Лекция №1 Лекцияның тақырыбы : т iл бiлiмi және оның салалары



бет26/50
Дата12.12.2022
өлшемі221.83 Kb.
#467061
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50
Лекция №1 Лекцияны та ырыбы т iл бiлiмi ж не оны салалары

Фразеологиялық тұтастық. Бұл топқа фразеологизмнiң құрамындағы сөздер бiр-бiрiмен тұтасып, әбден жымдасып кеткен, олардың мағыналық жiгiн ешқандай ажыратуға болмайтын тұрақты тiркестер жатады. Мысалы: Бiр ұрты май, бiр ұрты қан дегеннен екi жүздi, залым дегендi ұғынамыз. Бұл фразеологиялық мағына тұрақты сөз тiркестердiң құрамындағы бiр, ұрт, май, қан деген сөздердiң меншiктi мағынасымен мүлдем сәйкеспейдi. Фразеология-лық тұтастық жеке сөздердiң тұтас жиынтығынан пайда болғанымен, олар iштей түрлi бөлшектерге бөлiнбей, iс-әрекетi, сапа мен белгiнi, зат пен құбылысты бiр бүтiн атау ретiнде көрсетiп бере алады.
Фразеологиялық бiрлiк. Бұлар да фразеологиялық тұтастық тәрiздi орын тәртiбi жағынан өте тиянақты болып келедi. Құрамындағы сөздердiң мағынасының қаншалықты тасалануы я болмаса, тасаланбауы жағынан елеулi өзгешелiктерi болады. Бұлар ең алғашқы еркiн тiркестi ауыс мағынада қолданудан келiп шығады. Мысалы: Ит байласа тұрғысыз дегеннен сәл үлкендiгi бар дегендi түсiнемiз. Соңғы фразеологиялық мағынаның жасалуына еркiн тiркестегi бастапқы (лексикалық) мағына тiрек болғандығы айқын байқалады. Тұрақты тiркестiң алғашқы заттық мағынасы неғұрлым көмескiленiп, тасалана, күңгiртене бастаса, соғұрлым оның мағына тұтастығы да күшейе түспек. Фразеологиялық соңғы мағына алғашқы заттық мағынадан келiп шыққандығына қарамастан, фразеология-лық тiркестiң қай түрiне жатқызуға келгенде кереғар пiкiр-лер болуы мүмкiн. Мұндағы басты себеп-тұрақты тiркестiң мағыналарының тым көнеленiп, ескiре, күңгiрттене бас-тауымен тығыз байланысты. Демек тұрақты тiркестiң мағына тұтастығы кейде кiм қалай түсiнуiмен байланысты шешiледi.
Фразеологиялық тiзбек. Бұл да фразеологиялық бiрлiк сияқты еркiн тiркестi ауыспалы мағынада қолданудан келiп шығады. Яғни тұрақты тiркес сыңарларының бастапқы лексикалық мағынасы бүтiндей жойылмағанымен, жойылуға жақындап, күңгiрт тарта бастаған. Мұнда ерiктi мағынасын-дағы сөз бен фразеологиялық қалпындағы сөздiң тiркесуi-нен жасалып, сол тiзбек күйiнде қолданылады. Мысалы: тоң мойын, қауға бас, қара бет, қолаң шаш, балды бармақ, кең қолтық, бiр ұрт, күмiс көмей, ай қабақ, еркек кiндiк, салқын қанды т.б.
Фразеологиялық тiзбектiң құрамындағы ерiктi (тура) мағынадағы сөздiң сан алуан сөздермен тiркесiп жұмсалу қабiлетi болса, фразеологиялық туынды мағынадағы сөз бiрдi-екiлi сөзбен ғана шектелiп қолданады. Фразеология-лық тiзбектiң сыңарларының бастапқы мағынасы онша ашық та айқын болмағанымен, солғын тартып сезiлiп тұрады. Фразеологиялық байлаулы мағынадағы сөздiң қолдану шеңберi шектеулi болады.
Сөйлеу кезiнде тыңнан жасалынбай даяр қалпында қолдану жағынан мақал-мәтелдер фразеологизмдерге ұқсайды. Мақалдар негiзiнен екi бөлiмдi болып келедi де, алдыңғысында iс-әрекеттiң шарты мен жағдайы айтылып, соңынан сол пiкiрдi түйiндеп қорытындылайды. Я болмаса, екi нәрсенi бiр-бiрiне қарсы қойып салыстырады. Мысалы: Жақсымен жолдас болса, жетерсмұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет