Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


ориясын» ұсынған Г.Олпорт



Pdf көрінісі
бет76/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   97
Психология негіздері

ориясын» ұсынған Г.Олпорт бұл тұлға элементін екіге ажыратады: ) 
жалпы тұлғалық бітістер (белгілі мәдениет шеңберінде жасап жатқан 


79
адамдардың көпшілігіне тән қалаған тұлғалық сипат); ) дара тұлғалық
бітіс (диспозиция – басқа адамдармен салыстырып болмайтын, тек бір 
ғана тұлғаға тән болып, оның бірегейлігін танытушы ерекше қасиет).
Тұлға бойындағы психикалық бітістердің бәрі өзара байланысты, 
дегенмен өз дербестігіне ие, бір-біріне тәуелсіз. Әр адамдағы бітіс екінші 
біреудің не көпшіліктің таңған ойы емес, ол нақты адамда нақты көрінетін 
шынайы құбылыс (біреудің өкпешілдігі, екіншінің - даңғойлығы, үшінші 
біреудің – иман жүзділігі және т.б.).
Тұлға бітістерін әрқилы негізде топтастыруға болады:
1) үстіртін бітістер – тұлғаның біртекті негізге ие болмаған әрі 
тұрақсыз, өзара сыбайлас келген бірнеше әрекет-қылықтық сипат-
қасиеттері;
2) тұғырлы бастау бітістері – адамның әрекет-қылық қасиеттерінің 
тұрақтылығын аңдатып, кемелденген тұлғалық ой мен бой дәрежесін 
танытушы психологиялық жағдаяттар жиынтығы.
Сонымен, тұлға бітісі – бұл адамның әрекет-қылығында көрініс
беретін, сонымен бірге әрқилы жағдайлар мен мезеттерде біртекті
әрекет-қимыл жасауға бейімдестіруші психикалық дүние бірліктері 
(Р.Кеттелл).
38. Тұлға типологиясы
Тұлғаның көптүрлі ғылыми типологиясын шартты түрде бірнеше 
топқа келтіруге болады.
Тұлға типологиясын анықтауға негіз болған ең ежелгі психологиялық
таным жетістігі – гуморалдық (сұйықтық) теориялар. Бұл теориялар 
бойынша тұлға типі адам (жануар) ағзасындағы қандай да сұйықтық (қан, 
шырын және т.б.) түрімен байланыстырылады. Бұл орайда типологиялық 
ажыратудың бастау көзін ежелгі грек ғалым дәрігері Гиппократ  берген. 
Ол тұлға типін ағзадағы төрт сұйықтыққа байланыстырады – қан, өт, 
қара және сары шырын (запыран). Осылардың қай бірінің басымдылығы 
темперамент типіне ықпал жасайды: сангвиник, холерик, флегматик, 
меланхолик.
Ал Гален темпераменттің аталған түрлерін артериялық және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет