар кеңесі алдында ұйымның бірінші басшысының 
беретін ұйымның бюджеті мен жыл сайынғы бизнес жоспарды жүзеге асыруы 
туралы тоқсан сайынғы есебі (уәкілетті орган - РМК үшін):
3) қоғамның директорлар кеңесі төрағасының (уәкілетті орган - РМК үшін)
ұйымның бюджеті мен жыл сайынғы бизнес жоспарды орындау нәтижесіне 
байланысты берілетін материалдық ынталандыру мен ұйымның бірінші 
жетекшісінің жауапкершілігі арасындағы тікелей байланысты қарастыратын
ұйым атынан ұйымның бірінші жетекшісімен контракт жасауы;
4) Ұйым басшыларының шетелге іссапарларына уәкілетті органның 
келісімін алу; 
5) қоғамның директорлар кеңесі төрағасының (бірінші басшы - РМК үшін)
ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметі туралы тоқсандық, жылдық 
ақпараттарын есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей 
Қазақстан 
Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне
беруі. 
АҚ ағымдағы қызметтеріне басшылықты атқару органдары жүргізеді. Атқару 
органдары алқалы не жеке болуы мүмкін. Атқару органы қоғам қызметінің ҚР 
заңнамалық актілеріне және қоғам жарғысына енбеген, қоғамның лауазымды 
тұлғаларының және басқа да органдардың құзіретіне жатпайтын кез келген 
171 


мәселесі бойынша шешім қабылдауға құқылы. Сондықтан істің орындалуын да 
бақылайды.
Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметіне бақылау жасау үшін ішкі 
аудит қызметі құрылуы мүмкін (Заңның 61-бабы). Ішкі аудит қызметі тікелей 
директорлар кеңесіне бағынады және өз жұмысы туралы оның алдында есеп 
береді.
Бұдан басқа, қоғамның барлық лауазым иелері қоғам қызметі туралы 
ақпаратты беру мен оны жария етуді Қазақстан Республикасы заңы талаптарына 
сай бақылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет