Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



Pdf көрінісі
бет25/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   97
Психология негіздері

Оқу іс-әрекеті – мақсаты адамның білім, ептілік және дағдыларды иге-
руге бағытталған ерекше үдеріс түрі. Оқу әрекеттері ұйымдасқан формада 
арнайы білім мекемелерінде іске асып барады. Сонымен бірге оқу-үйрену 
әрекеттері ұйымдастырылмаған күйде, басқа әрекет түрлерімен қабаттаса, 


7
оның қосымша нәтижесі ретінде атқарылуы мүмкін. Оқу іс-әрекетінің 
ерекшелігі – ол тікелей тек өкілінің психологиялық дамуының құралы 
ретінде қызмет етеді.
Қалаған іс-әрекет түрі сияқты оқу іс-әрекеті де құрылымдық деңгейге 
ие бола тұрып, жекеленген бірліктерден құралады (әрекет, амал (опера-
ция), шарт-жағдайлар, қажеттер, сеп-түрткілер, міндеттер). Оқу іс-әрекеті 
бірліктерінің өзара қатынасқа түсіп, орайласуы оның даралықты сипатын 
береді.
Аталған іс-әрекет түрлері әлеуметтік-тарихи даму барысында бірін-
бірі ауыстырып отырады. Осыдан әр кезеңде тұлғаның жас деңгейі 
мен даму ерекшеліктеріне байланысты жетекші іс-әрекет түрі алға 
тартылады.
Жетекші іс-әрекет түрібұл адамның қандай да бір даму 
сатысындағы негізгі психологиялық жаңа құрылымдардың пайда болып, 
қалыптасуына ықпал етуші әрекет түрі.
Іс-әрекет типі – жеке – дара және бірлікті іс-әрекеттер.
Бірлікті іс-әрекет – жеке-дара әрекеттен өзгеше, ұжымдасқан субъ-
ект тарапынан орындалады, мұндай субъект ортақ мақсат, міндеттер 
төңірегінде одақтасқан екі не одан көп адамдардан құралады.
Іс-әрекет түрлері дәстүрлі екіге бөлінді – сыртқа және ішкі.
Сыртқы іс-әрекет – орындалу барысында өзінің қозғалыс, әрекет, 
көңіл-күй, тілдесу –қатынас бірліктерімен көрінетін іс-әрекеттің барша 
түрлері, типтері және үдерістері.
Іс-әрекет субъект-объектті, субъект-субъектті болып, екі түрде 
ажыралады.
Іс-әрекеттің субъекті-объектті типінде әрекет нысаны ретінде жан-
сыз зат алынады, ал субъект-субъектті әрекетке бірі екіншісін «өзге» деп 
таныған екі не одан көп адамдар қатысады.
Іс-әрекет сондай-ақ орындаушы және басқарушы болып, бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет