3
Қабылдау түрлері: затты, уақытты қабылдау; қатынастарды,
қозғалыстарды, кеңістікті қабылдау; адамды қабылдау.
15. Елес: жалпы сипаттама
Қабылдауда болатын сезімдік бейнелердің
жасалуынан санада өз
алдына ерекшеленген жаңа психикалық құрылым –
елестер пайда бо-
лады.
Елес – бұл адамның өткен тәжірибесіне негізделіп, болмыс затының
санадағы қайта жалпылай жасалған психикалық бейнесі.
Елесте заттың барша бітістері мен белгілері теңдей жарқын, дәлдікпен
нақтылай берілмейді. Егер де кейбір елестер біздің іс-әрекетімізбен бай-
ланысты келсе, онда алғы шепке нысанның біздің әрекетімізге тікелей
қажет, маңызды тараптары шығарылады, қалған тұстары бұлдыр күйінде
қалады.
Елестер қабылдану түрлеріне орай бөлінеді (көру, есіту және т.б.).
Елестердің негізгі ерекшеліктері:
-
елестер қабылдаудағыдай көрнекі келеді, бірақ мұндағы бейне
күңгірттеу;
-
елеске түскен бейнеде заттың бөлшектері мен жеке бітістерін
ажыратып болмайды;
-
елесте әрдайым жалпыланған бейне сақталады (тау елесі, мысалы,
ол Алатау не Памир емес, жер бетіндегі барша тауларға тән белгі – биік
шоғыр).
-
бір зат жөніндегі әр адамның елесі жеке-даралықты келеді.
Бұл адамдардың тұлғалық сапа-қасиеттерінің өзіндік ерекшелігінен
болады;
-
елес көрнекі – бейнелі бола тұрып, біз үшін қандай да жалпыланған
танымдық, білім қызметін атқаруы мүмкін;
-
түйсік және қабылдау үдерістеріне қарағанда елес сатысы
анағұрлым жоғары деңгейлі келеді;
-
елес ойлау жүйесінің құрамды бөлігі, ой азығы – есте сақталғанды
елес күйіне келтіріп алғаннан соң ғана, біз оны жан-жақты талдауға
салып, нақтылай бастаймыз.
Елес қабылдау үдерісінің қарабайыр, сол күйінде қайталануы емес, ол
ауыспалы қозғалысты құрылым, әр мезеттегі нақты жағдайға байланыс-
ты жаңаланып, тұлғаның күрделі өмірін бейнелеп барушы психикалық
құбылыс.
35
Тұлға өміріндегі елестің маңызды болуының жарқын дәлелі – бұл
адамдардың шығармашылық өнері. Шығармашылық әрекеттің қай
түрі болмасын өз бастауын осы елестен алады. Құлақтан қалып, есіту
түйсігінен айрылған әйгілі Бетховен ән-күй өрнек елестерін өзінің мәуелі
шығармашылығының сүйеніші еткен.
Достарыңызбен бөлісу: