Лекция №1 Лекцияның тақырыбы : т iл бiлiмi және оның салалары



бет48/50
Дата12.12.2022
өлшемі221.83 Kb.
#467061
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Лекция №1 Лекцияны та ырыбы т iл бiлiмi ж не оны салалары

Бақылау сұрақтары:
1. Тiлдердi генеологиялық жағынан қалай топтастырамыз?
2. Дүние жүзi тiлдерi қандай топтарға бөлінеді?
3. Түркі тілдері қандай тармақтарға жіктеледі?
4. Тілдерді қандай жеке тiлдерге бөлеміз?


Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары: Түркі тілдерінің пайда болуы және таралуы (тезис).
Қажетті әдебиеттер
1. К.Аханов. Тiл бiлiмiнiң негiздерi. -А, 1993, 1-38-беттер.
2. °.Хасенов. Тiл бiлiмiне кiрiспе. -А, 1990, 1-34-беттер.
3. М.Оразов. Түркiтануға кiрiспе. –А., 2004.


Лекция №29
Лекцияның тақырыбы: Тiлдердiң типологиялық классификациясы
Лекцияның мақсаты: Тілдердің типологиялық классификациясы жайлы мағлұмат беру.
Лекцияның жоспары:
1. Тiлдердi топтастыру жөнiндегi ғалымдардың пiкiрлерi.
2. Түбiр тiлдер.
3. Полисинтетикалы тiлдер.
4. Фузиялық тiлдер.
5. Агглютинативтi тiлдер.
6. Флективтi тiлдер.
Лекцияның мазмұны
Тiлдердi типологиялық тұрғыдан топтастыруға, “тiлдiң типi” деген мәселеге алғаш рет көңiл бөлгендер – романтизм өкiлдерi. Оның лингвистикадағы алғашқы жàршысының көрнектiсi – немiс ғалымы Фридрих Шлегель. Îë өзiнiң 1809 жылғы жарық көрген “¶ндiлiк-тердiң тiлi мен даналығы” деген сол кез (өз кезi) үшiн аса құнды да мәндi кiтабында санскрит тiлiн, грек, латын және кейбiр түркi тiлдерiн салыстыра зерттеп, тiл атаулыны флективтi, аффикстi деï екiге бөлген. Ол үшiн түбiр сөздiң өзгеру және өзгермеу қалпы деген жайды басшылыққа алған. Кейiннен, Фридрих Шлегельдiң ағасы Август Шлегель (1767-1845) өзiнiң “Провансаль тiлi мен әдебиетi жөнiнде заметкалар” деген еңбегiнде тiлдердi аморф, аффикстi, флективтi деп үш топқа бөледi.
Типологиялық классификация – тiл – тiлдегi сөздер-дiң өзгеру жолдарына, тұлғасына, сөз түбiрлерiне қосым-шалардың жалғану ретiнде, сөздердiң сөйлемге тiркесу амал- тәсiлiне, жалпы тiлдiң құрылымына қарай топ-тастыру.
Осы принципке сай, дүние жүзiндегi тiлдер негiзгi төрт топқа бөлiнедi: түбiр, полисинтетикалы, агглютина-тивтi, флективтi тiлдер.
Түбiр тiлдер. Түбiр тiлдер аморф, аффикссiз, формасыз, дараланушы, позициялы деп те атай бередi. Бұлай болуы: дүние жүзiндегi тiлдердiң қыр-сыры, күллi ерекшелiгiнiң – фонетикалық, лексикалық, сөз тудыру, түрлендiру, грамматикалық құрылымы мен байланысу тәсiлдерiнiң әлi де жете айқындала түспеуiне байланысты болса керек.
Бұл топқа (тике) қытай, дұнған, тибет, таи, бирма, вьетнам, малайя – полинезия, судан, бушмен тiлдерi жатқызылады. Дегенмен, олардың әрқайсысына тән өзгешелiк аз емес.
Лингвистердiң айтуынша, бұл тiлдерге тән басты ерекшелiктер мыналар: сөздерiнiң үнемi дерлiк түбiр күйiнде, таза түбiр қалпында, кейде таза түбiр мен таза көмекшi сөздер тiркесiп қана қолданылуы, сөздерiнiң бiршама қысқа, көбiнесе бiр буынды болып келетiндiгi, соған орай тiлдерiндегi буын түрлерiнiң көп болатындығы; сөздiк құрамында омонимдердiң аса молдығы; сөз бен буын мағынасының музыкалық екпiн арқылы ажыратылатындығы; сөз мағынасы сол екпiн арқылы ғана түсiнiктi болатындығы; сөздегi буын саны мен морфема шегi бiр-бiрiне, негiзiнен, сай кåлетiндiгi т.б.
Түбiр тiлдерде, бiздiң тiлдердегiдей, синтаксистiк негiзгi тәсiл байланыс амалдары, сөз тiркестiру жол-дары – қабысу, қиысу, меңгеру дегендер жоқ. Сырттай қарағанда сөздер бiр -бiрiмен сөйлем iшiнде байланыс-қа түспеген, әрқайсысы дара-дара сияқты болып көрiнедi; әрбiр морфеманың шекарасы ап-айқын болып келедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет