Лекция №1 Лекцияның тақырыбы : т iл бiлiмi және оның салалары



бет27/50
Дата12.12.2022
өлшемі221.83 Kb.
#467061
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50
Лекция №1 Лекцияны та ырыбы т iл бiлiмi ж не оны салалары

Бақылау сұрақтары:

  1. Фразеологизмдердің зерттелу тарихы жайлы түсініктеме беріңіз.

  2. Фраезологизмдердің пайда болу, шығу тарихы жайлы не білесіз?

  3. Фраезологимздерге тән белгілерді атаңыз.

  4. Фраезологимдердің қандай түрлері бар?

Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары: Фразеологимдердің тақырыптық топтары (ой-талқы).
Қажетті әдебиеттер

  1. Қайдаров Ә., Атамбердиева З., Өмірбеков Б.. Түр-түстердің тілдегі көрінісі. - Алматы, 1992.

  2. Кеңесбаев І.. Қазақ тiлiнiң фразеологиялық сөздiгi. –А., 1968.

  3. Смағұлова Г. Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді ұлттық-мәдени аспектілері. –А., 1997.

  4. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. –А., 1977.



Лекция № 15
Лекцияның тақырыбы: Лексикография
Лекцияның мақсаты: Тілдегі сөздіктердің жасалу принциптері, тұрлері, зерттелуі жайлы мағлұмат беру.
Лекцияның жоспары:
1. Лексикография туралы жалпы түсiнiк.
2. Лингвистер мен тюркологтардың лексикография саласындағы еңбектерi.
3. Сөздiктердiң түрлерi және олардың өзiндiк ерекшелiктерi.
Лекцияның мазмұны
Қазiргi қазақ тiлi лексикасын меңгеру үшiн қазақ тiлiнiң сөздiк құрамындағы сөздердi зерттеп, олардың стильдiк айырмашылықтарын бiлу керек. Ол үшiн қазақ тiлiнiң сөздiктерiн пайдалана бiлу қажет. Сөздiк дегенiмiз не?
Сөздiк деген термин – басында бiр-ақ мағыналы атау болғанымен, қазiр мағынасы кеңейген жалпы мағынада бұл сөздiк қор деген ұғымды түгел қамтиды. Көне түркi тiлiнде мұны лұғат деп те атаған.
Сонымен, сөздiк дегенiмiз – белгiлi бiр тiлдiң сөздiк құрамындағы жалпы, я белгiлi бiр саладағы жеке сөздердiң алфавиттiк тәртiппен тiзiлiп, жүйеге түскен түрi.
Сөздiктiң кiтап болып басылып шығуы да, қолжазба ретiнде көшiрiлiп, тарауы да мүмкiн. Мұндай сөздiктердiң жинақты аты – лексикография деп аталады.
Лексикография грекше – lexicon “сөздiк”, grapho-“жазамын” деген екi сөзден жасалған. Жалпы алғанда бiр тiлдердегi сөздердi жинап, құрастырып, жүйеге келтiрiп сөздiк етiп шығару деген мағынаны бередi. Қазiргi күнде бұл термин бiр тiлдiң түрлi сөздiктерiнiң жалпы жинағы деген ұғымда қолданылады. Ерте кездегi тарихи-ғылыми әдебиеттерде мұны глоссари деп атаған. Глоссари – мәнi қиын сөздердiң комментариялы тiзiмi деген мағынаны бiлдiредi. Бұл көнеленген текстердi түсiндiруге ғана арналған көмекшi құрал болған. Бертiн келе толық сөздiктер шыға бастаған. Соның бiрi-түркi тiлдерiнiң ең алғашқы сөздiгi – М.Хусаинұлы Қашқаридың 1068 жылы жазылып бiткен “Диуани лұғат-ат түрiк” сөздiгi. Бұл сөздiкте алфавиттiк тәртiптi қатал қолданбаған. Сондықтан iздеген сөздi бiрден тауып алу қиын.
Түркi халықтарына ортақ сөздiктiң бiрi – Codex Comanikus (құман –қыпшақ тiлi сөздiк, 1303 ж). Ол ХIl ғасырдың ескерткiшi болып табылады. Бұл–шағын ғана сөздiк. Бұған қыпшақ тiлi тобының бiр ғана тiлi енген (лексика саласы қамтылған - қазiр-кәзiр, жүз-дүз, разы-риза, тамшы, табан, еш, ешiк, айран, айыл; етiк-есiк, айғақламаң-айғақтаман).
Атақты тюрколог профессор П.М. Мелиоранскийдiң сөздiгi “Араб филолог о турецком языке” деген атпен 1900 жылы Петербургте басылып шыққан. Бұл глоссаридi “Тәржiман фарш уә түрки, уә мағли” деп атаған. Бұл әрi шағын, әрi дөрекiлеу сөздiк болғанымен, құнды еңбек болып табылады.
Лексикографиялық жұмыстарды жүргiзiп, әртүрлi сөздiктердi жасау лексикологияны және лексикографияның теориясы мен практикасын бiлудi қажет етедi. Лексикогра-фия теориясы неғұрлым жоғары болса, сөздiктер де соғұрлым сапалы болады. Сөздiктерде сөздерге әр түрлi жақтан сипаттама берiледi. Осыған орай, лексикографияға тiл бiлiмiнiң әр түрлi салаларының, мысалы, лексикология-сының, грамматикасының және стилистикасының сөздерге мiнездеме беру тұрғысынан қатысы бар.
Сөздiктердiң тiл-тiлде бiрнеше түрi бар. Олар жасалу мақсатына қарай бiрнеше түрге бөлiнедi.

  1. Тарихи сөздiктер. Бұлар лексиканың шығуын, дамуын және жиi және жаппай қолданылатын сөздердi қамтып, сипаттама жасап отырады.

  2. Күллi сөздердi қамтитын толық сөздiктер немесе лексиканың белгiлi бiр саласын қамтитын толық емес сөздiктер. Бұған терминологиялық, синонимдер, фразеоло-гиялық сөздiктердi жатқызуға болады.

  3. Бiр сөздi ана тiлiнде немесе басқа тiлге аударып түсiндiретiн түсiндiрме сөздiктер мен аударма сөздiктер.

  4. Алфавит тәртiбiмен берiлетiн дыбыстық және алфавиттiк, идеологиялық немесе ұғымдар сөздiгi. Сөздiк сапасын арттыру лексикографияға қатысты жұмысты жүргiзудi қажет етедi. Осылардың iшiнде мына мәселелерге ерекше көңiл аударылуы тиiс:

а) сөз мағынасы мен типтерiне;
ә) мағына мен қолданылысына;
б) сөз мағыналарының сөздiктерде берiлу тәртiбiне;
в) омонимдер мен полисемияның айырмашылығына;
г) фразелогиялық тiркестердiң сөздiкте берiлу тәртiбiне;
д) кiрме сөздердiң түрлерiне;
е) стилистикалық мiнездемеге.
Жалпы алғанда тiлдегi сөздiктердi төрт топқа бөлiп қарастыруға болады.

  1. Сөздердiң шығу тегi мен олардың мағынасы жайлы мағлұмат беретiн сөздiктер. Олар: а) этимология-лық; ә) тарихи сөздiктер.

  2. Сөздердiң мағынасы мен қолданылуы жайлы мәлiмет беретiн сөздiктер: а) түсiндiрме; ә) аударма; б) терминоло-иялық; в) диалектологиялық; г) фразеологиялық; д) сино-нимдер сөздiгi.

3. Сөздердiң дыбыстық құрылымы мен жазылуы жайлы мәлiмет беретiн сөздiктер түрi: а) фонетикалық; ә) орфо-графиялық сөздiк.
4. Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын түсiндiретiн сөздiктер:
а) энциклопедиялық; ә) иллюстративтi сөздiктер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет