Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



Pdf көрінісі
бет79/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   97
Психология негіздері

Елікшіл (конформды) тип - өмірлік ұстанымы - «басқалар қандай бол-
са, мен де сондай», өз бағыт-бағдарына ие бола алмай, нақты әлеуметтік 
топтық әрекет-қылық, пікір, көзқарас шарттарының матауында жүреді.
Қазіргі кезеңде психология ғылымында тұлғаны типтестірудің
жоғарыда аталған 3 теориясынан өзге әлеуметтік-тұлғалық типология 
(тұлғаның басқа адамдармен қатынасына негізделген Юнг теориясы),
психогеометриялық типология (адамның қандай да геометриялық фигу-
раларды қызыға таңдауына негізделген С.Деллингер  теориясы), сезімдік
(сенсорлы) типология (адамның көру, есіту, қозғалыс әрекеттеріне негіз-
делген Э.А.Голубева және т.б. теориясы), тұлға - өмір жолы типологиясы 
(тұлғаларды өзара салыстырумен емес, ал олардың әрқайсысының өз жеке 
өмір жолына қатысты типтестіруге негізделген К.А.Абдулханова –
Славская теориясы) қабылданып, зерттеу нәтижелерін беріп жатыр.
39. Тұлға бағыт-бағдары. Тұлға дамуы
Тұлға бағыт-бағдары – бұл әрбір тек өкілінің құндылықты бағыт-
бағдар жүйесі, өмірлік арқау еткен қажетері, әрекет-қылықтарына 
ықпал жасаушы құндылықтар мен сеп- түрткілер, тұлғаның өмір жолы 
жүйесін құрастырушы негізгі сапа-қасиеттері.
Тұлғалық бағыт-бағдарлар төмендегідей ерекшеліктерімен ажы-
ралады:
1. Тұлға қарым-қатынастарының әлеуметтік маңыздылығы, 
олардың қоғамдық мәнділігі - күнделікті әрекет-қылығындағы ізгілік, 
инабаттылық нышандары, тұлға адамгершілігінің прогресті әлеуметтік 
идеяларға сәйкестігі, тұлғаның саяси-әлеуметтік саналылығы.
2. Тұлға қажетсінулерінің көп қырлылығы, оның қызығушылық 
ауқымының кеңдігі мен негізгі қызықсыну бағдарының нақтылығы 
– тұлғаның ізгілікті мұрат белгілеп, оған табанды ұмтыла білуі.
3. Қарым-қатынастарының тұрақтылық дәрежесі – тұлға 
әрекеттерінің бірізділігі мен бірегей беріктілігі.
Әрқандай тұлғаның әрекет – қылығы мен мінездік ұстанымы оның 
мұрат еткен өмірлік бағыт-бағдарына сай анықталады. Тұлғалық 
бақыт-бағдар – бұл нақты адам санасының құндылықты орайласқан 
категориялық деңгейге көтерілуі. Тұлғаның барша ниеттері мен сенім-
дері, жақын да алыс (тактикалық, стратегиялық) мақсаттар жүйесі осы 
категория негізінде қалыптасып барады.


83
Қажетсінуден адам ағзасының, тек өкілінің, тұлға және әлеуметтік 
қауымдастықтың тіршілігі мен даму шарттары түзіледі әрі іске асып 
барады.
Қажеттік – адамның биологиялық тіршілік иесі, тек өкілі және 
тұлға ретінде өзіне ұтымды болған өмірлік шарттарының тиісті 
қалпын жою не ауысу жағдайларын түзетуге деген ұмтылыс ниеті.
Аса мәнді, тұғырлы қажеттіктер адамның барша психикалық 
бағыт-бағдарын – яғни сезімдерін, ой-өрісін, еркі мен ағзаның сырттан 
қабылдау (сенсорлы) жүйелерін айқындайды.
А.Х.Маслоу тұлғаның бірі бірінен басым келетін сеп-түрткілік 
(мотивация) жобасын түзе отырып, адам әрекет-қылығын бағыттауда 
жоғары қажеттіктердің орындалуы төменгі қажеттіктердің іске асуына 
байланысты болатынын тұжырымдаған, яғни, қарапайымдап айтатын 
болсақ, қарны аш баладан жоғары ой-өріс күту орынсыз.
Сонымен, А.Х.Маслоу пікірінше, мән-маңыздылық деңгейі біртіндеп 
жоғарылап баратын адам қажеттері төмендегідей:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет