Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


Сипай сезу (тактиль) түйсіктері



Pdf көрінісі
бет31/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   97
Психология негіздері

Сипай сезу (тактиль) түйсіктері – жанасу түйсіктері. Тактильді 
рецепторлар бармақ ұштарында көптеп шоғырланған. 
Қозғалыс сезу (кинестезиялық) түйсіктер – адамның өз тәні 
мүшелерінің кеңістіктегі жағдайы мен орын ауыстыруын сезінуі.
Тербеліс (вибрациялық) түйсіктері серпінді ортадағы 15-тен 
1500 герц дейінгі тербелістерді бейнелеу нәтижесінде пайда болады. 
Психикалық тұрғыдан тербелістер адамды қатты жалықтырады әрі 
тіпті пайдасыз. Көп жағдайда олардан сақтанған жөн.
Иіс түйсіктері ауа құрамындағы иісті зат бөлшектерінің мұрын 
қуысындағы иіс сезу клеткаларын тітіркендіру әсерінен туындайды.
Дәм түйсіктері. Бұл түйсіктердің барша түрлері төрт қилы (ащы, 
тұзды, қышқыл және тәтті) дәмнің түрліше бірігуінен пайда болады.
Табиғи (органикалық) түйсіктер – ішкі ағзаларда жайғасқан ин-
терорецепторлармен байланысты түйсіктер. Мұндай түйсіктердің 
болуынан адам тойғанын, ашырқағанын, тынысының тарылғанын
жүрек айнығанын сезеді.
Адамның сезімталдық (сенсорлы) қалпы – бұл әрбір тек өкіліне тән 
әрқилы сезімталдық қабілеттерінің даму денгейі және олардың жүйелі 
әрекетте болуы.
14. Қабылдау: негізгі қасиеттері және түрлері
Қабылдау – бұл заттар мен құбылыстардың өздеріне тән белгілерінің 
мәнін түсінуден оларды тікелей тұтас күйінде сезімдік бейнеге 
түсіру.
Мақсат бағытына, ерік қатысына орай қабылдау екі формаға 
бөлінеді: ырықсыз (ниеттелмеген, ерік күшімен, алдын ала белгіленген 
мақсатпен байланыспаған) және ырықты (мақсат бағдарлы). 
Рецепторлар қызметіне қарай қабылдау көру, есіту және сипай сезу 
түрлерімен ажыралады.
Күрделілігі, жайылымдылығы, перцептивті әрекеттерімен қабылдау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет