Студенттің білімін бақылауға арналған сұрақтар.
1.Кәсіби іс-әрекет пен педагогикалық іс әрекеттің айырмашылығы неде?
2.Кәсіп және мамандық ұғымдарының айырмашылығы қандай?
3..Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттеріне кандай қасиеттер жатады?
4. Мұғалім мамандығның әлеуметтік маңызы неде?
5.Неліктен қоғам дамуына байланысты мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар да өзгеріп отырады?
Әдебиеттер:
Берикханова А.Е. Педагогикалық мамандыққа кіріспе. Кәсіби құзіретті педагогтарды даярлау негіздері. Оқу құралы. –Алматы, 2009ж 240 бет.
Введение в педагогическую профессию: Учебное пособие для студентов пед.спициальностей./ Хан.Н.Н., Қалиев С.И., Жексенбаева У.Б., Колумбаева Ш.Ж., Қалиева Г.И., Берикханова А.Е./-Алматы,2010-243стр
Зимняя И.А. Ключевые комнетении новая парадигма результатов образования // Высшее образование сегодня. 2003. №57 (34-42
Лекция №4
Тақырып: Педагогтың үздіксіз кәсіби өсуінің факторы
Жоспар:
1. «Үздіксіз білім беру» ұғымының мәні
2. Педагогикалық қарым-қатынас мәні, қарым-қатынас стильдері.
3. Педагогикалық қарым-қатынас стильдері.
1.Ғалымдардың «үздіксіз білім беру – ол адамның бүкіл ғұмыр жолында жеке тұлға ретінде дамып отыруы» деген қағидасы қазіргі кезде өз жалғасын табуда. Үздіксіз білім беру бұл үздіксіз оқыту мен тәрбиелеу емес немесе бекітілген оқу мерзімімен және оқу орнының қабырғасымен шектелмейді, ол – адамға білімнің белгілі бір көлемін беруге бағытталған білім түріне ауысу болып табылады. Тек жеке тұлғаға, субьектіге бағытталған білім ғана адамның жылдам өзгеріп жатқан қоғамдық және экономикалық өмір талаптарына сай жауап бере алуын қамтамасыз ете алады. Бүгінгі таңда заман талабына сай ұлттық білім беру жүйелерінде көптеген өзгерістер болып жатыр, оқу тәсілдерімен құралдарының бүкіл әлемдегі білім жүйесіне ортақ жалпы элементтері қарастырылуда.
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім беру деңгейлерін:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды;
2) бастауыш білім беруді;
3) негізгі орта білім беруді;
4) орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім беруді);
5) орта білімнен кейінгі білім беруді;
6) жоғары білім беруді;
7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтиды.
2.Оқу-тәрбие жұмысын күнбе-күн жедел жүзеге асыруға қарым-қатынас жасап отыратын екі тұлға бар. Олар: мұғалім және оқушы. Осы екі тұлғаның өзара қарым-қатынасы дұрыс жолға қойылған уақытта ғана оқу-тәрбие жұмысы бойынша алға қойылған міндеттер дұрыс жүзеге асырылады.
Қарым- қатынас дегеніміз – адамның өзге қоғам мүшелерімен өзара әрекеттесуінің айрықша формасы. Қарым- қатынастың вербалды, бейвербалды түрлері бар. Олар коммуникавтік , интегративті, прецептивтік қызметтерді атқарады.
Мұғалім өзі оқытатын пәні бойынша материалдарды каншама жақсы біліп, оны алуан-түрлі әдіс-тәсілдермен, құрал-дармен түрлендіріп өткізуге тырысқанымен оқушы мен мұғалім арасында өзара құрмет-сый, сыйласым болмаса, оқушы мұғалімді ынта-ықыласымен тындағысы келмесе, іс нәтиже бермейді.
Педагогикалық қарым-қатынас-мұғалім мен оқушы арасындағы оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыруға қажетті маңызды психологиялық ахуал жасайтын кәсіптік-мамандық қатынасы.
Оқушылармен мұғалім арасында мәдени қарым-қатынастың болуының аса қажеттілігі жөнінде советтік дәуірдегі көрнекті педагогтар А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, С.Т.Шацкий, А.В.Луначарский, В.А.Сухомлинский т.б. Өздерінің еңбектерінде атап көрсетіп, іс-тәжірибелерінде дәлелденген болатын.
Мысалы, А.С.Макаренко оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас "Баладан дұрыс талап ете білу, оның жеке басын құрметтей білу" принципінде құрылу керек деген болатын. В.А.Сухомлинский баламен қарым-қатынас жасай білу тіл табыса білуде балалармен қалай сөйлеудің мәнін көрсетеді.
"Мектеп қабырғасында айтылған әрбір сөз - ойластырылған, мақсатталған, ақылға-ойға қонымды үлгілі сөздер болуы керек, айқайлап сөйлеу мектеп ішінде оқушыға өте жат. Мұгалім балаға сеніммен қарау керек. Баланы мұғаліммен еркін сөйлесе білуге тарту керек" - дейді.
Оқушы мен мұғалім арасында дұрыс ұйымдаспаған педагогикалық қарым-қатынас балаларды қорқақ, жалтақ, өзіне-өзі сенімсіз қасиетке бағыттайды. Балалардың жұмысқа деген ынтасы, ықыласы төмендейді. Мұғалім мен оқушы арасында конфликт, түсініспеушілік туады.
Мұғалімдердің оқушылармен қарым-қатынас жасау әдісі бүтіндей творчество. Мысалы, алайық бір сабақтың үстінде балалармен дұрыс қарым-қатынасты шешуге тура келетін қаншама педагогикалық айла-әрекеттер, проблемалар, қақтығыстар қайшылықтар бар. Осының бәрін мұғалім творчестволық шеберлікпен қас-қағымда шешуге тиіс.
Мұғалім мен оқушы арасындағы мәдени қарым-қатынасты жасап, ынтымақтастық орнату. Соның нәтижесінде ғана оқу-тәрбие жұмысында көздеген нәтижеге жетуге болатындығын жаңашыл эксперентатар педагогтардың өздерінің іс-тәжірибелерінде дәлелдеп отыр. Мысалы, олар Ш.А.Амонаш-вили: "Амансыңцарма, балалар!", Е.Н.Ильин: "Қарым-қатынас өнері", В.Ф.Шаталов: "Баршаны да, әркімді де оқыта білейік", С.Н.Лысенкова: "Оқуға жеңіл болғанда", Т.И.Гончарова: "Тарих тағлымы", И.П.Иванов "Коллектившілдерді тәрбиелеу" т.б.
Олардың "ынтымақтастық" қарым-қатынас идеясының мәні бойынша мұғалім әрқашан балаларға жәрдем көрсетуші, оқушының жеке басын құрметтеу рухында ғана балалармен тіл табысып жұмыс істегенде іс нәтижелі болатындығын дәлелдейді.
Педагогикалық қарым-қатынас мынадай функциялар атқарады:
Хабар - алмасу функциясы, жеке адамды танып білу функциясы, өзін-өзі танып білу - өзін-өзі реттеу функциясы.
Хабар алмасу функциясы - оқу тәрбие жұмысындағы жағымды мотивтерді тудырады. Рухани материал алмасуды жасайды. Бірлесіп ойлау - ізденуге мүмкіндік жасайды.
Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар:
1.Информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру.
2.Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету.
3.Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру.
4.Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.
Педагогикалық қарым-қатынастың мына төмендегідей құрылымдары болатындығын атап көрсетеміз:
Қарым-қатынасты моделдеу кезеңі,
Қарым-қатынасты ұйымдастыру кезеңі.
Жүзеге асырылған қарым-қатынасты талдау кезеңі.
Қарым-к,атынастың бірінші кезеңі - қарым-қатынасты моделдеу
Мұғалім программамен толық танысып, материалды сұрыптап, оқыту үстіндегі білім берумен, тәрбие беру тәсілдерін белгілегеннен кейін, алдағы оқушылармен қарым қатынасты орнату жөнінде мұғалімде ойлар туындайды. Демек, оқушылардың ой-өрісінің дамуына іс-әрекетіне жандануына негіз болатьш қажетті әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау жүзеге асырылады. Мұның өзі сабақ жоспарын жасағанда ойластырылып эмоциялық нұсқада, жалпы психологиялық жағдай т.б. көрсетілуі тиіс. Бірте-бірте бұл күрделі процесс өздігінен асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |