Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


Сезімталдық (сенсибилизация)



Pdf көрінісі
бет30/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   97
Психология негіздері

Сезімталдық (сенсибилизация) – ішкі (психикалық) жағдаяттардың 
ықпалымен талдағыштар сезімталдығының көтерілуі.
Толықтырушы сезімталдық – қандай да бір сезім түрінің жетіспеуі-
нен басқа сезім ағзалары сезімталдығының күшеюі (мысалы, зағиптердің 
есіту, иіс сезу қабілеттерінің артуы).
Қосарлы түйсіну (синестезия) – белгілі заттың нақты өзіне тән 
сезімдік түйсігіне оның қандай да бір қасиетіне байланыстыра екінші 
бір сезімді ойдан қосу (тәтті лимонның сарғылт түрі ауызда қышқылт 
дәм пайда етеді; гүлдің хош иісі, көрмей тұрып-ақ оның сұлу бейнесін 
түйсіндіреді).
Шұғыл айырма (контраст) – кейбір қасиеттерге болған 
сезімталдықтың екінші бір қарама-қарсы болмыс белгілерінің әсерінен 
көтерілуі. Мысалы, бір түсті фигура ашық фонда қарауытып көрінсе, 
қара фонда ағараңдайды.
Сезімталдықтың кемуі (десенсибилизация) – бір талдағыштар 
күшті қозуынан басқа сезім, түйсіктердің төмендеуі.
Көру түйсігі. Көру түйсігінің пайда болуы үшін көру рецепторлары 
– көз торына электромагнитті толқындар әсер етуі қажет. Адам 
айыратын түр-түстер хроматикалық (грек.хрома-түр-түс) және 
ахроматикалық (түссіз – ақ, қара және сұр түстің әрқилы реңктері) 
болып ажыралады.
Түр-түс – әрқилы толқынды электромагниттік сәулелердің әсерінен 
болатын психикалық құбылыс. Адам көзі 300-ден 700нм (нанометр) 
қабілетіне ие.
Есіту түйсігі. Есіту ағзасы секундына 16-дан 20 мың толқындар 
шегіндегі дыбыстарды сезе алады. Дегенмен, есітудің ең тиімді 
сезімталдығы 2000-3000 герц аралығында (бұл аса қорыққан әйелдің 
жан айғайына сәйкес дыбыс биіктігі).


3
Адам өте төмен жиіліктегі (инфрадыбыстар) дыбысты сезбейді. 
Табалдырық асты төмен жиіліктегі 6 герц дыбыстар адам психика-
сына кері ықпал жасап, бас ауыртады, шаршатады, көңіл күйзелісіне 
тап қылады, ал 7 герц дыбыстар тіпті жүрек қызметінің тоқтауына
соқтыруы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет