33
Қабылдаудың төрт түрі белгілі:
сенсорлы (сезімдік) – нысанның
сезіммен қабылданып, оның санаға өтуі;
перцептивті - нысан мәнін
түсіну, оны белгілі категорияға, объекттер тобына жатқызу;
оперативті
(нақты әрекеттік) – нысанның қандай да тарапын қамтып, қызметке қосу;
іс-әрекеттік – қызмет мақсатына орай нысанмен ықпалдас қатынасқа
келу.
Қабылдау түрлері
бейнеленетін нысан ерекшеліктеріне орай өзара
топтасуы мүмкін, мысалы, көркем шығарманы, сөзді қабылдау, табиғат
әсерлері мен өрнектерін қабылдау және т.б. әдетте, қабылдау қандай да
іс-әрекетке қосыла орындалады, дегенмен ол өз алдына да, дербес жүруі
мүмкін.
Қабылдаудың жалпы заңдылықтары: мағыналылығы, жалпылығы,
заттасқандығы, біртұтастығы, құрылымдылығы, таңдамалы
бағыттылығы, апперцепциялылығы (өткен тәжірибеге негізделуі),
константтығы (тұрақтылығы).
Қабылдаудың мағыналылығы және жалпылығы. Қабылдау нәтижесі
– заттың сөзбен өрнектеліп, белгілі категорияға, түсінікке қосылуы. Заттар
мен құбылыстардың аса қарапайымдасқан түсінім формасы –
тану.
Қабылдаудың заттасқандығы – заттар жөніндегі ми ақпаратының
шынайы заттармен сәйкес келуі. Қабылдаудың заттастығы санада
қабылданып, өрнектелген бейнелердің шынайы болмыс заттарына
адекваттығын (сәйкестігін) білдіреді.
Қабылдау біртұтастығы – затты тұрақты тұтастық жүйе
ретінде бейнелеу (нақты жағдайда заттың кейбір бөлшектері болмай
қалса да).
Қабылдау құрылымдылығы. Әрқилы нысандарды оларды құраушы
тұрақты бөлшек, не белгілерін ажыратумен танимыз.
Достарыңызбен бөлісу: