Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


Қабылдау (перцептивті) үдерісі



Pdf көрінісі
бет27/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   97
Психология негіздері

2. Қабылдау (перцептивті) үдерісі заттар мен құбылыстардың 
мәнді айырмашылық белгілерін саналы түсіну арқылы оларды біртұтас 
күйінде бейнелеу әрекеті. Бұл үдерістердің нәтижесін психологияда 
қабылдау деп атау қалыптасқан. Перцептивті үдерістер өздерінің түр 
ерекшеліктерімен (көру, есіту және сезіну) бір қатар ортақ, жалпы 
заңдылықтарға тәуелді. Олар - қабылдаудың заттық тегі; таңдамалы 
бағыты; біртұтастығы; құрылымдығы; апперцепциялылығы, яғни өткен 
тәжірибеге байланыстылығы; константтығы, яғни заттық шынайы сана 
бейнесінің затты қабылдау шарттарына тәуелсіздігі.
3. Ақыл-ес (интеллектуал) үдерістері- бұл заттар мен 
құбылыстардың мәнді өзара байланыстары және ерекшеліктерін бейне-
леу әрекеттері; интеллектуал үдерістер (ойлау) болмысты салыстыру, 
бейнақтылау, сәйкестендіру, ауыстыру, сырттай заттастыра тану 
(экстраполяция), іштей ойда бейнелеу (интерполяция) жолдарымен 


9
бейнелеу қызметін атқарады; проблемді мәселелерді шешу барысындағы 
танымдық іс-әрекеттер мен ойлау әрекеттері және амалдар келесідей 
кезеңдерді өтуімен ажырылады: салыстыру, қорытындылау, дерек-
сіздендіру, нақтылау, топтастыру және жүйелестіру; формальды 
нәтижелерге жету ерекшеліктеріне тәуелді
ойлау формалары: пікір, ұғым, түсінік-болып ажырылады. Сонымен 
бірге ойлау: практикалық және теориялық, эмпирикалық және ғылыми, 
көрнекі-әрекеттік, көрнекі-бейнелі және бейнақты, стандартты және 
шығармашыл - түрлеріне де бөлінеді; ашық сана мен астар сананың 
өзара ықпалдасты қатынасынан сезімдік (көрегендік, аян) ойлау қабілеті 
қалыптасады.
Тек өкілінің ақыл-ес қабілеттерінің тұрақты құрылымы – интеллект 
деп аталады. Ол тұлғаның ақыл әрекеттері түрінде көрініп, проблемді 
мәселелерді шешудің стратегиясын, ой қызметінің өнімді нәтижесін 
қамтамасыз етеді.
4. Қиял – іс-әрекеттің алда күтілген нәтижелері, әрекет-қылық 
бағдарламалары ретінде, сонымен бірге баяндап, суреттеу негізінде 
пайда болатын жаңа, бұрын соңды көрілмеген бейнелердің туында-
уы; қиял бейнелері ақпараттық олқылықтардың орнын толтырады
қиял оқиғалардың алдағы дамуы мен нәтижесін көрегендікпен сезуді 
қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет