Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


Психофизиологиялық теорияларда



Pdf көрінісі
бет78/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   97
Психология негіздері

Психофизиологиялық теорияларда тұлға типтерін ажыратудың
басты белгісіне субъекттің психологиялық әрі физиологиялық ерекшелік-
тері алынады, әсіресе тек өкілінің жүйке жүйесі қасиеттеріне басымды 
назар аударылады. Осы тұрғыдан зерттеу жүргізген И.П.Павлов әрекет-
қылықта көрініп, Гиппократтық төрт түрлі темперамент түріне сай ке-
летін жоғары жүйке қызметінің төрт типін айырады –күшті, тепе-тең,
қозғалмалы, қозу және тежелу сапаларына байланысты.
Дегенмен, аталған психофизиологиялық сапа – қасиеттер таза күйінде 
жеке-дара көрінбей, өзара араласа бірігіп, жүйкелік қасиеттердің көп 
санды түріне негіз береді.
Психология ғылымында орын алған келесі бір теория – психиатрикалық
типология атамасын алған. Бұл теория психикалық сырқаттану (пато-
психология) белгілеріне негізделіп, дәрігерлік емдеу тәжірибелерінде 
пайдаланылады.


8
Психикалық науқастар материалдарын талдау негізінде мінездік 
сырқаттардың төмендегідей түрлерін ажыратуға болады:
Делқұлы - есуас (шизоидты) тип – сырттай дүниемен байланысы 
үзілген, ой-сана бірізділігі жоқ, әрекет-қылығы басқарымсыз, алда не 
істейтінін болжастыру мүмкін емес, басқалармен қатынасы тұйық, өте 
көңілшек, өз білгені ғана дұрыс, талаптары шындықтан алшақ, ойын 
өз логикасымен ғана түзеді, осыдан оның ой-санасы даралықты, кейде 
саналылардың түсіне де кірмейтін бірегей пікір айтып салуы бекер емес; 
бұлар тұйық, ашушаң, көпшіліктен бөлектенгенді қалайды.
Құйылма мінезді (циклоидты) тип – әрекет-қылығы тұрақсыз ауыспа-
лы, қуанышы мұңға, мұңы қапелімді жан күйзелісімен алмасуы қиын 
емес; құлшына іске кірісіп, демде қолын суытады. Мұндай жанкүйлік 
қалыптардың жылдам ауысуынан адам шаршайды, осыдан оның әрекет-
қылығы қарама-қарсылықты, не боларын болжастыру мүмкін емес.
Желікпе (гипертимді) тип - ұдайы, қай жағдайда да көңілді, бейғам, 
қойны дерексіз қуанышқа толы; жоғары белсенділікті, күш-қуаты то-
лып-тасқан, алайда бұлардың бәрі көбіне жайсыз мақсаттарға бағыт 
алып кетеді (ішімділікке, нашақорлыққа, жыныстық байланыстар мен 
бұзақылыққа және т.б.). Мұндай адамдармен іскерлік қатынас жасау қиын, 
себебі бұлардың уәде, борыштығы кем, мүдделері үстірт, тұрақсыз, сынға 
шыдамсыз, «мүмкін» мен «мүмкін емес» арасын айыра бермейді.
Мұңшыл (сензитивті) тип – әрдайым жабығыңқы, өмір шуағын көре 
білмейді, төңіректегінің бәрі ол үшін мәнсіз, қатерлі, өкпелегіш, тез 
шаршайды, жақындары тарапынан жақсылық лебі бола қойса, жайдары 
күйге келіп, ал оңашада қайтадан баяғы қара уайымға шомады.
Тартыншақ (психоастеник) тип – шектен тыс табансыз, үркек, 
қадамының бәрі ол үшін күмән, түгелдей қорқыныш құрсауында. 
Осылардың бәрінен қалайда қорғану үшін ырым сақтауға, өзінше салт, 
шаралар жасап әлекке түседі.
Қояншық (эпилептоидты) тип – шектен тыс ашушаң, жұрт пікіріне 
төзімсіз, қарсы сөзге шыдамсыз, отбасының билеп төстеушісі, ұстамсыз, 
балағат сөзге, қол жұмсауға бейім, кейде не күйге түскенін өзі сезбей, 
бас билігінен айырылады.
Шарбая (истероидты) тип – қандай да жолмен болмасын өзіне назар 
аудартуға бейімшіл, өз дегеніне жетуде жөн-жосық таңдамайды (қаруы 
- өтірік, жала, арсыздық және т.б.).
Күдікшіл (параноидты) тип – қандай да идея, ой, сезім құрсауына 
маталып, ұдайы әсіре күйзелісте жүреді, қызғаншақтық, секемшілдік, 


8
кекшілдік сезімдеріне беріліп, қандай да идеяны орынсыз әсірелеумен 
қалған дүниені көре алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет