Бақылау сұрақтары:
1. Этимология дегеніміз қандай ғылым?
2. Этимологияның салаларын атаңыз.
3. Ғылыми этимология нені негізге алады?
4. Халықтық этимологияда нені ескеру қажет?
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары: Сөз этимологиясының шығу тарихы (ой-талқы).
Қажетті әдебиеттер
Аханов К. Тiл бiлiмiнiң негiздерi. -А.,1993.
Хасенов . Тiл бiлiмi, -А.,1996.
Қалиұлы Б. Тiл бiлiмiне кiрiспе. -А.,2003.
Севортян Э.В.. Этимологическиий словарь тюркских языков. –М., 1978.
Сағындықұлы Б..Қазақ тілі дамуының этимологиялық негіздері. Алматы, 1994.
Лекция № 14
Лекцияның тақырыбы: Фразеология
Лекцияның мақсаты: Фразеологимдердің мағыналық түрлері, пайда болу жолдары, белгілері жайлы мағлұмат беру.
Лекцияның жоспары:
Фразеологизмдер, оның зерттелу тарихы.
Фраезологизмдердің пайда болу, шығу тарихы.
Фраезологимздерге тән белгілер.
Фраезологимдердің түрлері.
Лекцияның мазмұны
Фразеология деген термин негiзiнен екi түрлi мағынада қолданылады. Бiрiншi мағынасы тiлдегi тұрақты тiркестердi зерттейтiн тiл бiлiмiнiң саласы деген ұғымда қолданылады. Екiншiсi-бiр тiлдегi фразеологизмдердiң тұтас жиынтығы дегендi бiлдiредi. Фразеология жерiне жеткiзе зерттелiп бiткен ғылым деп айтуға болмайды. Мұның шешiлмеген даулы мәселелерi өте көп. Сондықтан да соңғы жылдарға дейiн мұны жеке пән ретiнде арнайы зерттеушiлер тым аз болды. Көбiнесе лексикалық қор ретiнде сөз байлығы деген топқа жатқызып, лексиканың көлемiнде тексерумен шектелiп келгендiгi мәлiм. Соңғы 30-40 жыл көлемiнде түркi тiлдерiнде фразеология мәселелерi әжептеуiр зерттелiп, бiрқатар еңбектер жарық көрдi.
Фразеологизмдердiң өз алдына дербес лингвистика саласы екендiгiн танытатын негiзiнен үш түрлi басты бел- гiсi бар. Олар:
1) даяр қалпында жұмсалу белгiсi;
2) мағына тұтастығы;
3) тiркес тиянақтылығы.
Қазақ тiлiндегi фразеологизмдер де фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бiрлiк және фразеологиялық тiзбек болып, негiзiнен үш топқа жiктеледi.
Достарыңызбен бөлісу: |