Сыртқы бақылау
Қоғамды сыртынан бақылау деп жылдық қаржылық есеп берудің міндетті
сыртқы аудитін жыл сайынғы өткізуді айтады. Қоғам аудиті ірі акционердің
аудиторлық ұйымды өздігінен анықтау құқығы бар, өз есебінен, талап етуімен
немесе атқарушы орган қоғам есебінен, директорлар кеңесі бастамасымен
жүргізілуі мүмкін. Аудит ірі акционер талап етуімен өткен жағдайда қоғам
аудиторлық ұйымдардың сұратқан қажетті құжаттарын (материалдар) түгел
көрсетуге міндетті. Егер қоғамның атқарушы органы қоғамда аудит өткізуден
бас тартса – аудит кез келген, оны өткізуге құлықты тұлға талабымен сот шешімі
бойынша белгіленуі мүмкін.
Қазақстанда қаржылық ұйымдар жұмысын жүйелеу бәрінен басым
жүргізіледі. АҚ-ны сырттай бақылау 2003 жылдың 4 шілдесіндегі № 474 – II
«Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды бақылау және мемлекеттік жүйелеу
туралы» бұйрығына сай жүргізіледі, қаржылық ұйымдар және қаржы нарығын
бақылау мен жүйелеуді мемлекеттік жүзеге асырылуына байланысты қоғамдық
қатынастар жүйелейді. Қаржылық ұйымдар және қаржы нарығын бақылау
жұмысын мемлекеттік жүйелеудің мақсаты:
1) қаржылық нарықтың және қаржылық ұйымдардың қаржылық қалыпты
жағдайын қамтамасыз ету, қаржылық жүйеге бүтіндей сенімді қолдау;
2) тұтынушыға қаржылық қызметтің мүддесін қажетті деңгейде қамтамасыз
ету;
3) қаржылық ұйымдар қызметі үшін қаржы нарығында таза бәсекелестікке
бағытталған тең жағдай жасау;
172
Мемлекеттік жүйелеу, қаржы нарығы бақылауы, қаржы ұйымдарының
принциптері деген:
1) ресурстар мен жүйелеу құралдарын тиімді пайдалану;
2) қаржы ұйымдарының қызметінің ашық көрінісі және қаржылық бақылау;
3) тәуекелге негізделген қаржы ұйымдарын басқаруды ынталандыру;
4) тұтынушыға қаржылық қызмет көрсетуде мүддесін қорғау үшін
көрсетілетін қызмет пен жаңа қаржылық құралдар көмегін дамыту – кешенді
шаралар, сонымен қатар қазіргі заманғы технологияларды қаржылық нарықта
пайдалану;
5)
қаржы ұйымдары органдарының жауапкершілігі.
Қаржы ұйымдары қаржы нарығын бақылау, мемлекеттік жүйелеу
міндеттері:
1) қаржы ұйымдары қызметі стандарттарын орнықтыру, қаржы ұйымдарын
корпоративті басқаруды жақсарту үшін стимул жасау;
2) қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау мақсатындағы қаржы
ұйымдарындағы және қаржы нарығының мониторингі;
3) қаржы бірқалыптылығын сақтау мақсатында қаржы нарығындағы қатерге
бейім бақылау ресурстарына тоқталу;
4) қазіргі заманғы технология енгізуді ынталандыру, қаржы ұйымдары
қызметі туралы тұтынушыларға ақпарат жетімділігін, толықтылығын
қамтамасыз ету.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік бақылау және жүйелеу
туралы
Қазақстан
Республикасы
Заңы
Қазақстан
Республикасы
Конституциясына негізделеді, нағыз Заң мен Қазақстан Республикасының басқа
да нормативті-құқықтық актілерінен тұрады. Егер Қазақстан бекіткен
халықаралық шартта бұл Заңға қарағанда басқаша айтылса, онда халықаралық
шарт Ережелері қолданылады.
Қаржы ұйымдарының қаржылық бірқалыпты тұрақты қызметін және
қаржылық қызметті тұтынушылар мүддесін қорғауды қамтамасыз ету үшін
уәкілетті органдар пруденциальдық нормативтер – экономикалық шектеулерді
енгізеді.
Қазақстан Республикасы Заңнамалық актілерінде көрсетілген жағдайда,
нығайтылған (біріктірілген) негізде сақтауға міндетті басқа да нормалар мен
лимиттерді және пруденциальдық нормативтерді орнықтыруға уәкілетті
органның құқығы бар.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президенті бекітетін, тікелей
Қазақстан Республикасы Президентіне бағынып, есеп беретін, уәкілетті орган
173
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау мен жүйелеу бойынша
Қазақстан Республикасы Агенттігі (әрі қарай-Агенттік) болып табылады.
Агенттік міндеттері:
1)
Қаржылық қызметті тұтынушылардың заңды құқығы мен мүддесін бұзуға
жол бермеуге арналған шараларды жүзеге асыру;
2)
таза бәсекелестік принципінде қаржы ұйымдарының жұмыс істеуіне
дұрыс (тең) жағдай жасау;
3) қаржы ұйымдарының қызметін бақылайтын және жүйелейтін әдістер мен
стандарттар деңгейін жоғарылату; олардың алған міндеттемелерін толық,
мезгілінде жасауына жағдай жасау;
4)
ҚР Заңның актілерінде көрсетілген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
Агенттік қаржы ұйымдарында және оларға теңестірілген тұлғаларға, оның
ішінде аудиторлық ұйымдарды жұмысқа тарта отырып, төмендегі мақсатта
тексеріс жүргізуге құқылы:
1) қаржы ұйымдарының және оларға теңестірілгендердің қаржы жағдайын
анықтауға;
2) қаржы ұйымдарының және оларға теңестірілген тұлғалардың басқару
құрылымы мен шешім қабылдау жұмыстарын ҚР Заңына сай анықтау;
3) қаржы ұйымдарының теңестірілген тұлғаларын анықтау;
4)
Қаржы қызметін тұтынушылардың құқығы бұзылуының алдын алу;
5)
Қаржы құралдарын шығару және қаржылық қызмет көрсету бойынша
өкілетті еместігін анықтау, алдын алу;
Агенттік қаржы ұйымдарының ҚР Заңының орындалуына бақылау
жасауды жүзеге асыруда заңсыз табылған табысты (жою) легализациялауға
қарсы әрекет жасалуының, бекіту жөнінде терроризмді қаржыландыруға,
қаржылық мониторингке жататын ақшамен не басқа да мүлікпен операциялар
туралы ақпаратты сақтауға және біреуге беруге, ҚР Заңына сай ішкі бақылау
ұйымдарындағы жүзеге бақылау жүргізеді.
Агенттік бағалы қағаз нарығы субъектілерінің қызметін бақылау мен
жүйелеуді жүзеге асыру мақсатында (ал, акциялар мен басқа да бағалы
қағаздарды тек АҚ шығаратыны біздің есімізде):
1) қаржы нарығының активтерін бағалы қағаздармен мойындайды;
2) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаз шығарылымдарын
мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады, шығару қорытындысы туралы есепті және
акцияларды орналастыруды, облигацияларды жабуды, бағалы қағазды
174
шығарудың күшін жоюды бекітеді, қарайды; мемлекеттік бағалы қағазға ұлттық
идентификациялық нөмір береді;
3) бағалы қағаз шығарылу тәртібін, шартын анықтау, орналастыру мен
айналдыру, бағалы қағазды өтеу ( оның ішінде туынды бағалы қағаз да бар)
тәртібін,
шартын
анықтау,
мемлекеттік
бағалы
қағазға
ұлттық
идентификациялық нөмір беру тәртібін анықтау;
4) бағалы қағаз шығаруды мемлекеттік тіркеу тәртібі және оларды өтеу мен
орналастырудың қорытындысы туралы есепті қарау, сондай-ақ оны жою
жағдайы мен тәртібін анықтайды.
5) бағалы қағаз, туынды бағалы қағаз айналымы мен оны орналастыруды
жаңалау, тоқтату тәртібі мен шарты анықталады.
6) Бағалы қағаз нарығында қызмет ету үшін бағалы қағаздың мемлекеттік
тіркеуін, лицензия мен рұқсат алу жұмыстарын жүргізеді.
7)
бағалы қағаз нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыру тәртібі мен
шартын жасайды, оның ішінде сол тәртіп пен шартқа талап та бар.
8) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын,
ұйымның инвестициялық қызметін жүргізу тәртібін жасап, орнықтырады.
9) бағалы қағаз сатуды ұйымдастырушылар өзін-өзі жүйелейтін ұйымдардың
қызметін жүзеге асыру тәртібін орнықтырады.
10) бағалы қағаз құнын пайдалануға бақылау жасайды, оның ішінде туынды
бағалы қағаз да бар, бағалы қағаз нарығындағы инсайдерлік ақпарат не заңмен
қорғалатын банктік, коммерциялық, қызметтік, т.б. ақпаратты пайдаланып іс
келісуді бақылайды.
11)
ҚР Заңына сай инвестициялық қордың жұмыс істеуін бақылап,
жүйелейді.
12) Арнайы қаржылық компанияларды жою мен ерікті түрде қайта
жасақтауға рұқсат алу тәртібін анықтайды;
13) бағалы қағаз нарығына кәсіби қатысушылардың тәуекелі үшін басқару
жүйесі бойынша талаптарды бекітеді;
14) ҚР Заңнама актілеріне сай өзге де функцияларды орындайды.
Сондай-ақ спецификасы (сақтандыру, банк қызметі, зейнетақы қоры,т.б.)
бойынша барлық қаржы ұйымдарын бақылау ерекшеліктері Заңмен анықталады.
175
Бағалы қағаз нарығында, бағалы қағаз эмитентінде, несие бюросында,
банктің жою комиссиясында, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары,
жинақтаушы зейнетақы қорларында қызмет ететін заңды тұлғаны, оларға
теңестірілген тұлғаны, қаржы ұйымдарын тексеруді өткізу және ұйым тәртібі
ерекшеліктерін Заңның 13-бабы анықтайды.
Баптарға сай:
«1. Бағалы қағаз нарығында, бағалы қағаз эмитентінде, несие бюросында,
банктің жою комиссиясында, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары,
жинақтаушы зейнетақы қорларында (әрі қарай –ұйым) қызмет ететін заңды
тұлғаны, оларға теңестірілген тұлғаны, қаржы ұйымдарының қызметін тексеру
уәкілетті органмен өз бетінше не өзге мемлекеттік орган, не ұйымды тартумен
өткзіледі.
2. Уәкілетті орган ұйымның қызметкерлерінің жекелеген сұраулары
бойынша таңдап не кешенді, тексеруді жоспарлы және жоспардан тыс өткізеді.
Жоспарлы тексеріс жылына бір рет, одан жиі емес, уәкілетті орган тексерісі
жоспарына сай жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеру жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік
органның ұсынысымен, сондай-ақ уәкілетті органдар бақылау және қадағалау
жасағанда , ҚР Заңының талаптары бұзылған жағдайда жасалады.
Жоспардан тыс тексеру төмендегі түрлерге бөлінеді:
1) сұраныс бойынша- ҚР Заңының талаптары бұзылғаны туралы ақпарат
заңды түрде хабарлама, арыз, өтініш, сұраныс,т.б. түрде түсуіне байланысты
тексеріс.
2) біріккен түрде-бірнеше мемлекеттік орган біріккен актімен белгілеп
тексереді, не бір мемлекеттік орган актіде тексеріске өзге мемлекеттік органнан
қатысушыларды көрсетуімен тексереді;
3) қарсы тексеріс - ҚР Заңының аясында белгіленген құзіретте үшінші
адамға қатысты болатын тексеріс, мына жағдайда, егер тексеріс үстінде уәкілетті
органға жүретін операция туралы қосымша ақпарат керек болса, тексерілетін
объектіге байланысты шартты жүзеге асыру не өзге қарым-қатынас туралы
ақпарат керек болса жүргізілетін тексеріс.
4) рейдтік – бір уақытта бірнеше ұйым қызметін тексеретін жайт, олардың
ҚР Заңының жекелеген талаптарын орындау мәселесі бойынша .
176
5) бақылау тексерісі -өткен тексерісте белгілі болған тәртіп бұзушылықты
жою мақсатында өткізіледі.
3. Уәкілетті орган ұйымды алдағы тексеріс туралы жазбаша хабардар етеді.
Уәкілетті органның хабарламасында алдағы тексеріске керек құжаттар тізімі, ол
тізімді тексерілетін ұйым тексеріс алдында тексеруші қызметкерлерге көрсетуге
міндетті.
Хабарламаның екі данасы ұйымға беріледі, оның біреуі ұйымның алғаны
туралы белгімен уәкілетті органға қайта беріледі. Тексеріс алдын-ала
хабарламасыз да жүруі мүмкін.
4. Ұйым тексеріс басталған күннің ертеңінен қалмай тексеруші топтың
басшысының атына не тексеруші уәкілетті орган қызметкеріне төмендегі
деректері бар хатты көрсетеді:
1) Тексерісті өткізуге жауапты басшы туралы, сондай-ақ тексеріс нәтижесі
бойынша қорытынды есеп немесе аралық есеппен танысып, қол қоюға жауапты
адам туралы, не оның орнындағы тұлға туралы;
2) Қажетті құжаттарды дайындауға тексеруші (мәліметтер) қызметкерлерге
оны уақытында беруге, тексеретін қызметкерлерден аралық есепті алуға
жауапты ұйым маманы туралы;
5.
Уәкілетті орган қажет болса тексеру уақытын соза алады, ол туралы
ұйымға жазбаша хабарлама жіберіледі.
Хабарламаның екі данасын ұйым алды деген белгімен уәкілетті органға
қайтарылады.
6. Ұйым уәкілетті органның тексеруге берген тапсырмасында көрсетілген
сұрақтарға тексеруші қызметкерлерге көмек көрсетуге міндетті. Сондай-ақ, кез
келген лауазым иесі қызметкерлерінен сұрақ-жауап алуға, тексеріске керекті
ақпаратқа қол жеткізу үшін кез-келген мүмкіндікті жасауға міндетті.
7. Ұйым тексеруші қызметкерлерді жұмыс орны мен жабдықталған
оргтехникалармен, қала аралық байланыспен, жұмыс орнына кіруге рұқсатпен
(оның ішінде мейрам, демалыс күндеріне де – ұйым келісімімен) қамтамасыз
етеді.
Ұйым жұмысына қатысты ақпарат алуға, оның ішінді автоматтанған жүйе
мен деректер базасына, тек қызметкерлерге қажетті құжаттардың көшірмесін
алуға мүмкіндік береді; және тексерістің мезгілінде бітуіне жағдай жасайды.
177
8. Уәкілетті органның тексеретін қызметкері аралық есеп жасауы мүмкін,
онымен танысу үшін ұйымға береді.
Аралық есеп екі данада жасалады, оған тексеруші топ жетекшілері не
орындаушы, немесе уәкілетті органның тексеретін қызметкері қол қойып,
ұйымға беріледі.
9. Аралық есепті алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде ұйым, аралық есептің
бір данасын басшы (не орынбасары) қолын қойып, не ұйымда тексеруді
жүргізуге жауапты болған басшының қолы қойылып, қайтарылады.
Егер аралық есеп мазмұнына ескерту болса – жазбаша қарсылығын
білдіреді. Аралық есепте айтылған қорытынды алдын ала пікір, ол кейін
үшінші тұлға тексеріс нәтижесіндегі ұйымнан алған қарсылық пен қосымша
ақпараттарды есепке ала отырып жасалатын қорытынды есепте қайта қаралуы
мүмкін.
10. Ұйым, тексеруші қызметкерлерден сұраныс түскен күні, не сұраныста
көрсетілген мерзімде тексеріс нәтижесі туралы аралық және қорытынды есепке
қосуға қажетті құжаттар мен мәліметтерді, оның ішінде олардың көшірмесін
беруге міндетті. Тексеруші топтың жетекшісі ұйым басшысына жазбаша
сұраныс жасайды, көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс.
11. Уәкілетті органның тексеретін қызметкерлері тексеріс жасау барысында
ұйымнан алған құжаттардың сақталуы мен олардағы ақпараттардың құпиялығын
қамтамасыз етуге тиіс.
12. Тексеріс біткеннен кейін отыз күнтізбелік күн ішінде тексеріс нәтижесі
туралы қорытынды есептің екі данасы тексерістің нақты жетекшісінің қолы
қойылған, ұйымның бірінші басшысы атына жіберіледі.
Уәкілетті орган қажет болса, тексеріс нәтижесі туралы қорытынды есеп
жасалу мерзімін соза алады.
Жоспардан тыс тексеріс жасаған жағдайда, уәкілетті органның тексеретін
қызметкерлері қолы қойылған тексеріс нәтижесі туралы есептің екі данасы (не
оның орнындағы тұлға) тексеріс жүргізуге жауапты ұйымдағы жетекшіге,
сондай-ақ үшінші тұлғаларға беріледі – бұл жерде Қазақстан Республикасы
Заңында көрсетілген талаптарды сақтай отырып, яғни коммерциялық не заңмен
қорғалатын құпияны, мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай
отырып жіберіледі.
178
13. Ұйымда тексеріс өткізуге жауапты жетекші не ұйым басшысы
(орынбасары) тексеріс нәтижесі туралы аралық не қорытынды есептің бірінші
данасын қабылдайды. Есептің екінші данасының әр бетіне бұрыштама
қойылады, соңғы бетіне алған датаны лауазымын көрсетіп, аты-жөнін жазып
тексеріс нәтижесі туралы аралық не қорытынды есепті алған күннің ертесінен
қалдырмай, уәкілетті органға жібереді. Тексеріс нәтижесі, оның ішінде
тексерістің аралық және қорытынды есептегі нәтижесі туралы мазмұн беріле
отырып, осы ұйымның атынан оның атқарушы не ұйымның басқару
органдарына мәлімет етіледі.
14. Ұйымның тексеріс нәтижесі бойынша, қарсылығы болса аралық есепті
алған соң, екі жұмыс күні ішінде, тек тексеріс қорытындысы туралы қорытынды
есепті алған соң отыз күнтізбелік күн ішінде қарсылықтарын уәкілетті органның
тексеруші қызметкерлеріне не уәкілетті органға жазбаша түрде білдіреді.
15. Тексеріс нәтижесі туралы қорытынды есепте жазылған ұйымды
тексерудің нәтижесі уәкілетті орган басшысының не орынбасарының, уәкілетті
орган бөлімшелері жетекшілерінің, не орынбасарының төрағалығымен мәжілісте
тексеріс болған ұйым басшысын шақыра отырып, тексеру тобы жетекшісі
алдында қаралуы мүмкін.
16. Мәжіліс нәтижесі мәжіліс төрағасы қол қойған хаттамамен жазылады,
қол қойылған бес күнтізбелік күн ішінде ұйым жетекшісіне танысуға жіберіледі,
қарсылық болған жағдайда ұйым мәжіліс хаттамасын алғаннан соңғы үш жұмыс
күн ішінде уәкілетті органға жазбаша түрде тапсырылады. Хаттаманы ұйым
қарсылығымен уәкілетті орган келіспеген жағдайда, уәкілетті орган басшысы не
оның орынбасары кесімді шешім қабылдайды.
17. Тексеріс нәтижесі уәкілетті органға таза өз функцияларын орындау
мақсатында пайдалануға жатады.
18. Тексеріс нәтижесі туралы қорытынды есепті ұйым өзінің қаржылық
мүмкіндігін көрсету, нақтылау мақсатында, тағы басқа істерде, жарнамада
пайдалануына болмайды, Қазақстан Республикасы Заңында көрсетілген
жағдайдан басқа, сондай-ақ уәкілетті органның келісімінсіз үшінші тұлғаға
беруге болмайды.
19. Ұйымның уәкілетті органға көрсеткен қаржылық, не басқа да есеп
құжаттарында тексеріс нәтижесі туралы қорытынды есептегіден айырма болса –
ұйым уәкілетті органның көрсетуімен өз есебін қорытынды есеп нәтижесіне сай
етеді, оны өткен есеп беру мерзімімен жасайды.
179
20. Ұйым уәкілетті орган белгілеген мерзімде тексерісте көзге түскен
кемшілік, тәртіп бұзуды жою бойынша іске жауапты орындармен, алға қойған
іс-шаралар жоспарын келісім жасау үшін көрсетеді. Ұйым жоспардағы іс-
шараларды уәкілетті органмен келіскен соң, кемшіліктерді жою туралы істеген
ісі есебін, не жоспардағы міндеттеген іс-шараларды орындамау себептері туралы
түсінікті уәкілетті органға береді.
21. Ұйым тексеруші топтың талабында көрсетілген құжат пен ақпаратты
мерзімінде беруге қарсылық білдірген жағдайда және осы баптың 7 және 10-ны
тармағының шартын орындамаса, оның кесірінен тексерісті белгіленген
мерзімде жүргізу мүмкіндігі болмаса, тексеріс осы тексеріс тобы басшысының
уәкілетті орган, не оның орынбасарына жазбаша хабарлама жасағаннан кейінгі
шешімімен тоқтатылуы мүмкін.
22. Уәкілетті орган қызметкеріне ұйым жұмыстарын тексеру үстінде
алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаға беруге тыйым салынады.
23. Тексеріс жүргізетін тұлға тексеріс жұмыстарын жүргізу барысында
белгілі болған мәліметтердің Қазақстан Республикасы Заңына сай, қорғалатын
құпияның құрамына кіретін мәліметтердің таралмауына жауапты.
Сондай-ақ, Заңның 14-бабына сай, уәкілетті орган қаржы ұйымдары мен
қаржы нарығын қадағалау, жүйелеу функциясында өзіне жүктелетін жұмысты
мезгілінде, сапалы орындау мақсатында, осы заң талаптарын орындауда,
уәкілетті органның мемлекеттік органдарын, жеке және заңды тұлғалардан
қайтарымсыз ақпарат алуға құқылы.
Ол ақпарат өзінің қадағалау функциясын орындауға қажет, алынған мәлімет
жария етуге жатпайды. Уәкілетті орган қызметкерлері өздерінің қадағалау
қызметін атқару барысында алған мәліметтерінің жария болмауына жауапты, ол
мәліметтер қызметтік, коммерциялық және банктік немесе басқа да Қазақстан
Республикасы Заңына сай қорғалатын құпияға жатады.
Агенттік өзге мемлекеттердің қаржы ұйымы мен қаржы нарығын қадағалау,
жүйелеуді іске асыратын мемлекеттік органдармен біріге жұмыс істейді. Және
де қадағалау қызметіне қажетті ақпаратпен алмасуға құқылы.
2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-II «Бағалы қағаздар нарығы туралы»
Қазақстан Республикасы Заңы бағалы қағаздар нарығының тиімді, ашық,
қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында, инвесторлар құқығын
қорғау, бағалы қағаз ұстаушылардың құқығын қорғау, бағалы қағаз нарығына
180
қатысушылардың конкуренциясы таза болуы мақсатында бағалы қағаз нарығы
үшін қадағалау мен жүйелеу тәртібін анықтайды.
Агенттік:
•
мемлекеттік емес бағалы қағаздарды өтеу, айналымда ұстау,
шығарудың шарты, туынды бағалы қағаз және оның мемлекеттік
тіркелуі, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаз, туынды бағалы
қағазды өтеу мен оны орналастырудың қорытынды есептерін қарау;
сондай-ақ оны жоюдың, оның ішінде Қазақстан Республикасы
аумағында шығарылып, орналастырылатын халықаралық ұйымдар
мен Қазақстан Республикасы резидент емес эмиссиялық бағалы
қағазды мемлекеттік тіркеу;
•
эмиссиялық бағалы қағаз тіркеуін, лицензия тіркеуін және бағалы
қағаздың нарықта қызмет етуіне рұқсат алуды жүргізеді;
•
мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаз, туынды бағалы қағазды
орналастыруды жаңалайды және тоқтатады; мемлекеттік емес
эмиссиялық бағалы қағаздың , туынды бағалы қағаздың шығуын
тоқтатады;
•
лицензиаттардың қаржылық тұрақтылығының (нормативтерін),
критерийлерін не өзге де көрсеткіштерді, пруденциальды нормативтер
түрін орнықтырады;
•
орталық депозитарлар мен лицензиаттардың есеп беру тәртібін және
есеп беру формасын анықтайды; орталық депозитарлар мен
лицензиаттардың, эмитенттердің қызметін қадағалайды; өз құзыреті
шамасында олардың қызметіне тексеріс жүргізеді.
•
Бағалы қағаз нарығындағы субъектілерге орындалуға міндетті түзету
шаралары туралы ұйғарым қабылдап жібереді. Ол белгілі болған
кемшілікті белгіленген мерзімде жоюға бағытталады;
•
Бағалы қағаз эмитенттеріне жарғыдағы Қазақстан Республикасы
Заңына қайшылықтарды орындалуға міндетті етіп, алып тастауы
туралы ұйғарым жіберіледі.
•
Бағалы қағаз ұстаушылардың заңды мүддесі мен құқығын қорғау
мақсатында сотқа шағымдануға құқылы;
•
Қазақстан Республикасы Заңына сай бағалы қағаз нарығын
мемлекеттік реттеудің басқа да құзыреті мен функцияларын жасайды.
Бағалы қағаз нарығының субъектісін пруденциальды нормативтерді
басқа да міндетті түрде сақталуы тиіс норма мен лимиттерді,
кемшіліктерді уәкілетті орган нормативтік құқықтық актілерін бұзуды,
құқық бұзу әрекеті көрінсе, немесе бағалы қағаз нарығының
субъектісінің қызметкерлері мен лауазым иелерімен әрекетсіздігін ашқан
181
жағдайда уәкілетті орган осы бағалы қағаз нарығының субъектісіне
төмендегі шектеу әрекетінің бірін қолдануға құқы бар;
1.
көзге түскен кемшілікті белгіленген мерзімде жоюға жазбаша
ескертуді міндетті түрде орындау үшін беруге;
2.
Акционерлерге бағалы қағаз нарығының субъектісінің басшы
қызметкерлерін жұмыстан шығару туралы мәселе қоюға;
3.
хат міндеттеме талап етуге;
4.
бағалы қағаз нарығының субъектісімен жазбаша келісім жасауға,
шектеулер шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік
құқықтық актілерімен белгіленеді.
Уәкілетті органның бағалы қағаз нарығының субъектісіне, оған бұрын шара
қолданған – қолданылмағанына қарамастан санкция қолдануға құқылы.
Санкция ретінде уәкілетті орган төмендегі шараларды қолдануға құқылы:
1.
Қазақстан Республикасы Заңында көрсетілген тәртіппен айыппұлды
салып, оны өндіртуге;
2.
лицензияның қызметін тоқтатуға;
3.
лицензиясын алып қоюға;
4.
бағалы қағаз нарығының субъектісінің басшы қызметкері орнына
қызметкер тағайындауға уәкілетті органның келісімін сұрауға;
Эмиссиялық бағалы қағаз эмитентке инвесторларды шексіз инвесторлар
ортасында орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаз эмитентке бақылау
жасау мақсатында кез-келген қызығушы тұлғаға төмендегі ақпаратты ашып,
таныстыруға міндетті:
1) Эмиссиялық бағалы қағаз шығару проспектісіндегі мазмұнды;
1-
1) Акционерлік қоғамның бағалы қағазға жазылу мен аукциондарды
өткізу тәртібі шартын белгілейтін ішкі құжаттың мазмұнымен;
2) Қазақстан Республикасы Заңына сай уәкілетті органға берілетін есептің
мазмұнын;
3) қаржылық есепке енген мазмұнмен;
4) Қазақстан Республикасы Заңына сай немесе сауданы ұйымдастырудың
ішкі құжаттарына сай (егер осы құнды қағаз сауда ұйымының тізіміне енсе)
немесе осы эмитенттің ішкі құжаттарына сай ашылуға тиісті басқа да
ақпараттарды;
Эмитент эмиссиялық бағалы қағаз айналымы кезеңінде уәкілетті орган мен
бағалы қағаз ұстаушылары алдында олардың мүддесіне қатысы бар өз
қызметіндегі өзгерістер туралы ақпаратты ашып көрсетуге міндетті.
182
Эмитент қызметіндегі бағалы қағаз ұстаушылар мүддесіне әсері бар
өзгерістерге төмендегі:
1.
Эмитент органының құрамының өзгеруі;
2.
Эмитенттің дауысқа түсетін акцияларының (үлес) 10, не одан көп
пайызын иеленетін акционерлердің құрамы өзгеруі;
3.
эмитенттің оның еншілес ұйымдары мен тәуелді акционерлік
қоғамдарының қайта ұйымдастырылуы не оның жойылуы;
4.
эмитент мүлігін тұтқындау;
5.
эмитентті лицензиясынан айыру не алып қою,не тоқтатып қою;
6.
эмитенттің (қатысушылардың) акцияларының жалпы жиналысының
шешімі;
7.
сондай ұйымның әрқайсысында эмитент 10, не одан да көп пайыз
акциясы (үлес, пай) бар ұйымдардың тізіміндегі өзгерістер;
Тізімде өзгеріс болған мезеттен 15 күнтізбелік күн ішінде эмитент
уәкілетті органға ақпарат беруге міндетті.
Уәкілетті орган атқаруы тиісті қызметтің уақытылы және сапалы
орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, Заңның 107-бабына сай, уәкілетті
орган өз құзіретінің шеңберінде эмитенттен не лицензиаттан, өзін-өзі
жүйелейтін ұйымнан қажетті ақпаратты алуға құқылы (оның ішінде бағалы
қағаз нарығында қызметтің, коммерциялық құпиясы да бар). ҚР
Заңнамалық актілерінде арнайы қарастырылған жағынан басқа, алынған
мәліметтер жария етуге жатпайды.
«Бағалы қағаз нарығы туралы» Заңның 108-бабына сай, Агенттік ҚР
Заңнамалық актілеріне сай бағалы қағаз нарығында лицензиясыз кәсіби
қызметпен айналысып жүрген заңды тұлға және өзін өзі жүйелейтін ұйым,
орталық депозитария, лицензиаттар мен эмитенттердің қызметін тексеруге
құқылы.
3.
Тексеруге негіз болып табылады:
1)
инвесторлар мәлімдеуі;
2)
бағалы қағаз ұстаушылардың мәлімдеуі;
3)
өзін-өзі жүйелейтін ұйымдар мен бағалы қағаз нарығына қатысушы
кәсібилердің мәлімдеуі;
4)
Тексеру жүргізу туралы не тексеруге уәкілетті орган қызметкері қатысуы
туралы алдын ала тергеу не анықтау органдарының немесе сот
анықтамасы, не прокурордың қаулысы;
5)
эмиссиялық бағалы қағаз шығаруды мемлекеттік тіркеу үшін эмитент
көрсеткен құжаттарды қарау барысында уәкілетті органның құжаттар мен
мәліметтерден тапқан сәйкеспейтін ақпарат; эмиссиялық бағалы қағазды
183
өтеу мен оларды орналастыру қорытындысы туралы есепті қарау мен
бекіту;
6)
лицензиаттар қызметі туралы есепті қарау процесінде уәкілетті орган
ашқан сәйкессіздік;
7)
бағалы қағаз нарығында қызметтік құпия не коммерциялық құпиясы бар
мәліметтерді пайдаланатын құралдармен эмиссиялық бағалы қағаз іс
мәмілесін жасау туралы мәліметтің болуы;
8)
бағалы қағаз нарығындағы субъектілердің ҚР Заңын бұзудың басқа да
фактілерінің уәкілетті органға белгілі болуы;
4.
Осы баптың 3-тармағында қаралғаннан басқа жағдайлардың бәрінде,
күнтізбелік жылда бір рет, өз бастамасымен бағалы қағаз нарығындағы
субъектілерін тексеруге уәкілетті органның құқығы бар».
Агенттік эмитентті өзінің бақылау функцияларын орындау үшін эмиссиялық
бағалы қағазды өтеу мен айналдыру, орналастыру процесінде төмендегі
мәселелер бойынша («Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңның 110 бабы)
тексеріс жүргізуге құқылы:
1)
эмитент органы қабылдаған эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру
мен шығару туралы шешімнің
Достарыңызбен бөлісу: |