Сыртқа бағытталған зейін – тысқы ортадағы мәнді заттар мен
олардың маңызды тұстарын бөліп қарастыруға жұмсалады.
Ішке бағдарланған зейін – психиканың өз қорындағы ниетті нысан-
дарды бөліп алу қызметін атқарады.
Зейін әрдайым адамның ұстанымдары мен оның әрқандай іске
бейімділігі және дайындығына байланысты. Ұстаным, ниет тұлға
ағзаларының сезімталдығын, барша психикалық іс-әрекеттің деңгейін
арттырады.
Зейін жеке-даралықты және ұжымдық болып та ажыралады.
Ұжымдық зейін бір қызметпен шұғылданып, бір мақсатқа жұмылған
орындаушылар арасында қалыптасады, мұндайда топтағы бір мүшенің
ықпалы басқалар зейініне өзгеріс ендіруі мүмкін.
Зейін қасиетері: тұрақтылығы, шоғырлылығы, көлемі мен
ауысуы.
Зейін тұрақтылығы оның уақыт аралығында шоғырлы сақталу
мерзімімен анықталады. Іс-әрекет барысында субъекттің өзі сезбейтін,
бірақ іс өніміне әсер етпейтін қысқа мерзімді зейін тербелістерінің
болуы да заңды.
Зейін шоғыры (концентрация) зейін тобының бір нысанға
бағытталып, оның аймағына енбейтіннің бәрін елемеуімен сипат-
талады.
Зейіннің бөлінуі бір уақытта бір не одан көп іс-әрекеттерді орындау
мүмкіншілігін беретін психикалық әрекеттердің ұйымдасу сипаты.
Зейін көлемі – бір уақытта анық та айқын қабылдануы мүмкін өзара
байланыспаған заттар саны.
Зейін ауысуы – жаңа мақсаттың белгіленуімен психикалық әрекет
бағдарының саналы әрі ниетті өзгеріске түсуі. Кейде зейін іс-әрекеттің
нәтижесіне орай толық ауысуы – не аяқталмаған ауысуға түсуі
мүмкін.
37
Зейіннің жеке – даралықты ерекшеліктері – бірнеше жағдаяттарға
байланысты. Олар: жоғары жүйке қызметінің типі, тек өкілінің
психикалық даму жағдайы, оның күнделікті психикалық қалпы,
үйреншікті қызметінің шарттары.
Достарыңызбен бөлісу: |